Психикалық тұрпаттан байқалатын мінез бітістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 14:56, реферат

Описание работы

«Мінез» дегеніміз – кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, оның жан дүниесі ерекшелігінің бірсыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез – көптеген жан қуаттарының жиынтығын көрсететін синтездік қасиет, Мінез кісіні әр қырынан көрсетіп тұрады. Мінез бітістері көп, бірақ бұлардың бәрі бірдей сол кісінің мінез бітістері болып табылмайды. Өйткені, мінез бітістері кісінің кез – келген жағдайда көзге түсетін тұрлаулы да, тұрақты ерекшеліктері.

Содержание

Мінез туралы сипаттама
Мінез күші
Адам мінезінің қалыптасуы
Психикалық тұрпаттан байқалатын мінез бітістері
Темперамент түрлері

Работа содержит 1 файл

Психология реферат.docx

— 23.49 Кб (Скачать)

                Жоспар:

  1. Мінез туралы сипаттама
  2. Мінез күші
  3. Адам мінезінің қалыптасуы
  4. Психикалық тұрпаттан байқалатын мінез бітістері
  5. Темперамент түрлері
 

   Бозбала мен бойжеткендердің жеке басынан ерекше дараланып байқалатын психикалық сипаттардың бірі – мінез бен темперамент.

 «Мінез» дегеніміз – кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, оның жан дүниесі ерекшелігінің бірсыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез – көптеген жан қуаттарының жиынтығын  көрсететін синтездік қасиет, Мінез кісіні әр қырынан көрсетіп тұрады. Мінез бітістері көп, бірақ бұлардың бәрі бірдей сол кісінің мінез бітістері болып табылмайды. Өйткені, мінез бітістері кісінің кез – келген жағдайда көзге түсетін тұрлаулы да, тұрақты ерекшеліктері.

  Мінез  – даралық өзгешеліктің өзегі,  адамның негізгі тіршілік бағытының  өрнегі. Мінезде адамның сыртқы  ортамен қарым-қатынасының тарихы  бейнеленеді. Мінез – кең мағыналы  ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып  жатады. Мінез иманды, имансыз, тәрбиелі, тәрбиесіз, бірқалыпты, бүтін, кетік,  күшті, тұрақты, айқын, салмақты, т.б. – негізгі сапаларға бөлінеді.

  Тәрбиелі  мінез адамда имандылық қасиеттердің  бар екенін көрсетеді. Көпшілдік,  ізетшілдік, адамға қамқорлық, жолдастықты  қадір тұту, жұртшылық  пікірімен  санаса білушілік, өзінің міндетін  орындаудағыжауапкершілік пен адалдық – мінездің жақсы сапасының негізгі бітістері.

  Рухани  дүниесі бай, қажеттері мен  қызығулары, талғамы мен ой-өрісі  кең адамдарды толық мінезді  адам дейді. Мінез сапаларының  бірі – оның бірқалыптылығы. Мұндай  адам құйындай тұрмайды, оның  қастерлейтіні ылғи да сөз  бен істің бірлігі. Кімнің мінезі  толық болса, соның мінезі де  бірқалыпты келеді. Бұл екеуі  – мінездің «егіз қозыдай»  бірінен екіншісі бір елі қалмайтын қасиеттері. Мінездің тұрақтылығы кісінің адамгершілік ұғым түсініктерінен туындайды. Тұрақты мінез – кісінің өмір сүруінің мән-мағынасын, іс-әрекетінің мазмұнын белгілейді.

  Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың  жетегінде кетпейді, өзінің белгілі  көзқарасы, принципі, мінез-құлық  нормасы болады. Ол қауіп-қатерден  бой тасаламайды, керек жерінде  батылдық көрсете біледі. Бастамашылық  пен белсенділік, достық пен  жолдастық, адалдық пен шыншылдық  осындай мінезді адамға тән  қасиеттер.

  «Мінездің  күші» дегеніміз – мақсатқа  жету жолында алда тұрған кедергілерді  жеңе білуде көрінетін адам  қуатының мөлщері. Мұнсыз мінез  өз мәнінде болмайды.  «Бойда  қайрат, ойда көз болмаған соң  – айтпа сөз» деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың бірі – мінездің байсалдылығы. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана байсалды бола алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз әрекеттің тиянақты болуы мүмкін емес. Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, әйтеуір адамда бір мінез болады. Бірақ, жоғарыда айтқандай, түрлі сапалары ойдағыдай қиысып келетін жайсаң мінезді адамдар жиі кездесе бермейді. Біреуде мінездің ол жағыжетісной жатады. Сондай-ақ, адам түрлі жағдайда түрліше мінез көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп үстірт айта салуға болмайды. Өйткені, ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, енді бірде осындай қасиеттерімен көзге түсуі мүмкін. Әрине, мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні зор. Мәселен, барлық жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол кісінің тұрақты мінез бітісі дуге болады.

