Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 17:33, реферат
Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларды қазақ тілі сабағында тіл мәдениетіне тәрбиелеудің теориялық-практикалық мәнін зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:
- тіл мәдениеті ұғымына ғылыми түсінік беру;
- оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен болуының
себептерін саралау;
- тіл мәдениетінің жоғары болуына қойылатын талаптарды
айқындау;
- тіл мәдениетінің даму сатысы қандай өлшемдер арқылы
анықталатындығын көрсету;
- тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын
анықтау;
Тіл мәдениеті
КІРІСПЕ
Ел тәуелсіздігін тіл
тәуелсіздігімен астастыра
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін,
мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани
байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің
өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық
болса да бұл мәселені айналып өткен емес.
«Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы
да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген.
Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі
арта түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»:
«Тілді дамыту - Қазақстан Республикасы
мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының
бірі» , сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың
саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы
қазақ тілінде» - деп тұжырымдайды.
Ал қазақ халқының тіл келешегі мектеп
оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын
талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың
сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің
тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген
қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын
дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды,
басы артық бос сөздерді көп қолданып,
ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша
сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі
жаргонмен диалектілермен сөйлегенді
сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып
та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика
ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева:
«Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен
алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін,
әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру
педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті
мәселелерінің бірі болып табылады» -
дейді. Бүгінгі таңда қазақ мектептерінің
өзекті мәселелерінің бірі – оқушылардың
тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын,
өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Қазіргі заманымызда қойылған басты талаптардың
бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын,
өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап,
кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі
бір ғылым саласынан білімі мен білігін
көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта
білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып,
тәрбиелеу. Оқушының жеке тұлға болып
дамуы мен алған білімін іске асыруда
сөйлеу тілін, әрекетін, тіл мәдениетін,
әдебін қалыптастыру педагогиканың қазірдегі
өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты – оқушыларды
қазақ тілі сабағында тіл мәдениетіне
тәрбиелеудің теориялық-практикалық мәнін
зерттеу. Осыдан келіп, жұмыстың негізгі
міндеттері туындайды:
- тіл мәдениеті ұғымына ғылыми түсінік
беру;
- оқушы жастардың тіл мәдениетінің төмен
болуының
себептерін саралау;
- тіл мәдениетінің жоғары болуына қойылатын
талаптарды
айқындау;
- тіл мәдениетінің даму сатысы қандай
өлшемдер арқылы
анықталатындығын көрсету;
- тіл мәдениетін қалыптастыру жұмысының
негізгі бағыттарын
анықтау;
- оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі
дидактикалық,
әдістемелік ұстанымдарды негіздеу;
- мектептің орта буынында тіл мәдениетін
оқытуды саралу;
- жоғары буын оқушыларын тіл мәдениетіне
оқытуды
тұжырымдау. Курс жұмысы кіріспеден, негізгі
бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан
құралған.
1. ТІЛ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тіл мәдениеті туралы ғалымдар көзқарасы
Дүние жүзі тарихына үңілсек, көптеген
халықтар Академияларындағы ғылым атаулы
тілді зерттеуден бастаған.
Тілдің тіл саясатының биік ұғымы, барлық
мәні оның қолдануында. Тіл мәдениетінің
деңгейі, оның зерттелуі әрі қоғамдық
қызметі арқылы көрінеді.
Тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы,
ол бүкіл халық үшін бірдей және адамдар
білген құбылыстардың алуан түрін түгел
қамтиды.
«Тіл - қоғамдық құбылыс» деген тезисті
ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы,
қоғамдағы орны, ролі деген мәселелермен
ХІХ В.Гумбольдт еңбектері кейініректе
туған лннгвистикалық мектептердің тілдің
әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне
түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр да
ерекше мән берді.
Жалпы тілді халықтың жан дүниесімен,
ой-санасымен, тарихы мен мәдениетімен
тығыз байланыста қарау В.Фон Гумбольдт,
И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь,
Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б. ғалымдардың
есімдерімен байланыстырылады.
Қазақ зиялылары: А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
М.Балақаев, К.Аханов, Т.Қордабаев, Ы.Маманов,
Н.Уәлиев, Р.Сыздықова, А.Жапбаров, Ә.Болғанбаев,
С.Исаев, А.Ысқақов, Р.Әміров, Қ.Жұбанов
т.б. ғалымдардың еңбектерінде «тіл» ұғымының
сан қырлы жағына тоқталады. Тіл табиғатының
қыр-сырына терең жан-жақты үңілу – ғалым
А.Байтұрсынұлынан бастау алып, Қ.Жұбанов
зерттеулерімен өз жалғасын тапқан[1, 141-142
б.].
Ал, «Мәдениет» деген түсінікке тоқталатын
болсақ, мәдениет - деген ұғымға беті-қолын
жуғаннан бастап, адамзат ақыл-ойының
қазіргі жеткен ең соңғы биігіне дейінгі
барлық ұғым енеді, - деп М.И.Калинин атап
көрсетеді.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани
өмір табыстарының жиынтығы, - дейді тілші-ғалым
М.Балақаев өзінің «Қазақ тілінің мәдениеті»
атты еңбегінде [2, 10 б.].
Мәдениет туралы түсінікке де әр ғалым
әр түрлі анықтама береді. Қарап отырсақ,
мәдениеттің өзі екіге бөлінеді екен.
Материалдық және рухани мәдениет. Соның
ішінде тіл мәдениеті рухани мәдениетке
жатады. Ендігі жерде тіл мәдениеті сөз
болмақ.
Тіл мәдениеті оқушылардың тілін ұстарту
міндетін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін
көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар
оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби
тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі
сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері
жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды.
Сонымен қатар, олардың мәнерлеп оқуын,
сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан
байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын
қальштастыруға тиіс.
Осы мәселені зерттеу тақырыбы ретінде
ала отырып, алдымен тіл мәдениеті дегеніміз
не деген сұраққа жауап іздедік. М.Балақаевтың
жоғарыдағы мәдениет туралы айтқан анықтамасын
ары қарай тіл мәдениетімен жалғастырсақ
ол өз ойын былайша көрсетеді: «Тіл мәдениеті
дегеніміз - тілдік тәсілдердің ширау,
жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл
жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана
емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық,
орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық,
синтаксистік, стильдік құбылыстарды
ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» [2, 17 б.].
«Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі,
жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес,
сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл
айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық»,
- деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің
«Сөз мәдениеті» атты еңбегінде.
Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті
дегеніміз - сөздерді дұрыс орнымен қолдану
(лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік),
дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс
дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық),
тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық)
нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру»,
- дейді [3,24-25].
«Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті»,
«Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді.
Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін
объектісі - сөз, сөздің дұрыс айтылуы,
дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы
ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың,
күңгірттіктің болмауы. Соған орай тіл
мәдениеті ғылымын үлкен екі салаға: ауызша
сөйлеу мәдениеті, сөз қолдану мәдениеті
деп бөлуге болады.
Сондықтан сөйлеу мәдениетіне байланысты
өтілетін практикалық сабақтарда ауызша
сөйлеу тілінің ерекшеліктеріне көп көңіл
бөлініп, қателерді тіл фактілері негізінде
талдап, сырын ашып көрсетудің пайдасы
зор.
Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы
әр адамның лексикасындағы қолданылатын
сөздердің санымен байланысты болғанымен,
негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді
қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын
қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп,
бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай
алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына
сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын,
стильдік бояуын дөп басып беру ойлау
қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен
ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін
тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін,
лексикалық қабаттын баю, толығу жолдарын,
тілде пайда болған жаңа құбылыстардың
өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің
ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп,
оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап
отыру керек.
Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі
шаралардың бірі - тіл тазалығы. Тіл тазалығы
дегенде, ойымыздың, сөзіміздің бөтен,
бөгде элементтермен шұбарланбауын талап
етеміз. Әрине, бөтен тілден сөз алмай,
таза ана тілі материалының негізінде
ғана өмір сүретін әдеби тіл деген болмайды.
Көркем шығарманы, сондай-ақ, әдеби нормадан
ешбір ауытқымай, бөтен тілдік элементтерді
қоспай, сірестіріп, «таза әдеби» тілде
де жаза беруге болмайды. Өйткені, көркемсөз
шеберлері оқырмаңдарына өмірдің өзі
көтерген саласын жан-жақты көрсету, олардың
дүниетанымын, эстетикалық талғамын арттыру
мақсатын көздейді.
Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің,
мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты
екені оның жазған жазуынан, сөйлеген
сөзінен де байқалды. «Кісіге қарап сөз
алма, сөзіне қарап кісіні ал», - деп ұлы
Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын
игерген, құдіретіне түсінген, күшіне
тағзым етіп, бас иген адам өзіне де, өзгеге
де талап қоя алады, сөзді қалай болса
солай қолдануға жол бермейді. Сөз мәдениеті
мен өз мәдениетін қатар ұстап, екеуін
бірге әлпештеп, қамқор болса, ана тіліне
деген сүйіспеншілігі арта түсері даусыз.
Тіл мәдениті жөніндегі теориялық және
практикалық пікірлерді дамытушылардың
бірі - И.И.Срезневский. Ол тілді оқушының
ойлау дағдысымен тікелей байлансытыра
отырып, баланы қысқа әңгімелер түріндегі
жаттығу жұмыстарына бейімдеу пайдалы
дей келіп, «Важен для приучения отличать
более важное от менее важного и неважного
вникать в те основы слов и выражений которыми
изображаются основные мысли ... как безотносительно
к форме, в которой та или другая мысль
выражается так, и с объяснением самой
форм выражении, чтобы заставить детский
ум оценить форму»,- деп балалардың жұмыстарында,
сондай-ақ ауызекі сөйлеу тілінде синонимдерді
барынша кеңінен қолдану қажеттігін айтты.[1,
144 б.]
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау
барысында бұл мәселені көптеген ғалымдар
зерттеп-қарастырғаны белгілі болды. Солардың
ішінен педагогикалық сөздікте берілген
мынадай анықтама көңілімізден шықты:
«Оқушылардың тіл мәдениеті – оқыту үрдісі
мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы
негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру
деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы,
байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың
сақталуы тән»[4, 263 б.]. Ал бұл мәселені
жан-жақты зерттеген Л.И.Ожегов: «Тіл мәдениеті
-бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі
жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз
әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің
нормасы – бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде
қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика,
сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл
әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды
сөйлеу» - деп тұжырымдайды[5, 287 б.].
Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында
мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті
-кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің
бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті.
Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық
нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру
заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін
дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге,
тыныс белгілерін қолдануға байланысты
ерекшкліктерді толық сақтап, сауатты
жазу мәселелерін де қарастырады.»[6, 261б.].
Ал педагогикалық энциклопедияда «Культура
речи 1. В теоретическом плане - раздел
филологии изучающий речевую жизнь общества
в определенную эпоху и устанавливающий
на научной основе правила пользования
языком, как основным средством общения
людей, орудием формирования и выражения
мыслей. 2. В плане практическом - под культурой
речи понимается прежде всего нормативность
речи, ее правильность, соответствие требованиям,
предъявляемым к языку в данном языковом
коллективе в определенный исторический
период.»[7, 58 б.] деп анықтайды.
Оқушылардың тіл мәдениетіне педагогикалық
сөздікте төмендегідей анықтама ұсынылады:
«Оқушылардың тіл мәдениеті дегеніміз,
ғылым негіздеріне оқыту үрдісі мен өзін
қоршаған адамдармен тілдік қарым-қатынас
негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру
деңгейі. Ол жалпытілдік норманың сақталуымен,
тілдің мазмұндылығымен, ойлылығымен,
лексикалық байлылығымен, көркемдігімен
әрі мәнерлілігімен сипатталады.»
Жалпы анықтамаларды қарастыра келе, тіл
мәдениеті дегеніміз сыпайы, ізетті, сауатты
сөйлей білу мен жаза білу және сөзді дәл
айта білу, оны орнымен, әсерлі етіп қолдана
алу шеберлігі, - деген пікірге тоқталдық.
Халықтың ұшан-теңіз сөз байлығының ішінен
ең қажетті, ең ұтымды тілдік құралдарды
таңдап алып, оларды айтылмақ ой мен мәтіннің
мазмұнына, мақсатына сай етіп тіркестіре
алу білгірлік пен шеберлікті қажет етеді.
Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың берген
түрлі анықтамаларын саралай отырып, біз
өз зерттеуімізде тіл мәдениеті дегеніміз
– оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың
өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша
және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды
дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі
әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын
сақтай жеткізе білу шеберлігін айтамыз.
Әр полимәдениетті дамыған жеке тұлғаның
ерекше маңызды қасиетінің бірі - тіл мәдениетін
игеру. Сондықтан бүгінде жас ұрпактың
тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесі
ерекше орын алып отыр.
1.2 Тіл мәдениетінің өлшемдері мен оған
қойылатын талаптар
«Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық
борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай
біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл
тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап
алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті
сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік
тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана
қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды
М.Балақаев.[2, 27б.] Көптеген зерттеуші,
ғалымдардың еңбектерін, мерзімді баспасөз
ақпараттарын талдай келе, оқушылардың
тіл мәдениеті деңгейін анықтау мақсатында
жүргізілген сауалнама, әңгімелесу, байқауларды
негізге ала отырып, бүгінгі күнгі оқушылардың
сөз саптауы көңіл аударарлық, көпшілігінің
тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген
қорытындыға келдік.
Зерделеудің келесі кезеңінде қазіргі
оқушы жастардың тіл мәдениеті деңгейінің
төмен болу себебін іздестірдім. Жазушы
Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар
ізденбейді, ағаларын оқымайды, олар қазақ
әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді
әтейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің
белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды...
Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық
прогрестің де әсері бар", - десе[8,5 б.],
И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын
кемшіліктердің себептері:
1. Ортаның әсері; а) оқушының сөйлеуіне
жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер
етеді, ә) көшенің әсері (дөрекі, былапыт
тіл), б) пән тілінің нормаларын жақсы меңгермеген
мұғалімнің әсері;
2. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы (мектептің
тіл дамытуға немқұрайлы қарауы);
3. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік
(сақаулық, быдықтық, мыңғылдық, т.б.)» -
деп көрсетеді.
Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев,
С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н. Уәлиев тағы
да басқа ғалымдардың зерттеулерін негізге
ала отырып, оқушы жастардың тіл мәдениетінің
төмен болуының себептері деп, төмендегілерді
сараладым:
1. Көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың
қызығушылығының төмендігі. Тіл мәдениетіне
жастарды тәрбиелеу көркем әдеби шығармаларын
көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті
аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады,
соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі
мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен
екендігі байқалады;
2. Мәдени орталықтарға бару, ол туралы
пікірлесудің өте сирек кездесетіндігі;
3. Ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне
жете мән бермеушілігі;
4. Тілдік ортаның әсері;
5. Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек қазақ
тілі сабағына міндеттеп, басқа пәндерді
бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық;
6. Бастауыш сыныпта казақ алфавитін терең
меңгермегендігін ескермей, орыс тілі,
шетел тілі пәндерін қосып үйрету. Бірнеше
тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;
7. Кей мүғалімдердің өздерінің тіл мәдениетінің
төмендігі. Мұғалімнің оқушы алдында сөйлейтін
сөзін ешбір оқулықпен айырбастауға болмайды.
Оқушы мұғалімді тыңдағанда одан білім
алумен қатар сұлу, көркем, анық, түсінікті
сөйлей білуге үйренеді;
8. Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың,
халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде
қолданылуы;
9. Мұғалімдердің көпшілігінің бұл мәселеге
арнайы көңіл бөлмеуі т.б.
Жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптар
қандай, әрбір мәдсниетті адам мәдениетті
сөйлеу, қарым-қатынас жасау үшін нені
меңгеруі керек деген сұрақтар туындайды.
Зерттеуші М.Балақаев өзінің тіл мәдениетін
тереңінен зерттеген еңбектерінде тіл
мәдениетінің негізгі принципі деп сөйлемдердің,
жеке сөздердін тыңдаушыға, оқушыға бірден
түсінікті болу керектігін көрсетеді.
Зерттеуші жазуда, сөйлеуде адам ойына
қажетті сөз таңдағанда олардың стильдік
ерекшелігтерін ескеруді айтады. Тілдік
норманы қалыптастыру, сауаттылық, тіл
тазалығы, сөздерді дұрыс айтым, дұрыс
жазу тіл мәдениетінің басты талаптары
ретімде тұжырымдалады.
А. Жапбаров тіл мәдениетінің жоғары болуына
мынадай талаптар кояды:
- сөздің жүйелі, анық, түсінікті болуы;
- сөздің тілдегі орфоэпиялық, грамматикалық,
лексикалық нормаларға сай дұрыс құрылуы;
- сөздердің қажет еткенде бейнелі, көркем,
эмоциялы болуы;
- сөздердің тыңдаушы немесе оқушының
жағдайына, ортаның қажеттілігіне сай
болуы. [9,139 б.]
Осы сияқты көптеген зсрттеушілер, ғалымдар,
педагогтардың ой-тұжырымдары мен пікірлсрін
қарастыра келе тіл мәдениетіне қойылатын
талаптарды төмендегідей сараладық:
- сөйлегенде тілдегі дыбыстарды дұрыс,
анық айту;
- сөйлеу әуені, қарқыны, дауыс күші мен
кідірісті сақтау;
- екпіннің түсуін, үндестік заңын сақтау;
- сауатты, қатесіз жазу;
- жазба мәтіндерде тыныс белгілерін сақтау;
- әріп таңбаларын дұрыс, түсінікті жазу;
- дұрыс айтып, сөздердің тізбегін табиғи
заңдылықтарымен дыбыстау;
- сөйлегенде сөз тұлғаларын, түрленуін
сақтау, қосымша, көмекші сөздерді дұрыс,
өз орнында қолдану;
- сөздерді өз мағынасына қарай қолдану,
мағыналарын анық біліп отыру;
- сөйлемдерді, әсіресе, күрделі ойды білдіретін
кұрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыру;
- керекті сөзді сөздік құүрамның ішінен
іріктеп, әдеби вариантын қолдану, ретсіз
енген, баламасы бар кірме сөздерді, жергілікті
тілге тән диалектілерді, жаргон сөздерді
тұс-тұстан қолданудан қашық болып, реттеп
отыру;
- тілдегі ауызекі, ресми іс-қағаздарды,
публицистикалық, көркем поэзиялық, ғылыми
стильдердің әрқайсысының ерекшелігін
сақтап отыру;
- сөйлеу әдебінің сақталуы;
- тілдегі көркемдік құралдар, тіл байлығын,
оның мүмкіндіктерін пайдалану;
- сөйлеуде тілдің өз заңдылықтарына қатысты
халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтау;
- сөйлегенде ойдың көлемі, мазмұндық құрылымы,
хабардың жеткізу жүйесін реттеу[10,305 б.].
Өз алдыма тіл мәдениетінің даму сатысы
қандай өлшемдер арқылы анықталатындығын
айқындау міндетін қойғандықтан, ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді талдай отырып, тіл мәдениетінің
мынадай көрсеткіштерін белгіледім: тілдің
тазалығы, дәлдігі, анықтылығы, ойлылығы,
орындылығы, мәнерлілігі, байлығы, әсерлілігі,
жүйелілігі, түсініктілігі, мазмұндылығы,
нақтылылығы, дұрыстығы, тілдік нормаға
сай болуы, мағыналылығы, әдебі.
Егер осы айтылған көрсеткіштер адам бойында
дамып, жетілсе, онда осы адамның тіл мәдениеті
жоғары деп санауға болады. Сондықтан
мұғалімдер оқушыларға тілдік тәрбие
бергенде тіл мәдениетінің көрсеткіштері
мен талаптарын үнемі басшылыққа алып
отырулары керек.
Жұмыстың келесі кезеңінде тіл мәдениетін
қалыптастыру жұмысының негізгі бағыттарын
анықтауға тырыстым. Ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерді зсрттеу, бір жүйеге келтіріп,
талдау төмендегідей қорытындыға әкелді.
Тіл мәдениетін қалыптастыру тілді оқыту
негізінде жүреді. Тілді оқыту - тілдің
дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын
оқыту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан,
оқытуда сөйлеу тілін дамыту тіл білімінің
толық саласынан оқушыға білім беру арқылы
жүргізіледі. Тіл материалдарын игеру
дегеніміз, оны тану ғана емес, сол материалды
дұрыс түсіну әрі дұрыс қолдана білу дағдысын
игере білу деген сөз. Олай болса тіл мәдениетін
қалыптастыру, тіл дамыту тәсілдері мен
әдістері, амалдары мен жолдары осыны
ескере отырып белгіленуі керек.
Жалпы тәрбие үрдісінің дұрыс бағытта
жүруінің кепілі - педагогтар мен ата-аналар
арасындағы өзара тығыз байланыстың болуы.
Сондықтан тәрбие үрдісінің басым бөлігін
ата-аналармен, балалармен бірлесе ұйымдастыру
керек. Бұл тіл мәдениетіне де қатысты.
