Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:01, доклад
Студенттік топтың жастары (әдетте жас айырмашылықтары 5 жылдан артық емес) бір мөлшерде болуы, назарлардың, мақсаттардың ұқсастығы, психологиялық ерекшеліктері сияқты, топты біріктіруіне жағдай жасайды. Студенттік топтың басты әрекеті – оқу болғандықтан, өндірістікке қарағанда, оқу ұйымдасқандық едәуір әлсіз болады, сондықтан кейбір кезде біріккен ұжым салынбайды, әркім өз бетімен журеді.
Студенттік ұжымның сипаттамалары
«Студент» термині латын тілінен аударғанда, ынтамен жұмыс істеуші, білімді меңгеруші дегенді білдіреді.
Студенттік ұжымында қоршаған ортаның қолайлы жағдайы, студенттің қалыпты тұлға ретінде дамуға көмектеседі.
Студентік топта «ұжымдық көңіл-күй» (ұжымда, қоршаған әлемде болатын оқиғаларға ұжымның эмоционалды реакциясы; ұжымның көңіл-күйі ұжымның қызметін ынталандыра алады немесе керісінше бұзалады, соның салдарынан қанағаттанбаушылық, оптимистік, парықсыз көңіл-күй көрінеді), «ұжымдық пікір» (ұжым өмірінің сұрақтарына пікірдің ұқсастығы, көзқарастары, оқиғаларды, топ мүшелердің қылықтарының мақулдау немесе ұялту), «еліктеу құбылыстары, иланушылықтың немесе жарыс құбылыстары» (табысқа жетуге ұмтылуға адамдардың өзара әрекеттесу түрі, өз қызмет нәтижелеріне қызу ынталары жатады) әлеуметтік-психологиялық құбылыстар байқалады.
Студенттік топтың
жастары (әдетте жас айырмашылықтары
5 жылдан артық емес) бір мөлшерде
болуы, назарлардың, мақсаттардың ұқсастығы,
психологиялық ерекшеліктері
Студенттің жеке басының қалыптасып, дамуына мынадай факторлар әсер етеді
Психологиялық
Әлеуметтік
Биологиялық
1.Психологиялық. Жеке тұлғаның қалпы мен
қасиеттерін, психологиялық процесстердің бірлігін білдіреді. Бұл факторлардың
негізгісі – психологиялық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, қасиет,
мүмкіншілік). Бұларға психологиялық процесстердің ағымы мен психикалық
жағдайдың пайда болуы тәуелді.
2. Әлеуметтік. Студентке қатысты белгілі бір социалдық топқа, ұлтқа, т. б. қатыстылығынан туындайтын қоғамдық қатынастар арқылы әсер етеді.
3.Биологиялық. Бұған жүйке жүйесінің типін, анализаторлар құрылысын, шартсыз рефлекстер, түйсіктер, физикалық күш, тұла бойы, бет әлпеті, терісінің түсі және т. б.
Топ – белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді.
Топ ұғымының шығуы күрделі. Европада бұл сөз XVII ғасырдың аяғынан кейін пайда болды.
Ұжым – ұақытқа тұрақты топтың ішіндегі адамдардың басқару органдарымен байланысы, әлеуметтік-пайдалы қызметпен және топтың ішіндегі адамдарды формалды (іскерлік) және формалды емес қарым-қатынастағы мақсатпен біріккен. Оқу ұжымы екі құрылымнан тұрады: бірінші, бұл оның көптеген ерекшеліктерін анықтайтын педагогтармен кураторлардың мақсатты әрекет етулері; екіншеден, оқу ұжымы – әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарына бағынатын салыстырмалы түрде өз бетімен дамитын құбылыс.
Топтың сипатталуы
бірімен бірі жиі арақатынас жасайтын;
өздерін бір топтың мүшелері деп санайтын;
өздерінің қызығушылықтары бойынша жалпы нормаларды бөлісетін;
рөлдер бөлісінің бірдей жүйесіне қатысатын;
бірдей объектілер мен және идеалдармен өзін тенестіретін;
топты қанағаттанудың қайнар бұлағы ретінде қабылдайтын;
кооперативтік өзара байланыста болатын;
өздерін біртұтас сезінетін;
өздеріне қатысты іс-әрекеттерді реттейтін.
Топтарды өлшемі бойынша былай бөлуге болады:
Үлкен
Шағын топтар
Үлкен топтар шынайы және шартты болып бөлінуі мүмкін.
Шынайы топтар дегеніміз – белгілі бір іс-әрекетке түсетін күрделі түрде ұйымдасқан адамдар тобы (мектеп ұжымы, зауыт ұжымы және т.б.).
Шартты топтар – бір-бірімен тікелей не жанама объективтік арақатынас жасамайтын субъектілерден тұрады.
Шағын топтар – бұл - ортақ мақсаттармен немесе міндеттермен біріктірілген, әрқашанда тікелей қатынас жасайтын жеке адамдар. Ішкі құрылысының қарапайымдылығы шағын топтың ерекшелігі болып табылады.
Студенттердің әлеуметтік және қоғамдық өмірі бірыңғай концепция мен тәрбиелік жұмыс бағдарламасымен біріктірілген. Университетте студенттердің қоғамдық ұйымдары мен ғылыми бірлестіктері құрылып жұмыс істеуде және кураторлар институты нәтижелі жұмыс атқарады.