  Адам  мінезінің қалыптасуы қоғамдық  болмыспен, әлеуметтік қоршаумен  (мектеп, оқу, өндіріс ұжымдары, қоғамдық  ұйымдар, т.б.) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан  еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында, өмірдің сан алуан ситуациялардың ағымына қарай, тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы – белсенді қарым-қатынас. Сондықтан да кісі шама-шарқынша қоршауына тиіс өзгерістер енгізеді. Бұл жерде адамның нақты іс-әрекеті оның мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарады. Адамдардың өмір жолы мен іс-әрекетінің сипаты түліше болатындықтан, мінездің басқа біреуде қайталанбайтын жеке-дара бітістері көптеп кездеседі. Сонымен бірге адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік мінездер – белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның ұлттық, кәсіптік жәнне жас ерекшеліктері байқалып отырады.

  Имнажүзді,  адамгершілігі мол адамның бойынан  табылатын ұйымшылдық, төзімділік, жігерлілік, намыстылық сияқты тамаша  мінез бітістері де – қоғамдық  –әлеуметтік жағдай тудырған  ұнамды психологиялық қасиеттер.

  Адамның  сансыз мінез бітістерін айқындап, топтастыруға болады. Олардың бастылары төмендегідей:

  Жеке  адамның ұстаған бағытының, яғни  бүкіл психикалық тұрпатынан  байқалатын мінез бітістері. Бұлар әр түрлі жағдайда түрліше көрініп отырады. Мұның біріншісіне – адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға: имандылық, оның әр түрлі тармақтары: қайырымдылық, үйірсектік, адалдық, шыншылдық және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық, т.б. бітістер жатады. Осы топқа, сондай-ақ, адамның өз-ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері де жатады. Бұларға еңбексүйгіштік, құнттылық, бастамашылдық, жинақылық және осыларға қарама-қарсы жалқаулық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық, т.б. бітістер кіреді. Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұлар: кішіпейілділік, қайырымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы – өркөкірек, мақтаншақ, жасқаншақ, т.б.

  Мінез  бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің «еріктік сапалары» немесе «мінездің жотасы» деп атайды. Бұларды да адамның ұстанған бағыт-бағдарынан, дүниеге көзқарасынан, жоғарыда айтылған мінез бітістерінің мазмұнын тыс қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет мүлкін тонаушы ұрының жылпос «пысықтығын» мінездің еріктік салаларының бірі деп ойлау шындыққа сай келмейді.

  Мінездің  еріктік салаларының өзі күшті  және әлсіз, нашар мінез болып  бөлінеді. Мұның біріншісіне –  мақсатқа талпынғыштық, дербестілік,  тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік,  т.б. жатса, екіншісіне иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық, жүгенсіздік,  тентектік, т.б кіреді.

  Мінез  адамның психикалық қасиеттерімен,  атап айтқанда, қабілет, қызығу, темпераментімен де тығыз байланысты. Мәселен, адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір мінез бітістерінің болуын талап етеді. Айталық, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбексүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал, темперамент болса, ол мінез бітістеріне өіндік болу, реңк береді. Жақсы мінездің темпераменттердің кейбір нашар, осал жақтардың өзгертіп отыруға болады.

  Орыс  физиологі И.П. Павлов мінез  бітістерінің жоғары жүйке қызметінің  типтері – тумыстан берілетінін ерекшеліктерімен кісінің өмір сүру барысында қалыптасатын жүйке саласының өзіндік «құйындысы» деп түсіндіреді.

  И.П. Павлов  айтып отырған «құйындыда» мида  қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының  жүйесі ерекше маңыз алады.  Әрине, жүйке типтері – адамның  бүкіл мінезін, не оның жеке  бітістерін толық көрсете алмайды.  Өйткені, адамның кішіпейілді,  сыпайы, қайырымды, не тұрпайы,  қайырымсыз болып келуі жүйке жүйесінің кез-келген типтерінің арасынан да табылады. Әрине, мұнда аз ба, көп пе әйтеуір жүйке жүйесінің тумыстан болатын ерекшелігіне қарай типтік бояу болатындығын жоққа шығаруға болмайды. Бұл жерде темперамент деген ұғымының мәніне қысқаша тоқталу қажет.

  «Темперамент»  - жүйке саласының тума қасиеттерінен  туындайтын адамның жеке-дара  өзгешелігі. Мәселен, қимыл-қозғалысы  шапшаң, ұстамсыз, ылғи да күйіп-пісуге  дайын тұратын күйгелек адамдар  болады. Мұндайлар істі бұрқыратып  істейді де, кейде қолын бір-ақ  сілтеп, cылқ түседі. Еті тірі, ойнақы, тынышсыз, шамданғыш, көңіл-күйі аумалы-төкпелі, жұртпен қарым-қатынаста тұрақсыз, пысық, бірақ бейқам келеді. Психологияда бұлар «холериктер» деп аталады.

  Адамдардың  енді бір тобы кісімен оңай, тез тіл табысады, өзін көңілді  ұстайды, бұл ақкөңіл, қызу  істің адамдары. Қысылып-қымтырылмайды,  кісіге қайырымды, еті тірі, бірақ  істі бастап, кейде оны тастап  кете салады, жеңіл мінезділікке салынып, сылбыр күйге түсе кетеді. Мұндай адамдарды «сангыиник» темпераментінің өкілі дейді.

