Радиация

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 13:23, реферат

Описание работы

Немістің атақты оқымыстысы Вильям Конрад Рентген физика институтының және Вюрцбург Университетінің физика кафедрасын басқарып жүрген кезінде өте тамаша жаңалықтың иесі болды. Ол бұл кезде елу жаста болатын. Оның тәжірибе жүргізетін зертханасы өзі тұрған бөлменің төменгі қабатына орналасқан болатын. 1895 жылдың 8-қарашасында тәжірибе ұзаққа созылып, әдеттегіден кеш аяқталды. Бөлменің шамын сөндіргенде қараңғы үйдің ішінде плптина-синеродистый барий кристалынан бөлініп шыққан жасыл түсті сәулені көрді. Оның сәулелену себебін білу үшін жан-жағына қараса, криталға жақын тұрған қара қағазбен оралған жоғары кернеу тогымен жұмыс істейтін Круксова трупкасын сөндіруді ұмытып кеткен екен

Содержание

Кіріспе

I-Тарау. Радиоактивті заттар және радиация туралы жалпы түсінік
1.1. Радиация және радиоактивтілікке жалпы сипаттамасы
1.2. Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану туралы
қазіргі жағдай
1.3. Радицияның ағзаға түсу жолдары және әсері мен жолдары
1.4. Қазақстандағы радиоактивті ластану проблемасы.

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

210____I_.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

     Қазіргі  кезде дүние жүзіндегі барлық  ядролық қаруларды сынауға қарсы «Невада – Семей –Моруруа – Лабнор – Жаңа жер» халықаралық одағы құрылды.бұларға қосымша Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қоғамдық негізде «Елім – ай» халықаралық экологиялық қоры және «Эко – Қазақстан» экологиялық ассоциациясы  құрылды.

     Қазіргі  кезде Қазақстанның көптеген  өңірі экологиялық апатты аймақ  деп аталады. Соның бірі Семей  полигоны болып табылады. Бұл  18 мың км аймақты алып жатыр.  Бұл өңірде 1949 жылдан 1989 жыл аралығында  бұл жерде 510 рет ядролық жарылыс  болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын әрекеттерден Семей аймағының табиғаты мен халқы өте ауыр зардап шегуде. Мұндай сынақ аймақтары Қазақстанның 34 нүктесінде болғандығы да белгілі болып отыр.

     Қазақстанда  атом энергиясын халық игілігі  үшін пайдалану мақсатында игілікті істер жүргізілуде. 1963 ж.  Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыру мақсатында арнайы атом энергиясын пайдаланатын қондырғы салынды. Ол қондырғы  «54 – 350» деп аталады (жылдам нейтрондар). Онда тәулігіне 120-150 мың текше метр теңіз суын тұщыландырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

     Радиоактивтілік  – адам өміріндегі маңызды  орын алатын үлкен ғылым жаңалығы  болып табылады. Ал бұл құбылыстың ғылымдағы маңызды қаншалықты зор болса, оның ағзаға, табиғат пен қоршаған ортаға, жер бетіндегі  барлық тіршілік иелеріне келтіретін зиянының да бар екенін ұмытпау крек.

     Радиоактивті  ластану бүкіл адамзатты толғандыратын,  бүгінгі таңдағы өте өте өзекті  мәселелердің бірі. Ол – жеке  аймақтың ғана емес, планетарлық  масштабтағы проблема. Сондықтанда тұрғындарды қорғау жөніндегі мемлекеттік шаралар ластану дәрежесін есепке ала отырып, бүкіл аумақтарды қамти отырып жүргізілуі қажет.

     Әрине, біздің қоғамымыз ұлы державаларды ядролық қаруды сынауды тоқтатуға мәжбүр ете алмас па. Бірақ, халықтың радиациялық проблемаларды шешуге белсенділік таныту біздің қолымызда.

     Радиациялық сәулелену – шегі жоқ, ұлтқа,дініне, жас ерекшелігіне қарамастан барлығына бірдей зиян келтіретін құбылыс әрқашан білінбей әсер етеді және жылдар бойы организмде жиналып ең соңғы сәтте көрінеді. Ал бұл сәтте шаралар қолдануға өте кеш болуы мүмкін.

     Дұрыс экологиялық  сананың  экономикалық қажеттіліктердің  ықпалына түспеуі адам иен  табиғат арасындағы гармониялық,  жер шарындағы өркениеттің стратегиялық  бағыты болып табылады.

     Бұл проблеманың  өзіне тән бірқатар ерекшеліктері  бар және олар табиғатты қорғаудың  жекелеген басқа міндеттерінен  мүлдем өзгеше. Біріншіден, ол тұңғышрет  осыдан тек 30 жбұрын туды. Ал  табиғатты қорғаудың барлық басқа  проблемалары (суды, ауаны, жерді, орманды, жануарлар әлемін, т.б. қорғау)  қайсібір дәредеде б.ғ. әлде қайда бұрын алып келген. Екіншіден, радиоактивтілік ластану географиялыққабықтың барлық сфераларына және оның барлық компоненттеріне тікелей әсер етеді. Мұның өзі радиоактивтік фонның қалындауына қарсы күресті ерекше қиындатады және күрделендіре түседі. Үшіншіден, антропогендік радияцияның биосфераға ықпалының деңгейі шұғыл қарқынмен өсіп келеді. Осының бәрі биосфераны радиоактивтік ластанудан қорғау жөніндегі арнаулы шаралар қолдануға мәжбүр етеді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

                                 1 – кесте

Қазақстан териториясындағы

эквивалеттік  доза қуаты (мкзв/сағ)

 

Ғарыштық сәуле

Каспий, Арал, Балқаш акваторилерінде

Қуатты тұнбалық түзінділердің  териториясы

Магмалық жыныстар мен  бос жыныстар (таулы аймақтар орталық  територия)

Граниттік массивтер  ауданы

 

0,03...0,08

 

0,06...0,08

 

0,1...0,18

 

0,18 ... 0,22

 

0,5 ... 0,6


 

 

                                                                                                                 2 – кесте

Ядролық реакцияны, қоршаған ортаны радинуклиттермен ластау көзі ретінде бағалаудың бірліктері.

 

                 Өлшемі

                Бірліктер

 

атауы

анықтама 

Si системасындағы

жүйеге кірмейтін

Түсінігі

Активтілік 

(көздегі)

1С-тағы радиоактивті  айналулардың санымен өрнектеледін  радиоактивті заттың сандық номері

Беккерель (БК)

Кюри (Ки)

1С-тағы ядролық ыдырау  санымен анықталады 1КБ =1 ыдырау/с

Үлестік (удельная) белсенділік

Радиоактивті зат массасындағы активтілік концентрациясы

БК/кг

Ки/кг

1ки/кг 1 гр Ка туғызатын  активтілікке сәйкес келеді.

Көлемді (объемная) активтілік

Радиоактивті зат көлемінде  активтілік концентрациясы

БК/м^3

Ки/л

Су мен ауаның  ластануын  бағалауда қолданылады.

Ластану тығыздығы

Територия бетіндегі активтілік концентрациясы

Бк/м^2

Ки/км^2

Аймақтың ластану алаңын бағалау үшін қолданылады.


 

 

 

 

 

1 Ки = 3.7*10^10 БК

1 Ки/кг=3.7*10^10 БК/кг

1 Ки/л = 3.7*10^13 БК/м^3

1 Ки/км^2 = 307*10^4БК/м^2

 

 

                                                                                                                      3 - кесте

 

 

 

Адамдар сәулеленуінің  радициялық әсері

Сомантикалық

Сомантика – стохастика

Генетикалық

Өткір сәуле ауруы

Өмір ұзақтығының қысқаруы

Доминантты гендік мутациялар

Созылмалы сәуле ауруы

Миноз (қан түзуші клеткалардың қатерлі өзгерісі)

Рецессивті гендік мутациялар

Жергілікті сәулелік зақымдану

Түрлі мүшелер мен  клеткалардың  ісігі.

Хромосомалық

аберрациялар


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер.

 

  1. Асқарова З.« Радиация және өмір » Алматы  1993 ж.
  2. Батырбаев Н. «Радиациялық ластанудың құқықтық жауапкеошілігі»  «Алматы»  газеті – 2003-№ 3.
  3. «Радиоактивные загрязнения: события и последствия»  «Наука и высшая школа Казакстана» - 2003 г. 1- март.
  4. Темірбеков Ж. «Радиацияның адам ағзасына әсері»  «Ақиқат» - 2002 - № 12.
  5. Гриходько Н.  «Безопасность жизнедеятельности»  Алматы 1999ж.
  6. Сагимбаев Г.К.  «Экология и экономика»  «Радиационная обстановка в Казакстане»   Алматы  1997ж  «Қаржы – қаражат».
  7. Радиоактивное згрязнение «экология и устойчивое развитие»  Алматы 2002 ж. LEM.
  8. «Алматы ақшамы» - 2003 ж. 19-сәуір. «Ақша қымбат, денсаулық арзан болғаны ма?»
  9. Глонкопий М.С.  «Экономика и природопользования»  Алматы 2003 ж.

 




Информация о работе Радиация