Тұлға психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:25, реферат

Описание работы

Тұлға - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы,
нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін
түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір сүре алмайды,өйткені оның тәні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде, әлеуметтік жағдай әсерінде ғана кісілік мән - мағынаға ие болады.

Содержание

1. Тұлға туралы түсінік
2. Тұлғаның мотивтері мен қажеттіліктері, қызығулары
3. Тұлға құрылымындағы дүниетаным, сенім, мұрат
1. Тұлға туралы түсінік.

Работа содержит 1 файл

Тұлға психологиясы.ө.docx

— 38.43 Кб (Скачать)

жүрген принциптерінің терең, түсінілгендігінің белгісі.

Тұлғаның іс-әрекетінің мәселелері, көзқарастары үйлесім тауып, жүйелі

құрылса дүниетаным жүйелі және мақсатты болмақ. Мұндай дүниетанымға ие

болған адам нақты ӛмірлік позиция ұстанады, көздеген мақсатына жетеді.

Керісінше, дүниетанымы іштей қарама-қайшы адам кӛбіне құбылыстарды

бағалауда жағымсыз мінез-құлықтар, дәйексіздік танытады. Көзқарастар жүйесі ретінде дүниетаным қашан да жалпылама болып келеді.

Дүниетаным сапаларының  дұрыс үйлесімі келе-келе тұлғаның терең

сеніміне айналады. Адамның аддына қойған мақсатының айқын болуы,

дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды.

Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірден өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Оны өмір толқыны біресе анда, біресе мында соқтықтырады да, мінез-құлықын көлденеңнен кез келген кездейсоқ жағдайлар билеп кетіп отырады.

Сенім дегеніміз - адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен

мұраттарына терең әрі негізделгең нанымы. Кімде кімнің идеялары өз сезімі

мен еркімен тоғысып жатса, кім де кім өз принциптеріне кереғар келетін

қылықтардан бойын аулақ ұстаса, сол адамның сенімі зор болып саналады.

Сенімі зор адам дегеніміз - өзінің көзқарастары мен ісін қорғап қала

алатын, өз борышын өтеу жолында құрбандыққа бас тігуге әзір, жаны жайсан, жігерлі адам. Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім  пікірталас, көзқарас қақтығысыңда, ынтымаққа кең жол ашылғанда ғана шыңдала түседі.

Тұлғаның психикасын нұрлаңдыратын қасиеттің енді бірі - мұрат

(идеал). Бұл - адамның өзіне өмірден өнеге іздеуі, біреуді ардақ тұтып,

қастерлеуі. Мұрат - адамның  алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Адам осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін пайдаланады. Ӛзін тәрбиелеуге кіріседі. Барлық күш-жігерін соның соңына сарп етеді.

Мұрат өмірді бейнелейді. Дұрыс мұрат болмыста бар нәрселердің барлық

жақсы жақтарын жалпылау нәтижесінде пайда болады. Демек, нақтылы

адамның мінез-құлқы мен іс әрекеті оны өзіне үлгі тұтқан басқа бір адам үшін мұрат санала алады екен. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің

байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар рухына

тәрбиелеу мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің бірі.


Информация о работе Тұлға психологиясы