Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 09:33, контрольная работа
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады.
1.Психология пәні,міндеттері
2 Психологияның зерттеу әдістері.
3. Психологияның салалары.
4.Психологияның жеке ғылым ретінде калыптасуы
5. Кеңестік психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы
6. Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасқан уақытынан басталатын дамуы, XIX ғасырдың екінші жартысындағы әр түрлі мақсаттағы және зерттеудің әр түрлі әдістерін пайдаланатын өзара ауыспалы теориялардың үздіксіз күресіне ұштасты. Бірақ XIX ғасырдың соңындағы теориялардың барлығы және XX ғасырдың теорияларының бір бөлігі сананың интероспективтік психологиясының төңірегінде жасалды. Бұл теория психологиялық зерттеулер пәнінің шынайы қоршаған ортадан және адамдардың практикалық әрекеттерінен тыс қаралатын, адамға түсінікті уайымдар аумағының шектелеуімен сипатталады. Сана мен мидың ара қатынасы туралы мәселе дуализм ұстанымының басымшылығымен осы теориялар арқылы шешімін табады.
Сананың құрылымының, мазмұнының және белсенділік деңгейінің әр түрлі сипатталуы - интероепективтік психология шеңберіндегі теориялар арасындағы негізгі айырмашылық болып саналады. Ереже бойынша, сипаттамалардың біреуі жетекші ретінде айқындалды. Әдетте, осының негізінде сананың идеалистік психологиясының бес түрін атап көрсету қажет: сана элементтерінің теориясы, негізін салушылар В. Вундт және Э.Титченер, Вюрцбургск психология мектебінің кейбіреуінің осыған қатысы бар:
сана актілерінің психологиясы, Франц Брентаноның атымен байланысты;
сана ағымының теориясы, Уильям Джемс жасаған;
гештальт психология - ерекше аумақтар теориясы;
Дительдің сипаттамалық психологиясы.
Қоршаған жаратылыспен
Осы кезде психологияда
Адамның мінез-құлқын қадағалауға мүмкіндік беретін құралдарды жасауды талап етуші, капиталистік өндіріс әдісінің дамуына байланысты пайда болған, көптеген практикалық мәселелер алдында "сана психологиясы" әлсіз болды. Бұл XX ғасырдың екінші онжылдығындағы пайда болған психологияның жаңа бағытына әкелді. Бұл бағыттың өкілдері психологиялық ғылымның жаңа мағынасын жариялады. Оған психика да емес, сана да емес сырттан бақыланбайтын, адамның қозғаушы жауап қайтаруларының жиынтығы ретінде түсіндірілетін мінез-құлық енді. Бұл бағыт "бихевиоризм" (ағылшын тілінен Ьеһаvіоиг-"мінез-құлық") деген атқа ие болды. Бұл психология пәні жайлы көзқарастардың дамуының үшінші кезеңі еді. Бихевиоризм негізін салушы Дж.Уотсон қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология міндеті деп білді. Бір онжылдық ішінде ғана бихевиоризм бүкіл әлемге таралды жэне психология ғылымының ең басты ықпал етуші бағыттарының біріне айналды. Сонымен, психология алғашқыда - жан туралы ғылым, содан соң психология - жансыз ғылым, соңында психология - санадан тыс ғылым. Психология пәнін осылайша түсіну келесі дағдарысқа тез алып келді. Расында, мінез-құлықты бақылай отырып, біз шындығында объективті фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай объективтік алдамшы немесе біздің әрбір қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің ойымыз, сезіміміз, тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей тұрып, мінез-құлықты білу мүмкін емес [1, 15 б].
Психология пәнін түсінудегі дағдарыстардың себебі болып аталған теорияларды қалыптастырған философияның әдістемелік ұстанымдары саналады. Осылайша сана психологиясы тұрмыс пен сана арасындағы, объективтік пен субъективтік арасындағы қатынастардың негізгі мәселелерін идеализм принципі тұрғысынан шешті. Бихевиористер бұл проблемаларды вульгарлық материализм принципі тұрғысынан шешті. Олар үшін материалдық пен психикалық арасында айырмашылық болмады. Осылай, жалған бастапқы философиялық принциптер психология пәнін айқындауға жол бермеді.
Осы тығырықтан диалектикалық материализм философиясы шығарды. Диалектикалық материализм барлық тіршіліктің бір ғана көзін - материяны мойындайды, ал психиканы, ойлауды, сананы материядан туындайтын, екінші ретінде қарастырады. Осылайша, философиялық материализм монистикалық ілім, материалистік монизм (грек тілінен: "монос" - жалғыз) болып табылады. Ол ғылым мен тәжірибенің мәліметтеріне сүйене отырып, олардың дамуына байланысты өзінің қорытындыларын анықтай түседі және тереңдетеді.
Диалектикалық материализм көзқарасы бойынша материя бірінші болып саналады; психика, сана - бұл екінші, объективтік шындықтың мида бейнеленуі. Бұлайша материалдылылық (шынайы заттар мен құбылыстар) пен идеалдылылық (олардың сезімдер, ойлар және басқалар түрінде бейнеленуі) өзара қарама-қайшы болады. Егер ақиқаттың мидағы бейнеленуінің физиологиялық механизмін қарастырсақ, онда сезімдер, ойлар, түйсінулер және т.б. мидың -материалдық мүшенің - қызметі, сыртқы тітіркену қуатының сана айғағына айналуының нәтижесі болғандықтан, идеалдылылық пен материалдылылық айырмашылығы абсолюттік сипатта емес,салыстырмалы сипатта болады. Психика мен сана ми қызметінен бөлінбейді және де басқа ешқандай амалмен білінуі мүмкін емес.
Психиканы, сананы және материяны осылайша түсіну дүниенің материалдылығы туралы диалектикалық материализмнің бастапқы бабымен тұтастай келіседі. Дүниеде мәңгілік қозғалыста болатын және әр түрлі қасиеттері бар мәңгілік материядан басқа ешқандай бастау жоқ. Сонымен қатар, материя қозғалысы дегеніміз тек орын ауыстыру ғана емес, оның кез келген өзгеріске ұшырауы. Бұған материяның дамуы да, оның жаңа қасиеттерінің пайда болуы да жатады.
Материяның дамуы дегеніміз - оның төменгі түрлерінен жоғары түрлеріне өтуі, материя қозғалысының төменгі түрінен жоғары түріне өтуі. Алғашқыда тек қана органикалықсыз материя, өлі табиғат болды. Материяның белгілі бір даму сатысында, оның ұзақ та көп жылғы эволюциясының нәтижесінде органикалық материя пайда болды, материя қозғалысының жаңа түрі, оның жаңа қасиеті - өмір пайда болды. Материя дамуының үрдісінде өсімдіктер, жануарлар және ақырында адам өзінің санасымен - материяның ең жоғары туындысымен пайда болды.
Кеңес
психологиясына сүйенетін, диалектикалық
материализм дәрежелерінің
Материя тұтасымен бейнелеу қасиетіне ие. Психика мидың қызметі, материяның қасиеті бола тұра, бейнелеудің ерекше түрі ретінде, психиканың дамуының шарты ретінде білінеді. Бейнелеудің арнайы түрі болып, психика, материяның даму үрдісі кезінде, оның қозғалысының бір түрінен басқа түріне ауыса отырып пайда болады. Биологиялық эволюция барысында заң жүзінде пайда болған психика оның маңызды факторы болып табылады. Бейнелеу ағзаның ортамен неғұрлым кең көлемді көптеген байланысқа түсуін қамтамасыз етеді.
Сыртқы, физикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни өзінен тәуелсіз әрі тысқары объективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ. Кез келген психикалық акт - бұл шынайы шындықтың бөлшегі: біреуі болмаса басқасы, біреуі де, басқасы да. Психиканың өзіндік ерекшелігі болып оның болмысының шынайы жағы да, оның бейнесі де болуы есептеледі .
Сонымен, психиканың қызметі шындықтың қасиеттері мен байланыстарын бейнелеуден және осының негізінде адамның әрекеті мен мінез-құлқын реттеуден құралады. Психикаға диалектикалық-материалдық көзқараспен қарау, психиканың шындықтан ажыратылған және оған ешқандай қатысы жоқ тұйық дүние емес екендігін көрсетеді.
Диалектикалық
материализм принципінің
Психика заңдылықтарын анықтау, заңды деп санауға болатын байланыстар мен қатынастарды анықтау міндеті ғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік заңдылықты анықтауды ғана емес, оның әрекеттерінің саласын, сонымен бірге оның әрекет жасай алатын ғана жағдайларын табуды талап етеді. Сондықтан психологиялық айғақтармен бірге психологиялық заңдылықтар да психологиядағы зерттеудің тақырыбы болып саналады.
Бірақ
заңды байланыстарды білу, заңдылықтарды
айқындауға себепші болатын нақтылы механизмдерді
өздігінен ашпайды. Психология міндетіне
психологиялық айғақтар және заңдылықтармен
қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін
орнықтыру да кіреді. Ал механизмдер осы
немесе басқа психологиялық үрдісті жүзеге
асыратын нақтылы анатомо-физиологиялық
аппараттардың жұмысын қажет ететін болғандықтан,
психология бұл механизмдердің табиғаты
мен әрекетін басқа ғылымдармен бірге
зерттейді. Мәселен, ұзақ мерзімді және
қысқа мерзімді естің негізіне әр түрлі
механизмдер жататыны белгілі.
Пайдаланған әдебиеттер