Іскерлік қарым қатынас пәнінің категориялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 16:03, реферат

Описание работы

Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын тануға бағытталған.
Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.

Работа содержит 1 файл

Жас.docx

— 27.77 Кб (Скачать)

Жас?спірімдерді? ?леуметтік-психологиялы? даму ерекшелігі

К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2007

 
Автор: Нигметжанова Г.К 

Жасөспірім шақта және жасөспірім кезеңінде де ересек жастағы  сияқты адам өзінің ішкі әлемін дамыған  рефлексивті қабілеттері арқылы ашады. Бұл сезім мен ой – тылсымдарын  тануға бағытталған.

Жасөспірім кезеңі 15-16, 21-25 жас аралыққа дейінгі жас мөлшерін қамтиды. Бұл кезең адамның сенімсіздік  пен жүйесіздік кезеңінен шынайы ер жету шағы. Жасөспірім кезеңінде  адамдарда өмір құндылықтарын таңдау мәселесі пайда болады.

Жасөспірім өзіне деген  ішкі қарым – қатынасын қалыптастыруға (мен қандай болғым келеді?) басқа  адамдарға деген қарым – қатынысқа, және де моральдық құндылықтарға  талпынады. Нақ осы жасөспірім кезеңінде  адам өзінің жақсылық пен жамандық категориялары арасында саналы түрде  өз орнын табады. «Намыс», «адамгершілік», «құқық», «міндет» сияқты тұлғаның сипатын  басқа да ұғымдар толғандырады. Жасөспірім кезеңінде адам жақсылық пен зұлымдылықтың  диапа-зонының шектелген шекарасына дейін таниды. Сондай – ақ, ол өзінің ақылы мен жанының кереметтей шарықтаудың мейір-бандылықтан зұлымдыққа, адамгер-шіліктен жауыздыққа дейінгі  диапазон аралығын басынан өткереді. Арбаулар мен шарықтауда, күресте  және бастан өткеруде, жығылуда және қайта  тұруда жасөспірім сезіп білуге ұмтылады. Ішкі позицияны таңдау өте күрделі  рухани жұмыс.

Жалпы адам құндылықтарының  икемділігімен, құнды бағыт - бағдарының құрылымымен талдамасын тануға ұмтылған адамға, өзінің іс - әрекетін балалық  және ересек жаста анықтай-тын, тарихи бекітілген нормативтермен құндылықтарды  саналы түрде бұзуға, қабылдауға тура келеді. Ол өзінің бейімделген және бейімделмеген өмір позициясының жағдайы, сонымен қатар оның ойынша, бұл  таңдаған позиция, ол үшін ең неізгі, ең қажетті, ең таңдаулы болуы тиіс.

Жасөспірім қоршаған әлемдегі өз орнын табуға қандай күш салып  бағытталса да, барлық өмір мәнділігін тануға интеллектуалды дайын болса  да, ол көп нәрсені білмейді, өйткені  ол өзін қоршаған адамдарды және рухани өмір тәжірибесін білмейді.

Әсіресе жасөспірім шақта  табиғи берілген басқа жынысқа деген  талпыныс қозады. Жасөспірімдік кезең  адам өзінің рефлексивті жаттығуларын бағалайтын кезең. Ал бұл рефлексивті  жаттығулар ішінен ол өзі, досы, барлық адамзат кіреді. Жасөспірім өзінің тұрақты рефлексиясы арқылы өзінің негізін, мәнін ашады. Ол нәзік жанды, тез уайымдауға, сәтсіздікке берілгіш болады. Қандай болмасын ерекше бөгде  көзқарас, әсерлі сөз, ерекше әсерлі болып  оны жолынан тайдыруы мүмкін [2]

Л.Ф. Обухова психологиялық  зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құры-лымдардың  түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік  жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншыл-дықтың көрінуі –  бұлардың барлығы ерте жеткіншек  жаста сақталады, бірақ, олар мәнді  өзгерістерге ұшырап, саналы түрде  бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс  тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік  рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін - өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін  білуге талпынысы жатады.

«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», «Мен кім  болғым келеді?» - міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты  әсер етеді [3].

