Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2012 в 16:04, реферат
Это реферат про эффективности обучение.
Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-әрекеті. Оқыту – мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оқу - шәкірттің дүниені танып білуге бағытталған өзіндік әрекеті.
Давыдов бойынша дамыта оқыту
В.В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқытудың қазіргі жүйесіне ең алдымен, оқушының танымдық әрекеті, танымның бағыты бойынша қарама-қарсы қойылған. Қазіргі оқыту көп жағдайда жекеден, нақтыдан, жалғыздан - ортаққа, абстрак-тіліге, тұтастыққа бағытгалған; жағдайдан, фактіден - жүйеге; құбылыстан - мәнге бағытталғаны мәлім. Осындай оқытудың барысында дамитын баланың ойлауы В.В. Давыдов бойынша, эмпирикалық деп аталады. Л.С. Выготский мен Д.Б. Элькониннің жұмыстарының жалпы теоретикалық контексінде В.В. Давыдов оқытудың жаңа жүйесінің дәстүрліден гөрі: жалпыдан жекеге, абстрактіден нақтыға, жүйеліден жалғызға бағытталған теоретикалық әзірлемелеу мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. Осындай оқытудың процесінде дамитын баланың ойлауын В.В.Давыдов теоретикалық, ал осындай оқытудың өзін - дамытушы деп атады. Бұл жерде В.В. Давыдов ой-еңбегінің дамуында оқытудың жетекші маңыздылығы, ең алдымен, меңгерілетін білімдердің мазмұны арқылы көрінеді деген Л.С. Выготский мен Д.Б. Элькониннің негізгі ережелеріне сүйенеді, одан оқытуды ұйымдастырудағы әдістер (немесе тәсілдер) туады.
В.В. Давыдов эмпирикалық және теоретикалық білімнің алты негізгі айырмашылықтарын келтіреді (бұл жерде «білім» термині «абстракция», «жалпылау», «үғым» үшін ортақ).
В.В.
Давыдов мазмұнды абстрагирлеу және
жалпылау барысында алынатын теоретикалық
білімнің сипаттамасын келтіреді. Ол дамыта
оқытудың негізін құрайды. Генетикалық
бастапқы негіздеме, ой-еңбек әрекетінің
жалпыланған тәсілін анықтау, қайта өңдеу
үшін барлық қасиеттердің байланысын
белгілеу үшін салыстыру және қайта өңдеудің
ғана емес, анализдің ойлау әрекетінің
(сәйкес синтездің де) маңыздылығы аталып
өтеді. Теоретикалық білімнің тағы бір
маңызды айырмашылығы: оның қалыптасуы
барысында біртұтас жүйе ішінде жалпыға
ортақ және жекенің байланыстары орнатылады,
оның мәнін түсіну, ол белсенді ойлау әрекетін
үйғарады (тек қана түсінік емес), үшінші,
оны да ерекше атап өту қажет, теоретикалық
білімнің өмір сүру түрі. В.В.Давыдовтың
теориясында бұл, ең алдымен, ой-еңбегі
қызметінің әдістері, әрекеттің жалпыланған
тәсілдері.
Эмпирикалық білім | Теоретикалық білім |
1. Білім
заттарды, олар туралы ұғымдарды
салыстыру барысында пайда |
1. Білім тұтас жүйенің ішіндегі кейбір ерекшелік қарым-қатынастардың рөлі мен міндеттерін талдау барысында пайда болады, қарым-қатынастар генетикалық тұрғыдан жүйенің барлық көріністерінің бастапқы негізі болып табылады. |
2. Салыстыру барысында заттардың белгілі бір класқа қатысты бірқатар жиынтығы бөлінеді (олардың ішкі байланысын ашпай ортақ қасиеттерінің негізінде). | 2. Талдау барысында генетикалық бастапқы қатынас, жалпыға ортақ негіздеме, біртұтас жүйенің мәні ашылады. |
3. Байқауға
негізделген білім, затты |
3. Заттарды ойша
қайта құру ретінде пайда |
4. Ортақ қасиет формалды түрде ерекше және жеке дарамен қойылады. | 4. Іс жүзінде өмір сүретін біртұтас жүйе мен оның әртүрлі нышандарының байланысы жалпыға ортақ және жеке дараның байланысы ретінде саналады. |
5. Білімді
нақтылау пәндерінің берілген
класына кіретін мысалдар мен
иллюстрациялар таңдаудан |
5. Нақтылау біртұтас
жүйенің жалпыға ортақ |
6. Білімді зердеге түю құралы термин сөздер болып табылады. | 6. Білім ақыл-ой әрекетінің құралдарында, содан соң символ-таңбалық құралдар арқылы. |
Теоретикалық білімнің және оқытудың негізгі бағытын осылайша түсіну, яғни абстрактіден нақтыға, қолданыстағы дидактикалық принциптердің басқа, психологиялық түрғыдан түсіндірілуіне негізделеді. Мысалы, В.В. Давыдов саналықтың, көрнекіліктің, сабақтастыктың, ұғынымдылық, ғылымилықтың жалпы дидактикалық принциптерін қарастыра келе, олардың басқа, психологаялық-педагогикалық табиғаты бар екені жөнінде айтады.
Біріншіден, сабақтастық принципі оқыту кезеңдерінің сапалық айырмашылықтары принципіне өзгертіледі, олардың әрбірі психикалық дамудың әр түрлі сатыларымен байланысты. Екіншіден, ұғынымдылық принципі дамыта оқыту принципіне өзгертіледі, ол жаңа мазмұнмен толықтырылып, «дамудың жылдамдығы мен мазмұнын заңды түрғыдан білім берушінің әсер етуді ұйымдастыру көмегімен басқаруға болады». Үшіншіден, саналылық принципінің әрекет принципі ретінде жаңа мазмұны бар. Оқушылар бұл жағдайда мәліметтерді дайын түрде алмайды, олардың әрекет құралы ретінде өту шарттарын анықтай отырып қана алады. Бұл үшінші принцип (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов) оқушылардың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекеті ретінде оқытудың жаңа моделін қалыптастыру үшін негіз рөлін атқарды. Төртіншіден, көрнекілік принципін В.В. Давыдов заттық принципі ретінде қарайды. Бұл принципті жүзеге асыра келе, оқушы оның затын анықтап, оны модель түрінде ұсынуы тиіс. Бұл оқытудың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекетінің маңызды сипаттамасы, мұнда процесс пен нәтиженің модельдік, таңбалық-символикалық көрінісі маңызды орын алады.
Оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру негізінде оқу әрекетіндегі дамыта оқыту оның қүрылымы мен ерекшеліктеріне сәйкес зерттелінуі тиіс. В.В. Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмұнын ғана емес, оқу әрекетінде осы пәндерді игеру барысында оқушыда қалыптасуға тиіс біліктерді де тұжырымдайды:
Адамның
әлеуметтік ортада, арнайы білім беру
мекемелерінде жеке тәжірибесін жинақтауы
- бұл дамыту, оқыту, тәрбие берудің күрделі
өзара әрекетінің нәтижесі, бұл жерде
дамыту - оқытудың түпкі мақсаты, ал оның
өзі (тәрбие берумен бірге) - дамудың шарты
мен негізі болады, оның өзінің деңгейлері,
сызықтары мен бағыттары бар. Дамыта оқыту,
Л.С. Выготский бойынша, алдын алушы дамудың
принциптерін табысты жүзеге асыру болып
табылады.
Информация о работе Оқытудың тиімділікті арттыру құралдары мен әдістері