Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 15:09, реферат
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психология қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерішң жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
СӨЖ
Тақырыбы:
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психология қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет
иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты
сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік
қасиеттерішң жиынтығы, қоғамдық даму
жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас
орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік
қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның
өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді,
мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын
қарама-қайшылықты процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген
сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім
шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің
біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай
талаптардың болуына қарамастан, қоршаған
орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік
ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың
өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын,
ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс.
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында,
аса артық бағалаушылар да болды.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары
мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын
негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы
болады" - деп сыңаржақ пікір айтты.
Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей
ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне
керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің
рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік
ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін
онша бағаламады.
Революционер-демократ В. Г. Белинский
(1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес,
тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек
деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары
бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық
пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие
арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен,
кемістіктен құтқаруғаболады .Демек, олар
тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын
жақсартуға және санасын өзгертуге болады
деген жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту
үшін материалістік педагогика таптық
қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды
ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі
іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы
дамуына қажетті материалдарды іріктеп
алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік
ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының
сара жолдарын табу нәтижесінде баланың
ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі
мен талғамы артып, адамгершілік сапасы
қалыптасады.
Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық
(баспа-сөз, радио,теледидар) көмегімен
оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің
саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының
дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш
фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына
орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық
пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп,
баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес
бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі
мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы
жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды
іріктеп, жеке бастың дамуына теріс, зиянды
әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан
аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие
аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи
тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты
өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның
алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Сонымен , тәрбие бала дамуын бағыттайды,
басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы
негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан,
оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың
қалыптасуына кері әсер етеді.
Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің
бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру
процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі
буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін,
жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек
буын қоғамды тарихи өмірде жинаңталған
тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие
процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге
қабілетті, іскер адамды дайындауға бағытталуы
қажет. Басты өндіруші күш – жеке тұлға.
Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға
араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны,
саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді
қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін
меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін
қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті
жағдайларды анықтайды.
Қорыта айтқанда, тәрбие - қоғамның тарихи
әлеуметтік-экономикалық жағдайларынан
туатын объективтік процесс.
Тәрбие процесінде бала өзінің дамуына
қажетті жағдайларды пайдалануға тиіс.
Табиғи және әлеуметтік орта оның көзқарасын
дамытады. "Тәрбие – адамды қалыптастыратын
және жетілдіретін үйлесімді процесс"
- деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей
негізгі элементтерге бөлді:
• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми
білім";
• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";
• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни
тәрбие";
• тән саулығы - "дене тәрбиесі".
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы,
1998, 2000.
2. Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы,1999.
Информация о работе Тұлға қалыптасуының өзегі тәрбие – жалпы адамзаттық құбылыс