Психология тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 21:02, реферат

Описание работы

ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған «өмір философиясы». Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде екеуін ғана атап өтелік. Бірінші бағыт «өмірді» табиғат заңдарына жақындастырып, қоғам заңдарынан аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен жауыздықты қарсы қойғаны соншалық, фашистік идеологияға алып келді. Мұндай бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған.

Работа содержит 1 файл

1940___.docx

— 49.14 Кб (Скачать)

ГУССЕРЛЬ Эдмунд (1859-1938)-нем. философы, феноменологиялық мектеп дейтіннің  негізін қалаушы. Оның философиясының түп төркіні-Платонның, Лейбництің, Канттың Брентанонның ілімі. Г-дің  алғашқы жұмыстарының теориялық  программасы- философияны  «қатаң ғылымға» айналдыру. Осы мақсатпен ғыл. ойлаудың категориялық негіздерін таза түрде бөліп шығаруға тырысу қажет. «Фнеоменологиялық редукцияны », мәдениет, тарих, жеке факторлар әкелетін қыртыс-қатпарлардан «деректі» тазартуға мүмкін болатын әдісі Г. олады табу құралы деп есептеді. «Феноменологиялық редукцияның» нәтижелеріне, қандай да блсын өз бетінше түсіндіруден ада феномендер дүниесіне жасалған талдау Г-ды феномендер деңгейлерінің және Платон идеализмі рухындағы мәндердің ерекше аясы бар екені туралы қорытындыға келтірді. Рас, соңғылары ерекше «патшалық» түрінде өмір сүрмейді, тек «мәнге» ие болады. Алайда Г. көзқарасы субъективті-идеалистік көзқарас, таным заты субъект «итенционалдық актілерді» жүзеге асырғанша, сананы белгілі бір затқа бағыттағанша өмір сүреді, оның үстіне зат тек осындай әдіспен табылып ғана қоймайды, сонымен бірге жасалады да. «Кейінгі» Г. философияны «қатаң ғылым» ретінде жасау әрекетінен бас тартып, жекелеген субъектілердің ойлау және сезімдік қызметінің нәтижесі болып табылатын «тіршілік дүниесін» зерттеуге назар аударды. Бұл жерде ол осы пәнді бейне бір зерттеуге қабілетсіз ғылым ретінде сынады. Г. идеялары бурж. философиясының кейінгі өркендеуіне зор ықпал етті. Г-дің обьективтік идеализімінің элементтері Н. Гартманның «сыншыл онтологиясында» және АҚШ пен Англияның жаңа реалистік мектептерінде дамытылды, ал Г-дің субъективтік идеализімі нем. экзистенциализіміне көп дәрежеде негіз болды. 

Персонализм  (лат. Perona-жеке адам ) – Лейбниц монадологиясынан басталып, 19ғ-дың аяғы мен 20ғ-дың басында философияда таралған идеалистік ағым. П-ның ерекше белгісі-«тұлғаны» бастапқы реалдылық және ең жоғары рухани құндылық деп тануы, және де «тұлға» болмыстың рухани басқы элементі ретінде ұғынылады. Дүниенің ғыл-материалистік тұрғыдағы түсінігіне П. табиғат – рухтар «тұлғалардың» жиынтығы деп есептейтін концепцияны  (Плюрализм)қарсы қояды. «Жоғарғы тұлға »- құдіретті құдай (тензм). АҚШ-та П. негізін қалаушы Б. Боуын (1847-1910) болды. П-ге АҚШ-та, содай-ақ, М. Калкинс (1863-1930) пен А. Кнутсон (1873-1964) қосылды. Амер.философиясындағы оның басты өкілдері мыналар: Калифорния мектебінің лидері Р. Флюеллинг (1871-1960) пен Бостон мектебінің лидері Э. Брайтмен (1884-1953). Бұлардың бәрі де П-ді протестанттық  теологиямен байланыстырылады. Англияда П-ның неғұрлым белгілі өкілі Х. Керр (1857-1931), Германияда- психолог В. Штерн (1871-1938) болды. Алайда олардың ілімінде амер. персоналистеріне тән теология мен тікелей байланыс болған жоқ. Негізгі әлеум.міндет, П-ге сәйкес, дүниені өзгерту емес, «жеке адамды» өзгерту, яғни оның «рухани жағынан өзін-өзі жетілдіруіне» жәрдемдесу. Француз персоналистері ерекше бағыт ұстанады, олардың негізін қалаушылар- Э. Мунье (1905-1950) және К. Лакруа (1900ж.т.). «Esprit» журналының төңірегіне (1932ж. негізі қаланған) біріккен интеллигенцияның бұл тобы фр.қарсыласу қозғалысына қатысқан, ал қазір бейбітшілік пен бурж. демократияны қорғау жолында күрескер соршыл католиктік топтардың өкілдері болып табылады.

Ясперс Карл (1883-1969)-нем. экзистенциализмнің көрнекті өкілі. Өз қызметін психиатр ретінде бастады. Психопатологиялық  құбылыстардың («Жалпыға бірдей психопатология»,1913). Я. жеке адамның құлдырау бейнесін емес, қайта адамның өз даралығын ширыға іздестіруін көреді. Осы жанға  батарлық ізденістерді нағыз философияға салынудың ұйытқысы деп санаған Я. мынадай тұжырымға келді: дүниенің кез келген рационалды көрінісін басқаша айтылатын бірдеңе ретінде, ешқашан ақырына дейін ұғынылмайтын жан құлшыныстарын «рационализациялау» ретінде қарауға болады, ол бар болғаны «болмыстың шифры» болып табылады және әрқашан түсіндіруді қажет етеді. Я. бойынша, философияның негізгі міндеті мынада: «шифрдың» мазмұнын ашу керек немесе, ең бомағанда, адамның (ғылымның, өнердің, діннің және т. б.) барлық саналы көріністерінің негізінде экзистенцияның ұғынылмайтын қызметі жатыр, дүниеде үстемдік ететін парасатсыз нәрсе дегеніміз асқан далалықтың көзі деген жағдайды айқындау керек («Парасат және экзистенция,»1935). Я. экзистенциализмінің ерекшелігі оның шекаралық жағдайлар туралы ілімінде бәрінен айқын аңғарылады. Я. пікірінше, болмыстың шын мағынасы аса терең күйзелістер (ауру,өлім, кешірілмес күнә және басқ.) кезеңінде ашылады. Нақ осы сәттерде «шифр күйрейді»: адам өзінің күнделікті қам – қарекетінен («дүниедегі нақты болмысынан») және өзінің идеалдық мүдделері мен өмір шындығы туралы ғыл. түсініктерінен («трансценденталдық өзіндік болмысына») арылады. Оның алдынан өзінің оңаша тіршілігінің («экзистенцияның нұрлануы») және оның құдайды (трансценденттік) танып білу кезеңінің есігі ашылады («Философия »,1932). Шекаралық жағдай туралы ілім Я. үшін «қырғиқабақ соғыстың» «мәдени-психол. «құнды жағып» қорғауға негіз болды («Атом бомбасы және адамзат болашағы»,1958).          

 

Сартр  Жан Поль (1905-1980) – фр. атеистік  экзистенциализмнің негізін салған фр. философы әрі жазушысы С-дың филос. көзқарастары қайшылықты болып келеді. Оларда Кьеркегордың, Гуссеодың және З. Фрейдің идеялары ерекше түрде байланыстырылған Маркстік философияға назар аударып, оның негізін экзистенциалистік антропология және психиологтясын «толықтыруға»тырысты. С. концепциясы тұтастай алғанда эклектикалы. Оған идеализм мен материализм арасынан аралық жол іздеу, олардан асып түсуге әрекеттену тән. экзистенциализнің «өмір сүру мәнінен бұрын болады» деген негізгі идеясын бетке ұстап, С болмыстың екі түрін: объективті шындықтың орнына қойылаатын «өзіндегі болмыспен» және «адам реалдылығымен»яғни санамен бара-бар «өзі үшін болмысты» түбегейлі қарсы қою негізінде өзінің «феноменологиялық онтологиясын» жасады, . Болмыс пен сананы бір-бірінен айыруы С-ды дуализмге әкеледі. Сана табиғаты өзгеше болмыстың себебі бола отырып , С-дың ойынша, «болмыстың жоқ болуы», ондағы сызат, «ештеңе емес», бірақ тек сана ғана    көзі болып табылады, сылғырт, қисынсыз өмірге мағына береді. С. өзінің концепциясын диалектикалық деп атайды, бірақ диалектиканы индетерминизмді дәлелдеудің әдісіне айналдырады. Оның диалектикасы нағыз негативтік, сипатта. Оның аясы сана саласымен шектеледі, ол табиғатқа мүлде жақындатылмайды. С. моральдік көзқарасына таза субъективтік шектен шыға алмайды. Мұнда бостандық  негізгі категория танылады. Индивидуалдық сана аясында қарастырылған  бостандық адам тіршілігінің мәні, іс-әрекеттің қайнар көзі және адамның өмір сүруінің бірден бір  мүмкін жол ретінде көрінеді: «адам әрдайым және толығымен бостандықты, әйттпесе ол мүлде жоқ ». С. моральдық объективті принциптері мен критерийлерін , адам  мінез-құлқының объективті себкптілігін жоққа шығарады . С-дің түсінігінше, әрбір адам «өзі өзі үшін заң ойлап табуға », өзін «жобалап», өзіне жеке мораль таңдауға мәжбір .    

 

Гуссерльдің иррационализмге жуық феноменология деген ілімі адамның сана-сезіміндегі қалыптасқан құрылымдарды зерттеген. Алдымен феноменологияны «таза ғылым» есебінде көруге әрекеттенген Гуссерль құрылымдардың тәжірибе мен сынаққа жатпайтынын жоспарлап, оларды логика және математиканың ұғымдарына жақындатқысы келді. Кейіннен Гуссерль ғылым жолынан иррационализмге бүтіндей ауып, құбылыстарды «өмір әлеміне» көшіріп, оларды теориялық және практикалық қызметттің негізі деп санады.

Идеализмнің біздің заманымыздағы  етек жайған бөлігі – дін философиясы. Батыс елдерінде ол алдымен неотомизм, яғни Ватиканның философиясында кеңінен  қолданылып отыр. Өкілдері Францияда  тұратын Э. Жильсон мен Ж. Маритен  т.б. Ал неотомистер болса, олар Батыс  Европа мемлекеттерінде жиі кездеседі. әулие Фома академиясының философия  институтында, католиктік институттар  мен университеттерде неотомизм  философиясы үнемі насихатталып отырады. Сондай-ақ оның идеологиялық ықпалын кітап, газет-журналдардан да айқын аңғаруға болады.

Өзінің концепциясы жағынан  неотомизм материализмге де, субъективтік идеализмге де қарсы шыққан объективтік  идеалистік ағым. Ол қарама-қарсы ғылым  мен діни нанымды, сенім мен парасатты  біріктіргісі келеді. Сонымен бірге  ол нұрлану мен тәжірибенің , сынақтың аңдаушылық пен нақты істің, жекелік  пен жалпылықтың қосылуын көздейді. Ол үшін құдайға сенушілікті толық  мойындап, теология негіздерін ғылыми тілге аударуды ұсынып, сол салада көп әрекеттенуде. Біздің әлем ол түсінік  бойынша құдай жаратқан көптеген бөлшектер мен қабаттардан тұрған секілді. Неотомизмнің философиялық негізінде  Фома Аквинский өзгерткен Аристотельдің  әлем бейнесі жатыр.

Бұл философияның таным теориясының  астарында метафизикалық әдіс (яғни «бірінші философия») жатыр. Оның бастамасы  – таза болмыс, оның ажырамайтын  қасиеттері бірлік, ақиқат, игілік және әсемдік. Осы қасиеттердің  арқасында құдайдың таза болмысын тануға болады. Неотомизм, аналогия бойынша, жергілікті нәрселер мен заттарды, құбылыстарды салыстыра отырып, құдайдың нұрлануын көруге болады деп үйретеді.

Неотмизмнің болмыс туралы ілімі онтологиясында құдайдың атқаратын  қызметі зор. Табиғат концепциясында накты іске  асқанмен келешекте іске асу ұғымдары да жатывр. Әр нәрсе, зат, құбылыс мүмкүндік күйінде болса, жаратқан тәңірі сол мүмкіндіктерді шындыққа айналдырып, заттар мен құбылыстардың пайда болуына жол ашады.

Қазіргі кезде Шығыста  неотомизмнің орнына ислам дінінің, оның философиясының орны ерекше. Мұсылман философиясының ХХ ғасырға дейін  сақталған иррационализмді қолдайтын  бағыты – суфизм. Ол алдымен бір  жағынан исламға қарсы шыққанда, екінші жағынан шығыс аристотелизмімен де келіспеген. Суфизм мистикалық,  сана – сезімге сенбейтін бағыт. Ертеден келе жатқан хал ілімінде адам бірден нұрлану нәтижесінде құдайға жол ашуы мүмкін. Ғазалидің күшімен суфизм ислам өкілдерінен бата алған, бірақ осы уақытқа дейін көптеген дін әуесқойлары мұны таза мұсылмандық емес деп ол ілімге қарсы шығып отырған. Хал жүйесі сияқты біздің кезімізге дейін Сухравардидің ишрақ ( мистикалық нұрлану ), Хамаданидің вахдат аль вуджвуд ( болмыс бірлігі ) деген ілімдері сақталды.

Суфизмнен басқа идеализмге жататын ваххабизм бағыты сақталып келе жатыр. Оның өкілдері Абд әл-Ваххаб, Ибн Сауд т.б. дін философиясының түрін өзгерту, формаға салу керек  деп, исламда тарихи бұрмалау мен  қатеден арылтып, ілгерідегі оның таза түріне қайтарып, ежелгі Медина кезіндегі  күйге алып келу қажеттілігін жариялады.

Біздің заманымызда реформаторлық  бағыттан басқа панисламизм, ұлтшыл буржуазия мен мұсылман иелерінің  мүддесін қорғаған реакцияшыл ағым, әсіресе  фундаментализм басым болды.

Қазіргі кезде жер шарының  едәуір бөлігінде әлемдегі кеңінен  тараған діңнің бірі – ислам діні идеологияның жетекші формасына  айналып отыр.

ХХ ғасырдағы философияның ішіндегі ғылым мен техниканың өрістеуіне жақындау бағыттардың ең алдынғы  қатардағысы – неопозитивизм. Ол жаңа позитивизм аталып, бұрынғы позитивистік философияның негіздерін ашып, оны  жалғастырып, логика, математика және білімді формаландыру арқасында  ғалымдардың алдында үлкен абыройға ие болып, жалпы рухани өмірге зор  әсер етті. Бұл ілім эмпириялық негіздер мен теориялық аппараттың қарым-қатынасын  қарастырып, білімнің математикалық  және формальдық жақтарын зерттеп, ғылым  тілін логикалық талдау арқылы біраз  жетістіктерге де жетті.

Неопозитивизм басынан-ақ философияға  қарсы шығып, оны ғылым ретінде  қажетсіз деп дәлелдеуге тырысты. Сондай-ақ ол «метафизика» ережелеріне де қарсы  шығып, философия қағидаларының, әсіресе  оның негізгі мәселесінің мағынасыз  екендігін дәлелдеген болатын. Ал философияның негізгі мәселесін – адам ойлауының  болмысқа қатынасын – ол дөрекі, жалған мәселе деп қарайды. Ілгеріден  келе жатқан Дж. Беркли мен Д. Юмнан  шыққан субъективизм мен феноменализм бағыттарын жалғастыра отырып, неопозитивизм, дегенмен жаңа күрделі мәселелерді  қойды.

Вена үйірмесінен тараған  логикалық позитивизм (Р. Карнап, О.Нейрат, т.б.) конвенционализм ілімін алға шығарды. Олар ғылыми философия тек ғылыми тілдің құрылымы мен құрылысын ғана зерттеуі тиіс деді. Логикалық позитивистер «тұтас (бөлінбейтін) ғылымды» іздестіру  жолында оның іргетасы етіп «тікелей берілгендік» деген ұғымды алды. Ал бұл ұғымды эмпиризм болып аталды. Оның негізін қалаушылар АҚШ –  қа көшіп кетті де, ол жерде позитивизм концепциясына кейбір өзгерістер енгізді. Мысалы, бұрынғы «базис тілі» орнына енді «нәрсе тілі» деген пайда  болды, яғни адамның іштей сезіну тілінің орнына сырттай физикалық  құбылыстарды зерттейтін тіл орнықты. Верификация ( әрбір ғылыми сөйлемді эмпириялық жолмен тексеру кішірейтілді. Логикалық эмпиризм теориялық түсініктердің  мағынасын жете түсіндіре алмағандықтан, күшін жоғалта бастап, өз орнын  ығысып позитивизмнің басқа түрлеріне  беруге мәжбүр болды.

