Прсиходиагностиканың даму кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 19:05, реферат

Описание работы

Психодиагностика – негізгі пәндік мазмұны психологиялық диагноз қою болып келетін психологиялық ғылым саласы мен психологиялық практиканың түрі. Сөйтіп, психодиагностика тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін бағалайтын және өлшейтін теорияны, принциптерді және құралдарды құрастырумен айналысады, бұл адам психологиясы туралы академиялық түсініктер мен оны зерттеу шынайылығы арасындағы айырмашылықты жеңуді қамтамасыз етеді.

Содержание

Кіріспе
Психодиагоностиканың даму кезеңдері.
Оқу сапасын диагностикалау
Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу

Работа содержит 1 файл

психодиагностиканын даумуы.docx

— 26.81 Кб (Скачать)

Жоспар

 

Кіріспе

 

  1. Психодиагоностиканың даму кезеңдері.
  2. Оқу сапасын диагностикалау
  3. Тұлғаның психология-педагогикалық диагностикасының саласындағы зерттеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

   Психодиагностика – негізгі пәндік мазмұны психологиялық диагноз қою болып келетін психологиялық ғылым саласы мен психологиялық практиканың түрі. Сөйтіп, психодиагностика тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін бағалайтын және өлшейтін теорияны, принциптерді және құралдарды құрастырумен айналысады, бұл адам психологиясы туралы академиялық түсініктер мен оны зерттеу шынайылығы арасындағы айырмашылықты жеңуді қамтамасыз етеді.

Психодиагностика  негіздері бойынша білімдер психологиямен  іргелес саладағы мамандарға, соның  ішінде әлеуметтік жұмыскерге салыстырмалы түрде аз уақыт аралығында тұлғаны, тұлғаралық қатынастарды, қандай да бір  іс әрекет тиімділігін толықмәнді және сенімді зерттеу үшін, олардың  дамуын болжау мен реттеу үшін қажет  болып келетін жеке адамдар мен  әлеуметтік топтардың психологиялық  ерекшеліктері, процесстері мен  қалыптары туралы мәліметер алуға  мүмкіндік береді.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Психодиагоностиканың  даму кезеңдері.

 

    1921жылы Роршах психодиагностика терминін енгізді. Қазіргі психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады. Білімін жетілдіру клиникалық кезеңінде ашылған. Бұл кезде адамдар жайлы эмпирикалық психологиялық білімдерді талдау жасауда негізгі шешуші рөлді дәрігерлер алады. Бұған дейін бұл мәселелермен философтар және жазушылар айналысқан. Сол жылдары дәрігерлерді әлемде кең тараған ауруды емдейтін невроз және жан ауруларына шалдыққан адамдардың ауруының шығу тегі және себептерін табу қызықтырды. Дәрігер психиатрлар Европа клиникаларында ауруларға жүйелі бақылау жасап, оның нәтижесін талдай бастады. Сол кезде психодиагностикада бақылау, сұрақтама, құжаттарды талдау сияқты әдістер шыға бастады. Психодиагностиканың сандық әдістері XIX ғасырдың екінші жартысында шыққан деп есептеуге болады. Сол кезде алғаш рет неміс психологы В. Вундттың басшылығымен бірінші рет эксперименталдық психологиялық лабаратория ашылды. Онда техникалық құралдар қолданыла бастады. Негізгі психологиялық процестерге байланысты адамның жағдайының құрылысы қазіргі психодиагностикалық әдістердің негізінде жүргізіледі. Бұл кездерде математикалық мүмкіндік теориясы аймағында психодиагностикалық әдістер қолданыла басталды. Бірінші және екінші статистикалық өңдеуден өткен эксперименталды мағлұматтар дәл осы жылы шыға бастады. Кейіннен факторлық анализ қолданылады. Ол алғашқыда психодиагностикада жеке тұлғаның ерекшелігі келбеті мен интелектуалды жетелеу деңгейімен байланысты болды. Алғаш психологиялық экспериментсіз арнайы психометрикалық мекеме Англияда Гальтонның басшылығымен ашылды. 1874 жылы ол антропометрикалық лабараторияның негізін салды. Ондағы негізгі мақсаттың бірі адамның іскерлігімен статистикалық мәліметтер алу болды. Гальтон 1877 жылы психологияда психокоррекция әдісін ұсынды. Бұл пікірмен ол математик Пирсон және Фишердің назарын өзіне аударды. Фишер дисперсоналдық талдау жасап шығарды. Бұл еңбектің нәтижесі 1904 жылы Спирменнің еңбегінде жарық көрді.

 

Кейіннен Айзенк және Кеттел психодиагностика жеке тұлғаның ерекшелігі үшін факторлық талдауды қолданды.

