Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:27, сочинение

Описание работы

Қиял—қабылдау,ойлау және есте сақтау аралығындағы жағдайлардағы адам психикасының ерекше формасы. Бұл психикалық процесс формасының ерекшелігі адам ағзасына қызметіне де байланысты. Қиялды түсінуге және түсіндіруге ерте заманның өзінде психикалық көңіл аударған деп пайымдасақ оны қазіргі күнде де қолданылуда және жалғастырылуда. Бұл феноменнің жұмбақ жақтарына келетін болсақ қиялдың механизмі оның ішінде анатомды-физиологиялық негізі туралы бүгінгі күнге дейін ештеңе белгісіз болып отыр. Адам өз қиялының арқасында өз қызметін жоспарлай және басқара алады. Барлық адамға тән материалдық және рухани мәденит шығармашылық қиялының және шығармашылықтың өнімі болып табылады.

Содержание

Жоспар.

1. Тарау. Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік
.....................................................................................................2-4 бет
2. Тарау. Қиялдың психикалық үрдістермен байланысы мен шығармашылық әдістері
......................................................................................................5-9 бет
3. Тарау. Қиялдың жеке адам өмірінде кездесетін түрлері
.....................................................................................................10-19бет

4. Тарау. Адамның жас ерекшелігіне қарай қиялдың дамуы мен жасалу жолдары және кездесетін айырмашылықтарын қалыптастыру
.........................................................................................................20-23бет

Қорытынды ..............................................................................24-26бет

Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................27 бет.

Работа содержит 1 файл

Танымдық процестердің бірі.docx

— 19.16 Кб (Скачать)

Танымдық  процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік [ 25 бет ]

Жоспар

Жоспар. 
 
1. Тарау. Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік 
.....................................................................................................2-4 бет 
2. Тарау. Қиялдың психикалық үрдістермен байланысы мен шығармашылық әдістері 
......................................................................................................5-9 бет 
3. Тарау. Қиялдың жеке адам өмірінде кездесетін түрлері 
.....................................................................................................10-19бет 
 
4. Тарау. Адамның жас ерекшелігіне қарай қиялдың дамуы мен жасалу жолдары және кездесетін айырмашылықтарын қалыптастыру 
.........................................................................................................20-23бет 
 
Қорытынды ..............................................................................24-26бет 
 
Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................27 бет.

 

