Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарға қызығушылығын анықтау әдіс-тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 16:27, лекция

Описание работы

Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді.
Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек.

Работа содержит 1 файл

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ӘДІС.docx

— 32.95 Кб (Скачать)

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ. 

 

 

         Оқушының бос  уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Жас жеткіншектің жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді.        

 Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек. Мұның қиындығы балалардың бос уақытын ұйымдастыру тәсіддерінің сан-қилылығына тікелей байланысты. Осы ретте ұйымдастырушылардың талай-талай кедергілерге де кездесетінін айтпасқа болмайды. Өйткені осындай аса маңызды проблеманы жүзеге асырудың теориясы толық зерттеліп болмаған тың мәселе екенін күнбе-күңгі жұмысымызда кездестіріп те жүрміз. Сондықтан да біз практикалық және теориялық ісімізде әр жағдайға байланысты мәселенің әр қырынан келіп, әрқилы тәсіл таба білуіміз кажет-ақ.        

 Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. 

 

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ТЕКСЕРУ 

 

 

         Үй тапсырмасын тексерудің теориялық білім мен практикалық дағдыны меңгертуде рөлі үлкен. Үй еңбегін тексеру үстінде өткен материал бекітіліп, берік түрде қайталанады. Тапсырманы жүйелі тексеру нәтижесінде оқушы мұғалімнен әртүрлі кеңес алады және ол туралы естіген, білгендері мықтап сақталады. Мұғалім үй тапсырмасын тексеру үстінде окушылардың тапсырманы калай орындағанын, калай меңгеретіндігін және материалдың қайсы жері түсініксіз болғандығын қадағалайды. Осыған лайықты қандай дағдыны дамыту керек екендігін анықтайды. Сыныпта үй тапсырмасын тексеру төмендегі тәсілдермен алып барылады: а) бірнеше окушылардан өткен теориялық материалдарды ауызша сұрау тәсілімен; ә) бірнеше окушыларға карточкадағы мысалдарды дәлелдету тәсілімен; б) талдау жүргізу тәсілімен; в) оқытушы өзі отырған столдың жанына дәптерімен шақыру тәсілімен; г) дәптердегі жазылғандарын барлау тәсілімен тексеріледі. Мұғалім окушылардың № 1 және № 2 дәптерлерін үнемі қадағалап, үйде тексеріп отыруы абзал. 

 

 

  

 

 

 

ТҮСІНДІРУ ҚАЛЫПТАРЫ ҚҰРЫЛЫМЫ 

 

 

         Жаңа материалды түсіндіруде негізгі объектінің мынадай қасиеттері жете танытылады: тақырыптың аты айқыңдалады; такырыптың көлемі мен өтілу жүйесі сұрыпталады; материалдың өзіндік белгілері бір-бірімен салыстырылып, тиісті тұжырымдамалар шығарылады; объектілерге сай анықтамалар мен ережелер айтылады және тақырыпқа лайықты дағдылар жүргізіледі. Сөйтіп түсініксіз құбылыстар меңгертіліп, окушы санасына жаңа білім қорын жинақтайды. Окушыларға жаңа білімді меңгертуде сабақтың өзіндік кұрылымы да ерекше қызмет аткарады. Озат муғалімдер тәжірибесі мен жүргізілген методикалық эксперимент материалдарының нәтижесіне сүйене отырып жаңа қалыптың мына сияқты кұрылымын ұсынуға болады: 1. Өткенді еске түсіру. Сабақтың бүл процесі талдау жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Өткенді еске түсіру, өткен материалды сұрау, кайталау, пысықтау және үй тапсырмасын тексеру сияқты сабақ элементтерін қамтиды. Сұрақтар беру арқылы оқушылардан берілгенді сұрау сабақ процесінің құнын түсіреді. Сондықтан да өткенді еске түсіру казақ тілі бойынша талдау ауызша және жазбаша түрде өткізіледі. Бұл сабақ негізінде өткен материал жаңа тақырыппен байланыстырылады, өткен материал пысықталып кайталанылады, үй тапсырмасы тексеріледі. 2. Жаңа материалды түсіндіру. Түрлі иллюстриациялар мен демонстрациялар негізінде оқылып материалдың көлемі мен жүйесін, негізгі белгілерін, жасалу жолдарын тақырыптың бөгде материалдармен байланысын жүзеге шығарады. 3. Қорытынды пікір ретінде оқытылып отырған материалдың өзіндік қасиеттерін ескере отырып, дәл анықтама мен ереже шығарылады. 4. Дағдыландыру жұмыстарын жүргізу. Такырыпқа тиісті бестен артық жаттығу жұмыстарының түрлері орындалады. 5. Үй тапсырмасын беру. Үй еңбегін қалай орындау жөнінде методикалық бағыттама айтылады. Бүл сабактың өи бойындағы орындалған жүмыстардың иәти-жесімсн өлшенеді. 

