Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 15:28, реферат

Описание работы

Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке тұлғаның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.

Содержание

Кіріспе
1.Жеке тұлға жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттері
2. Жеке тұлға құрылымының теориялары
3. Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
4.Жеке тұлғаның бітістері және оларды өлшеу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

ref_3152 (2).doc

— 132.50 Кб (Скачать)

Темперамент адамның аффективті, эмоциялы мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі.

Интеллект — бұл когнитивті  мінез-құлиқтың азды-көпті тұрақты жүйесі.

Конституция деп біз дене бітімінің және нейроэн-докринді реттеудің азды-көпті тұрақты жүйесін айтамыз. Бұл анықтама көбінесе Америка ғылымында 20-шы жылдардан бері біздің уақытымызға дейін ықпал еткен "Мінез-құлықтың айрықшалығы" доктринасына қарама-қайшы келген "жүйе", "құрылым" немесе "ұйым" ұғымдарына баса назар аударған Робактың (1921), Оллпорттың (1937), Маккишгонның (1944) идеяларымен үндеседі. Сондықтан ерекшелік пен біртұтастықты қарама-қарсы қою мәселесін осы кітапта келтірілген барлық экспериментті зерттеулердің әсіресе осы мәселеге тікелей қатысты болуына байланысты қарастырған жөн.

Дұрыс мағыналығы психология табандылық, анқаулық, батылдық, ұқыптылық, алаңғасарлық, асқақтық, әртістік, дарақылық сияқты түрлі сипаттамаларды пайдалана отырып, немесе интеллектуал, жуас немесе желікпе сияқты түрлі психологиялық типтерді бөліп қарастыра отырып, сенімді түрде адам мінез-құлқын бейнелеп түсіндіреді. Ортодоксалды психология көбіне осы ұғымдарды пайдаланып, бізді доминанттылық—бағынушылық, сенімділік—сенімсіздік, мезіқылушылық сияқты бітістердің негізінде сонымен бірге экстраверт—интроверт, шизоид—циклоид сияқты типтерді болмаса Шпрангердің өмірлік типтеріп қолдана отырып бейнелейді. Ғылымның осындай жалпыға тектес ұғымдарды пайлаланушы кейбір сыншылардың "жеке тұлға мінез-құлқының бірізділігі мен оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, жеке тұлғаның ортақ, негізгі бітістері, мінез-құлықтың жалпы және үйлесімді формалары болмайды, тек әдет пен жауап қайтарудың дербес және айрықша тәсілдері бар" деген пікірлеріне жауап ретінде болады.

