Тақырыбы: Девиация және әлеуметтік бақылау
Әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының
оқытушысы Аралбай С.М.
- Мақсаты: Студенттерге девиация ұғымының мағынасын түсіндіру. Оларға девианттық мінез – құлық тәртібін ажыратып үйрету.
Дәрістін жоспары:
- 1. Девиантты мінез – құлық дегеніміз не?
- 2. Девиантты мінез – құлықтың кең және шағын мағынасы нені қарастырады?
- 3. Девиантты мінез – құлықтың себебі, негізгі көзі ?
- 4. Әлеуметті девиантты мінез – құлықтың терең қайшылықтары ?
- 5. Мінез – құлықтың ауытқулары ?
- Әлеуметтік зертеулер барысында заңды тыңтайтын азаматтардың құқықтық мінез – құлығының себептері «құқық бұзушы» тұлғалардың құқықтық сана сезімнің деңгейі зерттеледі. Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез - құлықтың әлеуметтік санкцияға жатады. Занды социологияда халықтың девиантты мінез – құлыққа жақын жататын, яғни қатерлі тобы бөлініп көрсетеді. Оларға, Мыс: Қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады.
- Девианттық мінез-құлық – ережеден ауытқып, қоғамның басым бөлігімен жарамсыз және кешірімсіз болып саналарын іс-әрекеттерге сәйкес мінез-құлық. Тар мағынада девиантты мінез-құлық-қылмыстық жазалауға жатпайтын, яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін ауытқулары кең мағынасында-құқыққа қарсы барлық формалары ретінде түсіндіріледі.
- Девиантты мінез-құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енеді. Әлеуметтік норма – нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның , әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда , мораль мен этикетте және т.б.
- Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметтік санкцияға жатады. Тәртіп бұзуға , адамдар арасындағы қатынасқа ( өтірік , дөрекілік және т.б. ) байланысты девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және әрекетке қатысушылардың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады.
- Тар мағынада алғанда , девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын , яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін ауытқулар ретінде түсініледі. Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлық құқыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Адамның өзін-өзі өлтіру – девиация , ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жаслған –жасалмағанына қарамастан , құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа жатады.
- Кеңестік тұжырымдамада таптық тамырдың мәнін ашуға басты назар аударылды. Таптық себептерге ерекше мән беру социализмде қылмыс жасауға арнайы себептер жоқ деген тұжырым жасауға итермеледі. Идеологияның жалаң қағидалаын жеңе отырып,біздің ғалымдар аймақтық , жастық, кәсіптік, әлеуметтік – таптық т.б. Сияқты әр түрлі заңдылықтарды ашып берді.
- Әлеуметтік терең қайшылықтар қылмыс , нашақорлық , маскүнемдікке , жезөкшілік сияқты келеңсіз құбылыстарға әкелмеуі мүмкін емес . Ұзақ жылдары бойы нашақорлық біздің еліміздің тек батыстық өмірге жататын құбылыс ретінде есептелді. Нашақорлық күреске әлеуметтік , экономикалық ,мәдени сипаттағы шаралары , соның ішінде маскүнемдікке қарсы шаралары да қолданылады. Бірақ нашақорлық даму ерекшелігі яғни , бұл мінез – құлықтың ауытқуына байланысты әр түрлі шаралары қолданылады.
- Медициналық , құқықтық және т.б. Қазақстан Республикасында нашақорлықпен күресуге байланысты 2000 жылдың 17 ақпаныңда Президент жарлығымен «Нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күреске агенттігі» құрылды.
- Мінез – құлықтың ауытқуы девиацияның әр түрлі формалары арасындағы өзара байланыстың зандылығы сияқты қаралады. Девиацияның барлық формаларының көрінуі экономикалық , демографиялық , мәдени және басқа да көптеген факторларға да байланысты болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Негізгі:
- Косов Г.В. Основы социологии и политологии : учебник для мед. училищ и колледжей / Г. В. Косов, Э. М. Аванесьянц. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010.
- Кравченко А. И. Социология : Учебник для вузов / Кравченко, Альберт Иванович. - СПб. : Питер, 2007.
- 431 с.
- 3. Кравченко А.И. Социология : учебник для вузов / А. И. Кравченко, В. Ф. Анурин. - СПб. : Питер, 2010.
- 4. Әбсаттаров Р. Әлеуметтану : оқу құралы / Р. Әбсаттаров, М. Дөкенов. - 2-ші бас., толықт. - Алматы : Қарасай, 2009
- Қосымша:
- 1. Алимбекова Г.Т. Проблема насилия в отношении женщин : социологический анализ / Г. Т. Алимбекова. - Алматы : ДОИВА, 2008. - 196с
Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):
- Девиация дегеніміз не?
- Әлеуметтік бақылау әдістері.
- Жастардың мінез – құлқының ауытқуының себебі неде?
- Дезадаптивтік мінез – құлық дегеніміз не?
- Бақылаудың ресми және бейресми түрлері.
Мәселелі сұрақтар:
- Қазақ ұлтына сай девиянтты міңез-құлықтар жөңінде
- Салт-дәстүрлеріміздің девиянтты міңез-құлықтарға қарсы әрекеттері туралы
Назар аударғандарыңызға
рахмет !!!