Тіл мәдениеті шыңына жету жолы ұзақ әрі
қиын. Ол отбасынан, балалар бақшасынан
басталады, мектепте ана тілі жүйелі оқытылып,
тіл дамыту, сауатты жазу үйретіледі. Оқушының
мектептен алатын тіл сабақтары отбасы
мен айналаның «тіл сабақтарымен» ұштасып
жатуы керек. Мектеп ұжымы жүйелі жоспар
құрып, шәкірттермен ақылдаса, ата-аналармен
бірлесе жұмыс істеген жағдайда ғана үлкен
нәтижелерге ие бола алады.
2. ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТІЛ
МӘДЕНИЕТІНЕ ТӘРБИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРУ
2.1 Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі
дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар
Тіл мәдениетіне тәрбиеленудің жолға
қойылуы — бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік
сұраным талабынан туындап отырған мәселе.
Мемлекеттік мәртебеге ие болған казақ
тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі, біршама
жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен
табиғи арналарынан ажырап қалған ана
тілімізді өрістетуге деген талаптың
күшеюі республикамыздағы білім беру
жүйесінің негізгі буыны болып саналатын
жалпы білім беретін мектептерде қазақ
тілі пәнінің рөлінің, маңызының арттырылуына
қажетті алғышарттарды қалыптастыруды
керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар
— қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта
отырып, оқушыға терең білім беру, олардың
коммуникативтік біліктілігін арттыру
ана тілін сөз мәдениеті талаптарына сай
деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін
жетілдіру.
Қазақ тілінің мемлекеттік жалпыға міндетті
білім стандартында белгіленген талаптарға:
жаңартылған білім мазмұнына, оқушы мең-геруге
тиіс міндетті білім деңгейлеріне табан
тірей отырып, тіл мәдениетін оқытуға
катысты міндеттер мен нәтиже межелері
белгіленеді.
Қазіргі таңда тіл мәдениетін оқытуда
оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей
отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне
қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік
беру мәселесі ескеріледі. Бұл орайда,
оқушының өздік, шығармашылық жұмыстарды
орындауына мән беріледі. Яғни білім мен
білік оқушының өздігінен ізденуіне, түрлі
тілдік жағдаяттарды тіл жұмсауға төселуіне
және оның лингвистикалық дүниетанымының
кеңеюіне жол ашатындай тілді әр қырынан
өздік әрекеті арқылы тану жолымен меңгертіледі.
Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу
төмендегідей дидактикалық, әдістемелік
ұстанымдарға негізделді:
1. Теория мен практиканың бірлігін нығайту,
яғни тілдік білік пен коммуникативтік
біліктің қатар қалыптасуына жол ашуды
көздей отырып оқыту.
2. Білім мазмұны мен білікті қалыптастыру
жүйесіндегі сатылы-сабақтастықты сақтау,
яғни тіл білімі салаларының бір-бірімен
ұштастырыла берілуін қамтамасыз ете
отырып оқытумен қатар, сол білімді тілдік
білікпен сабақтастыруға басымдылық беру.
3. Білім мазмұнының қоғамдык-әлеуметтік
сұраным талаптарына сәйкестігі, яғни
тіл мәдениетініңң оқушының өзіндік көзқарастары
мен дүниетанымын жетілдірудің басты
факторларының бірі екендігіне жол аша
отырып оқыту.
4. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін
ескеру, яғни тіл мәдениетінің оқушының
жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін
дамытуына мүмкіндігін барынша дұрыс
пайдалана отырып оқыту.
5. Тіл мәдениетін лингвомәдени, психолингвистика,
әлеуметтік лингвистика мәселелерімен
байланысын арттыра оқыту, яғни сөйлеу
әдебі, сөз мәдениеті талаптарына ерекше
мән бере отырып оқыту.
2.2 Қазақ тілі пәнінен орта буын оқушыларын
тіл мәдениетіне тәрбиелеу
Тіл мәдениетіне тәрбиелеу – қазақ тілін
оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең
маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы
жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің
қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық
та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті
де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге
асады.
Бүгін алдымызда тұрған келелі мәселе
- өзіндік пікірі бай, ойлы, сезімді, мейірбан
ұрпақ тәрбиелеу десек, бұл тікелей сөз
өнерімен байланысты. Әр адамға ауадай
қажет осы ғажайып өнерге тәрбиелеу –
тіл мен әдебиет мұғалімінің қиын да құрметті
міндеті.
Оқушының шығармашылық қабілетінің жоғары
дәрежеде дамитын кезеңі орта буында екені
белгілі. Осы орта буында қазақ тілі сабақтарында
оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеуге
тоқталмақпын.
5 сыныпта осы тарауда ауызекі сөйлеу тілі
мен жазба тілдің ерекшеліктерін қамтитын
жаттығулар мен тапсырмалар берілген.
Оқушыларға тіл мәдениеті екі үлкен саланы
— ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба тіл
мәдениетін қамтитындығы жайлы дәріс
беріліп, ауызша сөйлеу мәдениеті мен
жазба тіл мәдениетіне байланысты жұмыстар
жүргізіледі. Тіл мәдениеті саласында
оқушылардың өзіндік пікірі, ойлы көзқарасы,
ауызша және жазбаша түйіндеулері көбірек
талап етіледі, сөйтіп «өзіндік менін»
қалыптастыруға алғаш рет қадам жасалады[11,51
б.]. Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда
мынандай міндеттер қойылады:
- ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін
мұғалімнің және
оқушылардың өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп
талдату;
- ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде сөйлеу
және ауызекі сөйлеу
тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру;
- оқушылардың айналасындағы адамдардың,
үй-ішінің ауызекі
сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби
тілде сөйлеудің үлгісін келтіру;
- ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде
орфоэпия
қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен
де байланысты екендігін білгізу мақсатында
ауыз әдебиеті үлгілерін, шешендік сөздерді
әуезді, мәнерлі, құлаққа жағымды етіп
айтқызу;
- дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру;
- күйтабақ немесе үнтаспадан әртістер
оқыған үзінділерді
тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату;
- сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің
емле ережесіне сай
жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған
жазба жұмыстарын жүргізу;
- жазба жұмыстарында сөздердің бірге
және бөлек жазылатын
түрлеріне, терминдердің жазылуына, аң-құс,
жан-жануар, өсімдік атаулары, шаруашылық,
тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты
құрал-жабдық, ұғым атаулары, мамандық,
кәсіп атауларының бірде бөлек, бірде
бірге жазылуына көңіл бөлгізу;
- жыл бойы өтілген тілдік тақырыптар мен
пайдаланылған оқу
материалдары бойынша әр түрлі топқа жататын
сөздердің мағыналық реңктерін ескеріп,
әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу,
талқылау бағытындағы мәтіндер құрату.
Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы
мен қабілетіне сәйкес мынадай тақырыптар
ұсынылады: отбасы, сынып, дос-жаран, табиғат,
ауыл, қала тұрмысы, тіршілігі, шаруашылығы.
Өнер, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, т.б.
Тіл мәдениеті бойынша 5 сынып оқушыларының
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Міндетті деңгей:
- сөздерді лексикалық, фонетикалық нормаға
сай орынды қолдана алу;
- орфография, орфоэпия нормаларын сақтай
білу;
- ауызша, жазбаша тілде сөздерді талғап
қолдана білу;
- мәтіндерге өтілген тақырыптар бойынша
талдау жасай алу;
- оқыған ертегі-әңгімелерге ұқсатып ертегі,
әңгіме жаза білу.
Мүмкіндік деңгейі:
- ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің
ерекшеліктерін пайымдай білу;
- ауызекі сөйлеудегі қателерді тауып,
әдеби тілде сөйлеудің үлгісін таныту;
- ауызша сөйлеу мәдениетіне жататын қағидаларды
іс жүзінде қолданып көрсету;
- сөз қолдану мәдениетіне бағытталған
жазба жұмыстарын жүргізу, дағдыларын
игеру;
- әңгімелеу, баяндау, сипаттау, мінездеу,
талқылау бағытындағы мәтіндерді ажырата
білу, өзі құрастыра алу.
Ал, 6 сыныпта тіл мәдениеті тарауында
оқушыларды жұрт алдында сөйлеу мәдениетіне
тәрбиелейді. Мұнда жұрт алдында сөйлеудің
түрлері, мұғалімдердің, оқушылардың,
баяндамашылардың, дикторлардың сөйлеу
ерекшеліктері, ауызша тілдің жазба тілден
айырмашылыктары айқындалады. Оқушыларға
ойды жеткізудің тілден тыс көмекші құралдары
(ым-ишара, дауыс ырғағы, күші, қимыл-қозғалысы)
тақырыптың мазмұнымен астарласып беріліп,
соның мақсатын ашатындай қызмет атқаруын
талдатады.
Жұрт алдында айтылатын ауызша сөздің
жазба сөзге қарағанда құрылысы жағынан
ықшам келетіндігі, қаратпа, қыстырма,
одағай сөздердің жиі қолданылатындығы,
жазба тілде қойылатын тыныс белгілері
жайлы мағлұмат беріліп, соған орай жаттығулар
жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға ой айту,
дауыс ырғағы дауыс кідірісі арқылы берілетіндігін
байқатады.
Бұл тарауда сонымен қатар, жазудың маңызы,
сөзді дұрыс жазу мәдениеті, орфографиялық
нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны
сақтаудың міндеттілігі түсіндіріледі.
Емле ережесіндегі соңғы толықтырулар
мен өзгерістер тіл фактілері негізінде
талқыланып, олардың дағдыға айналуы қадағаланады.
Оқушылар жазудың адам ойын жүйелі, тиянақты,
толық жеткізуге мүмкіндік жасайтындығын
ұсынылған тақырыптарға құрылған ауызша
және жазбаша мәтін үлгілерін салыстыра
көз жеткізеді.
Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда сөз
таптарының әрқайсысының тіл мәдениетімен
қатысы, сөз таптарының ойды анық, дәл,
нақты білдірудегі мәні, сөз таптарының
ауызша және жазбаша тіл мәдениетімен
байланыстары, орфографиялық, орфоэпиялық
нормалар және оқшау сөздердің ауызша
және жазбаша тілдегі қолданылу ерекшеліктері
қарастырылады.
Ұсынылатын тақырыптар: Қазақтың тұрмыс-салт,
әдет-ғұрпы, өнері; ауыл-қала тұрмысындағы
айырмашылық; табиғаттағы өзгерістер;
от басындағы қызығушылық, береке; сынып
мүддесі, ұлттың мақтанышы, көрнекті адамдардың
өмірі жайлы сыр, т.б.
Тіл мәдениеті бойынша 6 сынып оқушыларының
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Міндетті деңгей:
- жұрт алдында сөйлеудің түрлерін аңғару;
- сөздерді түрлендіріп қолдана алу;
- дұрыс жазу мен дұрыс сөйлеуге төселу;
- ауызекі сөзде оқшау сөздерді орнымен
жұмсай алу.
7-сыныпта «Тіл мәдениеті» тарауында сөз
мағынасы, сөйлеудің, диалогтің, монологтің
түрлері, тіл мәдениеті және шығармашылық
жазу жұмыстары, қосымшалардың тіл мәдениетіне
қатысы оқытылады. Қосымшалардың сөзге
жалғану шегі, сөзді таңдап, талғап барып
жалғануы мен қосымшаларды қолданудағы
нормадан ауытқулар қарастырылады.
Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда мынандай
міндеттер қойылады:
- оқушылардың бойында қосымшаларды дұрыс
жалғау
дағдысын жетілдіру;
- іс-қағаздары үлгілері мен публицистикалық
сипаттағы
мәтіндерді талдату, өздеріне құрату;
-баспасөз бетінде қосымшаларды қолданудағы
нормадан
ауытқыған жағдайларды тапқызып, қайта
жазғызу;
- қазақ тіліндегі кейбір жұрнақтардың
қызметі мен қолданылу
өpiciн танытатын мысалдарды талдату;
- кeйбip қосымшалардың термин жасаудағы
рөлін анықтату;
- жаңа сөздердің қолданысын меңгерту;
- түрлі сипаттағы мәтіндерді талдату
арқылы сөз таптарының
түрлену жүйесі жөніндегі түсініктерін
кеңейту;
- мәтіндерге лингвистикалық талдау жүргізу;
- автордың ойды беруде сөздерді байланыстыру
тәсілдерінің
қолдануын бағалату;
- көнерген сөздер мен жаңа сөздердің жасалымындағы
ерекшеліктерді, олардың сөз таптарымен,
сөз тіркесімен байланысын анықтату;
- оқушылардың өздік, шығармашылық жұмыстарын
ұйымдастыру арқылы өтілген тақырыптардан
алған білімдерін өз сөз қолданысында
пайдалана білу дағдыларын жетілдіру.
Тіл мәдениеті бойынша 7 сынып оқушыларының
дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Міндетті деңгей:
- қосымшаларды таңдап, талғап жалғай білу;
- іс қағаздары үлгілерін дайындай алу;
- термин сөздердегі қосымшалардың рөлін
анықтай алу;
- сөйлем мүшелерін орнымен жұмсай алу[12,15-52б].
8-9 сынып оқушыларына тіл мәдениеті басқа
тараулармен
байланыстырыла оқытылады.
Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын
негізгі белгілер мен
сапалар болады. Олардың бастылары мыналара:
дұрыстық, дәлдік, логикалық, тазалық,
мәнерлілік, сөздің байлығы және қисындылық[13,114
б.]. Осыған орай, қазақ тілі сабақтарында
оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, тіл мәдениетіне
тәрбиелеуде тіл тазалығы, тіл дәлдігі,
ойдың анықтылығы, мазмұн тереңдігі, сөздерді
дұрыс айту, дұрыс жазу нормалары, сөйлемдерді
дұрыс құру, ойды дәл жеткізе білу шеберлігі,
сөйлеу, тыңдау әдептілігі деген мәселелер
жатады. Оқушыларға орта буында тіл мәдениеті
осы мақсаттарды көздей отырып оқытылады.
2.3 Қазақ тілі сабақтарында жоғары сынып
оқушыларын тіл мәдениетіне тәрбиелеудің
әдіс-тәсілдері
Жалпы білім беретін мектептер бағдарлы
оқытуға бет алды және оқу мерзімі де ұзарды,
ал оның әлеуметтік тиімділігі неде болуы
тиіс деген сұрақтың жауабын табу әрбір
пән әдістемесінің негізгі мәселесіне
айналды. Бұл мәселенің түйіні білім философиясының
жаңаруы, жаңа парадигманың енуі, білім
мазмұнының қоғам талабымен ұштасуы, жаңа
технологияның қолданылуы т.б. тенденциялардың
маңыздылығын ескере отырып, оқытуды интеллект
дамуының қайнар көзіне айналдырудың
тетіктерін айқындау арқылы шешілері
сөзсіз.
10, 11-сыныптағы қазақ тілі пәнін оқыту
тілдік қатынастың жеке тұлға мәдениетімен
бірлігіне негізделіп жүйеленді. «Сөз
мәдениеті» деп аталатын бұл курста 9-сыныпқа
дейін қазақ тіл білімінің ғылыми негіздерімен
жан-жақты таныс болып келген жеткіншектің
игерген білімдерін біліктілік тұрғысында
пайдалануға бағыт беріледі. Мұнда оқушының
жеке адами қасиеттерін, тілдік бейімділік
қабілеттерін арттыру көзделеді. Мұндай
бағытты таңдап алуымыздың себептерін
төмендегідей негіздемелерімен айқындауға
болады.
Біріншіден, бүгінгі заман талабы іскер,
белсенді, қандай жағдайда да өздігінен
жол таба білуге бейім адам тәрбиелеуді
қажет етіп отыр. Сондықтан жалпы білім
беретін мектеп қабырғасында әр оқушыны
дара тұлға деп танып, оның шығармашылық
қабілеттерін дамытуға қажетті алғышарт
жасауға мән берілуі тиіс. Олай болса,
білімнің мәні — өткеннің тәжірибесін
танытып, пәндік іскерліктерді қалыптастыруында
ғана емес, ең бастысы, оқушының өзіндік
әрекетіне бағыт беруде, оны әрдайым дұрыс
шешім қабылдай білуге үйретуінде.
Мектеп бітіруші жас ұрпақ болашақтағы
өз бағытын дұрыс белгілеп, саралай білу
үшін оларға берілетін білім өзегінде,
біріншіден, өзіндік сана, көзқарас, дүниетаным
мен сенім қалыптастыратын, екіншіден,
қай ортаға болсын тез бейімделіп, жаңа
ақпараттарды тез түсіну, қабылдау қабілегтілігін,
іскерлік қасиетін дамытатын компоненттер
қатар қамтылуы тиіс. Сонда ғана білім
әлеуметтік күштен оқушы әрекетін дамытудың
тетігіне, яғни практикалық қажеттілікті
ақтайтын тегеурінді күшке айналады. Сондықтан
жоғары сатыда жеткіншекке тілдің танымдық
сипаты мен коммуникативтік қызметіне
сай өмір тіршілік-жағдайларын ескере
отырып, жан-жақты меңгерудің тиімді жолдарын
үйрету көзделді. Бұл сөз мәдениетін қарым-қатынастың
нақты түрлері бойынша жүйелі дамыту,
жетілдіру арқылы шешілмек. Тілдік мәдениеті,
білігі бар адам ғана қай ортада да өзіне
сенімді бола алады және айналасындағылармен
өзара тіл табыса білуге қабілетті болады.
Ал, тіл табыса білу — еңбек нәтижелігінің
ең қажетті шарты.
Екіншіден, тіл адам санасында шындықты
бейнелеу мен жинақтау құралы болғандықтан,
ол адамдардың интеллектуалдық әрекетінің
де ерекше түрі болып саналады. Яғни тіл
мен сөйлеу — сол адам болмысының, оның
жалпы табиғатының көрсеткіші. Бұл тұжырым
оқушының коммуникативтік дағдыларын
жеке тұлға мәдениеті тұрғысынан қарастыруды
қажет етеді. Олай болса, бүгінгі білім
жүйесінде кең өріс ала бастаған мәдениеттану
бағытының білім мазмұнымен анық та айқын
кіріктірілуі қазақ тілі пәнінде оқушының
сөз мәдениетін жетілдірудің қаншалықты
деңгейде шешілуімен қамтамасыз етілетіні
даусыз.
Сондықтан 10, 11-сынып бағдарламасы мынадай
жүйемен беріледі: Сөз мәдениеті және
қарым-қатынас, «Шешендік және сөз мәдениеті»,
«Пікірталас мәдениеті».
Үшіншіден, бүгінгі білім мазмұнындағы
түбегейлі бетбұрыстар оқушыға теориялық
терең мағлұмат берумен қатар баланың
өзіндік көзқарасы мен дүниетанымын қалыптастыруға
қарай бейімделіп құрылуы тиіс деген қағиданы
берік ұстауды қажет етеді. Бұл орайда
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін
ескерсек, нақты практикалық маңызы бар
тілдік іскерліктерді жүйелі қалыптастырудың
орны бөлек. Мұндағы басты талап ой-пікір
алмасудың, сөз мәдениетіне жетік болудың
тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту болып
табылады. Сондықтан тілді оқытудың әдістемелік
жүйесінде естігенін тез қорытып, өз ой-түйіндерін
дұрыс та мәнді, тиімді етіп айта білуге
төселдіретін оқыту құралдары мен тәсілдері,
жолдары анықталуы керек. Жеткіншек сөз
әлемінің өзіне әлі де беймәлім ықпыл-жықпылдары
бар екенін, одан әркім өзінше жол тауып
шығуы қажет екенін мойындататын схоластикалық
тұрғыдағы идеалды малданып отырмай, өзі
сол сөйлеу талап-тарымен бетпе-бет келгенде
не істей алар едім деген сауалға жауап
табуына қажетті білім-біліктерді меңгертуге
икемделген оқыту жүйесі қажет. Міне, сол
себепті де ой тереңдігімен, сөз сиқырымен
танылған таңғажайып дарынды шешендердің
не дегенін ежіктеп баяндаудан гөрі, өзін
әрбір жағдаятқа қоя отырып, толқу, толғану
сезімдерін бастан кешіруге, нақты тапсырмалар
арқылы сынға түсуіне орайласқан оқу процесінде
ғана баланың ойы да, тілі де дамитыны
ескерілуі мәнді. Бұл, оқыту жүйесіндегі
шешендік өнерден бас тарту емес, сол шешендік
сөздерді өз деңгейінде, өз орнында пайдалана
отырып, оны сөз мазмұнын, ой түйінін жеткізетін
құрал ретінде түсіну қажет деген сөз.
Сөз мазмұнын түсіну ғана баланың логикалық
ойын дамытады, одан әрі қарай берілетін
жаттығулар арқылы тілі ширайды. Сондықтан
тарихта болып өткен шешендердің сәздерінің
теориялық негіздерін танытатын ережелерден
гөрі, сол шешендердің сөз үлгілеріне
еліктетіп, ой айтуға үйрету әлдекайда
тиімді. Әрі мұндай әдістер оқушының жас
ерекшеліктерімен де іштей қабысып жатыр.
Себебі жоғары сатыдағы мектеп оқушысы
үшін темірдей теорияларды қабылдаудан
гөрі, өз тәжірибесіне сүйене отырып ой
түйіндеулерін жасау, жеке ой қорытындыларын
жүйелеу қызықты да маңызды болады. Өйткені
олар қандай жағдаятта да өз бетімен жол
табуға құштар. Оның үстіне XXI ғасырдың
табалдырығын аттағалы отырған жас буынды
білімнің сипаты немесе тиістілігі емес,
өзінің оқу еңбегінің қандай нәтиже беретіні
көбірек алаңдатады. Бұл әрине, өте табиғи
талап. Егер тұрлаусыз уақыттың сынынан
сүрінбей өтудің бір шарты — тіл табысу,
өз көзқарасын айқын дәлелдей білу болса,
онда соған қажетті тілдік талғамды, сөйлеу
қабілетін тек практика арқылы дамытуға
болатыны ақиқат шындық. Сондықтан да
шешендікке баулу, ана тілін сүюге, құрметтеуге
үйрету теория түрінде емес, жүйелі түрдегі
эмпирикалық ережелерге, заңдарға сәйкес
берілетін білім мен біліктің бірлігіне
негізделеді.
Төртіншіден, жаңа білім мазмұнында ұлттық
дәстүр мен жалпы адамзаттық құндылықтардың
бір-бірімен түйісіп, өзара сабақтасып
берілуі де маңызды талаптардың бірінен
саналады. Олай болса, тілді оқытуды баланың
қарым-қатынас жүйесіндегі сөз әдебімен,
жазба тіл мәдениетімен, шешендікпен,
пікірталас мәдениетімен орайластырудың
негізінде де жас ұрпақтың бойына халықтық
салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени
талаптарды қатар сіңіру; олардың тілдік
талғамын қалыптастыруды уақыттың бүгінгі
талаптарымен үндестіру, ізгілендіру,
демократияландыру тенденцияларымен
тамырластығын түсіндіру арқылы да қазақ
тілінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына
көз жеткізіледі. Соның нәтижесінде оқушының
өз тіліне деген құрмет сезімдерін ояту
мақсат етіледі.
Бесіншіден, ана тілін оқытудың мәні мен
әлеуметтік қызметі — тілдің табиғи қызметі
қарым-қатынас құралы екендігін таныту.
Бұл сөйлеу әрекетін дамыту арқылы жүзеге
асатыны белгілі. Психологияда сөйлеудің
әрекет деп танылуы туралы қағида тілді
оқыту әдістемесінің методологиялық негізі
ретінде алынды. Сөйлеу, яғни, практикалық
әрекет, тілдік білімнің адамдардың бір-бірімен
қарым-қатынасында нақты жүзеге асуы болып
табылады. Яғни сөйлеу — тілдің әрекетке
ұласуы, білімнің адам қажеттіне айналуы.
Сол себепті бағдарламада оқу материалдары
логикалық-семантикалық ұстаным негізінде
сөз мәдениетінің ауқымында беріліп отырады[12,53-65
б.].
Міне, осы қағидаларды топтастыра отырып,
10, 11-сыныптардағы қазақ тілін оқытудың
мақсаты — ана тілінің тарихымен бүгіні
шешендік өнердің алуан сипаттары туралы
мағлұмат негізінде оқушылардың сөз мәдениетін
жетілдіру, тілді әлеуметтік қызметіне
сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық
қабілеттерін арттыру болып айқындалды.
Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың
тіл мәдениетін дамытуға интерактивті
әдістер арқылы қол жеткізуге болады.
Интрактивті әдістерге: миға шабуыл, дебат,
пікірталас, диалог т.б. жатады. Соның ішінде
диалогқа тоқталайық. Диалогтік сөйлеуде
оқушылар өз ойын тез жинақтап, екінші
бір адамдармен пікір алмасып, ой қорыту
жылдамдығын арттыруға үйретіледі. Бір-бірлеріне
сұрақ қоя білуге төселеді. Сол арқылы
адамның білімі, ой-өрісі оның жауабынан
ғана емес, қай нәрсеге сұрақты қалай қоя
білуіне де байланысты танылатынын пайымдайды.
Адамның белгілі бір нәрсеге, мәселе жөнінде
сұрақ қоя алуы – ойлаудың алғашқы баспалдағы,
сұрақ қоя білу - сол мәселені шешудің
«кілті». Сұрақ - қиялдаудың ең жоғарғы
қасиеті.
Диалогтік сөйлеудің тағы бір артықшылығы
- оған бүкіл топ оқушылар куә болғандықтан,
бала өзінің әр сөзіне жауапкершілікпен
қарауға тырысады, қандай мәселе төңірегінде
болмасын, бұл жарыс (ой, сөз жарысы десе
де сыйымды) оның есінде ерекше сақталады.
Оқушылардың бірі басым түсуі, екіншісі
жеңілуі де мүмкін. Жеңілген оқушы қатесін
түсініп, оны толықтыруға үйренеді, әрі
өзін-өзі сынай білуге дағдыланады. Қазақ
тілінің негізгі өзекті мәселелерінің
бірі - оқушының өзіндік көзқарасына негізделген
сөйлеу тілін дамыту болғандықтан, олардың
тіл мәдениетін арттырудың бір тиісті
жолы - белгілі бір тақырып төңірегіндегі
өзара сынға арналған пікір алысуды ұйымдастыру.
Тіл мәдениетін дамытудың тағы бір әдісі
- дебат. Қазіргі уакытта мектепте, жоғарғы
оқу орындарында бұл әдісті жиі қолданылады.
Қорыта айтқанда, тілді талғампаздықпен
жұмсау, дұрыс қолдану мәселелер тілдік
дағдыларды жетілдіріп, әдеби тіл нормаларына
сай заңдылықтарды меңгертуге келіп сиятыны
белгілі. Осы міндеттің дүрыс шешім табуы
жоғарыда аталған тиімді әдіс-тәсілдерді
күнделікті сабақ барысында жүйелі түрде
қолдану. Басты нысана етіп, тілдің дұрыс,
әсем қолданысын үйретуді алып, оны жүзеге
асыру үшін оқушының сөйлеу, жазба тілдерін
жетілдіріп, тіл мәдениетін көтеру[1,145
б.].
10, 11-сыныптардағы білім мазмұнын анықтауда,
негізінен, тілдің танымдық, коммуникативтік,
кумулятивтік т.б. қызметтері қатар ескеріліп,
оқу материалдары соған сай практикалық
бағыттылық, коммуникативтік белсенділік,
қоғам талабы мен оқыту жүйесінің бірлігі,
интеграция, жүйелілік, сабақтастық т.б.
ұстанымдар негізінде іріктеліп алынуы
тиіс. Тілдік білім мен білік негізіне
оқушының жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру
тірек етіп алынады. Бұл білім берудің
жаңа деңгейіндегі адам-қоғам қатынастарындағы
жалпыадамзаттық өркениет пен ұлттық
құндылықтарды сабақтастыру мақсатына
сай келеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмысты қорытындылай келе, қазақ тілі
сабақтарында оқушыларды тіл (сөйлеу)
мәдениетіне тәрбиелеуде қойылатын мақсат
– ана тілінің мәні, тарихы мен бүгіні,
шешендік өнердің алуан түрлі сипаттары
туралы мағлұматтар бере отырып, оқушылардың
сөз мәдениетін жетілдіру, тілді әлеуметтік
қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету,
интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.