Айрықшалықтың осы теориясы экспериментті дәстүрден бастау алады, ал априорлы шындыққа жанаспауы біздің оның шығу тегінің негізгі қайнар көзімен танысуымызға келергі келтірмеуі тиіс. Осы ғасырдың бірінші онжылдықтарында үстемдік еткен Торыдайқтың үйрету теориясы осындай бастаулардың бірі болды. Стимул-реакция байланыстары тұрғысында қарастырылған үйрету белгілі бір дәрежеде шартты және шартсыз рефлекс ұғымымен арақатынаста. Егер жеке тұлғаның құрылымдық ұйымдасуы көбінесе үйретумен байланысты болса — осы жерде авторлардың көпшілігі сенімді экспериментті дәлелдерді келтірместен тұқым қуалаудың ықпалын жоққа шығарады, — онда үйрету процесінің айрықшалығы үйретудің ақырғы өнімінде, яғни ересек жеке тұлғаның бейнесінде көрінуі тиіс. Егер стимул—реакция байланыстарына сүйенген үйрету теориясы, үйрету — бұл құрылым мәселесінің, атап айтқанда, перцептивті құрылымның жеке жағдайы деп тұжырымдайтын, белгі— мағына байланыстарына негізделген теориялардан бастау алған болса, ал айрықша емес теориялар онымен салыстырғанда жақын арада ғана белгілі бола бастады, аса тарихи ықпалы болмаған әрі жеке тұлғаны бейнелеу сферасында айрықша орын иелене қойған жоқ. Дағдыны көшіру маселесін қозғайтын еңбектердің көпшілігі біріншісімен байланысы жоқ айрықшалық теориясының шығу тегінін басқа бір бастауы ретінде танылды. Нақты айрықша әрекеттер: тақпақтарды жаттау, арифметикалық операциялар немесе француз тілінің бұрыс етістіктерін теріп жазу уақыт өтесе, ерік күші, логикалық ойлау және т.б. сияқты жалпы қабілеттердің дамуына әкеледі деп есептеу жөн саналады. Джеймс пен Торндайк бірқатар зерттеулерінде осындай қарапайым болжамның жеткілікті эмпирикалық негізі жоқ екенін көрсетті. Тең дәрежеде қабілетті сыналушылардың екі тобына тақпақтарды жаттау тапсырмасы ұсынылады. Бір топқа стимулға ұқсас материалды есте сақтаудың алдын ала даярлығы жүргізілгенде, бұл топ нәтижелерінде басқасымен салыстарғанда үміт еткен басымдылық байқалмады. Сірә, үйрету тым айрықша болған және оны жаттықтыруда болжалды қабілеттің жалпылай дамуы бола қоймайтын сияқты. Дағдылардың кез келген көшірілуі қайсыбір психикалық қабілеттерге емес, алғашқы және қайталанушы әрекеттердегі сәйкес теңбе-тең элементтердің тіршілік етуіне байланысты деп саналды. Бұл теория теңбе-тең элементтер теориясы ретінде белгілі және Торндайктың айтуы бойынша: "бір функциядағы өзгерістер екіншісіндегі өзгерістерге, сол функциялардағы ортақ элементтердің қаншалықты мөлшерде кездесуіне сәйкес жүреді... Нақты мысал ретінде көбейту дағдыларының дамуына ықпал ететін, қосудың арифметикалық дағдыларының дамуын қарастыруға болады, өйткені қосу операииясы көбейту операциясының бір амалына өте ұқсас әрекет  қозғалысы және басқа да арифметикалық әрекеттерде абстракциялану сияқты кейбір басқа да процестер көбінесе сол арифметикалық операцияларды орындауда ұқсас келеді. Осылайша, жеке тұлғаның дамуы, математикалық пемесс лингвистикалық дағдылардың дамуы сияқты, дербес ассоциациялардың арнайы жаттықтырылуы ретінде көрінсе де, психиканың немесе қабілеттердің қайсыбір элементтерінің негізі дамуы ретінде көрінбейді.

Хартшорн мен Мэйдің (Мау) (1928, 1929, 1930) осы мәселені тікелей эксперимментті зерттеуі жоғарыда аталған екі теориядан гөрі ықпал өте қоймаған жеке тұлға ұйымдасуының айрықшалығы теориясының үшінші бастауы болып табылады. Бұл психологтар бірнеше жүздеген балаларға, жағдайдың шынында эксперименттің бақылауында болғанына қарамастан, айланы анықтай алмаудың айқын жағдайларында алдау мүмкіншілігі ұсыпылатын кең ауқымды эксперимент жүргізген. Аса күрделі емес бірқатар әдістердің көмегімен мінез-құлықтың табанды, импульсивті, моральды, ықыласты сияқты типтері және өзіндік бақылау зерттелді. Керемет жоспар және эксперименттің жүргізілуі, мәліметтердің сәйкес статистикалық өңделуі, зерттеудің айрықшалық теориясына шешуші ықпал еткенін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Хартшорн мен Мэй тестілер арасында тым төмен корреляциялар бар екенін анықтаған, ал ол шыншылдық, табандылық, ынтымақтастыққа деген ұмтылысты немесе кейбір тестілік ситуациялардағы ықыластылықты танытқан балалардың басқа жағдайларда өздерін дәл солай ұстамайтынын көрсетті. Олардың зерттелген сапалардың "мімез-құлықтың жалпы бітістерінен гөрі, айрықша әдеттердің тобы болғаны" жайлы қорытындысы айрықшалық теооиясының ақырғы дәледі ретінде қабылдайды.

 

3. Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері

Адамды әрекстке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратың бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай, оиың түркілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.

Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив — оның түрлі қажеттері, ягни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамнын қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.) болады. Қадам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек кқұралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын — рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б.) туғызады.      Рухани қажеттердің дамуы — материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы — тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына ор түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам озінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесіңде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам пскхологиясына, оның, күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет-адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері — іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиисының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет — (әсіресе, табиғи қажеттер) өмір сүрудің. Тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи  қажкт өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Алам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуімен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл — биологпялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері — олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, аузынан сілекейін шұбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп, аң біткеннің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға туа бітеді, олар шартсыз рефлекекстік сипатта болады.

 

 

4.Жеке тұлғаның бітістері және оларды өлшеу

Бітістер  жеке тұлғаны талдауда едәуір жоғары реттегі ұғымдарды қалыптастырудың негізі екені бірінші тарауда көрсетілді. Экспериментті психологияда жеке тұлға бітістерінің үлкен көлемі зерттелген. Осы тараудың мақсаты, Кеттелл сияқты, сол зерттеулерлі толықтай шолуда емес. Талқылауымыз үшін жеке тұлғаның бітістерін өлшеуде факторлы талдауды қолдануда маңызды кейбір мезеттерді ашуға көмектесетін немесе тарихи

тұрғыда ерекше қызықтыратын, немесе кейінгі баяндауларымызда маңызды болар бірнеше нақты бітістерді іріктейміз. Шынымен, жеке тұлғаның осы жерде келтірілген бітістеріне деген зейін жоғарыда аталған екі немесе үш себеппен міндеттеледі.

Диссоциацияға қабілеттілік

Біз Кречмер  теориясында шизотимия—циклотимия секілді жеке тұлғаны өлшеу жайлы мәселені қозғаған болатынбыз. Кречмер диссоциация ұғымының кері ұғымы "интеграцияның" циклотимияны түсіну үшін қаншалықты маңызды екеніп тұжырымдайды. Оның диссоциация жайлы түсінігі ол жайлы Уорреннің: "Бұл кез келген комбинацияның бөлшектерге ыдырауы" деген түсінігінсн кеңірек. Оның астарында "күрделі материалды бөлшектеріне бөлуі туындайтын сапаның біртұтас актісінің шеңберіндегі бөлек және жеке топтарды қалыптастыру қабілетін" түсінуге болады. Шизотимияға тән диссоциацияға деген осындай қарқын тым дамып, шизофренияға әкеледі. Мұндай қабілеттің болмауы циклотимияға, ал шекті жағдайларда маниакалды-сарыуайымшыл күйлерге тән дүниені нақты синтетикалық қабылдауға әкеледі.

Кречмер мен оның ізбасарлары  ұсынған мәліметтерді және оның ұғымдарына қолданыстағы анықтамаларлы берген объективті тестілерді қарастыра отырып, біз адамның физиологиялық сипаттамаларын талдауға арналған тарауда егжей-тегжейлі қарастырылатып теориясының бір ерекшелігін естен шығармауыз қажет. Кречмер шизотимиямен өзі лепосоматикалық немесе астоникалық деп атаған лене бітімі арасындағы және циклотимия мен пикниктік дене бітімінің арасындағы жоғары корреляциялардың кездесетінін айтады. Дене бітімі атлеттік адамдар аралық типке жатады. Кречмер және оның оқушылары эксперимснтті еңбектерінде циклотимді сыналушыларға қарағанда, шйзотимиялықтардың диссоциацияға едәуір жоғары бейімділігі жайлы жорамалын тексерудің баламалы тәсілі ретінде "диссоциацияға бейімділік" тестілері мен дене бітімі түрлерінің арасындағы әрі сол тестілердің психиатриялық диагноздармен байланысын қолданды.

Ағылшын тілінде Айзенк (1950) және неміс тілінде Бренгельмен шолып шыққан сол саладағы эксперименнтті зерттеулер бойынша әдебиеттердің үлкен көлемі бар. Типологияларды құрастырумен айналысқан басқа психологтарға қарағанда Кречмер едәуір экспериментті және объективті тұрғыны ұстанып, үнемі жске тұлғаның бітістерін өлшеу құралы ретінде объективті психологиялық тестілердің маңызын баса айтып отырды. Континентті Еуропада құрастырылған көптеген типологияларға қарағанда, бұл жағдай оның теориясын қатаң ғылыми тексеруден өткізуге мүмкіндік береді. Оқырманның психологиядағы континентті мектептерде орын алған тұрғылар жайында түсінігі қалыптасуы үшін төмендегі беттерді біз Кречмердің өз еңбектерінде қолданған диссоциацияға бейімділікті анықтауға арналған сегіз тесті сипаттаймыз.

1. Алғашында Ван дер Хорст кейін 
Киблер қайталап жүргізген эксперимент "диссоциацияға бейімділік" ұғымының қалыптасуына қомақты үлес қосып, көрнекі түрде Кречмер нұсқаған типтердің әдіснамалық пайдасын көрсетті. Бұл экспериментте дені сау пикпиктердің, дені сау астениктердің, шизофрениктердің және маниакалды-сарыуайымшыл психозға (МСП) шалдыққандардың әр түрлі қоздырңыштарға реакциясының уақыты кешенді түрде зерттелді. Дені сау пикниктер мен МСП-ға шалдыққандардың реакция уақытына көңіл бөлетін стимулдардың ықпалы сыналушыларлың басқа екі тобына қарағанда еләуір жоғары екені анықталды. МСП аурулары мен сау пикниктердің де, лептосоматик пкн шизофрениктердің де қисық сызықтары сәйкес болды. Астениктер мен шизофрениктердің тітіркендіргіш стимулдарға қарсыласушының жоғары қабілеттілігі олардын диссоциацияға деген жоғары бейімділігімен, яғни ортақ ситуацияның бір қырына басқасынан абстракцияланып шоғырлануымен түсіндірілді.

2. Энко жүргізген экспериментте сын алу- шыға әр түрлі түстерге боялған үлестірмелердің қатарын есте сақтап, кейін сұрыптау ұсынылады. Диссоциацияға жоғары бейімді шизотимиктер түстер категориясының әр қилы мөлшерін жақсы есте сақтап, тапсырманы едәуір тез және нақтырақ орындайтыны жорамалданды. Эксперименттердің нәтижелері орта есеппен пикниктердің — 32,4, атлеттердің — 15,3, астениктердің — 6,7 қате жібергенін көрсетті. Тапсырманы орындаудың орташа уақыты пикниктерде — 75,3, атлеттерде — 71,4, астениктерде — 66,6, секунд болды. Эксперименттің нәтижелері ұсынылған жорамалды толығымен дәлелдегенін көрдік.

3. Киблердің басқа бір экспериментінде (1925) сыналушыға тахистоскоп арқылы мағынасы жоқ түрлі түсті буындардың тобы ұсынылып, әріптерді немесе әріптердің түсін байқау нұсқасы берілді. Диссоциацияға бейімділігінің арқасында шизотимиктердің бақыланған объектінің басқа сипаттамаларын көңіл бөлмей, тек нұсқа қажет өткенді байқауға едәуір қабілетті болатыны, ал циклотимиктердің 
қосалқы материалды көбірек және қажеттісін азырақ есте 
сақтайтыны болжанды. Киблер астениктер мен шизофрениктердің 20,7% жағдайында және пикниктер мен МСП- 
ға шалдыққандардың 4,5% жағдайында ғана жоғары 
диссоциативті қабілеттілікті немесе тап осы жағдайда 
қосалқы материалды байқап, еске сақтауға деген толықтай 
қабілетсіздікті анықтады деген жорамалы тағы да эксперименттің нәтижелерімен дәлелденді. 