  Енді  біреулер сақ, байыпты, байсалды, ынтымақшыл келеді. Әр ісін ойлап  істейді, тұрақты, бірқалыпты  жүреді, орынсыз асып-саспайды. Бір  істі бастаса салпақтап соңынан  қалмайды. Мінезі ауыр, көрсеқызар  емес, қимыл-қозғалыстары баяу. Бұл  – «флегматик»темпераментінің өкілі.

  «Меланхолик»  темпераментіне жататындар сәл  нәрсеге ренжитін, өкпелегіш, тұйық,  көп сөзі жоқ, пессимист, өте  баяу қозғалатын, жайбасар адам. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, өте ынжық кісі. «Мен» деп ешқашан ұмтылмайды, өте ұялшақ, тартыншақ, жұрттан аулақ жүргенді жаны сүйеді. Мәселен, суретші Бидструптың «Төрт темперамент» жайындағы картинасында адамдардың сыртқы кейпінен темпераменттердің өкілдерін жақсы байқауға болады. Өйткені мұнда темпераменттің ұнамды-ұнамсыз жақтары, өзіндік ерекшеліктері мен басым сипаттары жақсы көрсетілген. Өмірде темпераменттің таза түрлерінің кездесуі сирек, олар бірімен-бірі мидай араласып, баттасып жатады. Бірақ нақты жағдайларға байланысты олардың айқын көрінетін кездері де болады. Айталық, төрт студет қыз театрдағы ойынның басталуына кешігіп келегн екен дейік. Шәрипа дейтін қыз билет тексерушімен дауласып, оған: «Сенің сағатың дұрыс емес», - деп залға күшпен кіруге ұмтылады. Нағима атты қыз: «Балконға барайық, сол жерден көрелік», - дейді. Ал Мағрипа: «Алғашқы көрініс қызық болмайды, буфетке бара тұрайық, антракттыны күтейік», - десе, Мәдинасы: «Менің әркез жолым болмайды. Бірінші рет театрға келуім еді. Ол сәтсіз болды»- деп мұңайып, үйіне кетіп қалады. Алдыңғы үш қыздың белсенділігі (холерик, сангвиник, флегматик) - олардың жүйке саласының күшті келетіндігінен; соңғысының жүйкесі әлсіз болғандықтан (меланхолик) әркез көнбісті болады.

  Темпераменттелді  тәрбиелеуге бола ма деген  сұраққа жауап бермес бұрын адамдардың темпераиентін өте мұқият зерттеу қажеттігін еске салайық. Жәй жағдайда темперамент ерекшеліктері байқала қоймайды. Бұлар жүйке жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан, оларды тек лаборотория жағдайында ғана зерттеу жақсы нәтиже береді. Адамның іске қызығуы әуестенуімен байланыстылығын, істің әр саласында бір темпераменттің өзі әр түрлі көрінетіндерін психология ғылымы дәлелдеп отыр.

  Түрлі  темпераменттердің ішінен қайсысы  жақсы деп сұрақ қоюға болмайды. Кез келгенінің де ұнамды, ұнамсыз  жақтары бар. Әр адам өз темпераментінің  жақсы жақтарын біліп, нашар  жақтарынан арылу жолын қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере  алатын халге жетсе – бұл  осы адамның сана-сезімінің жақсы  көрсеткіштерінің бірі болып  табылады. Ал, керісінше, темпеаментіне  еріп, өзіне-өзі ие бола алмаса, темпераменттің қайсысы жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жолын қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халге жетсе – бұл осы адамның сана-сезімінің жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал, кіріскенше, темпераментіне еріп, өзіне-өзі ие бола алмаса, темпераменттің қайсысы болсын адамды ұнамсыз көрсететін болады.

  Төмендегі  таблицадан темпераменттің әр түрлі жақтарын жақсы аңғаруға болады:

Темпераменттер Жақсы жақтары Жаман жақтары
Холерик

Сангвиник

Флегматик

Меланхолик

шапшаң, белсенді

пысық, оңтайлы

ұстамды, сабырлы

сезімтал

ұстамсыз, күйгелек

тұрақсыз

баяу, сылбыр

тұйық

 

Темпераменттерді  тәрбиелеуде сендер бүкіл жеке бастарыңды, ерік-жігерін мен мінез бітістерін де сезім-эмоцияларыңды тәрбиелеумен ұштастыра жүргізгендерің дұрыс. Адамның  өзін-өзі ұстай алу қабілетінің  дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы  темпераменттің қандайы болса да жараса береді. Мәселен, нағыз холерик  темпераментінің өкілі боп саналған орыс қолбасшысы Суворов ерік-жігерінің аса күштілігінен темпераментінің жетегінде кетпей, соғыста ерлік істердің небір кереметтерін көрсетіп, өз Отанының  даңқын арттыруға зор үлес қосқан. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Психикалық тұрпаттан байқалатын мінез бітістері