Филип Роистың «Психология  подроскового и юношеского возраста» -оқулығында: жасөспірімдердің өзінің уайым қайғылары ойлары, сезімдері  мен қызығушылықтары, арман тілектері  мен талпыныстары нақты зерттеу  мен зейін салу мәніне айналады дейді. Бұл кезеңде оқушы өзінің ішкі әлемін енді ашады, субъективті уайымдарына  «Өзіндік меніне» қызығушылық таныта бастайды. Өз тұлғасына қызығушылығына төмен жеткіншектерге қарағанда, жасөспірім-дердің өзін - өзі тануы, өзіндік сана –  сезімі белсенді және өз тұлғасын өз өзіне  бағындыруы туа бастайды [5].

Психолог В.А. Крутецкийдің бекітуі бойынша жасөспірімдердің жетілуі жеткіншектерге қарағанда  жоғары деңгейде. Жеткіншектердің айқын  сезімін сырттан қарағанда ересек адамдарға келеді. Оларға қарағанда  жасөспірімдердің ортаны бөлек олардың  басқаға ұқсамауы және құр-былыстарымен ересек адамдардың ара-сында ерекше болуы, әр түрлі бағытта өз - өзін көрсетуі және өзінің өзіндігін бекітуі  тән.

Жасөспірім кезеңі жалпы  тұлға болып дамуындағы маңызды  фаза. Жасөспірімнің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі. Ол белгілі бір үлгілер мен  игіліктерді игеруге, үлкендермен  және жолдастарымен, ақы-рында өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау бағытталады [4].

«Жасөспірім» - сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа  аяқ басқан баланың қалыптасуындағы  түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анық-талады, осының арқасында бала мен ортаның  арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің  жеке басындағы басты және діни тән  жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда  болуы орын алады. Ол өзін ересекпін  деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп  қарауына ұмтылады [7].

Осы жастағы өзгешелік  психолог А.Г. Ковалев биологиялық  әсері туралы сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы  жыныстық жетілу жасөспірімнің эмоциялық  қалпына бетте-суін біз тұтас  деп айтсақ, онда оның психикалық кескінін биологиялық фактор-мен анықтаймыз [8].

В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық  және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.

Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18 жас  аралығында) өте құнды кезең. Осы  жаста жасөспірімдердің мектептен  оқу процесі аяқталады. Физиологиялық  жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан қысымының көтерілуі жойылады.

Жасөспірімдердің ерте жетілу кезеңдерінде орталық жүйке жүйесі ересек адамдікімен теңеледі. Мидың  салмағы мен көлемі және фукционалды  белсенділігі ересек адамдардың ойлауынан  қарағанда айырмашылығы болмайды.

Сонымен қатар функционалды жетілу жалғасып, осы кезеңде мидың  жетілуі ерекше морфологиялық және функционалдық дамуымен анықталады.

Жасөспірім – барлық қатынас  жағынан ересек адам деп қарастырады  М.Ю. Красовицкий. Бірақ оларды толы-ғымен  жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай ақ нақты осы жасөспірім шақта  тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді жүреді. Мектеп пен ата – аналардың  жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу –  танымдық және қоғамдық – саяси  іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық  борышты өтеуге тәрбиелеуде үлкен  маңызды мәні жатыр [1].

Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық жүйедегі көз – қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала бастайды, бірақ та әлемге деген көз – қарасын толығымен  пайымдай алмайды. Тек жасөспірімдерде  фило-софиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін болса, пайда болады. Бұған  арқау болатын түрткі - оқудағы  білім, тәртіп пен информация, әдеби  оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен үлкендермен қарым  – қатынас..

Ш. Бюллер жасөспірімдік  кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады. Негативті фаза пубертодты кезеңде  басталады. Негативті кезеңге жеткіншектердің  дамуын қоюға болады. Ал, позитивті  фазада өмірге деген қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық  сезім, табиғатты түйсіну т.с.с  болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге  қатысты деуге болады [3].

М.И. Шардаков бойынша жасөс-пірімдік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық  тұрғыда тәуелді болып қалады. Жасөспірім осы өмірге ой жүгірте  бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр – түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.

Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау  үшін қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның  өзі күрделі процесс, уақытты  талап етеді және жасөспірім ересектерге  арналған нормалар мен талаптар жүйесінде  өмір сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай  жағдайда ғана жасөспірімдер ересектерге  іс - әрекет етуге, ойлауға алуан  түрлі міндетті орындауға, адаммен  қарым-қатынас жаса-уға үйрене алады.

А.В. Мудрик жасөспірім кезеңінің  ең басты жағдайын ашып көрсетеді. Ол екіжақтылық пен қарама – қайшылық деген. Педагогикада жасөспірімді өскен  адам, бірақ ересек адам емес ақпаратталған  бірақ әлі жетік білмейді деп  пайымдайды [5, 6].

Ст. Холл ең алғаш бірнеше  негізгі қарама – қайшылықтарды  бөліп көрсете отырып, жасөспірім мінезіндегі амби-валенттілік пен  пародаксальдылықты сипаттаған. Жасөспірімдерде  шектен тыс белсенділік - аяқ шалысқа  шектен тыс көңілділік - уайым, өзіне  сенімділік - ұялшақтық пен қорқыныш жоғары деңгейдегі адамгершілік талпыныстарының  күрт төмендеуі ашық қарым – қатынастық, өте нәзік сезімталдық апатияға, өткір құштарлық – бірбеткейлікке оқуға деген ынта белгісіздікке, бақылау мен әуестілік сияқты талқылаулар болады. Ол бұл кезеңді  «Боран мен тегеурін» кезең деп  атайды. Ст. Холл жасөспірім кезеңнің мазмұнын «өзіндік сана – сезім» кризисі  деп сипаттайды. Тек осыны басынан  өткеріп ғана жеке даралы сезіміне ие болады.

Келесі жасөспірім шақты  зерттеуші неміс философы мен  психологы Э. Шпрангер болды. Ол 1924 жылы жасөспірім кезең психологиясы деген  еңбекті басылымға берді. Ол еңбегі бүгінге дейін қолданылып келеді. Э. Шпрангер жасөспірім кезеңін толық  қарастыра отырып, жас кезеңді  қыз балаларды 13 –19 жас, ұл балаларды 14 – 21 жас деп қарастырды. Ол тәуелділік - еркіндік мазмұны болып табылатын «кризиспен» сипатталады.

Э. Шпрангер жасөспірім кезеңнің мәдени – психологиялық концепциясын жасады. Э. Шпрангер бойынша жасөс-пірімдік кезең мәдениет деңгейіне өсу  жасы. Ол психикалық даму жеке даралық  психиканың осы дәуірде обьективті және нормативті рухқа өсуі деп жазады.

Ст. Холл, Э. Шпрангер айтқан тұжырымдарын талқылай келе, жасөс-пірімдердің  даму деңгейінің үш типін бөліп көрсетеді:

1) Өткір ашулы кризистік  уақытпен сипатталады. Ол қайта  дүниеге келген адамдай уайым  – қайғыға түседі, түп тамырында  оның жаңа өзіндік «мені» пайда  болады.

2) Өте баяу, ақырын, жайбасар  тұлға. Жасөспірім ересектік өмірге  өзінің жеке тұлғасында ешқандай  өзгеріс енгізбей аяң басумен  сипатталады.

3) Жасөспірім белсенді  және саналы түрде өзін тәрбиелейді,  өзін - өзі қалыптастырады. Өзінің  ерік – жігерінің күшімен ішкі  кризистерімен мазасыздығын жеңеді, бұл өзіндік бақылау мен өзіндік  мінез-құлқы жоғары деңгейдегі  адамға тән. Бұл жастағы ең  басты жаңа құрылым - Э. Шпрангер  бойынша, «өзіндік менінің» ашылуы  рефлексияның пайда болуы; өзінің  жеке даралығы саналы түрде  түсінуі, тұлғаның өзіндік анықталуы.

Психологияның ең негізгі  міндеті «тұлғаның ішкі әлемін тану»  деген қағиданы ескерсек, оның мәдениетпен  және тарихпен тығыз байланысты екенін айтып кеткен жөн болар.

Әлеуметтік дамыған тұлғаны  тек қоғамда қабылданған нормаларды ұстанумен ғана емес, сонымен қоса белгілі бір топтарға, ұжымдық  және қоғамдық құндылықтарға бағытталғанымен  ерек-шеленеді. Құндылықтар обьект жайлы біліммен және оған деген қатынастан тұрады. Психологиялық тұрғыда өзіндік  анықталған тұлға - бұл өзінің нені қажет ететіндігін (мақсаты, өмірлік  жоспары, идеясы) саналы бағалаушылық жеке бас және денелік қасиеттері, қолынан не келетінін субьект. Аталған  элементтердің тұлғаның өзімен байланыстыруы  оның нақты қылықтары мен мінез  – құлқының реттеушісі болып, оның іс - әрекетінің дәрежесін, бағыттылығын, интенсивтілігін, мазмұнын анықтайды. Өз мүмкіндіктерін ашу процесі, қоғам, топ талаптарын саналы бағалау ұжым шеңберінде белсенді іс - әрекет етеді. Осы себептен өзіндік анықталған тұлғаның көрсеткіші ретінде тек субьектіні қабылдау әлеуметтік маңызды іс - әрекет жасауға даярлықтың, қатынасты жаңғыртуға ғана емес, сонымен қоса шынайы іс - әрекеттің көрсеткіші болып табылады. Э. Шпрангер, өзіндік – сана сезімді, құнды бағыт бағдарлықты жасөспірімдердің дүниетанымын зерттеуге бастауы деп санады [2, 5, 7].

Э. Штерн жасөспірімдік  кезеңді жеке тұлғаның қалыптасуының  бір кезеңі деп қарастырды. Психологияның  қай бағыты болмасын, барлығының орталық  мәселесі, оның ойынша адам тұлғасының мәселесі болу керек.

Өтпелі кезең тек ғана ой мен сезімдерден талпыныс пен  идеялдардан ғана емес, сонымен қатар  әрекеттің ерекше бейнесімен сипатталу  қажет дейді.

Жасөспірім кезеңнің негізгі  ерек-шелігі – дамудың бар жақтарын өзгерту. Осы кезеңде адамның  өз беттілігі өмірге деген дайындығымен анықталады. Мұнда жасөпірімнің дүниетанымы, кәсіби іс - әрекетті таңдауы және тұлғаның азаматтылық маңыздылығын нақтылау аяқталады. Факторлар әсерінен тұлғаның қоршаған адамдармен қатынас жүйесі және өзіне деген қатынас өзгереді. Осы әлеуметтік позицияның әсерінен оның қоғамдық пайдалы іс - әрекетке, оқуға деген қатынасы өзгереді. Белгілі  бір болашақ мамандыққа деген  байланыс қалыптасады. Берілген кезең  жасөспірімнің үлкендермен мінез  – құлықтың барлық аймақтарында тәуелсіздігін  көрсетеді.

Жасөспірімнің өз көзқарасы  бар, жасөспірімдер үнемі өз жетістіктерін  өсіріп, кемшіліктерін азайтып отырады. Өз құрдастарының арасында болуға ұмтылыс, оларды белсенді түрде үлкендер арасынан өзі соған ұқсағысы келетін адам іздейді. Бұл жерде идентификация  туындайды.

Жасөспірім тұлғасының индиви-дуалды дамуы мен қалыптасуы бірінше  кезекте белсенді өзара әрекет, яғни қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінің арқасында болады. Жас есейе келе адам психологиялық дамуында әлеуметтік фактордың әсері күшейе түседі [5, 7, 9].

Д.Б. Эльконин 11-17 жас аралы-ғындағы  жетілу кезеңін 2 фазаға бөледі, бірінші 11-15 жас кіші мектеп оқушылары, яғни жеткіншектерге қатысты. Мұнда жеткіншек  әр жақты қарым-қатынасқа түсуге үйренеді.

Ал 15-17 жас жасөспірімдердің ең басты оқу-кәсіби іс-әрекетінің арқасында  жасөспірімнің танымдық-кәсіби қызы-ғушылықтары  артады. Эмоция мен психосексуалды дамуы жағдайына байланысты, жанұя  құру деген бұл жаста қарастырылмайды [7, 8].

К. Юнг бойынша осы жас  дағдарыс кезеңі. Шынайы өмірдің талаптарына  жасөспірім бейімінің сай келмеуі  орын алады.

1920-шы жылы психолог  Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша  жасөспірім кезеңіне қатысты  психологияда біршама жалпы теория  қарастырылған. Бұл теориялар  қазіргі заманда мәнді болып  келеді. Кең түрде жасөспірім  кезеңін 3 негізгі тұрғыда қарастыруға  болады.

1) Биогенетикалық биологиялық  процес негізінде және дамудың  басқа да процестері қарастырды.

2) Социогенетикалық тұрғы  тұл-ғаның өмір барысында алдына  қойған мақсаты мен әлеуметтік  процестеріне басты зейін аударуын  бекітеді.

3) Психологенетикалық - өзіндік  даму негізіндегі психика процестерінің  қызметтерін негіз етіп қою.

Информация о работе Іскерлік қарым қатынас пәнінің категориялары