Кіріспе

Танымдық процестердің бірі —қиял жөнінде түсінік 
 
Қиял—қабылдау,ойлау және есте сақтау аралығындағы жағдайлардағы адам психикасының ерекше формасы. Бұл психикалық процесс формасының ерекшелігі адам ағзасына қызметіне де байланысты. Қиялды түсінуге және түсіндіруге ерте заманның өзінде психикалық көңіл аударған деп пайымдасақ оны қазіргі күнде де қолданылуда және жалғастырылуда. Бұл феноменнің жұмбақ жақтарына келетін болсақ қиялдың механизмі оның ішінде анатомды-физиологиялық негізі туралы бүгінгі күнге дейін ештеңе белгісіз болып отыр. Адам өз қиялының арқасында өз қызметін жоспарлай және басқара алады. Барлық адамға тән материалдық және рухани мәденит шығармашылық қиялының және шығармашылықтың өнімі болып табылады.  
Қиял—адамның өткенін еске түсіріп, болашағына жол ашады. Керемет бай қиялдың арқасында адам әр кезеңде өмір сүруі мүмкін. Адамның ойлау қабілетінің негізінде адамдар әр түрлі жағдайдан жол тауып шыға алады.Қиялдың ерекшелігі ол үнемі нақты өмірмен сәйкес келе бермейді,өйткені онда фантазия ойдан шығару элементтері бар. Адам санасындағы бейнелер мен бұрын қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана қамтып қоймайды. Бейнелер мазмұны ешқашан тікелей қабылданбаған. Бейнелер арасында адам уақыт пен кеңістік аясындағы нақты болмыстан шығып, шексіздік әлеміне есік ашады.  
Күнделікті тұрмыста біз шындыққа сай келмейтін,практикалық маңыз-мағынаға ие болмайтынның барлығын қиял немесе фантазия деп атай саламыз.Ал,шындығында қиял әрқандай шығармашылық іс-әрекетінің негізі ретінде көркем -өнер,ғылыми және техникалық ой туындыларына арқау болумен мәдени өмірдің барша салаларында көрінеді. Алайда қиял қандай түрде көрініс бермесін, (жеке адам қиялы немесе ұжымдық қиял) өзіндік ерекшелігін жоймайды әрі тек қана өзіне тән ерекше мазмұнға ие болады. 
Сонымен бірге, қиял арқасында адам өз ісін бастамай тұрып–ақ,болашақ еңбегінің нәтижесін күні бұрын болжай алады. Қиялдың жәрдемімен болашақ нәтижені күтудің өзі адам еңбегінің жануарлар тума қылығынан түпкілікті өзгешелігін танытады. Қиялдың алдағы іс-әрекет өнімін болжауға мүмкіндік ашуы адамның еңбекке деген құлшынысына,мақсатқа жетудегі ынта-жігеріне қосымша қуат қосады. 
Кейде фантазия кері ықпал да жасауы мүмкін. Алдағы күтілген жағымсыз жағдайлар немесе қауіп-қатер мен бақытсыздықтар адамды күшті күйзеліске тап қылып, оны нақты оқиғаға сай келмейтін, шектен тыс,орынсыз қимыл-әрекетке келтіреді. 
Қиялдың зияны халықта «Қорыққанға қос көрінеді»деген мәтелінде дәл айтылған. Айтылуының бірден-бір себебі,кенеттен болған өрт кезінде кей адамдар көрініп тұрған көмекті шыдаммен күтудің орнына көп қабат үйлердің жоғарғы қабаттарынан өзін тастап, мерт болғаны. 
Қиялдың бүгінгі өмірден арқан бойы алда болып,болашақта күтілген кей оқиғаларды күні бұрын танытуы қиял мен ойлаудың арасында тығыз байланыстың барын көрсетеді. Ойлау сияқты қиял да проблемалық жағдайда, жеке адам қажетсінуінен, қоғамдық сананың даму деңгейіне сай туындайды. 
Мысалы, егер ежелгі дүние адамдары арасында жаратылыстың пайда болуын түсіндіру қажетінен діни бейнелер келіп шықса, бүгінгі күнде бұл үшін космостық келгенділерден фантастикалық көріністері қолданылады. 
Бірақ, қиял дүниені жалпылай және жанама танытатын,ұғымдық мазмұны негіз еткен ойлаудан ерекшеленеді, себебі ол жарқын елестер түрінде көрініп, нақты бейнелі формада жасалады.Қиялда түзелетін нақты, дәл бейнелерде көбіне заттық болмыстан алшақ теориялық ойлар ашылып отырады.Әрбір қаламгер, суреткер шығармашылық еңбегінде өз ойын басқаларға дерексізденген ұғымдармен емес, нақ бейнелермен түсіндіруге тырысады. 
Қиялға тән және ерекше белгі—оның бастау деректері толық әрі дәл талдауға келмейтін, мазмұны өте көмескі жағдайларды болжастыруда қолдануы. Мұндайда белгілі деректерде қатаң заңдылықтарға негізделетін ойлауды қолдану керек. Бұл тұрғыдан,қиял ойлаудың қандай да бір «орынбасар» ретінде көмек атқарады. 
Ой мен қиялдың арасындағы тығыз байланысты атай отырып, К.Д.Ушинский: «Мықты, кемелденген қиял—ақылдылықтың нышаны»,-деген. 
Адам қиялы бұрын көріп, білмеген заттар мен құбылыстарды өрнектеуге шебер. Дегенмен,сол ғажайып, әлемде жоқ нәрселердің бейнесі өзіміз күнделікті көріп, танып жүрген заттарымыздың құрылым элементтерінің қосындысынан жасалады. Сондықтан адамның білімі неғұрлым мол,өмір тәжірибесі ауқымды, өзі зерделі және сезімтал келсе, оның қиялы ғажайып әрі қызық бейнелер жасауға бейім келеді. Қиял маңызы өте зор. Ол тек жазушыларға кейіпкерлер бейнесін жасауға не суретшіге болашақ картинасының сюжетін іздестіруге қажеттігімен ғана шектелмейді. Фантазиясы болмаған ғалым құбылыс себептері жөнінде болжам жасай алмайды, мұғалім дәріс барысын, шәкірттердің оқуға деген ынтасын күні бұрын қиялмен талдамай, ертеңгі сабаққа дайындығын әзірлей алмайды. Жалпы оқу процестеріндегі барлық пәндер қиял қанатында жүреді.

 


Информация о работе Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік