Жер меншігі

Автор: i**************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 13:44, реферат

Описание работы

Жерге меншік құқығы — жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі жер учаскесін заң актілерінде белгіленген негіздерде, жағдайлар мен шектерде иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік және жеке меншік нысандары заң жүзінде танылған және олар тең дәрежеде қорғалады. Жерге мемлекеттік меншіктің субъектісі мемлекет, яғни Қазақстан Республикасының өзі. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын заң актілерінде белгіленген ережелерге сәйкес оның атынан мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы бар субъектілер өздеріне тиесілі құқықтарды заң актілерінде көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде қалаулары бойынша жүзеге асырады. Олардың қатарына азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар жатады; [1]

Работа содержит 1 файл

Жерге меншик кукыгы.docx

— 83.75 Кб (Скачать)

Жерге меншік құқығыжер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі жер учаскесін заң актілерінде белгіленген негіздерде, жағдайлар мен шектерде иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік және жеке меншік нысандары заң жүзінде танылған және олар тең дәрежеде қорғалады. Жерге мемлекеттік меншіктің субъектісі мемлекет, яғни Қазақстан Республикасының өзі. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын заң актілерінде белгіленген ережелерге сәйкес оның атынан мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы бар субъектілер өздеріне тиесілі құқықтарды заң актілерінде көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде қалаулары бойынша жүзеге асырады. Олардың қатарына азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар жатады; [1]   

25-бап.  Жеке меншiк құқығын  iске асыру      

1. Егер осы  Кодексте және Қазақстан Республикасының  өзге де заң актiлерiнде өзгеше  көзделмесе, жер учаскесiнiң меншiк  иесi мемлекеттiк органдардың  қандай да бiр рұқсатын алмай,  жер учаскесiн өз қалауынша  иелену, пайдалану және оған билiк  ету құқығын жүзеге асырады.       

2. Меншiк иесi  өзiнiң жер учаскесiне қатысты  оның нысаналы мақсатын өзгертпей,  Қазақстан Республикасының заң  актiлерiнде тыйым салынбаған  кез келген мәмiлелердi жасасуға  құқылы.  
      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады.  
      Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi.      

3. Жер учаскесiнiң  меншiк иесi оның нысаналы мақсатын  өзгертпей, жер учаскесiн уақытша  пайдалану туралы шарттың негiзiнде  оны уақытша пайдалануға беруге  құқылы. Жер учаскесiн уақытша  пайдалану туралы шарт жалдау  шарты (жалға алушымен) немесе  өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында  жасалады.      

26-бап.  Жерге мемлекеттiк  меншiк      

1. Мемлекеттiк  билiк органдарына, мемлекеттiк  ұйымдар мен мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени  мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ  пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер  учаскелерi, кенттер мен ауылдық  елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық  және шабындық алқаптар, сондай-ақ  жеке меншiкке берiлмеген шалғайдағы  жайылымдар мен басқа да жерлер  мемлекеттiк меншiкте болады.      

2. Мынадай жер  учаскелерi:  
      қорғаныс және мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк меншiктегi қорғаныс өнеркәсiбi қажеттерiне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау және күзету үшiн тұрғызылған инженерлiк-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттерiне арналған жер учаскелерi;  
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;  
      осы Кодекстiң 128-бабының 4-тармағында санамаланған жер учаскелерiн қоспағанда, орман қорының жерi;  
      осы Кодекстiң 133-бабының 2-тармағында санамаланған жер учаскелерiн қоспағанда, су қорының жерi;  
      магистральдық темiр жол желiлерi мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;  
      жеке меншiк құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажеттi жер учаскелерiн қоспағанда, елдi мекендердегi ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелерi жеке меншiкте бола алмайды.      

3. Азаматтар  және мемлекеттiк емес заңды  тұлғалардың бөлек меншiгiне:  
      тұрғын халықтың қажетiне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар;  
      ортақ пайдаланудағы жолдар, оның iшiнде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелерiне өтуге арналған жолдар;  
      жер учаскелерiнiң екi немесе одан көп меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар бiрлесiп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдары, суағарлар, құдықтар, суат пункттерi) орналасқан жер учаскелерi берiлмейдi.      

4. Ерекше қорғалатын  табиғи аумақтарды, магистральды  темiр жолдарды, ортақ пайдаланудағы  автомобиль жолдарын және магистральды  құбырларды, энергетиканы дамыту  үшiн белгiленген тәртiппен резервке  қойылған, сондай-ақ сәулет-қала  құрылысының және (немесе) құрылыстың  бекiтiлген құжаттамасына сәйкес  әкiмшiлiк және әлеуметтiк маңызы  бар объектiлер (әуежайлар, әуеайлақтар,  вокзалдар, станциялар, ортақ пайдаланудағы  жолдар, мемлекеттiк органдардың  әкiмшiлiк ғимараттары, ауруханалар,  мектептер, мемлекеттiк тұрғын  үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар  және қоғамдық пайдаланудағы  басқа объектiлер) құрылысына  арналған жер учаскелерi олардың  жобалық игерiлуiне дейiн жер  пайдаланушыларға басқа мақсаттар  үшiн уақытша пайдалану құқығымен  берiлуi мүмкiн.      

5. Егер осы  Кодекске сәйкес мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi жеке меншiкте  бола алатын жағдайда, оларды  азаматтар мен мемлекеттiк емес  заңды тұлғалардың меншiгiне беруден  бас тартуға жол берiлмейдi.      

33-бап.  Жер пайдалану  құқығын беру      

1. Жер пайдалану  құқығын беру тұлғаға жер пайдалану  құқығын басқа жер пайдаланушының  беретiнiн бiлдiредi.  
      Жер пайдалану құқығын беру азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша жүргiзiледi.  
      Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару азаматтық-құқықтық мәмiлелер (сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар) негiзiнде жүргiзiледi.  
      Жер пайдалану құқығын белгiлi бiр мерзiмге басқа тұлғаға беру жалдау немесе жер учаскесiн уақытша өтеусiз пайдалану шартының негiзiнде жүргiзiледi.  
      Жер пайдалану (жалдау) құқығын беру мен оны иелiктен шығаруды уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатып алған тұлғалар ғана жүргiзе алады.  
      Уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу:      

1) кепiлге, сондай-ақ  шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық  капиталына салым ретiнде, акционерлiк  қоғам акцияларының төлемiне немесе  өндiрiстiк кооперативке жарна  ретiнде беру кезiнде;      

2) орман және  су қорлары, ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық  және тарихи-мәдени мақсаттағы  жер құрамындағы, иелiктен шығарылатын  үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан, сондай-ақ оларды пайдалануға  арналған жер учаскесiне  
талап етiлмейдi.  
      Жер пайдалану құқығын иелiктен шығару және оны беру кезiнде жер пайдаланушылардың жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өз бетiнше өзгертуге құқығы жоқ.      

2. Жер пайдаланушылардың:       

1) ортақ пайдаланудағы;       

2) қорғаныс қажеттерiне  берiлген;      

3) орман қорының       

4) ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық  және тарихи-мәдени мақсаттағы;      

5) қызметтiк  жер телiмiнiң      

6) уақытша өтеусiз  және уақытша қысқа мерзiмдi өтеулi  жер пайдалану құқығымен берiлген  жер учаскелерiнiң      

7) кепiлге, сондай-ақ  шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық  қорына салым ретiнде, акционерлiк  қоғам акцияларының төлемiне немесе  өндiрiстiк кооперативке жарна  ретiнде берудi қоспағанда, шаруа  немесе фермер қожалығын және  тауарлы ауыл шаруашылығы  
өндiрiсiн жүргiзу үшiн, уақытша жер пайдалану құқығымен берiлген жер учаскелерiнiң      

8) су қорының  жерiнде жер пайдалану құқығына  қатысты мәмiлелер жасасуына жол  берiлмейдi.      

2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген шектеулер  жер пайдаланушылардың орман  және су қорлары, ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық  және тарихи-мәдени мақсаттағы  жер құрамындағы, иелiктен шығарылатын  үйлер (құрылыстар, ғимараттар)  
орналасқан, сондай-ақ оларды пайдалануға арналған жер учаскесiне жер пайдалану құқығына қатысты жасасатын мәмiлелерiне, соның iшiнде кепiлге салуға қолданылмайды.      

3. Жер пайдаланушының  өзiне тиесiлi жер учаскесiн  басқа тұлғаға (кейiнгi жер пайдаланушыға)  уақытша жер пайдалануға беруi, сондай-ақ уақытша жер пайдалану  құқығын иелiктен шығару осы  Кодекстiң 32-бабының 4-тармағында  және 37-бабының 3-тармағында көзделген  нормалардың ережелерi ескерiле отырып  жүргiзiледi.  
     
Ескерту. 33-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 279 , 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.     

34-бап.  Тұрақты жер пайдалану  құқығы      

1. Жер учаскелерi  тұрақты жер пайдалану құқығымен  мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға:      

1) кондоминиум  объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды), үй-жайларды шаруашылық  жүргiзу құқығымен немесе оралымды  басқару құқығымен иеленетiн заңды  тұлғаларға;      

2) ауыл шаруашылығы  және орман шаруашылығы өндiрiсiн  жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжiрибе  және оқу мақсаттарына;      

3) ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар жерiнде жер  пайдалануды жүзеге асыратын  заңды тұлғаларға;      

4) Қазақстан  Республикасының заң актiлерiнде  көзделген өзге де жағдайларда  берiледi.      

2. Тұрақты жер  пайдалану құқығы шетелдiк жер  пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.  
     
Ескерту. 34-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.07.06 N 279 Заңымен.      

