Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 17:14, доклад
Белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктерін - темперамент деп ұғынуымыз керек. Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді.
Жеке ерекшелік психологиясы
Темперамент типтерін топтастыру және оларға психологиялық сипаттама
Мінездің әлеуметтік бейімделуі
Жеке адамның комутативтік қабілеті
Өзін-өзі бағалаудың, тартымдылық және фрустрация деңгейінің әлеуметтік психологиялық аспектілері.
Жеке адамның психологиялық ерекшеліктеріне темперамент, қабілет, мінез кіреді.
4. Тақырып. Жеке адамның дамуындағы қарым-қатынастың мәні.
Тапсырма.
Белгілі
бір адамға тән және өмір әсерлеріне
жауап реакциялардың
Мінез-
бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының
ерекшелегі. Ол әлеуметтік топтағы жеке
адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген
іске, адамдарға қарым-қатысынан көрініп
отырады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам,
әдетте, менмен не көпшіл, қайырымды не
сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ,
табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып
сипатталады. Мінездің табиғи және әлеуметтік
жағы. Мінез туыстан пайда болмаса да,
жүйке жүйесінің, адамның табиғи жағының
ерекшелігі мінез көріністерінде, оның
жекеленген бітімінің қалыптасуында байқалып
отырады. Жүйке үрдістерінің тең не тең
еместігі, шапшаңдығы не баяулығы, күштілігі
мен әлсіздігі - бүлардың бәрі адамның
іс-әрекетіне, мінез-құлқына, оның реакцияларына
түрліше рең береді. Мәселен, екі адамның
наным-сенімі бірдей болғанмен, оның бірі
- қызба, шапшаң және албырт, ал екіншісі
- байсалды, парасатты болуы ықтимал.
Күнделікті ауызекі
сөзде "қабілет
" деген атауды жиі қолданамыз. Қабілеттіліктің
өлшемі — белгілі бір істің нәтижелі болып
орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің
белгілі бір түріне, өнер саласының біріне
жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі
бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін
адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық
саңылау, түстерді жақсы ажырата алу, қолдың
икемділігі т. б.) қиысып келуін, яғни адам
қасиетгерінің синтезін қабілет деп
атайды. Қабілет негізінен екіге бөлінеді.
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке
қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан
табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады.
Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды
еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық,
зеректік пен тапқырлық т. б. осы секілді
ақыл-ой әрекетінде көрінстін өзгешеліктер
жалпы қабілет болып табылады.
И.П.Павлов темперамент пен жүйке қызметінің типтерін бір-біріне балама кұбылыс деп түсінді. Кейінгі зерттеулер жүйке қызметінің типтері темперамент типтерімен ылғи сәйкес келіп отырмайтындығын көрсетті. Сөйтіп темперамент - адамның жүйке қызметінің қасиеттерінен көрінетін, мінез-құлқының импульсивті-динамикалық көрінісінің жалпылама сипаттамасы болып табылады.
Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен, соған орай мінез-құлқының ұшқалақтығымен көзге түседі. Холерик қарым-қатыста - күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны құмар, іс-әрекетте - пысық. Холериктер жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұнатады. Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен беріледі. Осы жолда кездескен қиындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады, кедергілерді жеңіп, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз мүмкіндігіне сенімі кетсе, еңсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды. Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты тепе-тең еместігінен болады.
Сангвиник темпераменті. Сангвиникке қимыл қозғалыста – белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл бейімдеушілік тән. Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл - оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі. Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл - оның көңіл күйінің қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске кіріскен кезде ақ жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе алатындығының белгісі.
Флегматик темпераменті. Флегматик - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып, жырғалуға, жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге төзімді болады.
Меланхолик
темпераменті - бұл типтің өкілдері
аса сезімтал соның салдарынан жаны тез
жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық,қиын
жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан
оқшау жүргенді ұнатады. Ол қауіпті жағдайлардан
қорқады.
Информация о работе Тақырып. Жеке адамның дамуындағы қарым-қатынастың мәні.