Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 12:32, реферат
Алғашқы қауымдық қоғам эволюциясының көптеген проблемаларының ішінде тіл эволюциясының құрылу үрдісі - ең негізгілердің бірі. Австралопитектер, питекантроптар мен неандерталдықтардың қауымдастықтарындағы өзара қатынас құралдарын анықтайтын ешқандай құжаттар мен дәлелдемелер жоқ. Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. Шын мәнінде барлық мәлімет қосымша сипатта, сондықтан біз бұл мәліметі тек шартты түрде ғана қабылдауымыз керек.
Сөйлеу мен ойлау эволюциясы
Өздерінің дауыс ырғақтарымен сөз мәнерлерімен өз тыңдаушыларында керемет эмоцияларын қоздыратын музыканттар, әншілер немесе шешендер баяғы замандарда жартылай адам қалыпты болған бабаларының бір-бірімен тайталасу немесе көңілінен шығу үшін қолданған әдестерін пайдаланғалы жүргенін сезіп те, біліп те жүрген жоқ.
Алғашқы қауымдық қоғам эволюциясының көптеген проблемаларының ішінде тіл эволюциясының құрылу үрдісі - ең негізгілердің бірі. Австралопитектер, питекантроптар мен неандерталдықтардың қауымдастықтарындағы өзара қатынас құралдарын анықтайтын ешқандай құжаттар мен дәлелдемелер жоқ. Адамның ойлауының пайда болуы мен дамуы жөнінде де ешқандай мәлімет жоқ. Шын мәнінде барлық мәлімет қосымша сипатта, сондықтан біз бұл мәліметі тек шартты түрде ғана қабылдауымыз керек.
Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға тіл арқылы шығарылады. Тіл болмаса ешқандай ой да, ойлау үрдісі де болмайды. Жалпы алғанда, тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс және ол коллективтік бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын құрал болып табылады.
Барлық маймылдар, олардың ішінде адам тәріздестері де вокалданған жануарлар, олар үшін дыбыс шығару табиғи құбылыс. Бұл вокалдануда дыбыстардың екі түрі немесе дыбыстардың екі негізгі тобы болады. Осылардың ішіне қорқыныш, ашулану, т.б. сезімдерді білдіретін дыбыстар (олар әртүрлі жануарларда 20-дан 30-ға дейін болады). Сондай – ақ тіршілік шулары деп аталатын, маймылдардың үнемі шығаратын дыбыстары және олардың эмоционалдық күйлерімен байланысты дыбыстар.
Бұл
айтылған жағдайлардың барлығы негізгі
емес қосымша дәлелдемелер болғанымен,
ертедегі гоминидтердің дыбыс
Сөз жүйесінің алғашқы бастамасы қалыптасып келе жатқан қоғамдық және еңбек қатынастарының дамуына қызмет етуі қажет еді. Сөз дамып келе жатқан ойлау үрдісінің барлық функцияларын жүзеге асырып оның сыртқы көрінісін бейнелеуі қажет болды. Көптеген лингвистердің пікірі бойынша, ең алдымен, белгілі бір іс-әрекетті түйсіну, яғни тілдің дамуында бірінші етістіктіктің түбірлері пайда болды. Сол сияқты, сөздер ғылымда ортақ еңбек үрдісінде атқарылған жұмыстар кезіндегі айтылған дыбыстардан құралған деген гипотеза пайда болды. Бұл гипотеза бойынша, алдымен етістіктердің іс-әрекеттің белгілі бір түріне сәйкес болатын түбірі пайда болған да, кейіннен сөз бен сөйлемдердің басқа мүшелері пайда болған. Неміс антропологы М.Мюллердің гипотезасының мәні осылай еді. Дәл осындай жолмен қоғамдық еңбек үрдісінде бірте-бірте ақыл-ой қалыптасқан болуы керек.
Сонымен қатар, іс-әрекетке қарағанда, объектіні айқындап белгілеу маңыздырақ. Олай болса, зат есімдік түбір, аз мөлшерде болса да, етістіктік номинациямен қатар қалыптасуы қажет болды. Лексиканың құрамын анықтау қиындау – оның гоминидтерде қорек ретінде пайдаланған өсімдіктердің, аулаған аңдарының, еңбек құралдарының аттары, жақын туыстық қатынастарының аталуы сияқты немесе аз ғана қажетті етістіктер жиынтығы болуы мүмкін екендігін жорамалдауға болады. Осы лексиканы пайдалану нәтижесінде белгілі бір іс-әрекеттердің бағытын білдіретін сөздер пайда болуы мүмкін. Алғашқы қоғамдағы ойлаудың жүйелі болмауы, түсініктердің кең мағынасын білдіре алған жоқ. Дегенмен, бірте-бірте тілдің сөздік құрамы ұлғайып, оның операциялық аумағы, яғни тілдің белгілі түсініктер арасындағы қатынастарды неғұрлым дәлірек білдіретін бөлігі дамып, жетіле түскендігін сенімді айтуға болады. Мустьерлік кезеңнің өзінде-ақ идеологияның алғашқы белгілері пайда болып, тілдің одан әрі байи түсуіне жағдай жасалды. Ең соңында, жалпыға бірдей түсінік бойынша, қазіргі заманғы адам түрінің пайда болуына байланысты тілдің дамуы ең жоғары деңгейіне жетіп, оның бүкіл әлем тілдерінің барлығына тән құрылымы түзіліп, қалыптасты.