Осы мақсатқа сай туындайтын негізгі міндеттер:
- сөйлеу мәдениеті негіздерін меңгерту;
- сөз қолданудың ұлттық дәстүрлерін жаңғырта
отырып, сөз әдебінің нормаларын меңгеру;
- іс-қағаздары үлгілерін сауатты жазуға
дағдыландыру, жазба тіл мәдениетін қалыптастыру;
- қарым-қатынас түрлерінің сөз мәдениетімен,
стильмен арақатынасын таныту;
- шешендік өнердің мәні мен тарихы туралы
мағлұмат беру;
- шешен сөйлеуге төсемді әлеуметтік-тілдік
дағдыларын қалыптастыру;
- пікірталас түрлері, олардың маңызы туралы
білім беру;
- оқушыны пікірталас мәдениетіне баулу;
- ұлттық көркем сез нормаларын меңгерту
ауқымында белгіленді.
Өмірге қажетті тілдің функиионалды жүйелеріне
сай сөз саптауға машықтандыру үстінде
қазақ тілінің грамматикалық негіздері
туралы негізгі сатыда алған білімдері
кеңейтіліп отырады. Мысалы, сөз әдебіне
қатысты материалдар фонетикалық, лексикалық,
синтаксистік білімдерін жаңғырта отырып
меңгерілсе, жазба тіл мәдениетіне арналған
тақырыптарда орфография мен пунктуация,
стильдер туралы ұғымдарға көбірек назар
аударылады. Ал, шешендікке баулу тіл тарихына,
социолингвистикаға байланысты білімдерге
негізделіп отырады.
Тіл мәдениетіне тәрбиелеу сөз мәдениеті
негіздері туралы және тіл туралы жан-жақты
ұғым беруден басталады. Сөз әдебі, әдетте,
ауызша сөйлеу тілі мәдениетімен тұтастықта
танылатындықтан, адамның айналасындағылармен
табыса білуінің құпиясы қарым-қатынастың
әлеуметтік-тұрмыстық және іскерлік секілді
түрлерімен сабақтастық сараланды. Осы
қатынас түрлерінің мақсатына қарай тілдің
қолданыс аясының өзіндік ерекшеліктеріне
көңіл аударылды. Ал, жазба тіл мәдениеті
аясында, негізінен, іс-қағаздары стилі
мен оқушылардың шығармашылық бағыттағы
жазба жұмыстарының үлгілері топтастырылды.
Осы тақырыптар бойынша берілетін білім
мен іскерлік-дағдылардың шығармашылық
бағытта кең өрістеуіне шешендікке баулу
арқылы мүмкіндік туғызылады. Одан кейінгі
кезекте жұрт алдында сөйлеуге машықтану
жолдары, нақты сөзге дайындықтың сатылары,
сөз құрылымы (сөздің кіріспесі, негізгі
бөлімі, қорытындысы), тыңдарманмен байланыс
жасаудың шарттары туралы мағлұмат беріліп,
практикалық тапсырмалар мен тақырыптар
көрсетіледі, пікірталасының түрлері,
олардың әрқайсысының ерекшеліктері,
пікірсайысындағы өзін-өзі ұстау, сөйлеу
мәдениеті туралы, оның талаптары мен
шарттары ұлттық және мәдени дәстүрге
негізделе отырып ұсынылады. Өз пікірін
қорғаудың, қарсыласын мойындатудың түрлі
тәсілдері оқушы ұғымына ыңғайластырылған.
Сұрақ қою, сұраққа жауап берудің әдіс-амалдары
нақтыланып беріледі. Айтысу шеберлігін
жетілдірудің негізгі жолдары анықталып
көрсетілген. Әдістемелік жағынан, осы
тақырыптарға орай ұсынылатын жұмыстарда
мазмұн бірлігін сақтай отырып, грамматикалық
талдаулардың да жүйелі берілуіне баса
назар аударылады. Практикалық жұмыстар
оқушы өміріне, қазіргі заманға ыңғайландырылуы
керек.
Білім мазмұнын анықтауда, оқу материалдары
жүйелілік, коммуникативтік, белсенділік,
практикалық бағыттылық, тілдік қызметтің
барлық түрін өзара байланыста оқыту,
қоғамдық қажеттікті ескеру, интеграция
т.б. ұстанымдар басшылыққа алынады.
Оқытудың, білім берудің тініне, өзегіне
сөйлеу мәдениеті деңгейін көтере отырып,
оқушының жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру
негіз етіп алынады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Абалкова Б., Игібаева А.К. Интерактивті
әдіс арқылы тіл
мәдениетін дамыту / Б. Абалкова, А.К. Игібаева
// С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың жас
ғалымдары конференциясының баяндамалары.-Өскемен:
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-392
б.
2. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің
мәселелері / М.Балақаев.-
Алматы:Қазақстан,1965.-186 б.
3. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары
/ Р. Сыздық
// Тілдік норма және оның қалыптануы.-Астана:
Елорда,2001.- 230 б.
4. Педагогический словарь.-М.: Наука,1960.-774
с.
5. Ожегов Л.И. Лексикология. Лексикография.
Культура речи
/ Л.И. Ожегов. - М.: Высшая школа, 1974. - 352 с.
6. Қазақстан Совет энциклопедиясы.- Алматы:
ҚазССР Ғылым
Академиясы,1977.-631 б. Т.11.
7. Педагогическая энциклопедия.- М.: Советская
энциклопедия, 1965.-
311 с. Т.2.
8. Мейірманқұлова Т. Отбасы және тәрбие
/ Т. Мейірманқұлова //Ұлт
тағлымы.-2001.-№7.-Б.3-6
9. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын
оқыту негіздері.- Алматы:
Қазақ университеті, 1991.-156 б.
10. Кунапьянова А. Д., Аубакирова Л. Р. Тіл
мәдениетінің өлшемдері
және оған қойылатын талаптар / А. Д. Кунапьянова,
Л. Р. Аубакирова // «С. Аманжолов оқулары
– 2004»: Халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияның материалдары.- Өскемен:
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-464
б.
11. Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі:
Оқыту әдістемесі. Жалпы
білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне
арналған / Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова.-
Алматы:Атамұра, 2001.-112 б.
12. Дәуітбекова Ж., Арын Е., Махамбетова
Г. Қазақ тілін тереңдетіп
оқыту бағдарламасы / Ж. Дәуітбекова, Е.Арын,
Г. Махамбетова.- Алматы:Жеті жарғыі, 2003.-72
б.
13. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің
мәдениеті: Оқулық
/ М.Балақаев, М. Серғалиев.-Алматы:Зият
Пресс,2004.-140 б.
14. Аубакирова Л. Р. Кунапьянова А. Д. Оқушылардың
тіл мәдениетін қалыптастырудағы отбасының
орны / Л. Р. Аубакирова, А. Д. Кунапьянова
// С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың жас
ғалымдары конференциясының баяндамалары.-Өскемен:
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-392
б.
15. Қазақстан Республикасы Президентінің
«Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы».
(1998 жыл 5 - қазан).
16. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
17. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев.-Алматы,1984