Толеранттылық

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 19:44, реферат

Описание работы

Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.
Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтынын дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.

Работа содержит 1 файл

Гулназ баяндама.docx

— 21.23 Кб (Скачать)

 

Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын  бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.

Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Соның салдарынан түрлі соғыс, діни қудалаушылықтар мен идеологиялық қақтығыстар, ажырасулар, тастанды балалар, жасөспірімдер арасында суицидтар туындайтынын дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.

Сондықтан толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.

Толеранттылық мәселесін зерттеп жүрген ғалымдар қатарына Ю.М.Политова, В.Г.Палаткина, Е.Ю.Клепцова, Н.М.Лебедева, Ф.М.Малхозова, А.В.Мудрик, Р.Р.Валитова, В.А.Лекторский, В.С.Кукушин, В.А.Перовскийлерді атауға болады.

Отбасындағы толеранттылықты зерттеуге көп көңіл бөлген ғалымдар Л.В.Байбородова, О.С.Ковалева, М.И.Рожков, М.А.Ковальчук, Т.А.Куликова, М.А.Коренева және т.б.

Толеранттылықтың  жекелеген аспектілері қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне де арқау болды: Г.К.Искакова, М.А.Кучерова, П.И.Мамедова, Б.А.Тұрғынбаева, Ж.Наурызбай, К.Сүюнова, Қ.Қожахметова, Қ.Бөлеев т.б. толеранттылықты қалыптастырудың жалпы мәселелерін қарастырса, С.Әмірғазин еңбектерінде дінаралық толеранттылық мәселелерінің әр жақтары ашылған. Г.А.Уманов ұлтаралық қатынастар педагогикасының теориялық негіздерін қарастырды.

Толеранттылыққа тәрбиелеу ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта.

Отбасында толеранттылыққа тәрбиелеу жолдарына  келетін болсақ, М.И.Рожков пен М.А  Ковальчук толеранттылыққа тәрбиелеуде  оқушылармен ата-аналардың өзара  қарым-қатынасының сәтті шешу үшін педагог-психологқа субъектілік, тепе-теңдік, жекелеу, рефлексивтік көзқарас, толерантты орта жасау принциптерін ұсынды.

Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.

Зерттеуші Э.Г.Эйдемилердің пікірі бойынша бірінші орынға отбасындағы нашар қарым-қатынастар алынады. Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы және оның ұзақтылығы баланың психикасына ауыр әсер жасауын өмір сүру барысы дәлелдеп отыр. Қазіргі ғалымдар отбасындағы қарым-қатынасты ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, орта буын мен аға буын арасындағы қарым-қатынас, әке-шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас деп қарастырады.

Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ олар отбасында ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас түрлерін 4 түрге бөледі: диктат, опека, «араласпау» және ынтымақтастық.

-Диктат  деген қатынас ата-аналардың талабын,  бұйрығын зорлық көрсетуін бірінші орынға қояды. Талап қоюды құрмет көрсетумен ұштастырмаған жағдайда бала тәрбиесіне зиян келтіретінін ескерткен А.С. Макаренко.

-Опека  диктатқа қарама қарсы-қатынас түрі, балаға шектен тыс қамқорлық көрсетіп еркіндік бермеу, қиындықтарды өз бетімен жеңуге үйретпеу, ол да бала тәрбиесіне зиянды.

-»Араласпау»  - бұл қатынас түрі балалармен ата-аналар арасында эмоционалды жылылық тудырмайды, себебі талап, тәртіп нормалары іске аспайды.

-Ынтымақтастық  – идеалды қатынас түрі, балаға деген сүйіспеншілік, баланы түсіну, құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады. Мұндағы диктат, опека, «араласпау» интолеранттылықтың көрінісін байқататын ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас түрлері болса, ынтымақтастық керісінше толеранттылыққа тәрбиелеудің ең қолайлы қатынас түрі болып саналады.

Ж.Қ.Мұқытова «Отбасынтану курсы бойынша дәрістер жинағы» атты еңбегінде қазіргі отбасындағы қатынастардың төмендегідей түрлері белгіленген. Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, бір бірін түсіну, көмек көрсетумен сипатталады. Паритет – тең қатынас бір-біріне зиян келтірмейді. Жарыс – бір-бірінен асып түсуді көздейді. Конкуренция – билікке таласу. Антагонизм – өшігу, үнемі кек алуға ұмтылу, конфрантация – түсінбеушілік деген ұғымды білдіреді. Ең жақсы қатынас түрі – ынтымақтастық [3].

Отбасындағы психологиялық саулық сақталмай, кикілжіңнің, зорлық-зомбылықтың әсерінен балалар бойында жағымсыз сезімдер мен эмоциялар туындайды.

Отбасы  балаға адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты маңызды тәжірибе береді, мұнда ол қарым-қатынас жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың көзқарастарын сыйлауға, туған туысқандарына шыдамдылықпен қарауға үйренеді. Ата-ана – толеранттылықтың үлгісі бола білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру кезінде ата-анамен туыстардың берген үлгілері үлкен мәнге ие. Ең негізгісі бұл бала бойында толеранттылықтың қалыптасуына отбасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен туысқандар арасындағы әрекет жасау стилі жатады.

Педагог ата-ананы қайта тәрбиелей алмайды, бірақ ата-анамен бала арасындағы өзара  қатынасқа әсер ете алады және де арнайы жұмыс негізінде баланың өзгелерге деген қатынасын түзетуге болады.

Бала  бойында толеранттылықты қалыптастырудағы педагогтардың ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары отбасы қарым-қатынасы мен отбасы ерекшеліктерін ескеру негізінде іске асады.

Толеранттылықты қалыптастыру күрделі үрдіс. Мұнда да мектеп психологы мен сынып жетекшінің көмегінсіз болмайды. Ең алдымен психологтың көмегіне жүгінеріміз анық. Яғни тұлғаның толеранттылық деңгейін диагностакалаусыз оны қалыптастыру жұмысын жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан психолог түрлі әдістерді пайдалана отырып тұлға толеранттылығының қалыптасу деңгейін анықтап беруі шарт.

Біз ғылыми зерттеу жұмысын Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Сейфуллин орта мектебінде оқушылар мен ата-аналар арасында толеранттылық деңгейін анықтау мақсатында диагностика жүргіздік.

П.В. Степановтың «Егер сіздің аяғыңызды  басса .....» әдістемесін оқушылар арасында пайдаландық. Толеранттылық  және интолеранттылық деңгейін анықтау  мақсатында 8–11 сыныптан 30 оқушыға сауалнама өткізілді. Оқушылар арасында өткізілген бұл сауалнамалар нәтижесінде оқушылардың толеранттылық деңгейі жақсы деңгейде екені байқалды.

Осы орайда оқушылардың басқаның көзқарасына  деген шыдамдылығын және оған құрметпен  қарау деңгейін анықтау үшін «Толеранттылық»  тестін жүргіздік. Бұл тестің басты шарты: ойланбастан, тез жауап беру болып табылады. Бұл тестте оқушылардың қоршаған ортасына деген қатынасын анықтауға арналған сұрақтар қолданылды. Оқушылардың берген жауаптары олардың өз көзқарастарын нық қорғай алатындығын, диалог жүргізуге дайын екендіктерін көрсетті. Дегенмен кейбіреулері өз көзқарасын біреуге жүктейтіндігін немесе басқа адамдармен тіл табысуға кедергі болатындай мінездер танытатындарын жасырмады.

Бала  тәрбиесінде ата-ананың алатын орны өте зор. Ата-ана мен балалар  арасындағы толеранттылық қарым-қатынас жасау мәселелеріне келетін болсақ, баланың мінезін жақсы түсіну үшін, ең алдымен, оның дамуына және оған не нәрсе қажет екенін білу керек. Ол үшін біз ата-аналарға арналған А.Ю.Монахованың «Өз балаңызды түсінуге тырысаcыз ба?» атты тестті құпия түрде өткіздік. Жалпы бұл сауалнамаға 28 ата-ана қатысты. Бұл тесттің нәтижесінде ата-аналардың 80%-ы бала құқығын мойындаушы, жеке тәжірибеге, тіпті қателерін түсініп, оның өзі істеген әрекеттері үшін жауап беруге үйретуші ата-ана екендері анықталды [4].

Сондай-ақ, ата-аналар мен оқушыларға арналған Н.И.Дереклееваның «Толеранттылық – адамгершілік мәдениетінің бөлігі ме?» атты сауалнаманы өткіздік. Сауалнамада толеранттылық пен патриоттық тәрбие туралы мәселелер қамтылған, сонымен қатар, мектепте қандай ұлт өкілдері оқитынын анықтау үшін 7-9сынып оқушыларына да зерттеулер жүргізілді. Осы сауалнамалар нәтижесінде толеранттылық деңгейі жоғары – 8 ата-ана, толеранттылық деңгейі жоғары емес – 11ата-ана, интолеранттылық дамуы жоғары деңгейде – 4ата-ана, интолеранттылық даму деңгейі жоғары емес – 5ата-ана екені анықталды. Соңында сауалнаманың нәтижесі бізді қатты қуантты, өйткені ата-аналар да, оқушылар да өзге ұлттарға сыйластықпен және мейірімділікпен қарайтындығы көрінді [5].

Оқушылар  арасында толеранттылық жөнінде  тәрбие беру түсініктері мен білімдерін жетілдіру мақсатында келесідей жаттығулар өткізілді:

«Сиқырлы  үстел не болмаса, Мен қандай жақсымын», «Алты түрлі түсті қалпақтар», «Екі портрет», «Бізді Сізбен біріктіретін ...».

Сондай-ақ оқушылармен қатар олардың ата-аналарымен де бірнеше жұмыс түрлерін өткіздік. Солардың бірі ата-аналарға арналған «Ой жинақтау» тренингі.

Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, толеранттылыққа  тәрбиелеуде ата-ана тәрбиесінің  әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Сонымен қатар, ата-аналармен дөңгелек үстелде  жағдаяттарды талқылап, пікір алыстық. Кейін ата-аналарға «Үйлесімді отбасы» атты қытай аңызы бойынша рефлексия жүргіздік.

Соныңда ата-аналарға біздің тарапымыздан төмендегідей кеңестер ұсынылды:

Егер  баланы тұрақты сынап тұрса, ол жеккөруге  үйренеді.

Егер  бала дұшпандықта өмір сүрсе, ол басқыншылыққа үйренеді.

Егер  баланы келекелесе, ол тұйық болып  өседі.

Егер  баланы жиі кінәласа, ол өмір бойы кінә сезімімен өмір сүреді.

Егер  бала шыдамдылықта өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.

Егер  балаға дем берсе, ол өзіне сенуге үйренеді.

Егер  баланы мақтаса, ол мейірбан болуға тырысады.

Егер  бала адалдықта өссе, ол әрдайым  әділ болуға тырысады.

Егер  бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.

Егер  де бала оны түсініп, оны құрметтейтін ортада өмір сүрсе, ол өмірде жақсылықты көріп, таба біледі.

Жоғарыдағыдай іс-шаралар өз кезегінде жалғасын тауып отырса, онда әлемде, мемлекетте, ұлттар, адамдар арасында түсінушілік, мейірімділік, достық, төзімділік қасиеттері жетіліп, ал шиеленістер болған жағдайда дұрыс шешімі табылып, сыйластық қарым-қатынас орнары сөзсіз. Сонда ғана әлемдегі барлық халықтар татулықта, бейбітшілікте өмір сүре алады.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, отбасында оқушыларды толеранттылыққа  тәрбиелеудің қажеттілігі бүгінгі  күнде шешімін қажет ететін өзекті мәселелердің бірі екенін дәлелдеп отыр.

Журнал "Жасstar", №2(32) 2012 г.


Информация о работе Толеранттылық