 

 

 ЖАҢА ҚАЛЫП 

 

 

         Қазақ тілінен өтілетін жаңа қалып жүйесі – сабақ процесінің ішіндегі ең күрделісі. Жаңа қалыпта окушыларға жаңа теориялық білім меңгертіледі. Жаңа калыптың білім беру мақсатында жүргізіледі. Жаңа құбылысты тану арқылы окушылардың ой-өрісі, білім аясы, дүниеге көз қарасы және жалпы білім дәрежесі кеңейеді. Окушыларға жаңа тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін танытуда бұл сабаққа койылатын мына сияқты негізгі талаптарды ескерген жөн: 1) өтілетін материалдың такырыбы дәл, анық болуы; 2) түсіндірілетін негізгі логикалык ойлардың толық болуы; 3) өткен тақырып пен жаңа материалдың байланысты болуы; 4) жаңа тақырыптың көлемі таңдалып, өзіндік белгілері сараланып көрсетілуі; 5) жаңа білімге сай берілетін анықтамалар мен ережелердің дәл болуы; 6) жаңа тақырыпқа сай берілетін психологиялық дағды жаттығулардың көлемі жағынан ықшамды, жүйесі жағынан тиянақты болуы; 7) тіл дамыту жұмыстарының көзделуі кажет. 

 

 

 

БІРІККЕН ҚАЛЫП  

 

 

         Окушыларға теориялық білім беруде біріккен қалып үлкен қызмет атқарады. Біріккен қалыптың термині сабақ құрылымдарының бір-біріне кірігуіне орай жасалған. Сабақтын кұрылымдық элементтері бірімен-бірі байланысып, бірін-бірі толықтырп отырады. Біріккен сабақта оқушыларға теориялық мәлімет берілумен қатар өткен материалдар да еске түсіріледі, яғни окушыларға берілетін жаңа білім танытылумен бірге өткен тақырып та қайталанып отырады. Осы сабақта жана білім беру элементі мен өткен сабақты бекіту элементі болғандықтан, мұны бірішен қалып деп атайды. Бұл сабақты бұрын аралас сабақ деп те атап келді. Мұның жүргізілу мақсаты, құрылымдық элементтері, өткізілу жүйесі жаңарғандықтан біріккен сабақ деп өзгертуге тура келді. Біріккен сабақта жаңа материалға да байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі, осылар арқылы қайталап пысықталады. Жаггығуда біріккен сабақпен жүргізуде мынадай талаптарды ескерген жөн: 1) материалдың көлемін анықтаған жөн; 2) өткен материалдың ауырлық дәрежесін ескеріп отырған макұл; 3) жаңа және өткен материалға сай дағды түрлері іріктеп алынуы тиіс.        

 Жана және өткен материалға  байланысты нақтылы сабақ жоспары жасалуы қажет. Біріккен сабақтың құрылымлык элементтері төмендегі уакыт мөлшерімен өлшенеді: 1. Жаңа материалды түсіндіру — 17-20 минут. 2. Қорытынды пікір ретінде анықтамалар мен ережелер шығару — 2-3 минут. 3. Ауыспалы жаттығу жұмыстарын жүргізу — 10-13 минут. 4. Өткен материалды еске түсіру — 4-6 минут. 5. Үй тапсырмасын беру 2-3 минут 

 

ЛЕКЦИЯ ҚАЛПЫ 

 

 

         Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беру процесінде лекция қалпын өткізіп отырудың пайдасы мол. Лекция қалып түсіндіру қалыптары тобына кіреді. Лекция — гректің оқу деген сөзінен алынған термин сөз. Бұл — оқытудың бір калпы. Лекция мұғалімнің белгілі бір тақырыпты ауызша мазмұндан түсіндіруі, оқушы алдында баяндама жасауы, арнайы тақырыпқа хабарлама беруі дегенді білдіреді.         

