Психология тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 23:21, творческая работа

Описание работы

Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Содержание

1 Психологияның тарихы
1.1 Ежелгі дамуы
1.2 Ерте жаңа заман
1.3 Жаңа заман
2 Психология мәселелері
2.1 Психология ғылым ба?
2.1 Психология ғылым
2.2 Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

umida pgza psix.tarix.ppt

— 2.56 Мб (Скачать)

 

 

 

 

Қабылдаған: Исмаханбетова Б.

 

Орындаған:Алимова У.

 

Тобы: ППП-011

Психология тарихы

 

 

 

 

Жоспар:

   1 Психологияның тарихы

1.1 Ежелгі дамуы

1.2 Ерте жаңа заман

1.3 Жаңа заман

   2 Психология мәселелері

2.1 Психология ғылым ба? 

2.1 Психология ғылым

2.2 Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері

 Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

         Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

         Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — рух) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.

          Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар мен пейіл; тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

         

 

 

 

 

        Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

          Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.

         Ақыр соңында психология мен пәлсапа арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.)

          Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.    

          Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.

 

 

 

 

 

Психологияның тарихы

 

            Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

           Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан  Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.

            Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.

              19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.

 

 

 

 

Ерте жаңа заман

 

          1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.

          Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.

          Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.

 

 

 

 

Жаңа заман

          Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады. Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.

          Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.

         Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.

      

 

 

 

 

Психология мәселелері

 

         Психология оны оқыған адамдардың алған жағына қарай бірнеше мәселелермен кесіп өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ пәтуаға келмеген.

 

Психология ғылым ба?

 

         Әлі күнге дейін де бұл сұрақ қойылып отыр. Екі концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде қалыптасқан десе, екіншісі оны тек пре ғылым деп, талқыға салады.

        Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра аламыз.

 

 

 

 

 

 

Психология ғылым

 

          Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға сүйенген адамдарға психологиялық ғылым расында бар нәрсе екендігін тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді:

        Гипотезаларды ұсыну

        Тәжірибе немесе бақылау

        Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау

        Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту

           Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады.

 

 

 

 

 

 

         Психология салаларының топтастыруы мен оның әдістемелері

          1. Еңбек психологиясы Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .

           2. Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз.

        3. Медициналық психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.

        4. Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады.

         

 

 

 

 

            5. Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).

            6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді.

            7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.

            8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.

            9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.

 

 

 

 

 

  •  Пайдаланған әдебиет:

 

  •  1. Абилов А.К., Евдокимов В.В. Казахстан в древности. Учебное пособие. Кар., 1991.

 

  •  2. Акишев К.А. Древние кочевники и мировая цивилизация: генезис, проблемы, перспективы.// Вестник АН КазССР., 1991, №10.

 

  •  3. Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А., 1963.

 

  •  4. Аманжолов Қ. Р. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы. 1-2 кітаптар, А., 2004.

 

  •  5. Аманжолов Қ. Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2 кітаптар, А., 2002.

 

  •  6. Аспендияров С. Қазақстан тарихының очерктері. А., 1994.

Информация о работе Психология тарихы