Психикалық даму мен іс-әрекет

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 07:51, доклад

Описание работы

Адам болу—өзін қоршаған адамдар және заттарға қатысты адамға тән әрекет ете білуді үйрену. Баланың үлкендер басшылығымен қоғамдық тәжірибе, адами мәдениет жетістіктерін үйренеді деген кезде, біз сонымен қатар,адам қолымен жасалаған заттармен қолдана алуын, тіл арқылы басқа адамдармен сөйлесуін, қоғамдық мораль ережелеріне сәйкес әрекет етуін ғана емес, есте сақтау тәсілдерін, ойлай алу қабілетін және т.б айтамыз. Адами әрекеттер кезінде бала керекті психикалық және жеке тұлға қасиеттеріне қол жеткізеді.

Работа содержит 1 файл

психология реферат.docx

— 19.19 Кб (Скачать)

Психикалық даму мен іс-әрекет

Адам болу—өзін қоршаған адамдар және заттарға қатысты адамға тән әрекет ете білуді үйрену. Баланың  үлкендер басшылығымен қоғамдық тәжірибе, адами мәдениет жетістіктерін үйренеді деген кезде, біз сонымен қатар,адам қолымен жасалаған заттармен  қолдана алуын, тіл арқылы басқа  адамдармен сөйлесуін, қоғамдық мораль ережелеріне сәйкес әрекет етуін  ғана емес, есте сақтау тәсілдерін, ойлай  алу қабілетін және т.б айтамыз. Адами әрекеттер кезінде бала керекті психикалық және жеке тұлға  қасиеттеріне қол жеткізеді.

Сыртқы және ішкі әрекеттер. Тәрбиелену барысында бала түрлі әрекеттерді үйренеді. Ол сүлгімен сүртінуді, қасықпен жеуді, кеседен ішуді, аяғына шұлық киюді, қаламмен сурет салуды, кубиктерден құрастыруды үйренеді. Бұның бәрі белгілі бір сыртқы нәтижеге алып баратын практикалық әрекеттер. Бұлармен қоса балада ішкі әрекеттер қалыптасады, олардың көмегімен ол заттарды қарастырады, оладың қасиетін анықтайды, олардың бір-бірімен байланысын орнатады, ойын, сурет немесе құрылыстардың мағынасын ойлап табады, суреттерді, есте сақтайды және т.б осындай ішкі әрекеттердің қалыптасуы баланың психикалық дамуының негізгі мәнін құрайды. Бұл қабылдау(перцептивті әрекеттер), ойлай, елестеу, есте сақтау, яғни психикалық әрекеттер. Бұлар баланың қоршаған ортада бағдар алуын, практикалық әрекеттердің қандай шарттарда орындалуы мен танысуы және сол себепті олар, бағдарлану әрекеттері деп аталады.

Бағдарлы әрекеттердің орындалуы  әдетте практикалық әрекеттердің орындалуының алдында жүріп, оларды дайындайды. Қарапайым  мысал алайық. Бала арықтан секіргелі жатады.Секіру алдында ол өлшемдерді анықтайды. Өлшемдерді анықтауда арықтың ені, оның секіруші қозғалыстың мүмкіндіктеріне қатынасы және нәтижесінде секіруге дайындайтын қалыпты қабылдау, керекті бұлшық еттер тобына сәйкес келетін кернеу деңгейін беру. Бұның бәрі секірудің бағдар алу, дайындық фазасын құрайды, ал барысында жасалған әрекеттер бағдарлық әрекеттер, пайда болған мәселенің көзқарасынан жағдайды зерттеуге, бар мүміндіктермен ара қашықтығын белгілеуге және мәселені шешуге дайындалуға мүмкіндік береді.Дайындық фазасынан кейін секірістің өзі практикалық, жұмыс әрекеті болып табылатын, орындау фазасы жүреді. Секірісті орындау жағдайларындағы өлшеу, бағдарлау фазасы секіруді дұрыс үйренбеген балаларда айқын көрінеді. Мысалы 2 жасар бала, баспалдақта тұрып, ұзақ тізерлеп және «қалай секірем!»,-- деп төменге қарап, бірақ кейін секіруге бел бумай, 180 градусқа бұрылып жерге қарай жылжып түседі. Үлкенірек жастағы балаларда үйреншікті жағдайларда бағдарлау фазасы тұжырылған, яғни бір мезетте орындалады және сыртқы бақылаушыда көрінбейді. Бірақ міне, жаңа ерекше жағдайлар туады—біз мұнда жағдайдағы тұспалданудың толық түрін, мәселені бағалауды, өзінің мүмкіндіктерімен ара-қатынасын, әрекетті орындауға мұқият дайындалуын көреміз.

Әрекеттерді игеру. Бала өзіне жаңа бағдарлық әрекеттерді үйрене бастағанда, бұл онымен ішкі емес, сыртқы формада орындалады—нәтиже байқау әрекеттерін орындау заттарды бір-бірімен өлшеу, олардың орын ауысуы және т.б. жолдармен нәтиже береді. Егер екі жастағы балаға шаршы және шеңбер ойығы бар тақтаны және сәйкес келетін формасы бар екі фигураны беріп, фигуралардың қалай салынатынын көрсетсек, ол фигураның кез-келгенін алып кез-келген ойыққа салуға ұмтылады. Егер бала қателессе, ол фигураның сыймайтынына көз жеткізіп, оны келесі ойыққа салады. Үш жасар бала басқаша әрекет етеді: ол фигура мен ойықты қарап, кейін фигураларды дұрыс орналастырады. Мәселе сыртқы сынау көмегімен емес, ойда жасалған әрекеттер арқылы шешіледі. Бірақ осы балаға басқа, қиынырақ мәселе берейік.  Оның алдына қарапайым иінтетік қояйық—иін тетіктің бір соңы балаға жақын етіп, ал нысана бекітілген басқа соңы қол жетпейтін аумақта алыс орналасатындай етіп сызғышты шегеге кіргіземіз. Ондай кезде 3 жасар бала 2 жастағы баланың алдынғы мәселені шешудегі қимылын қайталайды. Одан үлкен мектепке дейінгі бала басқаша жасайды. Ол бұл мәселені ойында шешіп, одан кейін бірден сынамасыз иін тетіктің өзіне жақын соңын итеріп өзіне алыс соңын жақындата алады. Бұл мектепке дейінгі баланың барлық мәселені ойында шеше алатынын білдіре ме? Жоқ. Баланың арифметикалық есептерді бастапқы игеруіне көңіл бөлейік. Баланың алдына бірнеше таяқша қояйық. Ол екі және үшті қосатын мәселені шешуі керек. Ол басында екі таяқшаны кейін үш таяқшаны санап алады. Кейін барлық таяқшаларды бірге жинап қайтадан санайды. Осы заттарды қозғалтпай-ақ сыртқы әрекеттердің ішкі әрекеттерге ауысып бала жауап бергенше біршама уақыт өтеді.

Бұл мысалдардан ерте және мектепке дейінгі баланың өзіне  қиын және әр түрлі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа ішкі, психикалық әрекеттерді үйренетінін көруге болады. Бұл әрекеттердің қайнар көзі—сыртқы бағдарлы әрекеттер.

Интериоризация.  Ішкі әрекеттер ( 3 жасар баланың тақтадағы ойықтарды толтыруы, 5 жасар баланың иінтетікті жылжытуы, балабақша «түлегінің» сандарды қосуы) өзінен-өзі пайда болған жоқ. Олар бастапқы этаптағы әр түрдің мәселелерін шешуге көмек беретін бағдарлы әрекеттердің сыртқы формасының ішке өтуі нәтижесінде пайда болады. Бұл сырқы әрекеттердің ішке өту процесі психологияда интериоризация деп аталады.

Интериоризация процесі  арқасында үлкендердің басшылығымен болатын сыртқы әрекеттердің игеруі, ішкі психикалық әрекеттердің пайда  болуы және шыңдалуы, психикалық дамудың  алға жылжуы болады.

Жетекші іс-әрекеттер. Түрлі әрекеттерді игеру оқу және тәрбиелену ықпалымен болғанымен, ол тек үлкеннің қалауына ғана байланысты емес: бала барлық әрекеттерді игеруі мүмкін болмайды және оны кез-келген тәртіпте игереді. Бұл екі себеппен анықталады. Біріншіден, алғашында жеңілірек, кейін одан қиындау әрекеттер игеріледі және балаға жетімді оның қиындық деңгейі алдында қол жеткенімен шектеліп тұрады. Екіншіден, бала жаңа әрекеттерді үйренуі үшін олар баланың қажеттелік және қызығушылықтарына сәйкес келуі керек, оны қызықтыратын әрекеттердің бір түріне жатуы қажет. Масылы: мектепке дейінгі балалар ойын түрінде берілетін және ойында қолданылатын жаңа әрекеттерді басқа жағдайларға қарағанда жақсырақ және тезірек игереді. Бір зерттеуде мектепке дейінгі балаларға қиын мәселе ұсынған болатын—бір қалыпты ұзақ уақыт бойы ұстап тұру. 4 жасар балалар мәселені түсініп және оны орындауға тырысқанымен оны жасауға жағадайлары жетпеді. Бірақ бұл тапсырманы ойынға енгізген кезде ( бала сақшы рөлінде болып күзетте қазғалмай тұруы керек болды), 4 жасар мектепке дейінгі балалар оны жақсы орындай бастады.

Өз өмірінің бастапқы 7 жылдығында бала әрекеттердің бірнеше түрін  дәйектілікпен игере бастайды. Оның ішінде әрекеттердің үш негізгі, жетекші  түрін бөліп көрсетеді: қатынасу, заттық әрекет және ойын.

Баланың үлкендермен эмоционалды  тілдесуі, заттармен әрекеттердің қарапайым  түрін игеруге дейін пайда  болады. Бөбек  үлкендердің сөздерін және әрекеттерін түсінбеседе, оған қуанады, үлкендерге ұзақ уақыт бойы қарап отыруға дайын, оларға айтылған сөздерге жымиюға әудесді. Ол кезде  заттар әдетте баланың көңілін өзінен-өзі  тартпайды, оған үлкендер түрткі болады ( үлкендер заттарды көрсеткен кезде, баланың қолына бергенде)

 Ерте жаста үлкендерге  деген қызығушылық заттарға ауысып, бала заттық әрекеттерге араласа  бастайды. Заттардың қолданылуын  игеріп, бала дербес бола бастап, үлкендердің әрекеттеріне еліктеуге  ,олармен бірге әрекет етуге,  өзінің әрекеттеріне байланысты  белгілі бір қатынастың болуын ( назар аударуды, мақұлдауды талап  етеді) әдейіліп шақыруға мүмкіндік  алады. 

Келесі қадам—рөлдің ойындарға  көшу. Бала  үлкендер секілді болуға талпынып, оның рөлін ойнап, заттар және оқиғаларға үлкендер секілді билік  етуге жеткілікті дербес болады, бірақ  бұның бәрін балалар нақты  заттарды ойыншықтармен,нақты әрекеттерді  қиялмен алмастыра отырып тек  «қасақана» ғана жасай алады.  

Осылайша, баланың қажетіліктер мен қызығушылықтары үнемі үлкендермен  байланыста. Баланың мүмкіндіктерінің өсуі себебінен бұл байланыс жаңа сипаттарға ие болады. Жетекші әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына, негізгі  қызметін атқаратын жаңа қажеттіліктер  пайда болады.

Жаңа әрекеттерідің игерілуі баланың мүмкіндіктерін өсіреді  және жетекші әрекеттердің жаңа түрлерінің пайда болуына алғы шарт болады. Бірақ жаңа әрекеттердің игерілуі, қызметтердің жаңа түрлерінің пайда  болуына алып келмейді. Осылай баланы ойыншықтармен белгілі бір әрекеттерді  орындауға үйретсекте (қуыршақты  тербету, оны керуетке жатқызу, киіндіру, кубиктерді көлікке қойып, оларды тасу және т.б), егер балада қоршаған үлкендер өмірінің құбылыстарына қызығушылық  қалыптаспаса, өзіне мүмкін түрде  үлкендердің функцияларын(ана, әке, тәрбиеші, жүргізуші) орындауға талпыныс болмаса, бұл әрекеттер рөлдік ойындардың пайда болуына алып келмейді.

Жаңа жетекші әрекеттерге  өту тек үлкендердің не үйретіп  жатқанына ғана емес, баланың қоғамдағы өмір шарттарының барлық жүйесіне байланысты. Әрекеттердің жетекші түрлерінде балалардың басты қажеттіліктері және қызығушылықтары білінеді; әрекеттердің бұл түрлерінде әр жастқа маңызды әрекеттердің,психикалық және жеке қасиеттердің қалыптасуы жүреді. Бірақ баланың қызметі тек оның жетекші түрлерімен ғана шектеліп қалмайды. Олармен қатар қызметтердің басқа да түрлері пайда болады және дамиды  және олардың әрқайсысы баланың дамуына үлес қосады.

3 және 7 жас аралығында  бала ойынмен қатар әрекеттердің продуктивті түрлерін үйренеді—сурет салу, аппликация, мүсіндеу, құрастыру . Ол түрлі оқу және еңбек тапсырмаларын орындай бастайды, бірақ мектепке дейінгі баланың әрекеттердің дербес түрі жоқ, олар кешірек қалыптасады. Жүйелік және мақсатты түрде білімді игерумен сипатталатын оқу мектеп жасында пайда болады, ал қоғамдық өндіріске қатысуды білдіретін еңбек үлкендердің негізгі қызметі болып табылады.

Әрекеттердің  әр түрі соны орындауға және шыңдауға қажетті психикалық қасиеттердің және әрекеттердің игеруіне ықпал етеді. Мысалы: ойын баланың ойлау және елестеуінің дамуына, өзін-өзі ұстау ережелерін игеруіне және басқа балалармен қарым-қатынас орнатуға өте маңызды, бірақ ол түйсінудің дамуына арнайы жағдайлар жасамайды. Сурет салу немесе құрастыру басқаша әрекет етеді. Затты жақсы салу немесе қиын мүсінді құрастыру тек оның қаситтерімен толық және нақты танысу негізінде мүмкін болады. Соныдықтан сурет салу және құрастыру баланың түйсінуін дамытуда қолданылуы тиіс.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мухина В.С.  «Детская психология»

 

 


Информация о работе Психикалық даму мен іс-әрекет