 

   1905-1907жылдары француз ғалымы А. Бине ең алғаш рет интелектінің статистикалық қалыптасқан тестерін жасап шығарды. Кейіннен Симон бұл тестті жетілдіріп, психодиагностикаға Бине –Симон тесті ретінде енгізді. XX ғасырдың екінші жартысында әр түрлі процестерді, қасиеттерді зерттейтін тесттер шыға бастады. Олар әлеуметтік зерттеулермен байланысты болды. Бұдан кейін психологияда үлкен дағдарыс болып соған байланысты әдістемелер саны арта түсті.

 

2. Оқу сапасын диагностикалау

 

   Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.

“Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.

   Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.

Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі.

Мəн – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу əрекеттерінің нəтижесі жөніндегі мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нəтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.

   Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.

 

3.Тұлғаның   психология-педагогикалық

 диагностикасының саласындағы зерттеу ерекшелігі.

 

    Психодиагностика – психологиялық диагнозді өңдеу және қою мәселесімен айналысатын ғылым. Психодиагностика – адам психикасын «құралды» бағалауға мүмкіндік беретін тесттер жиынтығы. Психодиагностика – тұлға тұтастығының индивидуалды ерекшеліктеріне белгілі заңдылықтардан баратын ойлаудың ерекше формасы.

   Сонымен, психодиагностика диагноз қою және болжамдау үшін қажет, яғни белгілер қатары бойынша психолог қандайда бір мінез-құлықтың себебі болған психикалық қасиеттерді анықтайды.

   Психологияда психодиагностикалық әдістемелердің көптеген классификациясы бар.

   С.Л. Рубинштейн классификациясы:

Негізгі зерттеу әдістері:

Бақылау:

тікелей (адамды),

жанама (адам іс-әрекетінің нәтижесін),

сыртқы (объективті).

Эксперимент:

лабораториялық (модельденген);

табиғи (кәсіби іс-әрекет барысында);

қосалқы (анкета, әңгімелесу);

үйрету бойынша.

 

Зерттеудің ерекше түрлері:

Генетикалық (әртүрлі жасерекшелік топтар арасындағы салыстыру);

Салыстырмалы (норма және патология арасында).

 

   Б.Г. Ананьев классификациясы:

  Ұйымдастыру әдістері өз ішіне салыстыру әдісі ( әрқандай топты жасы, қызметі және т.б. бойынша салыстыра зерттеу); лонгитюд әдісі (бір адамды не адамдар тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап, зерттеп бару); комплекстік әдіс (зерттеуге әртүрлі ғылымдар өкілдері қатысып, бір объектіні жан – жақта, әртүрлі құралдармен зерттеу). Мұндай зерттеудің нәтижесінде сан қилы құбылыстар мен байланыстар және тәуелді қатынастарды ашу мүмкіндігі туады. Мысалы, жеке адамның физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан даму байланысы.

 

   Эмпирикалық әдістер. Бұл топқа енетіндер:бақылау мен өзіндік бақылау, эксперименталды (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) әдістер; психологиялық болжау (психодиагностика): тест, анкета, сұрақ беру, социометрия, интервью, әңгімелесу әдістері; шығармашылық, іс әрекет өнімдерін талдау әдістері; өмірбаянымен танысу әдістері.

 

   Деректерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (алынған материалды топқа жіктеу, талдау ) әдістері.

Реттеу – түзету әдістері: аутотренинг, топ тренингі, психотерапиялық ықпал ету әдісі, оқу – үйрету әдісі.

Психодиагностикалық әдістерді келесідей бөлінеді:

жауап формасына қарай – ауызша және жазбаша;

зерттелушілер санына қарай – индивидуалды және топтық;

міндеттердің біржақтылығына қарай – гомогенді және гетерогенді;

бағыттылығы бойынша – жылдамдыққа, күштілікке, тұлғааралық қатынастарды диагностауға;

кешенділігіне байланысты – жалғызілікті және тесттік батареяларға;

тағайындалуы бойынша – жалпы диагностикалық, кәсіби жарамдылыққа;

алынған нәтижелерге диагносттың әсері бойынша – объективті және субъективті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

    «Психодиагностика» курсының бағдарламасын меңгеру нәтижесінде студенттер психодиагностикалық жағдайдың табиғатын түсінумен, белгілі бір әдістердің және әдістемелердің сапалы ерекшеліктерімен және беретін мүмкіндіктерімен, психодиагностиканың этикалық нормаларын ұстанумен байланысты сұрақтарда сенімді түрде бағдар жасай алу керек.

Берліген  курс тыңдалған соң студент келесі жайларды меңгереді: - психодиагностиканың  негізгі ұғымдары туралы, принциптері  туралы, психометрикалық талаптар туралы, әдістер мен әдістемелер туралы білімдерді, оларды қолдану ережелерін;

- дайын  психодиагностикалық әдістемелерді  қолдана білу ептіліктерін;

- психодиагностикалық  әдістемелермен жұмыс жасау дағдыларын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебеиеттер тізімі

  1. Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию – М.,

1996

     2. Анастази А.., Урбина С. Психологическое тестирование. СПб.,

            2002.

 


Информация о работе Прсиходиагностиканың даму кезеңдері