Ертедегі аңшы, балықшылардың, т.б. бір кездері өте шектеулі болып есептелген лексиконының мұқият зерттеуден кейін өте кең ауқымды екендігі анықталды (Австралиялық аборигендерінің өздерінде ақ – 10 мыңнан аса сөз, яғни кез келген европалық тілдерден әлдеқайда көп). Грамматикаға байланысты да дәл осыны айтуға болады. Бір ғана етістіктің түрлерінің саны бірнеше жүзге дейін жететінін көптеп кездестіруге болады. Көптеген қарапайым тілдердің тағы бір ерекшелігі – олардың синтаксистерінің жеткіліксіз дамуы. Алайда, бұл мәдени даму деңгейінің төмендігін білдіреді деп тұжырымдау қиын. Өйткені, тіпті ең жоғары дамыған елдер халықтарының ауызша тілінде жеке сөз тіркестері жазба тілге қарағанда өте қысқа болып келеді. ХХ ғасырдың басында бір белгілі ғалым - лингвист Германиядағы бір кирханың сөздік қорын зерттеп, бір жыл ішіндегі олардың әртүрлі тіршілік жағдайларында пайдаланатын сөздерінің жалпы саны 400-ден аспайтынын анықтады.
Адамдарда
түсінікті сөз сөйлеудің
Мидың үлкен жартышарларының функционалдық ерекшеленуі тұқым қуаламайды және адамның жаңа туылған кезінде байқалмайды. Алайда кейбір ғалымдардың пікірінше, адамның тез сөйлеп үйрену қабілетін қамтамасыз ететін тұқым қуалайтын механизмдер болуы мүмкін. Жануарлар миының үлкен жарты шарларының қабығы функционалдық жағынан жіктелмеген. Кейбір ғалымдар, адам мен жануарлар арасында тек сандық ерекшеліктер ғана бар деп тұжырымдайды. Дегенмен, бұл пікірді жоққа шығаратын фактілердің бірі маймылдарды сөйлеуге үйретудің ешқандай оң нәтиже бермегендігі. Жануарлар шығаратын түрлі дыбыстар тек қана белгілі бір хабарды ғана білдіріп, мидың қабық асты бөлігі арқылы басқарылады. лкен жарты шарларының қабығы алынып тасталынуы бұл қасиетке ешқандай әсер етпейді.
Бірақ ғалымдардың көпшілігі адамда сөйлеу қасиетіне жауап беретін тұқым қуалаушылық механизмдердің бар екендігі жөніндегі пікірге қарсы. Бұл түсінікті де, себебі, тіл- эволюция нәтижесінде пайда болған және әлеуметтік қарым-қатынастар арқасында дамыған құбылыс. Оның үстіне, сөйлеу мен ойлау үрдістері эволюциясының негізгі факторларының бірі адамның әлеуметтік-еліктеу қабілеті деп саналады. Еліктеу мен ойлау қабілетінің негіздері адамның балалық шағында (5-6 жасында) қалыптасады. Бұдан кейінгі кезеңдерде қалыптасып біткен адам баласынан толыққанды қоғам мүшесін жасау өте қиын. Бұған аңдар арасында өскен балалар туралы мысалдар дәлел бола алады. Сәби кездерінде аңдар арасында өскен балалар (Мауглидің әдеби прототипі), кейіннен адамзат қоғамында ары қарай тәрбиеленгенмен, сөйлеуді де, тіпті дұрыс жүруді де үйрене алмады. Маугли қасқырлардың интеллектуалдық деңгейінде қалып қояды. Екінші бір адам баласы (Тарзан) маймылдар арасында өсіп кейін сөйлеуді де, адам сияқты жүруді де үйрене алмаған. Сондықтан, адам туралы қазіргі заманғы мәліметтерге сүйене отырып, тіл мен ойлаудың негізі адамның әлеуметтік-еліктеуші қызметі деуге болады.
Тіл
қарым-қатынас түрі ретінде адамның
биологиялық эволюциясын
Қазіргі кезде, көпшілік мойындаған көзқарас бойынша, алғашқы қауымдық қоғамдағы тілдің жағдайы алғашқы қауымдық лингвистикалық үздіксіздік арқылы сипатталады. Бұндай жағдай алғашқы қауымдағы төменгі аң аулаушылар, балық аулаушылар, т.б. қоғамдарында байқалып, әсіресе Австралия аборигендерінде жақсы зерттелді. Оларда толып жатқан тілдер мен олардың варианттары – диалектілер көп болды. Егер бір-бірінен салыстырмалы түрде алыс тұрған тілдер бірқатар ерекшеліктері арқылы ажыратылса, ал көршілес тілдер өзара түсінушілік жағынан бір-біріне жақын болды. Бұл жерде ерекше бір спектр бар сияқты: ондағы бояулар түрліше болғанымен, дискретті емес, бірі екіншісіне біртіндеп ауысып отырады. Бұндай жағдай бастапқы тілдердің жіктелуіне ғана емес, түйісу аймақтарындағы бір-бірімен өзара әсер етулеріне байланысты қалыптасты. Бұл өзара әсерлерде топ аралық байланыстардың рөлі де ерекше болды.
Алғашқы
тілдің негізгі жиынтықтары
Әдетте, тіл бойынша жалпылық, этникалық жалпылықтармен, яғни ортақ мәдениеттегі (тілді де есептегенде) адамдар жиынтығымен байланысты.
Тіл
- ұлттың қасиеті, қарым-қатынас құралы.
Бүгінгі таңда үш мыңнан аса тіл
бар. Бірақ техника мен байланыс
құралдарының дамуына байланысты тілдер
арасындағы шектер жіңішкеріп бара жатыр
деуге болады. Қазірдің өзінде әрбір ұлттың
тілінде “бөтен” сөздер өте көп. Ғылыми-техникалық
революцияның жетістіктерімен бірге әлемде
жаңа терминдер көптеп пайда болып, ұлттар
арасындағы сөздік алмасулар көбейіп
отыр. Келешектегі адамзат қоғамында әлемдік
цивилизацияда негізгі болып саналатын
ұлттардың тілі негізінде құралған бір
немесе бірнеше тіл болуы мүмкін. Мүмкін
олар ағылшын, испан, қытай, урду және хинди
тілдері болуы мүмкін.
Ойдың және сөйлеудің дамуы
Әркім өзінің басындағы
ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін
оған
лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де
шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте
тығыз байланысты. Адам өзінің сөйлеу мәдениетін жетілдірмейінше, жоғары
ақыл мәдениетіне жете алмайды.
Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша
сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық
сөйлеу. 2. Монологтық сөйлеу. Диалогтық
сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.
Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі,
әңгіме, баяндама, лекция және басқа да
түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір
адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы
сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша
монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып
бөлінеді.
Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі
бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің,
жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді.
Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп,
іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің
бұл сипаты – оның мәнерлілігі.
Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда
мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды
ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып
шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі
интонациямен, мимикамен, ишаралармен
білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай
мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға
жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып,
оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі
түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу -
өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере
білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай,
нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп,
тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.
Дұрыс сөйлей білген адам өз ойын, айтқанын
тыңдаушыға толық түсіндіре біледі. Адамдар
оны ауызша диалогтық, ауызша монологтық
және жазбаша сөйлеуде әртүрлі жолдармен
жүзеге асыра алады. Бұл сөйлеу түрлерінің
арасында психологиялық айырмалар да
баршылық. Мысалы, ірі жазушылардың көбісі
ауызша сөйлеуге шебер болмаса, керісінше,
бірқатар шешен адамдар өз ойын жазып
жеткізуге шорқақ.
Психолог – ғалым Б.М.Теплов өзінің «Психология»
кітабында (Алматы, Қазмемоқупедбас, 1953
жыл) диалогтық, жазбаша сөйлеу туралы
былай дейді: «Диалогтық сөйлеуді кейде
қосталған сөйлеу деп атайды. Мұның мәнісі:
әңгімеге қатынасқан адам сөйлеушіге
сұрақ қою, жауап қайтару, қарсы пікір
айту арқылы қостап отырады, егер бұл текті
қостау тоқталса, сөйлеу мен монологқа
айналады, немесе адам сөйлеуді тоқтатады...
Жазбаша сөйлеуді қосталмаған сөйлеу
деп атауға болады.
Қосталған сөз қосталмаған сөйлеуден
жеңіл болады. Онай болатын себебі – сөйлеушілер
бір жай-күйді әңгімелеп отырғандықтан,
қабылдап отырғаны бір нәрсе болғандықтан,
бірін-бірі оңай ұғынысады; кейде сөзді
айтып аяқтап болмай-ақ, не екенін түсіне
қояды...
Мұндай сөйлеу көп жағдайда ым-ишарамен
толықтырылады. Қорыта айтқанда, диалог
сөздің құрылысына және өрістетіп айтылу
жақтарына онша көп талап қойылмайды.
Ал жазба сөйлеу басқаша құрылады; онда
барлығы ақырына дейін толық баяндалуы
керек. Жазба сөйлеу барынша кең және байланысты
түрде құрылуы қажет».