Темперамент

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 19:43, реферат

Описание работы

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.
Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса - адамның дені сау, дұрыс араласпаса - сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................................................3
Негізгі бөлім................................................................................................................................4-8
1.Темперамент жөнінде түсінік....................................................................................................4
2.Темперамент туралы теориялар.............................................................................................4-5
3.Темпераменттердің типтері және психологиялық сипаттамасы........................................5-7
4. Темперамент және жеке адамның қалпы................................................................................8
Қорытынды.....................................................................................................................................9
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................................................10

Работа содержит 1 файл

темперамент реф.docx

— 34.49 Кб (Скачать)

     Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай  істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал -достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

     Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса  қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик  қарым-қатыста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді  ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен  беріледі. Осы жолда кездескен  қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады.

     Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді: "Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен  кіріседі де содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды..."

     Адамдармен  қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

     Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен  құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

     Меланхолик  темпераменті - бұл типтің өкілдері аса сезімтал соның салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан қорқады.

     Қозу  және тежелу үрдістерінің әлсіздігі  бұлардың бір-бірімен тең келмеуі, кез келген күшті әсер -меланхоликтің  қимыл қозғалысын баяулатып, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан  да ол ұсак-түйектің бәріне де қатты  мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар  мұны меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұртпен қарым-қатынасқа түсіп, алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді..

       Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.

     Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі  келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп  уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде  қызарып кетеді, сабақты біліп  тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін  жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.

     Темпераменттің  негізгі төрт типінің өкілдері бір  қалыпты жағдайдың өзінде өздерін  түрліше ұстайды екен. Осылайша темперамент  адамның белсенділік сипатынан, мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі  өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе  алу жағдайынан көрініп отырады. 

3. Темперамент және  жеке адамның қалпы

     Адамның мінез-құлқы оның туыстан пайда  болған тип өзгешелігіне ғана тәуелді  болмай, жүйке қызметінің тікелей  өмір барысында қалыптасатын түрімен  де байланысты екенін еске ұстау қажет. Кейде тыныш бір қалыпты флегматик  холерикше эмоциясы бұрқанып, күйіп-пісіп, әлек болады, ал холериктің кейбір жағдайларда  өз күшіне сенбейтін, енжар меланхоликтің  қалпына түсіп кететін кездері  де болады.

     Осындай көріністер кейбір психологтарды аралас темперамент те болады деген пікірге  алып келеді. Мұндай түсінікті дұрыс деуге болмайды. Аралас темпераменттер болады деген дұрысырақ.

     Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі  мінез-кұлық көрініп отырады, оны  талдауда алғашқы кезде осы адамның  типтік өзгешеліктері еске алынады, өйткені, мұндай жағдайларда жүйке  жүйесінің түрлі типтерінде көңіл  күйі түрліше байқалады. Мәселен, холерикке - көңілдің түсуі, бұрқануы, ал флегматикке - ұстамдылық, меланхоликке - өз күшіне сенімсіздік т.б. тән қасиет. Олай болса осы жағдайлар адамның типтік белгісі болып табылады. Егер адам сыртқы әсерге қалай болса солай қарайтын болса, осы әсердің өзі қандай екенін зерттеу қажет. Мұндайда кездейсоқ реакцияның типтік болып шығуы да ықтимал. Мәселен, флегматиктің ашуы мен эмоциялық күйіп-пісуі ұзақ уақыт ішінде сан рет қайталанған әсерден кейін туса, холерикте осындай жағдай бірден пайда болады.

     Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы  да осы тектес болады. Холериктерде бұл ұзақ зорығып жұмыс істеген  кездегі қажудан туындаса, меланхоликтерде  бұл жайт қарым-қатынас пен өмір жағдайының түбегейлі өзгеріске  түскен кезінде немесе қысқа мерзімді күйзеліс үстінде белең береді.

     Осы айтылғандарды ескеру және білу - адам темпераменттерінің ерекшеліктерін ажырату  үшін қажет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Темпераменттердің табиғи, қарапайым көріністері балалық  шақта жақсы байқалады. Бала өскен  сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның одан алатын әсері де мол болады. Осыған орай темпераменттердің өзгеріске түсетін  ерекшеліктері бүркемеленеді. Дамудың  жоғары денгейінде темпераменттерді анықтаудың қиынға соғатынының тағы бір себебін  бұлардың мінез сапаларымен араласып, қарым-қатынастың жаңа формаларының ішіне  еніп кететіндігінен деп ұғыну қажет. Сондықтан да біз кейде темперамент  көріністерін - мінез бітімі деп, керісінше, мінез бітімдерін - темперамент ерекшеліктері  деп шатастырамыз.

     Жүргізілген зерттеулер жүйке қызметімен темпераменттің типтері өте ерте көріне бастайтындығын аңғартқан.

     Сөйтіп  темперамент жеке адам реакциясының негізгі түрі болып келетін балалық  шақта ол "таза" күйінде де кездеседі. Өмір сүру барысында жеке адамның  ішкі құрылымдары сапалық өзгерістерге түсіп отырады. Даму барысында темпераменттің бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің  күшеюі, осының салдарынан мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске ұшырап отыруы да ықтимал.

     Даму  барысында туындайтын осындай сапалы өзгерістердің осы күрделі үрдісінің  бәрі, сайып келгенде, адамның тұрмыс салтына әрекеті мен тәрбиесіне тәуелді.

     Өмір жағдайлары темпераменттердің материалдық негізі болып табылатын жүйке жүйесі қызметінің өзгешеліктеріне ықпал жасайды.

Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс - әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалығын айқындап береді.

Темперементтерді тәрбиелеуде баланың ерік – жігерін, мінез бітістерін, сезім эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыруға жүргізілген дұрыс. Адамның өзін - өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.

2. Зимняя  И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.

3. Намазбаева  Ж.И., Психология, оқулық Алматы-2005.

4. Алдамұратов  А. Жалпы психология,Алматы,1996.

5. Тәжібаев  Т. Жалпы психология. Алматы 1993.  

 

Информация о работе Темперамент