Қазақстан-Ресей Медициналық Университеті.
СӨЖ
Тақырыбы: Зейін. Эмоция. Сезім.
Алматы-2011 жыл.
Жоспар.
Зейін. Сезім. Эмоция түсінік.
Механизмі
Ашқан ғалымдар.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Зейін, сезім және эмоцияның түсініктері
- Зейін өздігінен жеке-дара психикалық үрдіс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс-әрекетіне, таным үрдістеріне тікелей қатысты болып, оның қызығу бағытын көрсетеді.
- Зейін - кез келген психикалық үрдістің тұрақты бір жағы. Сөйтіп ол адам іс-әрекетінің сапалы әрі нәтижелі болуына жәрдемдеседі. Зейін дегеніміз - сананың белгілі бір нәрсеге бағытталып, оның айқын бейнеленуін қамтамасыз етуі. Оны белгілі бір нәрсеге арнайы бір бағыттау және шоғырландыру қабілеті адамның белсенділігін білдіреді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек үрдісінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт - объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау.
- Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
- Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі.
- Зейін механизмі мидың рефлекторлық қызметіне, жануарлардың И.П.Павлов ашқан шартсыз рефлексіндегі "Бұл не?" деген таңдану рефлексіне байланысты. Бұл рефлекстің биологиялық мәні жануарлардың қоршаған ортадан әсер ететін жаңа тітіргендіргіштерге тікелей байланыстығы айқын көрінеді.
- Зейіннің физиологиялық негізін қозудың оптималдық ошағы деп аталатын физиологиялық құбылыспен де түсіндіруге болады. Миға көптеген тітіргендіргіштер бір мезгілде әсер етеді. Солардың әсерінен ми жарты шарларының қабығында күштері әр түрлі қозу ошақтары пайда болады. Қозудың оптималдық ошағының қарқынды болуы мидағы өзара индукция заңдарына байланысты.
- Қозудың оптималдық ошағы құбылмалы. Тітіркендіргіштердің өзгеруі не олардың ми қабығының бір ғана бөліміне ұзақ уақыт бойы әсер етуі бірізділік индукция заңына орай, бір жерден екінші жерге ауысып отырады. Тәлім-тәрбие істерінде мұғалімдер мен тәрбиешілер қозудың оптималдық ошағының жасалу заңдарына сүйенеді. Мәселен, "Балалар, дұрыстап отырыңдар, қане, қолдарыңды партаға қойып, маған қараңдаршы!" деу арқылы ұстаз оқушыларға әсер етіп, олардың зейінін негізгі объектіге аударады
- Әйгілі физиолог, ғалым А.А.Ухтомский (1875-1942 жж.) ми қызметінің заңдылықтарын зерттей отырып, доминанта принципі жөнінде ілім жасады. Бұл принцип бойынша мидағы қозу ошағының белгілі бір алабындағы қозу күшейіп, өзге алаптардың қызметіне үстемдік етеді. Сөйтіп жаңадан пайда болған қозу ошақтарын тежеп қана қоймай, оларды өзіне бағындырып, жүйке жұмысын күшейте түседі.
- Доминанта принципі зейіннің бір затқа ғана ерекше бағытталып, басқа тітіркендіргіштерді елемей қалатын жағдайын түсінуге мүмкіндік береді. Зейіннің шоғырлануын адамның белгілі бір іске ықылас-ынтасымен берілгендігінен көруге болады. Зейіндік сондай-ақ адамның сырт пішінінен де байқалады. Мысалы, адам бір нәрсеге зейін салғанда қимыл-қозғалыс тежеліп, сезім мүшелерінің бәрі сол нәрсеге қарай бағытталады.
Ғалымдар
- А.А.Ухтомский өзіне дейінгі ашылған жүйке орталықтарының жұмыс принциптері рефлекторлық реакция орталықтары ара қатынасының үйлестік маңыздылығын түсіндіре алмайтындығын айтты, себебі олардың мазмұнында реакцияның таңбалық бағасы, яғни таңбалы үрдісті бейнелейтін жүйенің тарихының жоқтығы.
- Ағзаның жұмыс қабілетін нақ сол таңбалы реакциялар жоғары және тұрақты қамтиды: жаттығулар, белсенді демалыс, ойлау, шығармашылық әрекет содан көрінеді. Осы айтылған доминанта ілімінің аумағы ешқандай авторлардың назарында болмаған, ал А.А.Ухтомский құрған еңбек физиологиясы лабораториясында осы мәселе тәжірибе жүзінде және теориялық тұрғыда дамытылып келді. Ол доминантаны жалпы маңызы бар жұмыс принципі ретінде қарастырды.
- Соның нәтижесінде доминанта жүйесін қарастырушы фактор ретінде А.А.Ухтомскийге көптеген күрделі сұрақтарды: мидың интеграциясын және тұтастығын ғана емес, қылықты да, жеке адамның рухани өмірінде, жалпы адамзатты тұтастай - психология және социология деңгейінде шешуге көмектесті. Осы айтылғандар А. А. Ухтомскийдің жекелік сапасында өзінің зерттеулері мен қызығушылықтарын жалпы адамзат міндетімен ұштастыратынын дәлелдейді.
- А. А. Ухтомский доминантаның психологиясы мен физиологиясының ара қатынасын төмендегіше түсінді: бір жағынан сана өз әрекетін кортикалдық доминанта негізінде орындайды, ал басқа жағынан сананың жемісті жұмысын қамтитын рецепциялардың, әсерлердің бағыттылығын, сипатын өңдейтін доминанталарды тәрбиелейді. Доминанта - орталықтар арасындағы теңдіктің бұзылуын көрсетеді. Ол өзінің бағыттылығымен ағзаны жаңа мүмкіндіктермен толықтырады [5, 92 б].
- Қазіргі кезеңде А. А. Ухтомскийдің доминанта принципін және И. П. Павловтың шартты рефлексін теориялық-экспериментальдық жоспармен жақындатып зерттеуші А. С. Батуев доминанттық принциптің маңыздылығына ерекше назар аудара: дәл жетекші мотивация (өз бетінше емес соңгы пайдалы нәтиже) деді, ал П. К. Анохиннің пікірі бойынша, доминанттық принцип іс-әрекетті анықтайды.
- Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшіншісі ашу шақырып, зығырданыңды қайнататын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып біз қорқынышты сезінеміз, жауды мұқатып жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен шаттыққа кеңелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете, көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді бастан кешіреді.
- Өзінің танып-білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін - сезім "немесе эмоция" деп атайды.
- Сезім көзі өзіміз қабылдайтын, айналысатын заттардың және құбылыстардың сапалары туғызатын қажеттіліктер, талап-тілектер болып табылады. Біздің істейтін әрекетіміз - "еңбек, оқу, ойын", оның жетістігі мен кемшіліктері де сезім туғызады.
- Тұрмыстағы жай сөздерде "түйсіну",
"сезіну" деген ұғымдар араласып жүреді. Біз сөйлегенде, "мен қорқынышты түйсінемін",
"ауырғанымды сезіндім" дейміз, оны дұрысында: "қорқынышты сезіндім",
"ауырғанымды түйсіндім",
- деу қажет. Түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың сапаларын танимыз, ал сезім болса, адамның ішкі көңіл-күйін, оның сол заттармен құбылыстарға қатынасын көрсетеді.
- Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол үрдістер сезімді туғызады да ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі - түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.
- Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
- Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нэтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде - оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнертапқыштардың жұмыс үрдістеріндегі көтеріңкі көңілі -шабытты сезімімен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным үрдісінде үлкен рөл атқарады [6, 65 б].
- Оқу тәрбие жұмысында сезімнің қаншалықты маңызды екендігі педагогтың есінде болуы қажет. Мектеп оқушыларын немқұрайлылық туғызатын сабақтан көрі, оларда күшті жағымды эмоция туғызатын білім тез де баянды игеріледі. Сабаққа үлгерімі және тэртібі үшін мақтау алудан балада, әдетте жақсы сезім пайда болады, ол оқуын одан эрі күшейте түсуге жақсы ықпал жасайды: құптамау, ұрсу, жазалаудан, әдетте, оқушыларға жағымсыз эмоциялық жағдай туады, сөйтіп осындай ренішті істі қайталамауға итермелейді. Тәжірбиелі мұғалім, тиісті әдепті сақтай отырып, балалардың жағымсыз эмоциясын да пайдаланады.
- Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
- Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.-
359 бет
- Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.-
430 бет
- Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
- Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
- Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.-
488 бет.
- Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002.
- 369 бет.
- Педагогикалық психология. -Алматы, 1995.
-350 бет.
- Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004.
- 460 бет.
- Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
- Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет