Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 20:39, реферат
Жұмыстың бір ережесінен екінші ережеге өтуі тізбектің параметрлері өзгергені немесе тізбектің схемасының өзгергені себеп болады. Бұл өзгерулер коммутация деп аталады.
Тізбектің коммутациясы, яғни тізбекті қосу, ажырату немесе ауыстырып қосу лезді емес, оларға уақыт керек.Сонымен тізбек бір қалыптасқан жұмыс ережеден екінші қалыптасқан ережеге кейбір уақыт ішінде өтеді. Бұған себеп болатын жағдай тізбектің әрбір күйіне электр және магнит өрістердің энергияларының белгілі қоры сәйкес. Жаңа ережеге өту осы өрістердің энергияларының өсуімен немесе кемуімен байланысты
1)Тұлға туралы түсінік...........................................................................1
2)Тұлғаның рөлдік концепциясы..........................................................4
3)Жеке тұлғаның әлеуметтануы............................................................6
4)Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................7
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Радиотехника,электроника және телекоммуникация кафедрасы
Тақырыбы:Тұлғаның рөлдік концепциясы
Жоспары:
1)Тұлға туралы түсінік.......................
2)Тұлғаның рөлдік концепциясы...................
3)Жеке тұлғаның әлеуметтануы..................
4)Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға» дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Менің өмір сүруім, сенің өмір сүруіңді және басқалардың өмір сүруін қажет етеді және керісінше де солай.
Тұлғаның рөлдік концепциясы
Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды зерттейді. Сонымен қатар, тұлғаның шынайы өмір әрекетінің тұрақты, қайталанбалы элементтеріне, оның қоғаммен өзара байланыстарына көп көңіл бөледі. Жеке адам социологиясының басты проблемасы болып әлеуметтік жағдайлар (байланыстар, әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы табылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс болып жеке адамның түрлі әлеуметтік концепцияларының (ХХ ғасырдың екінші жартысынан) пайда болуы саналады: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы т.с.с. Теориялардың ортақ қасиеті – адам даралығын спецификалық фактор және белгілі бір факторлардан: индивидтер әрекеттестігі, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруы, әлеуметтік стимулдар, қажеттіліктер, бағыттардан тікелей пайда болатын туынды ретінде мойындау. Жеке адаммен, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер жиынтығын талдай отырып, жеке адам социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады. Айнадағы «Мен» теориясында (Ч.Кули, Дж.Мид) тұлға толығымен адамның әлеуметтік шартталған «Меннен» туындайтын функция ретінде қарастырылады. Жеке адамның негізі, оның өзіндік санасы – бұл әлеуметтік әрекеттестіктің нәтижесінде индивидтің өзіне объект ретінде, басқа адамдар көзімен қарауды үйренуі нәтижесіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде бейнеленді. Осылайша, жеке адам – адамның әлеуметтік өмір үрдісінде жинаған объективті қасиеті түрінде түсіндірілді.
Рөльдер теориясын жақтаушылардың ойынша, жеке адам дегеніміз, индивидтің қоғамда атқаратын әлеуметтік рөльдері жиынтығының функциясы болып табылады, сондықтан, әлеуметтік рөль – индивид пен қоғам әрекеттістігі механизмінің маңызды элементі. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар олардың қоғамдық қатынаста белгілі бір жұмыс түрін (мұғалім, инженер, әке, бала және т.б. функциялар) орындау тапсырмасы түрінде болатын әлеуметтік функциялар негізінде құрылады. Атқарылған функциялар қоғамдағы әлеуметтік құрылымдағы адамның жағдайын сипаттайды. Осылайша, студенттің басты функциясы кәсіби және жалпы азаматтық мәдениетті танып білу. Индивидтің функциялары және одан туындайтын міндеттер мен құқықтар жеке адамның әлеуметтік статусын белгілейді. Жеке адамның әлеуметтік статусы – бұл индивидтің әлеуметтік топтардағы және бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері) және қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.
