Студенттің негізгі іс-әрекеттерін қарастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 22:52, реферат

Описание работы

Оқушы позициясынан үйретуге тұлғалық-іс-әрекеттік келіс (педагогтың өзінің оқудағы субъект-субъекттік өзара әрекеттесуін ерекше ұйымдастыру жағдайында) ең алдымен, студенттерге оқудың жолын, оқулық, әдістер, жеке жағдайларда тіпті оқу серігі – педагогты талдау еркіндігін ұсынады. Мұндай келіс психологиялық тұрғыдан, біріншіден, барлық оқу жағдайларында студенттің тұлғалық өзін-өзі көрсетуінде қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді (security), оның тұлға ретінде өзін жүзеге асыруы мен тұлғалық өсуіне жағдай жасайды. Екіншіден, бұл тәсіл студенттің өзінің белсенділігін қалыптастырады, оның оқу әрекетіне дайындығын, проблемалық жағдайларды тең құқықты серіктестік, педагогпен сенімді қарым-қатынас есебінен шешуді ұйғарады.

Работа содержит 1 файл

Студенттің негізгі іс.docx

— 14.74 Кб (Скачать)

Студенттің  негізгі іс-әрекеттерін  қарастыру

     Оқушы позициясынан үйретуге тұлғалық-іс-әрекеттік  келіс (педагогтың өзінің оқудағы субъект-субъекттік өзара әрекеттесуін ерекше ұйымдастыру  жағдайында) ең алдымен, студенттерге оқудың жолын, оқулық, әдістер, жеке жағдайларда тіпті оқу серігі – педагогты талдау еркіндігін ұсынады. Мұндай келіс психологиялық тұрғыдан, біріншіден, барлық оқу жағдайларында студенттің тұлғалық өзін-өзі көрсетуінде қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді (security), оның тұлға ретінде өзін жүзеге асыруы мен тұлғалық өсуіне жағдай жасайды. Екіншіден, бұл тәсіл студенттің өзінің белсенділігін қалыптастырады, оның оқу әрекетіне дайындығын, проблемалық жағдайларды тең құқықты серіктестік, педагогпен сенімді қарым-қатынас есебінен шешуді ұйғарады. Үшіншіден, үйретуге тұлғалық-әрекеттік тәсіл оқушы позициясынан сыртқы және ішкі мотивтердің біртұтастығын ұйғарады: бұл жерде сыртқы мотив – танымдық мотив. Төртіншіден, бұл тәсіл оқу тапсырмасын қабылдау және оны басқа студенттермен ынтымақтасып шешуден қанағаттануды білдіреді. Бұл тек құзырлылық сезімін және өзін-өзі бағалаудың компонентінің бірі ретінде аффилиация (топқа, отбасына, қоғамға қатыстылығы) сезімін  дамытудың негізі болып қана қоймай, көбінде өзін-өзі жүзеге асырудың алғышарты  ретіндегі өз-өзіне сенімділік сезімінің негізі болады. Үйретуге тұлғалық-іс-әрекеттік келіс оқушы позициясынан сонымен бірге, жаңа формалар, ережелер, әрекеттің әлеуметтік-кәсіптік-коммуникативтік құралдары мен әдістерін интернализациялаудың өзекті жағдайының орын алуын, яғни студенттің тек қана кәсіптік құзырлылығын дамыту емес, оның жалпы алғанда тұлға ретінде қалыптасуын білдіреді. Бұл, атап айтқанда, сыртқының ішкіге ауысуының негізінде студентте  мақсатты және тиімді түрде өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады.

     Жоғарыда  қарастырылғандардың барлығы үйретуге тұлғалық-іс-әрекеттік келіс проблемасы (студенттің позициясынан). Оқытудағы тұлғалық-іс-әрекеттік келіске қосымша (педагог позициясынан) оқытудың жеке әдістемелері алдына бірқатар проблемалар қояды: оқытушы - ақпарат беруші, білім көзі, фасилитатор позициясына бақылаушы сияқты  кеңінен тараған позицияның өзгеріске ұшырау проблемасы; адамды әртүрлі тиым салынушылықтан босататын оқу жағдаятын туғызу проблемасы, педагогикалық қарым-қатынаста қиыншылық туғызатын әлеуметтік тосқауылды жою  проблемасы және т.б.

     Жалпы, оқытудағы тұлғалық-әрекеттік тәсіл  ең алдымен, бұл процесте білім берудің  негізгі міндеті – жан-жақты  дамыған, адамгершіліктік тұрғыдан кемелденген, ішкі резервтерді белсендендіру  арқылы әлеуметтік белсенді, кәсіптік құзырлы және өзін-өзі дамытушы тұлғаны  дамуының жағдайын туғызу міндеті қойылып, шешіледі. Бұл келістің «тұлғалық» компоненті барлық  оқыту студенттердің бұрынғы тәжірибесі,  субъект-субъекттік өзара әрекеттесуінде оның тұлғалық ерекшеліктері ескеріліп құрылады дегенді білдіреді. Оқыту студент тұлғасы, оның түрткілері, құндылық бағыттанулары, мақсаттары, қызығушылықтары, перспективалары және т.б. арқылы көрініс табады; ол оларды қабылдайды және онымен өлшелінеді.

     Тұлға оқытудың, білім берудің ортасында  тұр. Осыған сәйкес, барлық білім беру студентте, оның тұлғасында орталықтандырылып, мақсаты, мазмұны мен ұйымдастыру формалары бойынша антропо-центрикалық болады.

     Әлеуметтік  институт, жүйе, процесс, ретінде қарастырылатын қазіргі замандағы білім беру оқыту мен тәрбие берудің біртұтастығын  білдіреді, ол оның парадигмаларының оқушының өз бетімен танымдық белсенділігін  дамытуға бағытталған ақпаратпен алмасуының негізгі принциптерін жүзеге асырады. Білім беру процесіндегі бағыттар психологиялық-педагогикалық  ғылымның тұлғалық-іс-әрекеттік келісті  қамтамасыз етуге тиісті процесті қалайша  оңтайландыруды қарасты-руды білдіреді.  
 

     Әдебиет  

     Вербицкий  А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. М., 1991.

     Днепров Э.Д. Четвертая школьная реформа в России. М., 1993.

     Зинченко В.П. Живое знание. Самара, 1998.

     Кларин М.В. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках. М., 1994.

     Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности. М., 1995.

     Талызина Н.Ф. Теоретические проблемы программированного обучения. М., 1969.

       Шадриков В.Д. Философия образования и образовательные политики. М., 1993.

     Якиманская И.С. Личностно-ориентированное обучение в современной школе. М., 1996.

Информация о работе Студенттің негізгі іс-әрекеттерін қарастыру