4. Энкс [1928] сыналушыға тахистоскоп арқылы ұзақ бейтаныс сөздер ұсынылған тағы бір экспериментті жүргізді әрі сөздерді оқуға мүмкіндік беру үшін процедура 10 рот қайталанды. Эике біріншісі — жүйелі оқылған жекелоеген әріптер мен буындардан бүтін сөзді құрастырудың абстрактілі-аналитикалық диссоциативті тұрғысынан, екіншісі — сөз жөнінде жалпы түсінікті құрастырудың синтстикалық тұрғысынан тұратын сөз мағынасын меңгерудің екі тәсіліп анықтады. Сыналушылардың әр түрлі топтарында тапсырманы орындау тәсілдерінің арақатынасы әр қилы екені анықталды: пикниктердің — 3,3%-ы атлеттердің — 5,7%-ы, астениктердің — 6,0%-ы диссоциациялы тұрғыны және сәйкесінше: 5,1%; 3,0%; 2% синтетикалық тұрғыны қолданған. Бұл жағдай астениктерде тапсырманы орындаудың диссоциативті тәсілінің біршама басым екендігін дәлелдейді. Диссоциативті тұрғынын сол тапсырманы орындауда едәуір қалаулы болғанын ескерсек, пикниктердің 75%-ы, атлеттердің 40%-ы және астениктердің 42%-ы ұсынылған тапсырманы орындай алмағаны таңғалдырмас. Бұл эксперименттегі пикииктер мен басқа екі топтың арасындағы айырмашылықтар мәні 0,01% болды.

  1. Пикниктер мсп МСП-ға шалдыққандардың астениктер мен шизофрениктерден гөрі бірден көп әріпті қабылдауға қабілетті екенін көрсеткен Ван дер Хорст [1924] пен Киблердің [1925] тахистоскоппен жүргізілген зерттеулерінің сериясы осы эксперимеитке қосымша бола алады. 
    Эикс (1928) сол натижелерді қайта ала алмады, өйтсе де сондай жаңалықтың ортақ теориямен қандай дәрежеде үйлесетіні толық түсінікті емес. Сірә, Кречмер апперцепцияның синтотикалық тәсілі осы тектес эксперименттерде циклотимиктерге мол мүмкіндік берер пен 
    есептеген болар, алайда бұл тұжырым жеткілікті түрде сенімді емес.
  2. Эргографпен тіркелген бұлшық ет ырғақтарына ақыл-ой әрекеттерінің (ойша 20 санды қосу) ықпалып зерттеген Эикенің (1930) эксперименттерінде мүлде өзге тұрғы ұсынылған. 27% пикниктерде, 14% атлеттерде, 8% астетиктерде бұлшық еттерінің әдеттегі ырғағы бұзылған. Пикииктердің бірден әр түрлі екі тапсырнаны орындай алмауы сандарды ойша қосу тапсырмасына пикниктердің ішінен 27%, атлеттердің ішінен 35%, астетиктердің ішінен 50% сыналушының дұрыс жауап бергені әрі тапсырманы орташа мәнінде пикниктердің 48 сек, атлеттердің 45 сек, астениктердің 38 секундта орындағаны диссоциация ұғымының қолданылуын ақтайды. Нәтижелері р<0,01-ге тең болды.
  3. Энкенің (/927) Роршахтың ттестісін қолдануда, атап айтқанда "жауаптың локализациясы" (сыналушының жауабы ретінде тұтастай сурет немесе оның жеке бөліктері алынды) категориялары бойынша әр түрлі топтардың нәтижелерінің салыстырылуы пикниктердің тек 20%-ы, ал астениктердің 58%-ы толық жауап беретінін көрсетті. Бұл соңғыларының абстракциялауға жоғары бейімділігімен түсіндірілді. Айырмашылықтары р<0,01 мәнінде болды.
  4. Осы тұста ор түрлі сөздердің ассоциациясын зерттеген Ван дер Хорсттың (1924) экспериментін еске алған жөн. Мұнда едәуір мағынасыз және байланысы жоқ ассоциациялар көбінссе астениктерде (3,1%) байқалса, пикниктердкн одан сиректеу (0,2%) байқалған. Сірә, бұны 
    байланысы жоқ мағынасыз ассоциациялардың абстракциялауға бейімділігінің белгісі болуымен түсіндіруге болар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, адам дегеніміз  биологиялық, психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеуметтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес, олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.

Қоғамдық ғылымдардың  да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке  адам», «даралық» түсініктері кеңінеп  қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады. Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір.

Информация о работе Жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктері