Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:09, реферат
Сонғы 15-20 жыл ішінде казіргі психологияда қабылдау мәселесінің түбегейлі өзгерістерге ұшырағанын сіздер жақсы білесіздер. Осы тақырып төңірегінде бұрынғы бағыт пен қазіргі тәжірибелік зерттеу арасында қызу талас-тартыстың болғанынан да хабардарсыздар. Психологиядағы эксперименттік зерттеулер қабылдау туралы ілімді құрылым (гештальт) психологиясы тұрғысынан іздеетіріп, бұрынғы ассо-циация психологиясында ірге тепкен дәстүрлі әдістерге қарсы қойылды.
Сонғы 15-20 жыл
ішінде казіргі психологияда қабылдау
мәселесінің түбегейлі
Психикалық тіршілікте ассоциация
заңына негізделген басты
Жекелеген бытыраңқы нүктелер мен бөлшектер тұтас дене, не көрнекті тұлға қалай пайда болады? – деген қисынды сұрақ туьш, сол нәрселер мен тұлғалар бейнесін біз қалайша танып білеміз, әлде қалай қабылдай аламыз? деген мәселенің мәнін түсіну керек болады. Мұнлай сұрақтар психолотиядағы ассоциация бағытына тән болатын. Осындай сұрақтарға сәйкее қабылдау процесі де жекелеген нәрселердің бөлшектерінен өзара мөлшерлес шашыраңқы бөлшектерінің жинақталып көз кабығының торына әсер етуі арқылы көзбен көріп қабылдау процесін тудырады. Қабылдаудың бұл сипаты бойынша көз алдымызда тұрған нәрсенің бөлшектері көзге әсер етіп, олар мидың алаптарында қозу тудырады, өзара байланысып тұтасады да, орталық жүйке жүйесі арқылы бірігіп қабылдау процесін жасайды.
Қабылдау туралы ассоциация теориясының дәрменсіздігі бекерленіп, ол құрылым психологиясы тарапынан сыналады. Бұл бағыт – психикалық процестердің мәнін тәжірибе арқылы зерттеп, адам тіршілігіндегі психикалық кұбылыстардың бәрі де құрылымдық сипатта болады, нәрселерді көріп қабылдау тұтас түрде бейнеленеді. Сөйтіп дәстүрлі ассоциация психологиясының басты принциптеріне қарсы шықты. Құрылым психологиясын жақтаушылар қабылдаудың түйсіктен, елестен сапалы айыр-машылығы бар екенін және олардың жиынтығы емес екендігін көрсетті. Құрылым психологиясындағы мұңдай принцип пси-хикалық тіршшіктің өзге де процестеріне қатысы бар деген пікірді қолдап, бұл көзкарастың шындығын тәжірибеде зерттеу нәтижелерімен анықтады.
Осы орайда В.Келердің қолда өсірген тауыққа жасаған тәжірибесімен танысып көрейік. Тауық екі түрлі түсті нәрселердің қарапайым ассоциациялы қосындысы ретінде емес, олардың арасындағы айырмашылықты көрсететін жиекті тұтас түсірілген жарыққа лайықты қабылдаған. Түстердің шегі жарык беру арқылы өзгертілгенімен қабылдау жиегі бұрынғыша қалпын сақтап өзгермеген. Тәжірибенің бұл тәсілдері алдымен төменгі сатыдағы хайуанаттарға, одан кейін адам тектес маймылдарға, ақырында бұл тәжірибенің тәсілін өзгертіп балалардын қабылдау процесін анықтауға қолданған. Тәжірибе қорытындылары қабылдаудағы тұтастық сипаты оның бөліктерін өзгерткенмен бұрынғы қалпын сақтап қалған. Осы тәжірибе керісінше тұтастық құрылымды өзгертіп жүргізгенде де қабылдаудың пайда болуындағы тұтастық сақталатыны белгілі болған.
Енді осы бағытта Г.