35-бап.  Уақытша жер пайдалану  құқығы      

1. Жер учаскесi  азаматтар мен заңды тұлғаларға  уақытша өтеулi жер пайдалану  (жалдау) немесе уақытша өтеусiз  жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.      

2. Егер осы  Кодексте және Қазақстан Республикасының  заңнамалық актiлерiнде өзгеше  белгiленбесе, уақытша өтеусiз  жер пайдалану құқығы 5 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. 
      Осы Кодексте көзделген шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жағдайларын қоспағанда, уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығы қысқа мерзiмдi (5 жылға дейiн) және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан 49 жылға дейiн) болуы мүмкiн.     

3. Уақытша жер  пайдалану құқығын табыстау мерзiмдерi жер учаскесiне берiлетiн құқықты,  оның нысаналы мақсатын және  аумақты аймақтарға бөлудi ескере  отырып белгiленедi.      

4. Осы Кодексте  көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ шартты бұзу тәртiбi  оның өзiнде көрсетiлген жағдайларда,  атқарушы органдардың уақытша  жер пайдалану шарттарын бiржақты  бұзуына жол берiлмейдi. «Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiлер беру» 
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер     

1. Осы «Жер  учаскесiне жеке меншiк құқығына  актiлер беру» стандарты (бұдан  әрi - стандарт) жер учаскесiне жеке  меншiк құқығына актiлер беру  рәсiмiн (бұдан әрi - мемлекеттiк  қызмет) айқындайды. 
      2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны автоматтандырылмаған. 
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 23-бабы, 43-бабының 9-тармағы, 152-бабы, «Мемлекеттiк кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы және «Жер учаскесiне сәйкестендiру құжаттарының нысандарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр шешiмдердiң күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 маусымдағы № 511 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысының 70-тармағы, «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының 2-тармағы негiзiнде жүзеге асырылады. 
      4. Мемлекеттiк қызметтi жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсiн дайындайтын, осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген тиiстi мамандандырылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (бұдан әрi - мамандандырылған кәсiпорындар) қатысуымен жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) көрсетедi. 
      Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша баламалы негiзде тiзбесi осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетiлген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы көрсетiлуi мүмкiн. 
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған акт болып табылады. 
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi. 
      7. Уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген кезде уақыт бойынша шектеу мерзiмдерi: 
      тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi - 10 жұмыс күнi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 7 жұмыс күнi; 
      қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күту уақыты 30 минуттан аспайды; 
      құжаттарды алған кезде кезекте күту уақыты 30 минуттан аспайды; 
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде: 
      тұтынушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi - уәкiлеттi органға қажеттi құжаттар келiп түскен күнiнен бастап 10 жұмыс күнi, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - 7 жұмыс күнi (құжаттарды қабылдау күнi және беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi); 
      қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күту уақыты 30 минуттан аспайды; 
      құжаттарды алған кезде кезекте күту уақыты 30 минуттан аспайды. 
      8. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызметтi тегiн көрсетедi. 
      Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындау жөнiндегi қызметтi мамандандырылған кәсiпорын жүзеге асырады, ақылы болып табылады және заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормалар мен бағаларға сәйкес орындалады. 
      Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына актiнi дайындау үшiн ақы төлеу екiншi деңгейдегi банктерде мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорынның кассасында жүргiзiледi. 
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат интернет-ресурста, тiзбесi осы стандарттың 1, 3-қосымшаларында көрсетiлген мемлекеттiк қызмет көрсету орындарындағы стендiлерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң:
www.auzr.kz интернет-ресурсында, ресми ақпарат кездерiнде орналастырылады. 
      10. Мемлекеттiк қызмет: 
      уәкiлеттi органға өтiнiш бiлдiрген кезде: 
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 13-00-ден 14-00-ге дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн көрсетiледi. Құжаттарды қабылдау кезекке тұру тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады; 
      Орталыққа өтiнiш бiлдiрген кезде: 
      демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, аптасына алты күн, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9-00-ден сағат 20-00-ге дейiн көрсетiледi, филиалдар мен өкiлдiктер үшiн бiр сағаттық түскi үзiлiспен сағат 9-00-ден сағат 19-00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi. Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады. 
      11. Мемлекеттiк қызмет уәкiлеттi орган ғимаратында көрсетiледi, оның жеке кiретiн есiгi болады. Залда тұтынушыларға, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделедi. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер, өтiнiш бланкiлерi бар тағандар орналастырылады. 
      Мемлекеттiк қызмет жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша Орталық ғимаратында да көрсетiледi, онда тұтынушыларға, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделедi. Залда анықтама бюросы, күту орындары, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендiлер орналастырылады. 
      Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргiзу және жұмысты одан әрi жетiлдiру үшiн қоғамдық пiкiрдi зерделеу мақсатында уәкiлеттi органда және Орталықта тұтынушылар үшiн ескертулер мен ұсыныстар кiтабы жүргiзiледi.

Информация о работе Жер меншігі