 Лекция калып өзінің мазмұнына қарай мынадай түрлерге жіктелелі: лексика бойынша өтілетін лекция қалып, фонетика бойынша өтілетін лекция қалып, морфология бойынша өтілетін лекция қалып, орфография, орфоэпия, иунктуация бойынша өтілетін лекция қалып, синтаксис бойынша өтілетін лекция қалып, тіл ұстарту бойынша өтілетін лекиия қалпы. Сондай-ақ лекция калып көлеміне өткізілу мақсатына қарай төмендегі топтарға ажыралады: Тусіндіру лекциясы. 2. Баяндау лекциясы. 3. Шолу лекциясы. 

 

 

  

 

 

 

ПЫСЫҚТАУ ҚАЛЫПТАРЫ ҚҰРЫЛЫМЫ 

 

 

         Бекіту қалпы окушылардың қазақ тілінен алған теориялық білімін пысықтауда үлкен қызмет атқарады. Бұл сабақ мектеп окушыларынын қазақ тілінен күнделікті алған білімдерін нығайтып отыруы мақсатында жүргізіледі. Білім мен дағдыларды нығайту психологиялық объектілерге тікелей байланысты. Сондықтан да бекіту қалпының мына сияқты негізгі басқыштары айқын көрініп тұрады. Өткен немесе жана материалдар жөнінде оқушыларда белгілі дәрежеде ұғым, түсінік пайда болады. Бұл кезде өткен немесе жана материалдар окушылар ойында сәулеленеді. Белгілі бір объектіге логикалық ойлаулын индукциилық дедукциялық тәсілдері негізінде және сигнал жүйелері нәтижесінде ой қортындылары жасалады. Ой кортындысын жасауға бастапқы басқыш, осы сәулелену негізінде туады. Берілген білім мен дағдыларды окушылар белгілі дәрежеде игереді. Сол объектілер жөнінде белгілі көлемде білім сапасын меңгереді. Бекіту сабағының бұл баскышында толық меңгеру байқалмайды. Әртүрлі ұғымды жартылай меңгереді. Бұл жұмыстын екінші түрі болып саналады. Білім мен дағдылар нәтижелі жұмыстын, көп қайталаудын, мол жатгығудың негізінде толық меңгеру пайда болады. Білім мен дағдылар, осы толық меңгерту бойынша іске асырылады. 

 

БЕКІТУ ҚАЛПЫ  

 

 

         Бекіту қалпы лексиканы, фонетиканы, граматиканы, орфографияны, орфоэпияны, пунктуацияны және тіл ұстартуды үйретуге байланысты жүргізіледі. Сондай-ақ бұл сабақ теориялық білімді бекіту және оларды қандай объектілер негізінде жаттықтыру сияқты мәселелерді қамтиды. Бекіту сабағы мына сияқты жұмыс түрлері бойынша жүзеге асырылады: 1) мұғалімнің дайындаған карточкалары бойынша жүзеге асырылады; 2) мұғалімнін арнайы жинап жүрген мысалдары негізінде алып барылады; 3) оқулық пен оқу құралдары негізінде өткізіледі; 4) картина және сурет негізінде орындалады; 5) схемалар мен кестелер бойынша 
жүргізіледі; 6) окушылардың ауызша құрастырған сөйлемдері бойынша өткізіледі; 7) орфографиялык, орфоэпиялық сөздіктер мен пунктуациялық анықтағыш бойынша жұмыс жүргізеді; 8) арнайы дайындалған мәтіндер пайдаланылады. Сөйтіп бекіту сабағына мынадай мақсаттар койылады: 
окушылар қазақ тілінен алған теориялык білімін практикада қолдана білу және оны жазбаша максатта жүргізілетін енбектерінде іске асыру негізгі мақсат етіліп қойылады. Теориядан алған білімін диктант, мазмундан, шығарма және іс қағаздарының үлгілеріп жазуда сауатты пайдалану болып 
табылады.        

 Бекіту сабағының құрылымы, осы сабақты іске асыруда ерекше кызамет атқарады. Бұл сабақтын құрылымдық элементтері мына сияқты уақыт мөлшерімен өлшенеді: 1. Үй тапсырмасын тексеру – 5-7 минут. 2. Өткен материалға сай талдау жұмысын жүргізу – 10-13 минут. 3. Жаттығу жұмыстарының түрлерін іске асыру – 20-22 минут. 4. Үй еңбегі тапсыру – 2-3 минут.


Информация о работе Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарға қызығушылығын анықтау әдіс-тәсілдері