Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 13:58, реферат
Отбасы психологиясы – салыстырмалы түрде ғылым мен тәжірибиеде жас аймақ. Отбасы институтының тарихи уақыты – XIX ғ., оның негізін салған социологтер мен антропологтер болды (1998). Негізінен даму кезеңдерін топтық, жұптық, патриархалды, моногамды деп құрастырды. Отбасы нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі немесе мәдени бірлестік болып табылады.
1.Отбасы психологиясы
2.Отбасы психологиясының құрылымы, функциясы
3.Отбасылық қарым – қатынас
Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігі
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология,әдебиеттану және әлем тілдері факультеті
Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасы
Тақырыбы: Отбасы психологиясы
Отбасы психологиясы – салыстырмалы түрде ғылым мен тәжірибиеде жас аймақ. Отбасы институтының тарихи уақыты – XIX ғ., оның негізін салған социологтер мен антропологтер болды (1998). Негізінен даму кезеңдерін топтық, жұптық, патриархалды, моногамды деп құрастырды. Отбасы нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі немесе мәдени бірлестік болып табылады.¹
Отбасы
– адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы,
қатынасымен байланысты емес, ол
феномен. Отбасы феноменінің
Отбасы – адам баласының өсіп – өнер, қаз тұрып қанат қағар ошақ қасы – үйі, алтын бесігі. Отбасы – кішкене мемлекет.²
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді. Балар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген.
«Қазақстан-2030»
Қазіргі заманда отбасының
құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны
азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы
әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар,
әр түрлі сипаттағы әлемдік
¹ Ф. Бизакова, Ш. Мамашбаева. "Отбасылық дағдарыс психологиясы". Астана, 2010. "Фолиант" баспасы.
² К. А. Оразбекова. "Отбасы психологиясы". Алматы, 1997. Республикалық баспа кабинеті.
Батыс елдерінде XX ғасырдың 50 – жылдарынан бастап отбасы жүйесінің ықпалы кең көлемде қарастырылып, таныла бастады (К. Бернард, Р. Хилл, М. Андольфи, Р. Кораллс).¹
Отбасы теориясын
алғаш ұсынған Людвиг фон
Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады . А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік аймағы үй, пәтер көңіл аударады, және де отбасының меншігі иен экономикалық негізі ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін болжайды
Отбасы психотерапиясында нобельдік сыйлықтың иегері Вирджиния Сатир отбасы деген түсінікке бірнеше кілтті сөздерді ұсынған: отбасы қуаты, отбасы қызметі, отбасы шекарасы. Оның тұжырымдамасы бойынша отбасы әсері төмендегідей:
1.Отбасы – біз одан өсіп шықтық, ол күнделікті мінез – құлқымыз бен ұстанымымыздан көрінеді.
2.Отбасы – жүйе, ол тепе – теңдікке негізделген, отбасы мүшелеріне берілген, тыйым салынған рөлдер (жеке қажеттіліктерге байланысты отбасы мүшелерінде қақтығыс туындайды).
3.Отбасы – өзіндік
бағалау, мінез – құлықта
4.Отбасы – күш, жеке
белсенді өмір сүруге
5.Отбасы – процесс,
жекебасты жетілдіруге
Отбасы- неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылықта байланысады. (Э. Г. Эйдемиллер, В. В. Юстицкий, 1990).³
Р. Хиллдің көзқарасынша, отбасы жүйесі келесідей белгілерден тұрады:
1. Отбасы мүшелері бір – біріне тәуелді өмір сүреді, егер біреуінің мінез – құлқы өзгерсе, онда ол барлығына бірдей әсер ететін болады.
2. Отбасы – біршама
тығыз, шектеле орналасқан
3. Отбасы сыртқы факторға
байланысты міндеттерді
Сондықтан отбасы
жүйесі фундаментальді
³ М. Қ. Бапаева, И. Ә. Әбеуова, С. Т. Бапаева. "Тұлға психологиясы". Алматы, 2010.
*Referattar.kz сайты.
Отбасы гомеостазы
– отбасы жағдайы мен қорғану
сезіміндегі тұрақтылықты
Отбасы жүйесін
бірыңғай білім беру деңгейі
ретінде қарастыруға болады, себебі
оның өз алдына құрылымы мен
қасиеті бар. Оған енетін
Елімізде соңғы кезде отбасы мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Оның себебі, отбасына деген көзқарасты жаңа модельге өзгерте отырып қабылдату, өмірлік циклдегі дағдарыстар туралы психологиялық білім сапасын жоғары деңгейге көтеру сәйкесінше "отбасы − неке" институттарын құру.
Отбасы құрылымы отбасы мүшелері құрамынан, туыстық түрлер мен рөлдерден тұрады. Әдебиеттерде: "Отбасы рөлдерін кешенділеу, отбасы құрылымында қожалық ету мен тұлғааралық коммуникациядан көріну", − деп түсінік береді. (А. И. Антонов, 1998; В. М. Медков, 1996). ¹
Отбасы құрылымы негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады (В. Сатир, 1992). Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.
Отбасының құрылым жүйесі екі түрде қолданылады:
1.Генетикалық жүйе.
2.Бірін – бірі толықтыратын рөлдік жүйе.*
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін датқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Отбасы функциясы – тек "биологиялық фабрика" рөлінде емес, адам қоғамда құндылыққа жеткенде ғана тұлғалық қасиетке ие болатын қызмет.
Шаруашылық – тұрмыстық қызметін өмір сүрудегі басты материалды жағдай өрісі. Соңғы деректерге сүйенсек, шаруашылық – тұрмыстық мәселесімен айналысатын әйелдер қауымы болып табылады. Отбасындағы рөлдердің осылай бөлінуі, қақтығыстың туындауының бірден – бір себебі болуы ықтимал.
Отбасында көңілді кештерді ұйымдастыру қызметі – отбасы мүшелерінің дене және психикалық шаршауларын қалпына келтіру мен отбасы құрылымын сақтап қалуға бағытталған. Бұл қызмет ерлі – зайыптылар арасында қатынасты дамытуға, адамгершілік құндылықты арттыруға, сақтауға, отбасындағы мінез – құлық үлгілеріне, жалпы жеке отбасылық шағын мәдениетке итермелейді.
Жыныстық – эмоционалды – геодонистік қызметі қазіргі таңда ерекше орында, себебі жыныстық жағы еркектер мен әйелдерге бірдей, еркіндік тепе – теңдік мәнге ие болды.
Отбасы өмірінде психотерапевті
Отбасы қызметі құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Негізі екі тұрғыда қарастырылады:
1.Әлеуметтік ортада
қосымша өкілеттік алған
2.Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестер.
Отандық психологияда қарым – қатынасты психологиялық феномен ретінде қарастыратын бірнеше көзқарастар бар, соған байланысты бірнеше түсініктерге тоқталып өтсек, Б. Ф. Ломовтың ойынша, қарым – қатынас – бірқалыпты және көпжақты процесс, оның басты қызметі – тұлғааралық қатынас, алайда бұл сала әлі толық зерттелмеген.
Отбасы шағын
топ ретінде аз қарастырылған.
Көп тұжырымдарға сүйенетін
Отбасылық қарым – қатынас.
Отбасындағы өзара
қатынас жүйесі туралы батыс
жұмыстарынан А. Я. Варги
Сонымен, отбасы
жекелік және әлеуметтік
Отбасы – әлеуметтік жүйе, оны "Park & Buriel" деп тұтастай жүйе ретінде қарастыра отырып, "бала – ата − ана", "ері − зайыбы", "туыстар" (бір ата – анадан тараған әпке − іні) бөліктерін біріктіреді.*
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады». «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» - деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде болып табылады.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері» деп анықтадық.*