Құрылым психологиясыныңщ көзкарасы
бойынша баланың қабылдауы
Кёлер «Адамның қабылдауы» деп аталатын еңбегінде адамның қабылдауы да нігізінен хайуанатгардың қабыллау заңдылығына ұқсас, бірақ адамның қабылдау қасиеті хайуанаттармен салыстырғанда әлдекайда нәзік, нақты әрі айқын сипатта болады дейді. Сонымен бірге, Келер адамның қабылдауы жануарларға қарағанда жоғары дәрежеде тұратындығын айтады.
Егер қабылдау нәрестелік кезеңнен бастап нәрселердің тұтас бейнесі ретінде қальштасатын болса, онда балалар мен ересек адамдардың қабылдауы арасында кандай айырмашылык бар?
Бұл мәселені шешуде құылым психологиясының
өкілдері өздерінің осалдығын байқатты
және өздері іздестірген фактілер мен
теориялық тұжырымдарын дәйектей алмады.
Құрылым психологиясының
Олай болса, біздің қабылдау ерекшелігіміздің миы зақымдальш, ауруға душар болған адамдардан айырмашылығы неде? Біз маңымыздары кез-келген нәрсеге зер салып қарайтын болсақ, өзара байланысты, ретті бейнелерін тұтас күйінде қабылдаймыз.
Бұл мәселенін. аржақ-бержағын ой жүгіртіп, оны тәжірибе арқылы іздестіретін болсақ мынадай қаситеттерді аңғарып білеміз.
Бірінші – заттың шамасын қабылдаудың тұрақтылығы. Егер мен ұзындығы бірдей екі затты (екі қаламды) ұстап тұрып көз алдыма жақындататын болсам, көз қабының торына сол екі заттың бірдей бейнесі түседі, Егер сол қаламның бірі екіншісінен 5 есе ұзын болса, онда осы екі қаламның әр қайсысының шамасы түрліше болып бейнеленеді. Демек қаламның ұзын-қысқалы болуы екі түрлі тітіркендіргіш тудыратын болғаны. Бұл тәжірибені одан әрі жүргізіп, сол қаламның ұзынын көз алдымнан 5 есе қашықтатсақ онда екі түрлі қаламның көз қабығындағы торға түскен бейнесі шамалас болар еді. Бірақ осы ұзындығы екі түрлі қаламның ұзынын қашықтатып, оның екеуін де қатар қабылдасақ олардың ұзындығы түрліше екендігі айқын байқалады. Мүндай көріністің психологиялық мәні неде? Не себептен мен бұл қаламдардың шамасы түрліше деп қабылдаймын?
Осы қабылданған екі түрлі заттың түрліше қашықтықта тұрғанымен олар өз қалпында қаңдай болса, дәл сондай болып бейнеледі. Бұл – қабылдаудың тұрақтылык қасиеті. Осы ретте заттардың биологиялық қасиетін де ескеру керек. Мынадай мысал келтірейік. Жыртқыш аңдардан қорқатын хайуанаттар өздерінің. жауымен арасы 100 қадам қашықтықта тұрып өзінің табиғи тұрқынан 100 есе кішірейіп көрінсе де, оны хайуандар сол күйінде қабылдап одан қауіптеніп секем алады. Заттар мен жыртқыш аңдар белгілі қашықтықта орналасқанымен олар сол өз қалпында қабылданбаған болса, онда хайуандар жыртқыштардан қауіптеніп сескенбенген болар еді” Мұндай биологиялык заңдылық заттардың өзіндік тұлғасының тұрақты түрде бейнеленіп отыратыңдығын көрсетеді.
Екінші, қабылдаудың тұрақтылық қасиеті оның ішкі құрылысының өзгеруі және өзіндік ішкі қасиеттерінің дамуы жеке процесс шенберінде тұйықталып қалмай, ол басқа да психикалық кызметтердің, жүйесімен байланысты түрде әрекеттесіп отыратындығын жете түсіну қажет еді.
Гельмгольцтің санасыз ой қорытындысына
сілтеме жасауы бұл мәселені ұзақ
жылдар бойы іздестіруге кедергі
болған сәтсіз болажамы еді. Дегенмен
қазіргі зерттеушілердің
Оның бірі – мағыналы қабылдау. Бұл ерекшелік бір-қалыпты дамып, ой-өрісі жетілген адамға тән қасиет.