Әлеуметтік статустар
Рөльдік теория негізін қалаушылардың бірі Р.Линтон әлеуметтік рөльді – адам статусымен байланысты күтілетін мінез-құлық ретінде анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде де ол әртүрлі ракурста көрінеді. Р.Мертон берілген статустан туындайтын рөльдер қосындысын рөльдер жиынтығы деп атады.
Адам бір уақытта бірнеше статусқа ие болуы мүмкін және көптеген шексіз рөльдерді атқарады. Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа бекітілген ресми және бейресми рөльдерді қамтиды. Осылайша ЖОО оқытушысынан тек жоғары кәсіптік ғылыми деңгейді және т.б. ғана емес сонымен бірге, бейресми ғылыми ортада қалыптасқан қарым-қатынас стилін және мәдениет деңгейін игеру талабы қойылады. Мұнда әр жеке адам тек өзіне тән рөльдер үйлесімділігіне ие екенін айта кету керек, бұл оның индивидуальдылығын білдіретін негізгі қасиет.
Рөльдердің көптігі рөльдік қақтығыстар деп аталатын жеке адамның ішкі қақтығыстарын туғызады. Олар көбінесе іс-әрекет мотивтерінің күресі түрінде болады. Бұл мотивтер негізінде белгілі бір функциялардың дұрыс, мақұлданған орындалуы туралы көзқарастар жатыр. Бұл рөльдер қақтығысында индивид үшін берілген жағдайда маңыздырағы жеңіске жетеді. Басқаша айтқанда, рөльдер статустар сияқты иерархиялық болып келеді және әр жеке адам өзінің талғам пирамидасын құрайды. Әлеуметтіқ функциялар, әлеуметтік статустар және әлеуметтік рөльдер өзіндік бір түйіскен механизмді құрайды. Осы арқылы әр адам кейбір қоғамның бөлшегі, оның мәдениетін, сапасын ұстанушысы болады. Жеке адамның орындайтын әлеуметтік рөльдер жиынтығы ол қосылған қоғамдық жүйедегі байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.
Жеке адам өмір шарттары мен қоғамдағы мінез-құлықты игерген адамның нәтижесі екендігі туралы ой необихевиоризмде пайда болған, мұнда тұлға ретті түрде талданған және әлеуметтік стимулдар жиынтығына деген әлеуметтік қолайлы жауаптар жиынтығы деп түсіндірілген. Жеке адам кейбір аралық, әлеуметтік емес сипаттағы айнымалылармен байланысты болатындығы мүмкін болды, бірақ олар шынайы ғылыми талдау пәні ретінде мойындалмады.
Ұстанымдар теориясында жеке адам индивидке күнделікті ықпал жасау арқылы қоғамды тудыратын, кейде саналы емес ұстанымдар түрінде қарастырылады. Түрлі ұстанымдарды жинақтай отырып, адам жеке адам болуға әдеттенеді. Оның санасында жеке адам болу қағидалы ұстанымы пайда болады.
Жеке адамның әлеуметтік концепцияларының бір тобы жеке адамға социогендік қажеттіліктер жиынтығы және қоғам тудыратын бағыттар түрінде қараумен байланысты. Қоғам жеке адамның дамуына әсерін тигізетін әртүрлі қажеттіліктерді тудыра отырып, дамиды.
Жеке адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
Жеке тұлғаның қалыптасуы, индивидтің әлеуметтік-мәдени күйге түсуі – бұл өте күрделі процесс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар қатысады. Әлеуметтану ғылымы жеке адамның әлеуметтену процесін, әлеуметтік қасиеттердің, құндылықтардың, мұрат-мақсаттардың, ережелердің және әлеуметтік мінез-құлық, білім алу, іскерлік пен дағды принцитерінің қалыптасу процесін талдауға мүмкіндік беретін негізгі қатарды белгілеуге тырысады. Сол арқылы адам әлеуметтік байланыстардың және қауымдастықтардың әрекет ететін мүшесі болады. Ал қоғам өз өмірін сабақтастық арқылы жаңартып отырады. Сонымен бірге, әлеуметтену процесінің түрі және үлгісі қоғамның қандай кұндылыктарға бағынуына, әлеуметтік әрекеттестіктердің қандай түрінің туындауына байланысты екенін ескеру қажет.