А.С.Макаренко ұжымды былай сипаттайды:
ортақ әрекетпен, ортақ мақсатпен біріккен және басқару, тәртіп, жауапкершілік органдары бар еңбекшілердің ерікті тобы.
Топтағы тұлға аралық белдерді анықтаудың танымал әдістерінің бірі болып - социометрия саналады.
Д. Морено
Оның пікірі бойынша, тұлғаның адамдарға психологиялық қатысын білдіретін симпатиялар мен антипатиялар жүйесінің жеке адамға берілген өте үлкен құрылымының шеңберіне көбінесе сыймай қалатынын осы сәйкессіздік көрсетеді.
Белгілі ресей ғалымы Б.Д Парыгиннің
Лидер – кенеттен ресми емес басшы рөліне белгілі бір жағдайларда шығарылатын топ мүшесі. Ол ортақ мақсаттарға тез және сәтті қол жеткізу үшін адамдардың бірігіп, ұжымның ұйымдасуын қамтамасыз ететін тұлға.
Лидер
Қоғамға, ұйымға
немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға.
Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік
топтың мақсат-мүддесін толық сезініп,
қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге
лайықты қасиеттерді жия білген адам Лидер
ретінде танылады. Лидер алға қойған мақсатқа
жету үшін белгілі бір әлеуметтік ортада
адамдардың күш-жігерін біріктіріп, іс-әрекетін
қоғам мүддесіне сай жүргізеді. Лидерге
алғырлық, ақылдылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық,
жұртқа жағымдылық, сондай-ақ өзіне жауапкершілік
ала білу және іскерлік таныта білушілік,
т.б. қасиеттер мен қабілеттер тән. Кез
келген тарихи кезеңде, қоғамдық-саяси
өмірде Лидер аса беделді тұлға ретінде
танылады.
Бірінші катергорияға мыналарды
жатқызуға болады: дайындық деңгейі, оқуға
деген қарым-қатынас, оқу орнының мақсаттары
туралы хабардар болуы, кәсіби болашақ
туралы көз-қарас. Бұл категорияға жататын
факторлар бірінші курс студентінің
«мен қайда келдім» және «қоршаған ортам
қандай» екендігін түсінгісі келген
кездегі бейімделу этапында қызмет атқарады.
Уақыт өте келе бірінші категориядағы факторлардың әсері әлсіреп, екінші топтағы факторлар шешуші рольді атқарады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: оқу процесін ұйымдастыру, оқыту деңгейі, студент пен оқытушының қарым-қатынас түрі және т.б.
Әдетте адамның тұлға болып қалыптасуының қайн
Студенттің әлеуметтік-психолог
Студенттің әлеуметтік-психолог
оқу орнына студентпен бірге келгендер
процессі кезінде пайда болғанд
Қазіргі кездегі студенттердің барлығы үш топқа бөлінеді
Бірінші топқа өз білімдерін болашақ мамандықтарына бейімдейтін студенттер жатады. Бұл топтағы студенттер үшін болашақ жұмысқа деген қызығушылықтары мен сол жұмыста өздірінің қабілеттерін жүзеге асыру ең бастысы болып табылады.
Екінші топты бизнеске бейімделген студенттер құрайды. Бұл топтағы студенттер өз білімдерін жеке іс ашудың құралы ретінде қарастырады, саудамен айналысады және т.б.. Олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары бірінші топтың студенттерімен салыстырғанда төмен болады.
Үшінші топтағы студенттерді, бір жағынан, анықталмағандар деп те атауға болады, екінші жағынан олар жеке бастық және тұрмыстық жағдайларға көңілдерін көбірек бөледі.
Таным және білім саласындағы студенттердің қызметін үш негізгі топқа жіктеуге болады:
Бірінші түрдегі тұлға оқудағы мақсаттар мен міндеттердің ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мұндай студенттердің білім саласы жоспардағыға қарағанда әлдеқайда ауқымырақ болады, студенттердің әлеуметтік белсенділігі оқу орны өмірінің түрлі формаларында танылады.
Екінші түрдегі тұлға шағын мамандануға бейімделген. Мұнда да студенттердің танымдық қызметі оқу жоспарының шеңберінен асады.
Студенттердің танымдық қызметінің үшінші түрі тек оқу жоспарымен ғана шектеледі. Бұндай тұлғалар - өнерлілігі жағынан да, белсенділігі жағынан да төмен болып табылады.
Тұлғаның бағыт-бағдарының негізін оның қажеттіліктері құрайды, олар материалдық
(киімге, тамаққа, тұрғылықты жерге деген қажеттілік) және рухани (танып-білуге,
музыкаға, кітаптарға деген қажеттілік) болуы мүмкін. Қажеттіліктер ұмтылысты,
эмоционалды күйді, құлшынысты тудырады. Қажеттіліктер саналы түрдегі, санасыз түрдегі және жарым-жартылай болуы мүмкін.
Ең басты қажеттілік - қарым-қатынас қажеттілігі, жетістіктерге жету қажеттілігі.
Студенттердің оқуға деген қызығушылықтарының терең әрі тұрақты болуы олардың тұлға болып қалыптасуы
Оқуға деген қызығушылықтардың сөнуі
Студенттің тұлға болып қалыпта
көзқарас әсер етеді.
Мінез-құлық пен қайраткерлік ерекшеліктері темперамент айыр
Сонымен қатар студент қызметі түрінде
Студенттің қызметі барысында байқалатын психологиялық ерекшеліктер оқ
Назар аударғаныңыздарға
Рахмет!!!