Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 14:00, доклад
Әрбір адамның өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің негізінде қалыптасады. И. М. Сеченов адамның психикалық іс-әрекеттерінің жүйке жүйесінің рефлекторлық қағидаларына негізделетінін дәлелдеді.
И. П. Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сырткы ортаның өзгерістеріне бейімделеді.
Жоғары жүйке қызметі
Әрбір адамның өзіне тән мінез-құлық ерекшеліктері жоғары жүйке қызметінің негізінде қалыптасады. И. М. Сеченов адамның психикалық іс-әрекеттерінің жүйке жүйесінің рефлекторлық қағидаларына негізделетінін дәлелдеді.
И. П. Павлов өз еңбектерінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының қызметін жоғары жүйке қызметі деп атады. Жоғары жүйке қызметі аркылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сырткы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Орталык жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі тек ағзаның өзінде ғана жүретін қызметтерді реттеуғе бағытталады. Адам алдына белгілі бір мақсат қойған кезде, оны жүзеге асырудың жолдарын саналы түрде ойластырады. Соған сәйкес әрекет жасайды.
Адамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, ойлау, сөз, еңбек ету кабілеті, қоғамдық өмірге бейімделуі жатады.
Сана
Сана - тек адамға ғана тән айналадағы бар нәрсені психикалық бейнелеудің көрінісі. Саналы адам деген ұғымда терең мән бар. Сана адамның білім дәрежесін, шығармашылык қабілетін, ой-өрісін байқататын көрсеткіш. Сана - адам миының ең жоғары деңгейдегі қызметі.
Кейде адам кейбір іс-әрекеттерін сананың бақылауынсыз-ақ орындай алады. Мысалы, әбден дағдыға айналған іс-әрекеттер (жазу, оқу және т. б.). Адамның санасы аркылы жеке басы қоршаған ортамен байланысқа түседі. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды, өз білгенін басқаларға үйретеді. Адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынас құралы - сөз. «Сөзі түзудің өзі түзу», «жақсы сөзге кұлақ сал, жақсы ақылды сұрап ал» деген нақылдардан сананың көрінісі айқын байкалады. Сана адамның бойындағы танымдық үдерістермен тығыз байланысты. Сана түйсіну, ұғу, зейін, ее және ойлау қасиеттерін қамти отырып, өзінің үғымдық ауқымын кеңейте түседі.
Туйсіну, қабылдау
Туйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз - айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады.
Ойлау
Ойлау. Адам кез келген жұмысты орындаудан бұрын ойға беріледі. Ойлау аркылы адам заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын толық күйінде есіне түсіреді. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер адамның бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Адамның ойлау кабілеті еңбек ету барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жагдайларды сөзбен бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.
Адам миының сол жақ
сыңарының сөзбен қисынды ойлауды
жүзеге асыруды қамтамасыз ететіні
анықталды. Ал мидың оң жақ сыңары
көрнекі-бейнелі ойлауға
Сөз
Сөз. Айналада болып жатқан ақпараттарды қабылдау, талдау, жауап қайтару сигналдық жүйелер аркылы жүзеге асады. Ағза мен қоршаған орта арасында сигналдық жүйелер аркылы байланыс түзіледі. Сигналдық жүйелер бірінші сигналдық жүйе және екінші сигналдық жүйе деп 2 түрге бөледі.
Бірінші сигналдық
жуйе - жануарларға да және адамға
да тән қасиет. Оның орталығы ми кыртысында
орналасады. Бірінші сигналдық жүйе аркылы
ағза сырткы ортаның нақты тітіркендіргіштеріне
қайтарады. Бүл кезде сыртқы ортада болатын
заттар және құбылыстар шартты рефлекстің
түзілуіне әсер етеді. Оған мысал ретінде,
сәбидің тамаққа, ойыншыққа катысты рефлекстерін
атауға болады.
Екінші сигналдық жүйе — тек адамға ғана тән касиет. Бұл жүйедегі негізгі шаррты тітіркендіргіш - сөз. Сөздің әсерінен пайда болған қозуды ми қыртысы қабылдап, талдап, жауап кайтарады. Сөз бірінші сигналдық жүйенің жұмысына түрткі болады. И. П. Павловтың пікірі бойынша, сөз «сигналдардың сигналы» болып есептелінеді.
Есте сақтау
Адам өзі куә болған
окиғаларды, көргендерін, естігендерін,
оқығандарын есте сақтайды. Есте сақтау
адамның психикалық үдерістерінің
бір көрінісі. Есте сақтау аркылы бұрынғы
окиғалар мида жинақталады, қорытылады
және қажет кезінде қайта
Есте сақтаудың 2 жолы бар. Оның бірі - ойланбай есте сактау, екінші мәнісіне түсініп есте сақтау.
Ойланбай есте сақтау - белгілі бір мәліметтердің мағынасына мән бермей, тек жаттап алу. Бұл бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде жүзеге асады. Жаттанды деректер ұзақ уақыт есте сақталмайды, оның тек уақытша ғана мәні бар.
Мәнісін түсініп есте сақтау кезінде адам сол деректердің мәніне терең талдау жасайды. Сол арқылы оқығандарын терең түсінеді, ұзақ уақыт есте сақтайды.
Зейін
Зерзатқа - нысанға немесе оқиғаларға қандай да болса алаңсыз саналы түрде ой жұмылдыру зейіндеп аталады. Бір нәрсеге барынша зейін аударған кезде адамның сыртқы кейпінен ерекше өзгерістер байқалады. Тіпті тынысы тарылып, сирек дем алатын болады.
Зейін еріксіз зейін жөне ерікті зейін болып екіге бөлінеді. Еріксіз зейін адамның еркінен тыс пайда болады. Адам алдына мақсат қоймайды. Тек қана көңіл аударған окиғалар мен нақтылы деректер көңіл күйіне ерекше өсер етіп, ұзақ сақталады. Ерікті зейін кезінде адам ойға алған пиғылын орындау үшін алдына мақсат қойып, оны арнайы тәсілдермен орындауга жігерін жумылдырады. Ынтасыз адамды жаңгалақ дейді. Жаңғалақтық дегеніміз - ерікті зейіннің нашарлауы. Жаңғалақтың көңілін кез келген коздырғы бөле береді де істеген ісін жалғастырмай аяқсыз қалдырады.
Есте сақтауды уақытына сәйкес сенсорлы (сезім мүшелері арқылы), қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау деп бөледі. Ерекшеліктеріне байланысты есте сақтау мен еске түсіру қозғалысты, эмоциялы, бейнелі, мағыналы есте сақтау болып бөлінеді. Есте сақтаудың түрлері бірімен-бірі өте тығыз байланысты. Есте сақтау ережелері. Есте сақтаудың тиімді жолдарын дамыту үшін бірнеше ережелерге мән беру керек.
Біріншіден - есте сақтайтын деректерді сараптап, оған ерекше қызығушылық таныту. Екіншіден - өз зейінін есте сақтайтын деректерге жұмылдыра білу. Үшіншіден - есте сақтайтын деректерге саналы түрде барлық күш-жігерді бағыттай білу.
Есте сақтаудың негізгі жолы - мәнін ұғып, оқтын-оқтын қайталап отыру. Жай жаттап алып кайталау ұзақ уақыт есте сақтауға кедергі болады.