Логикалық позитивизмге қосылып, оның идеаларын әрі қарай дамытқандар  қатарына америка философиясында Ч. Моррис, П. Бриджмен, Львов – Варшава  логика мектебінде А.Тарский, К. Айдукевич  т.б. жатады. Бірақ позитивизм ішіндегі логикалық позитивизм мен эмпиризм әлсіреп қалғаннан кейін олардың  орнына лингвистикалық философия келді.

Эмпиризмнің орнына келген философияның шын аты – күнделікті тілдің философиясы, яғни лингвистикалық талдаудың философиясы. Ол да басқа  позитивизм түрлері сияқты, философия  тек қана ғылым ішінде болу керек, ал оның дүние-танымға қатынасы жоқ  деп есептейді. Бірақ бұл бағыттың ерекшелігі ол тілді ғылым тіліне жақындатудың орнына адамның қарапайым, күнделікті табиғи тілін зерттеуіміздің керек болғандығын дәлелдейді.  Сол жолмен ғылым көп қателіктерден арылып, ақиқат объектілерді қарастырып кетеді деп санайды. Жай, әдеттегі тілдің сөйлемдерін дұрыс пайдалана алмағандықтан жалған ойлар туады, сондықтан күнделікті тілді «тазартып», соның арқасында мағынасыз сөйлемнен арылуға болады дейді.

Неопозитивизмнің осы  түрлеріне АҚШ – та пайда болып, өрістеген лингвистикалық философияға  жақын логикалық прагматизм мектебі  болды. (У. Куайн т.б.) Олар да логикалық  позитивизм мен эмпиризмді философияның қадірін түсіргені үшін сынап, өздері көбінесе әлеуметтік философияға жақындай түсті. Біртіндеп ғалымдар арасында неопозитивизмнің абыройы жоғала бастады. Оған себеп болған нәрсе - өмір үшін өте маңызды әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді қарамағаны, логика, математика және форма жақтарын асыра дәріптеп, зерттеген заттардың мәнді жақтарын ұмытқаны, философиядан дүниетану, көзқарас функциясын алыр тастап, одан шеттету, философияның әлеуметтік маңызын кеміту. Кейінгі позитивистік ағымдар бұл  аттан жалпы қашып, айрылғысы  келді. Неопозитивизмнің қазіргі кезде  атының жоғалуына марксизм-ленинизм өкілдерінің де қосқан үлесі мол. Осылардың сынының арқасында  неопозитивизмнің нашар, босаң жерлері  байқалып қалды. Философия пәні –  ғылым тілін логикалық талдау дей отырып, неопозитивистер таным  процесіндегі формальдық логиканың  ролін асыра дәріптеді.

Неопозитивизмнің кейінгі  және көрнекті өкілі К. Поппер ғылыми – техникалық ойдың өрістеуін  ің нәтижесінде зат пен сана-сезімнене  басқа «үшінші» әлем пайда болады деген қорытынды жасады. Оған ойлаудың объективтік мазмұны, теориялық  жүйелер, кітаптардың, журналдық мақалалардың танымдық мәні жатады дейді.

Поппер білімнің өрістеуін  жануарлардың табиғи сұрыпталуымен  салыстырады, себебі ол үшін биологиялық  сұрыпталу мен білімнің өсуінің  арасында айырмашылық жоқ. Оның айтуы  бойынша, Эйнштейнге дейінгі білімнің өсуі бір жолмен келеді: ол жолдың мазмұны  – проблемалар, байқау және болжау, қателерді түзеу, маңызды сынау  жағының көбеюі, сонан кейін сөйлемдердің шындығының артуы. Биология мен философияны  қатар қойғаннан кейін Поппердің  таным теориясы дағдарысқа ұшырап, жалпы позитивизмнің күйреуіне  әкеліп соқты. Поппер өз өмірінде неопозитивизмге  қарсы болды. Сонымен бұл ағым өзінің эволюциясын аяқтады.

Информация о работе Психология тарихы