Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 08:43, реферат
психология ғылымы адамның жан дүниесін зерттейді. ол мынадай салаларға бөлінеді:
Психология ғылымының салалары
Сонымен, қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:
Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.
Педагогикалық
психология - адамға білім және тәрбие
берудің психологиялық
Медициналық
психология - дәрігердің іс-әрекетінің
және аурудың мінез-құлқының аспектілерін
зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден
тұрады: психикалық құбылыстардың мидың
физиологиялық құрылымдарына
нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.
Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.
Әскери
психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі
адамның мінез-құлқын, басшылар мен
олардың қарамағындағылар арасындағы
қатынастардың психологиялық
Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.
Психология
тармақтарын жіктеудің негізі ретінде
дамудың психологиялық
Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады [5, 24 б].
Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.
Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әр қилы механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этиология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.
Әлеуметтік
психология - адам мен қоғам арасындағы
қатынас мәселелерімен
Қоғамдағы
адамның қасиеті мен
Басқару психологиясы адам әрекетін тиімді түрде ұйымдастыру, басшылық ету ретінде қарстырылып, ұйымдастырудың белгілі бір мақсатын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап-тілектерін ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін дұрыс жолға қою мәселелерін қарастырады.
Көркем, әдебиет пен ғылыми-шығармашылыққа қатысты психология. Соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы ішкі түйсігі, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Бұл сала бойынша әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары туралы мәселелер қарастырылады. Психологиялық аспектілерді қазіргі замандағы маңызды мәселелер ішінен (бейбітшілікті сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты меңгеру жэне т.б.); адамдардың күнделікті өміріндегі сауалдардан (тұлғалар арасындағы дау-дамайларды шешу, эмоционалдық күйден шығару және т.б.) байқауға болады. Бұл табиғи құбылыс, өйткені бұл мәселелер қалайда болмасын адамға қатысты, мұндай кезде бізді алдымен оның психикасы қызықтырады [6, 15 б].
Жалпы психология салаларының ішінен ерекше орын алатынын айта кеткен жөн. Ол басқалармен бір қатарда тұратын психология ғылымының тармағы емес: бұл - психология айқындаған жалпы заңдылықтарды сипаттау кезінде қолданылатын ерекше атау. Психологияның тарихы мен әдістемелерінің, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және байланысының жалпы заңдарын зерттейтін теориялары мен әдістерінің мәселелерін шешу жалпы психологияның міндеттеріне жатады. Ол танымдық және практикалық әрекеттерді зерттейді. Жалпы психология саласындағы зерттеудің нәтижесі - психология ғылымының барлық саласы мен бөлімдерінің дамуына негіз болады.
Жалпы психология, пәні психологияның жалпы теориялық ұстанымдары мен маңызды әдістері туралы ғылыми ұғым береді. Қарастыруға ыңғайлы болу үшін, бұл ұғымдар үш негізгі дәрежелерге біріктіріледі: психикалық үрдістер, психикалық күйлер және психикалық қасиеттер, немесе ерекшеліктер, тұлғалар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді.
Қандай
күрделі болса да барлық психикалық
құбылыстардың материалдық