Г.Роршахтың тәжірибесін
Тағы бір мысал ретінде ІПарпантье алдануын қарастырайық. Біз цилиндр формасындағы затты қолымызға алып салмақтап көреміз. Формасы кіші цилиңдрдің салмағы ауырлау болып қабылданады. Өйткені кіші цилиндрдің массасы біздің, түйсінуімізше тығыз. Біз сол заттардың көлемі мен салмағы жайында мағыналы қабылдаудан әлі арыла қойған жоқпыз. Сондықтан біздер заттардың сыртқы түріне қарап алдану пайда болып, тікелей қабылдауымызда қателесеміз. Ересек адамдар осы цилиндрлердін. салмағын анықтау үшін екі көзін жұмып колына алып көрсе екеуінін де салмашнъщ бірдей екенін анықтай алады, Мұндай тәжірибені соқыр адамдарға жасатқанда олар цилиндрлерді көре алмаса да сипап біліп, келемі кіші цилиндрді салмақтырақ дейді. Сонымен мағыналық қабылдауда цилиндрлердің көлемін салыстыру нәтижесінде тікелей түйсіну арқьшы алдану пайда болады.
Жүргізілген тәжірибелер бір жағынан қабылдаудың мағыналығы ересек адамдарға тән қасиет екенін көрсетсе, ал мұндай қаснет балаларда байқалмайды. Қабылдаудың мағаналығы адамда жүре пайда болатын психикалық дамудың жемісі. Екінші жағынан алғанда бұл тәжірибеде айқындалған нәрсе – қабылдаудың тқрақтылық қасиеті эйдетизм құбылысы-мен байланысты болуы. Бұл орайда көрнекі ойлаудың қабылдаумен бірігіп кететіндігі. Көрнекі ойлау мен қабылдаудың өзара айырмашылықтарын арнайы тәжірибе арқылы ғана айыруға болады.
Үшінші мәселе – қабылдаудың мағыналығы өзіндік тиянағы бар мәселе. Бұл мәселені зерттеу әуел бастан-ақ белгілі болып, суреттерді қабылдау тәжірибесімен анықталған-ды. Бұл жәйт балалардың мағаналы қабылдауының сырын ашты. Балалардың жас даму ерекшелігіне ыңғайланып жүргізілген мың сан тәжірибелер статистикалық әдістер арқылы қорытылады. Осы тәжірибелерге балалардың жасына қарай сан алуан сурет көріністерін түрлі мағынада қабылдау деңгейін көрсетті.
Балалардың қабылдау деңгейі түрліше болатындығын көптеген мамандар зерттеді. Солардың бірі белгілі психолог В.Штерн қабылдаудың дамуын әр қилы деңгейлерде топ-тастырады. Нақтылы зерттеу тәжірибелеріне қарағанда авторлардың басым көпшілігі балалардың – қабылдауы негізінен төрт түрлі сатыдан құралады дейді. Алғашқы сатысы – дара заттарды қабылдау, бұл заттың басқышы; екінші сатысы – заттармен жасалатын әрекет; үшінші сатысы – балалардың нәрселерінің белгі қасиеттері мен сапасын көрсетуі; төртіншісі – заттардың бөліктерін біріктіріп тұтас түрінде қабылдауы. Осындай тәжірибелерге сүйене отырып (Германиада Штерн, Рессейде П.П.Блонский), балалар қабылдауының дамуындағы мағыналық қасиетін анықтауды кездейді. Блонскийдің пікірінше бала картиналарды көріп қабылдап, нәрселердің жиынтығын байқайды, одан әрі оның кимыл-қозғалысы мен әрекетін көреді, ең соңында бұл суреттердің тұтастығын қабылдап, болмыстағы шындықты біледі. Блонский тәжірибелерінің шындығы шетел психологтары Штерн, Нейман, М.Роллоф, М.Мухова т.б. зерттеу қорытындыларымен айқындала түсті.
Бұдан 15 жыл бұрын бұл жайттар балалардың қабылдау заңдылығы деп саналған еді. Дегенмен, соңғы 15 жыл бойы із-дестірілген тәжірибелер мұндай заңдылықтарды тұбегейлі өзгертіп, олардың мазмұнын жойды.