Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 09:56, курсовая работа
Жасөспірімдік жас-адам өміріндегі жеткіншектікпен ересектіктің арасындағы период. Жастың биохимиялық,физиологиялық және морфологиялық мәселелері бойынша жұмыс жасайтын мамандардың қабылдауымен жасөспірімдік жас ұл балалар үшін 17-21 жас, қыз балалар үщін 16-20 жас аралығы белгіленді.
Жасөспірімдік жастың шекараларын анықтауда психологтардың пікірі бір жерден шықпайды. Мысалы, Батыс психологиясында бірден жасөспірімдікті жеткіншектік кезеңмен бір жас периодына қосу тән, ол батыста ересектену
l Тарау. Жасөспірімдік кезеңіне психологиялық мінездеме
1.1.Жасөспірімдердің тұлғалық және профессионалдық өзін-өзі анықтау.
1.2. Жасөспірімділік кезеңдегі балалардың интеллектуалды дамуы.
II Тарау Жасөспірімдік кезеңдегі негізгі психологиялық құбылыстар
2.1 Дамудың әлеуметтік жағдайы және негізгі іс-әрекет
2.2 Жасөспірімдік кезеңдегі интеллектуалдылық және жеке тұлғалық даму.
Қорытынды
2) Өте баяу, ақырын,
жайбасар тұлға. Жасөспірім
3) Жасөспірім
белсенді және саналы түрде
өзін тәрбиелейді, өзін - өзі қалыптастырады.
Өзінің ерік – жігерінің
Психологияның ең негізгі міндеті «тұлғаның ішкі әлемін тану» деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн болар.
Әлеуметтік дамыған
тұлғаны тек қоғамда
Э. Штерн жасөспірімдік кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының бір кезеңі деп қарастырды. Психологияның қай бағыты болмасын, барлығының орталық мәселесі, оның ойынша адам тұлғасының мәселесі болу керек.
Өтпелі кезең тек ғана ой мен сезімдерден талпыныс пен идеялдардан ғана емес, сонымен қатар әрекеттің ерекше бейнесімен сипатталу қажет дейді.
Жасөспірім кезеңнің
негізгі ерек-шелігі – дамудың
бар жақтарын өзгерту. Осы кезеңде
адамның өз беттілігі өмірге деген
дайындығымен анықталады. Мұнда жасөпірімнің
дүниетанымы, кәсіби іс - әрекетті таңдауы
және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын
нақтылау аяқталады. Факторлар әсерінен
тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас
жүйесі және өзіне деген қатынас
өзгереді. Осы әлеуметтік позицияның
әсерінен оның қоғамдық пайдалы іс
- әрекетке, оқуға деген қатынасы
өзгереді. Белгілі бір болашақ
мамандыққа деген байланыс қалыптасады.
Берілген кезең жасөспірімнің
Жасөспірімнің өз көзқарасы бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде идентификация туындайды.
Жасөспірім тұлғасының индиви-дуалды дамуы мен қалыптасуы бірінше кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында әлеуметтік фактордың әсері күшейе түседі [5, 7, 9].
Д.Б. Эльконин 11-17 жас аралы-ғындағы жетілу кезеңін 2 фазаға бөледі, бірінші 11-15 жас кіші мектеп оқушылары, яғни жеткіншектерге қатысты. Мұнда жеткіншек әр жақты қарым-қатынасқа түсуге үйренеді.
Ал 15-17 жас жасөспірімдердің
ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында
жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары
артады. Эмоция мен психосексуалды
дамуы жағдайына байланысты, жанұя
құру деген бұл жаста
К. Юнг бойынша осы жас дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына жасөспірім бейімінің сай келмеуі орын алады.
1920-шы жылы
психолог Л.С. Выготскийдің
1) Биогенетикалық
биологиялық процес негізінде
және дамудың басқа да
2) Социогенетикалық
тұрғы тұл-ғаның өмір
3) Психологенетикалық
- өзіндік даму негізіндегі
Биологиялық теорияның өнімі американ психологы Ст. Холл ол даму психологиясының басты заңы (рекапитуляция заңы) деп қарастырды. Мұнда индивидуалды даму, финогендік басты сатысының қайталануы болып табылады.
Биогенетикалық концепциясының неміс өкілдері “Конституционная психология” Э. Кречмер әртүрлі биологиялық фактор негізінде, тұлға типолониясының басты проблемасын жасады. Адамның физиологиясы мен дамуының арасында ерекше байланыс бар деді. Кречмер барлық адамдардың екі түрі болатындығын көрсетті.
Бірінші бағытқа циклоидты: көңіл күйі ауыспалы, тез қозғалғыш, мазасыз т.с.с., ал 2 түріне шизоидты тұйық қатынасқа түспейтін эмоционалды тырыспа адамдар.
Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидқа, ал жасөспірімдерді шизоидқа жатқызады.
Жасөспірім шизоидты тұлға ретінде күрделі алдында ұзақ мерзімді жүреді.
В. Целлерді “Конституция и развития” - деген еңбегінде бала дене бітімінің құрылысының дамуындағы өзгерістер самотикалық өзін сезінуі психологияның және самотинзалық өзара байланысуы айтылады. Биогенетика өкілдері психиканы және физиологияны дамуын өзара тәуелділігі бағыты қатты қызықтырады.
А. Гезел концепциясында “өсу мен даму” синоним, мінез-құлық, жүріс-тұрысы қабілеті интеграциясы мен дифферен-циациясы мағынасын білдіреді. Гезел қандай болмасын индивидті мәдениетке оқыту мен үйрету, оның жетілуінде ешбір орын ауыстыра алмайды деп санайды.
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі. Гезел байынша 11 мен 21 жас аралығын ең маңызды жас мөлшері.
15 жас Гезелдің
жазуынша рухани ішкі жан
Биогенетикалық
тұрғыға қарама-қайшы
Социогенетикалық тұрғыда неміс психологы Левин теориясын айта кеткен жөн. Адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс қызметінің бір жағы тұлға екінші жағынан оны қоршаған орта, бірақта да тұлға қасиеті мен қоршаған орта өте тығыз байланысты.
Левин бойынша өтпелі кезеңдегі ең маңызды процесс тұлғаның өмірлік әлемінің кеңейуі, қарым-қатынас жасайтын ортасы, өз үйренген топ және адамдарға қатысты.
Жасөспірімнің
мінез-құлқы ең алдымен жағдайды
моральдылық қара-стырумен. Баланың
әлемінің ересекке ауысуында. Жасөспірім
толығымен алдың-ғысына да соңғысына
да жатпайды. Бұл ең негізгі қоғам
жағдайы мен психикасынан көрінеді.
Ашушаң, ұялшақ, ішкі қарама-қайшылықтар.
Бұл қысым мен қақтығыс көп
болған сайын балалық пен ересектік
шекарасының әртүрлі айырма-
Левин концепциясының мәнділігі ол жасөспірімді әлемдік психологиялық деп қарастырады.
Тұлғаның психиканы дамуының әлеуметтік жағдайда байланысты өзгеруі. Левин теориясына түзеу жасаған англиялық психолог Д. Бомберам айтуынша жалпы “Био” және социогенетикалық тұрғыда жасөс-пірімдерді ең басты психикалық факторлар әсерінен дамуын қарасырады. Д. Бамберам осы екеуінің арасындағы психогенетиканы жазады; ең алдымен психикалық даму процесін алдына қояды, бұдан үш ағымды бөліп көрсетуге болады.
1) Эмоция мен
мінез-құлық, жүріс-тұрыс
2) Интеллектуалдық
және таным қабілеттеріне
3) Тұлғаның біртұтастай
дамуына “персонологиялық”-
Қазіргі заманда
жасөспірім психодинамикалық теорияның
басталуы өкілі танымал американ
психологы Э. Эриксон философия-
Сонымен жасөспірім шақта адам өзінің өмір сүруіндегі мәнділікті іздейді, өзінің біртұтастылығын игеруге талпы-нады, басқалар арасында өз орнын табуға тырысады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Возрастная и педагогическая психология // Под. ред. А.В. Петровского. - М., 1986.
2. Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000
3. Кулагина И.Ю. Возрастная психология. М., 1999.
4. Обухова Л.Ф Возрастная психология. - М., 1999.
5. Хрестоматия по возрастной психологии / под. ред. Д.И. Фельдштейна. - М., 1994.
6. Уилям Крэйн. Теории развития. - СПб., 2002.
7. Кудрявцев
В.Т. Психология развития
8. Райс Ф. Психология
подросткового и юнешеского
9. Сапогова Е.Е. Психология развития человека. - М., 2001.
10. Скотт Миллер Психология развития. - СПб., 2002.
6. Жас ерекшеліктері
туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге
бөлінуі. Белгілі бір шақтық
кезеңге тән анатомиялық-
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы
адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты.
Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп,
денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып,
білімдері тереңдей бастайды. Балалардың
жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен
тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің
бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі
құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз.
Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке
басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде
жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке
араласуға дайындау міндетін іске асыруда,
баланың жеке басын қалыптастыруға әсер
ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта
және тұқым қуалаушылық. перзент сүю -
ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы
табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл
тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі.
Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай
болса, оның табиғи зақына орай дүниеге
ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес
ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін
ескеріп отыру қажеттігін педагогика
ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал
белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо
тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның
қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып
отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымдары
балалар мен жеткіншектердің дамуындағы
биологиялың фактордық рөлін айрықша
көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін
анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс
үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл
қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа
жағынан елеулі өзгерістер болатынын
алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау
балалардың дене және психикалық дамуының
бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік
береді. Осының негізінде мектеп жасындағы
балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін
мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан
11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік
кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік
кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған
жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған
баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі
өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі
айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға
дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа
дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан
7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа
дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа
дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа
дейін).
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес
жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының
табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық
жетілу сатылары.
Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше
сапалы кезеңі болып табылады және бала
дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік
құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген
өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты
әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының
жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек
те сезімтал көзқараспен қарап, олардың
жан дүниесін түсіне білуі шарт.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың
4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән
ерекшеліктері, оның айналасындағы болып
жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені
мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып
ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген
жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле
дамыған балалардың денесі мен салмағы
да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай
алатын қабілеттері ерекшелене түседі.
Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және
көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін
айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың
ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып,
белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс
жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып,
өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді.
Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар
жеткіншектері — 6 жастан өтіп 7-ге толған
балалар екені әркімге де аян. Баланың
мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық
және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа
алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп
дүниеге келген балалар, қашан да алғыр
да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді.
Олар айналасындағы құбылыстарды тез
байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген
құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары
да белгілі.
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің
ерекшелігі
Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық
ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында
жинақталып, оны өз кезегімен дамудық
келесі сатысына көшуге дайындап отырады.
Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының
ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді
мектепке дейінгі шағында қалыптасқан
ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.
Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі,
сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық
шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің
жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс
болып табылғандықтан, ол баладан белгілі
бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап
етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы
және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған
бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының
бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп,
бұл өзгерісті ол біртіндеп сезінеді.
Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу
ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр
басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп,
сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға , санауға
үйренеді. Оқытудық алғашқы сатысында
олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі.
Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын
шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен
нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың
қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі
сынып оқушыларының ойлауын дамытуда
екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда
ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың
ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда
оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы
белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе
ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге
әуесқой болғандықтан, олардың табиғат
құбылыстары, адамдардық өмірі туралы
сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар
баланың ақыл-ойын дамытады.
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі
- олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар
ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен
қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті
- оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт
бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта
жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін
өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс
кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру
керек.
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге
бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп,
оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады.
Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге
бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық
жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі
қойып, оның орындалуын бақылау, өздік
жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру,
ойындарды қолдану, балалардың еңбегін
жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық
қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім
оқушының оқуға деген жауапкершілігін
тәрбиелейді.
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды,
сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды
жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі
еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың
есте сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін
зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен
оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ,
өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын
дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті
ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын
талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену
сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген
қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл,
ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін
асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына
ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу
тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер,
ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін,
сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін
пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге
болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы,
жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың
өзін тануына көмектесуі адамгершілік
сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын
мәселе - баланың мінез-құлқының көпшіл
де кең пейілді болуы.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік
мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке
баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі.
Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін
жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын
ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі
айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру,
өндіріс орындарына экскурсияға апару,
мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік
құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.
Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің
әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің
еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі
еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне
даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры,
қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.
Мектептің ең негізгі міндеті - балаға
білім атаулының әліппесін үйретумен
қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына
көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда
ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек,
эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста
кешенді жүргізу.
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу
ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
- қыздарда - 11-13 жас;
- ер балаларда - 13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел
жетілуіне байланысты моторлық аппараттың
қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне
әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін
дұрыс ұйымдастыру керек.
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің
шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына
сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа
дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік
кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны
оның "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын",
"сыналатын" кезең деген атауларында
бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын,
ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының
аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды
әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір
үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен,
жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға
бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы
адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік
негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы
бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы
биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың
рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан
астам уақыттан бері болып келеді.
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер
әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік
шақтың басында балалардың сырт пішіні,
мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар
көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып
тентектіктер жасайды, әлі де бала бола
жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің
жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі
туралы "енді бала емеспін, ересекпін
" - деген түсініктің пайда болып, өзіне
жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде
үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол
қылықтардың сырттай көріну дәрежесі
әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді,
әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра
білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім
міндеті - оқу материалдарын қайталау
арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету
болып табылады.
Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық
армандардық орнына өзінің мүмкіндіктері
мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол
туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін
жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін
үнемі қаперде ұстауымыз қажет.
Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз
талаптануын тудырады. Олар үйелменде,
мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті
өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл
жастағы бала намысқор келеді, үлкендер
бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды.
Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды.
Кейде түсініспеушілік осындайдан да
туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен
шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен
балалар арасында түсініспеушілік туғызады.
Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы
балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы
балалар өнегелі адамдардық істерімен
масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін
тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту,
мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз
ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі
керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала
отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру
керек. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге
ыңыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге
бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге
ынталы, спортты ұнатады.
Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының
мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің
дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз
әуені - адам сезімінің әміршісі, толқу
үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан
сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне
көмектеседі. Жеткіншектермен жұмыстағы
негізгі педагогикалық идеал - баланың
іс-әрекетте жетістікке жетуіне жағдай
жасау. Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік
сақтап, педагогикалық шыдамдылық, ұстамдылық
көрсету жеткіншектің қалыптасуына тікелей
ықпал етеді.
Дене тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, таза
ауада жиі болу, көп қозғалу (ойын, дене
жаттығулары, спортпен айналысу) дене
тәрбиесіне көмектеседі. Дене тәрбиесі
мұғалімі және жаттықтырушы баланың бет
әлпетінің, қолының, ернінің түсін үнемі
қадағалау керек. Бұл жұмыс сабақтың басындағы
және соқындағы қан тамырының соғысын
тексерумен толықтырылады, жеткіншектер
жиі тыныс алатындықтан, тыныс алуын басқаруын
үйрету керек. Жеке гигиена, ұйқы, тамақ,
демалыс, белсенді еңбек іс-әрекетіне
жағдай жасайды. Шамадан тыс жұмыс жалпы
дамуын тежейді. Дене тәрбиесі арқылы
жүрек қан жүйесін жаттықтыру, дене жаттығулары,
спорт, дене еңбегі үшін дәрігерлік және
педагогикалық бақылау өте пайдалы. Маскүнемдікке
жол берілмеу керек. Дене тәрбиесі және
спортпен айналысу зейіннің дамуына әсер
етіп, оның көлемін көбейтеді, зейіннің
бір нерседен екіншіге бөлінуіне әсер
етеді.
Тәрбиешінің міндеті - еңбек, спорт іс-әрекетін,
жеткіншекті и, ерік-жігер, сапаларын қалыптастыру.
Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар мақсатқа
жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жтістігін
атап көрсетіп, қауіп-қатерден сақтандырып,
дер кезінде көмекке келіп, жеткіншекті
өз кемшіліктерінің себептерін түсіндіруге
үйретеді.
Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының
қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады. Мораль
мәселелерін талдау және адамгершілік
тақырытындағы пікір сайыстардың әсерінен
өмірдің мәні, өз болашағы, мамандығы туралы,
өз беделі туралы ойланатындықтан, мұғалім
бұл мәселелерді шешуге пәрменді түрде
көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың
адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі.
Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше
көңіл бөліп, әр баламен ойланып жұмыс
істеу керек. Сәнге сәйкес киінгені, музыка
тыңдағаны үшін баланы сөгу дұрыс емес.
Жеткін-шектермен өзара әрекеттің негізгі
тәсілдері: онымен бірге іс-қылықтарды,
оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі
талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету.
Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа
да жеке басының негіздері қалыптасады.
Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын
тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне
бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер
тәртібінің төмендегенін байқауға болады:
а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда
болу; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік;
б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс
орнату.
Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық
жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі
жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты
Тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады.
Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту,
мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы
құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға
итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар
тобы - барлық жеткіншектердің нағыз табиғи
ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы. Демек,
баланың мінез-құлқының қалыптасуына
отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның
көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты.
Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін
әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік -
ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі.
Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар
көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы
және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден
пайда болады. Осы аталып көрсетілген
ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады.
Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың
әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық
(төбелес, тіл тигізу) жатады.
Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивттілік
адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан садистік
бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған
ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға
аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп
кетуі мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлығындағы
агрессивтілік ішімдікпен, нашақорлықпен
тікелей байланысты. Кейде жеткіншектер
ішімдік ішкен кезде өзінің еңбегін (бұзақылық,
төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын)
атап өтеді. Жеткіншектің тәртібі агрессивті
күйде болса, олар "қиын" балалар
қатарына жатады. Кейбір мектеп мұғалімдерінің
қиын балалармен жұмысы сынып алдында
жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б.
түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің
барлығы оң нәтиже бермей-ді, керісінше
қиын жеткіншектердің мұғалімге, мектепке
кектенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі.
Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің
кері көзқарасын жасырмағанда, олармен
кикілжіңге келеді. Девиантты мінез-құлықты
жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилакти-калық
іс-шаралар – тұүлғаға әсер ету, әлеуметтік
педагогикалық түзету іс-шаралары, кері
әсерлі ортаны сауықтыру.
Жасөспірім шақ (15-17 жас)
Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары
бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік
шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен
сипатталады, ересектер баланың өмірлік
іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері
- мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси
қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын
құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл
міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі
бір уақытты талап етеді.
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа
қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның
бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды,
алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік
шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының
аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға
байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі
үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің
күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік
шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін
көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға
құштарлық тән.
Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады.
Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы
түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін
арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше
орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау
мен педагогикалық басшылық жасау керек.
Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар
дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім,
қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек
көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау,
жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.
Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі
өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар
өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына
көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп
жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің
барысында осы ерекшеліктер еске алынады.
Сонымен мектепке дейінгі балалық шақтан
жасөспірімдік шаққа дейін балалардың
бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы
мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана
үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына,
қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі
қажет.
7. Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері.
Баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде,
даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге
түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері,
жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент,
қабілет жатады. Жүйке жүйесінің типтік
қасиеттері - адамның мінез-құлығының,
темпераментінің, қабілетінің табиғи
негізі.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін
жете білуі қажет. Нерв жүйесіне байланысты
темперамент типтерін басшылыққа алмай,
тәрбие процесін психологиялық негізде
ұйымдастырып, іс жүзіне асыру мүмкін
емес. Жеке адамның дүниені сезгіштігі
және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Дербес қабілеттерінің дамуы жеке адамның
табиғи мүмкіншіліктеріне байла-нысты.
Әрбір адамның қасиеттерін калыптастыру
мен дербес ерек-шеліктерін дамытуды жан-жақты
және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Жүйке
жүйесіне байланысты темперамент типтерін
басшылыққа алып отыру керек.
Темперамент деп жеке адамның қылығы мен
түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін дара
өзгешелігін айтады. Психология ғылымында
темперамент 4 типке бөлінеді: холерик,
сангвиник, меланхолик, флегматик. Оларды
тәрбиелеу - баланың дамуына ықпал жасап,
даму дәрежесіне сүйену.
Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында
(ойын, еңбек, қоғамдық жұмыстары, т.б.)
балалардың мінез-құлықтарын ескеріп,
темпераментін тәрбиелейді. Сангвиник
баланың іс-әрекетін бақылап, берген тапсырманың
орындалуын қадағалап отыру керек. Меланхоликті
белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа
тәрбиелеген жөн. Тәрбиеші мына жағдайларды
ескеруі қажет:
- баланың өз мүддесін ғана ойлауын болдырмау;
- өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыруа
білуге үйрету;
- баланың әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді
басынан өткізе білуге баулу;
- баланы өмірді даму күйінде көре білуге
үйрету.
Әдебиеттер:
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары.
- Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы.
- Алматы, 1976.
3. Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика,
1970.
4. Божович Е.И. Личность и ее формирование
в детском воз-расте.-М.,1968.
5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан
жирен", "Зиянды әдебиеттер және одан
алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы:
Мектеп, 1988.
6. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение,
1988.
7. Дубровский А.А. Открытое письмо врача
учителю. - М.: Просвещение, 1988.
8. Фридман Е.М. Изучение личности учащегося
и учени-ческих коллективов. -М.: Просвещение,
1985.
9. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін
берудің кейбір мәселелері. - Алматы, 1977.
10. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты.
- Алматы, 1979.
11. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши
дети. - М.: Московский рабочий, 1988.
12. А.Г. Хрипкова. Үл есейсе, қыз өссе. - Алматы,
1988.
13. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное
в развитии, формировании и воспитании
человека. Библиотека "Актуальные проблемы
педагогики и психологии". - М.: Знание,
1970. Вып.2.
14. ХарламовИ.П. Педагогика. - М.,1990.
15. Р. Қоянбаев. Тәрбиетеориясы. - Алматы,
1991.
16. Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев. Педагогика.
- Астана, 1998.
17. Е. Сағындықұлы. Педагогика. - А, 1999.