Қазіргі әлеуметтену концепциясы француз социлогы Г.Тардтың шығармаларынан бастау алады. Оның теориясының негізі – адамдар қарым-қатынасының түбірі еліктеу қағидасы болып табылады. Ал оқытушы – оқушы қарым-қатынасын ол типті әлеуметтік қатынас деп атады. Американ социологы Т.Парсонс индивидтің көпшілік мақұлдаған беделді адамдармен араласу процесіне әлеуметтік жүйенің интеграциялануының ережелерін түсіндіретін әлеуметтік теорияны жасап шығарды. Оның ойынша, жанұя мен білімді қоса алғанда әлеуметтену институттары әлеуметтік құрылысты тудыру қызметін атқарады.
Әлеуметтену процесінің бір маңызды ерекшелігі – бұл әлеуметтенудің тек балалық шақпен жастық шақта ғана қалыптасуы, оның жаңа статустар мен рөльдерді және қажетті әлеуметтік касиеттерді есейген адамның бүкіл өмір бойы игеруі.
Әлеуметтену процесінің екінші маңызды ерекшелігі – бұл жеке адамның әдейі (мысалы, тәрбие институттары арқылы) не әдейі емес, жасырын (латентті) әлеуметтенуі. Бірінші жағдайда адам қиындықтармен қақтығыса отырып, белгілі бір әлеуметтік рөльге тікелей енеді. Екінші жағдайда әлеуметтік құндылықтар жүйесінің нақты қызметі жеке адамның қалыптасуына әдейі болмаса да шешуші әсер беретіні меңзеледі.
Үшіншіден, әлеуметтену процесі – бұл жеке адамның өз индивидуальдығын, өзінді дара нақты келбетін табуы екенін айрықша атап көрсету керек. Ендеше, әлеуметтену процесі пассивті бейімделуден бөлек, жеке адамның әлеуметтік жағдайларға көнуінің, оның белгілі бір стандартты айырмашылықтарға ие болуының емес, сыртқы (әлеуметтік) және ішкі (биогенетикалық және рухани) факторлар ықпалымен және жеке адамның өзіндік белсенділігі қызметінің нәтижесі.
Әлеуметтік шындыққа бейімделу, икемделу бұл әлеуметтенудің мақсаты болып табылады, себебі, бұл қоғамның функциялануының міндетті шарты. Бірақ мұнда әдеттегі әлеуметтену процесінен тыс, жеке адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орнымен, оның әлеуметтік белсенділігімен байланысты шектен шығушылық болады. Бұл шектен шығушылық бейімделудің жағымсыз түрі болып табылады. Олардың бірі конформизм (лат.conformism – ұқсас, тәрізді) деп аталады. Конформизм – өз позициясының жоқтығымен, белгілі бір үлгіге ерумен, беделге бағынумен сипатталады. Конформизмнің әлеуметтік сипаттамасы – бұл конформды саналы адамның әр түрлі өмірлік жағдайда өзін ақтау мақсаты мен қателіктерін мойындамай түгелін жағдай ағымына жабуы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. - Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976.
3. Караковский В.А. О подростках. - М.: Педагогика, 1970.
4. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском воз-расте.-М.,1968.
5. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. "Жаманнан жирен", "Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтандыру туралы". - Алматы: Мектеп, 1988.
6. Ильин Е.Н. Пугь к ученику. - Москва: Просвещение, 1988.
7. Дубровский А.А. Открытое письмо врача учителю. - М.: Просвещение, 1988.