Отбасы денсаулығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:14, реферат

Описание работы

Алла тағала өлі топырақтан тірі дене жасап, оған өз рухынан жан берген кезде ақыл, ғылым және жасампаздыққа толы тіршілік иесі жаралды. Ол адам деп аталды. Аса дана да терең ойшыл Алла тағала адамға көптеген нығметтер сыйлады және Құран Кәрімде адам үшін ең жақсы өмір сүру салтын сипаттап берді. Адамның құдай алдындағы міндеті Жаратушыға ғибадат ете отырып, мінез-құлық және рухани кемелділікке жету болып табылады. Алла Құранда адамды қадір тұтып, оны өзінің жердегі орынбасары ретінде таныстырған. Ол адамнан өзінің жаны мен тәнін ұқыптап ұстап, тек таза да пайдалы тамақтармен қоректенуін талап етеді.

Работа содержит 1 файл

Алла тағала өлі топырақтан тірі дене жасап.docx

— 18.34 Кб (Скачать)

Алла тағала өлі топырақтан тірі дене жасап, оған өз рухынан жан берген кезде ақыл, ғылым және жасампаздыққа толы тіршілік иесі жаралды. Ол адам деп аталды. Аса дана да терең ойшыл Алла тағала адамға көптеген нығметтер сыйлады және Құран Кәрімде адам үшін ең жақсы өмір сүру салтын сипаттап берді.  Адамның құдай алдындағы міндеті Жаратушыға ғибадат ете отырып, мінез-құлық және рухани кемелділікке жету болып табылады. Алла Құранда адамды қадір тұтып, оны өзінің жердегі орынбасары ретінде таныстырған. Ол адамнан өзінің жаны мен тәнін  ұқыптап ұстап,  тек таза да пайдалы тамақтармен қоректенуін талап етеді. "Ісра" сүресінің        70-аятында былай делінген: "Расында адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрлықта да, теңізде де көңілдендірдік. Әрі оларды жақсы нәрселермен қоректендірдік. Әм оларды жаратқандарымыздың көбінен неғұрлым артық жараттық."

Ислам діні адамның жаны мен тәнінің  әр түрлі қырларына өте үлкен көңіл бөледі және адамның бақытты болуы үшін жалпы бағыт-бағдарлар береді. Ислам дінінде  тамақтану жөнінде көңіл аударуға тұрарлық әр түрлі мағлұматтар бар.

Ислам діні бойынша, тамақтану адамның тұлғасы мен мінез-құлық сипатын қалыптастыруда өте үлкен рөль атқарады. Сондықтан да Құран мен рауаяттарда таза да пайдалы тамақтар "халал және тайебат" деп аталған.  Харам тамақтарға керісінше халал және пайдалы тамақтар адам бойында ізгіліктің нышанын тудыра алады. Халал тамаққа адам денсаулығына пайдалы, шариғат бойынша тыйым салынбаған барлық тамақ түрлері жатады. Адамның табиғи болмысына сәйкес келетін тамақтар тайеб тамақтар деп аталады.  Құран аяттарында халал және пайдалы деп аталған кейбір тамақтар көбіне жеміс-жидек пен өсімдік тектес болып келеді. Құранның "Әнғам" сүресінің 141- аятында былай делінген: "Ол сондай Алла аспалы және аспасыз бақшаларды, құрма ағаштарын, түрлі жемісті, өсімдіктерді, зәйтүн және анарды бір-біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Әрбірі жеміс берген кезде, жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын беріңдер; "

Алла адамға аталған жеміс-жидек түрлерімен тамақтан деп кеңес береді.

Зәйтүн сөзі Құранда алты рет аталып өтілген және рауаяттарда оның сиқырлық қасиеті туралы сөз болған. Зәйтүн –Таяу Шығыстың жергілікті өсімдігі. Бұл өсімдік шамамен 6 000 жылдан бұрын Жер орта теңізі аймағында  өсіп-өніп, кең тараған. Зәйтүн ағашы әлемдегі ең ежелгі ағаштардың бірі болып саналады. Мұхаммад пайғамбар (с.) адамдарға зәйтүн майын тамақ ретінде және денеге массаж  жасауға пайдаланыңыздар, өйткені зәйтүн майы "қасиетті тамырдан" алынады деп кеңес берген.

Бүгінде жүздеген ғасырдан кейін дәрігерлер мен мамандар да зәйтүннің шипалық пайдасын анықтады. Дәрігерлердің кеңесі бойынша, жүректің қызметін жақсы сақтау, инфаркт пен жүрек қантамырлары ауруларына шалдығудың алдын алу үшін зәйтүн мен зәйтүн майын үнемі пайдалану керек. "Нью-Йорк Ньютрейшен Эгземинер" интернет сайтының хабарлауынша,  зәйтүн майы ежелден-ақ қанықпаған майлардың бір түрі ретінде танылған. Ол дене қантамырларын тазартуға үлкен әсер етеді.  Зәйтүн майы денедегі LDL, яғни зиянды холестерин мөлшерін азайтып,  HDL, яғни пайдалы холестериннің мөлшерін арттырады. Бүгінде әлемнің көптеген елдері зәйтүн майына ықылас танытып отыр. Ол салат және әр түрлі тамақтар дайындауда пайдаланылады.

Тамақтану саласының маманы Фатима Мұраджи зәйтүннің тағы бір қолдану аясына тоқталып: "Зәйтүн майы қуық обыры және тыныс жолдары ауруларын емдеуге, диабет, алгеймер және шаштың түсуінің алдын алуға жақсы әсер етеді",- дейді.

Құрма Құранда аталған таза да пайдалы жемістердің бірі болып табылады. Исламдық медицина құрманы тыныштандыратын, жүрек қызметінің жақсаруына көмектесетін жеміс деп атайды. Құрма ұмытшақтық ауруына шалдығудың алдын алады. Медициналық пайымдаулар бойынша, құрма құрамында магнийдің болуына байланысты ол энергия тудыру қасиетіне ие және дененің жалпы қуатын арттырады. Бұл жеміс құрамында магний мен фосфор болғандықтан,  есте сақтау қабілетінің артуына себеп болады.

Құрма жалпы тыныс жолдары аурулары, әсіресе астмаға қарсы өте пайдалы. Құрманың барлық ерекшеліктерін ескере отырып,  оны пайдалы да қуатты тамақ деп есептеуге болады. Мұхаммад пайғамбар(с.) құрманың таңқалдырарлық қасиеттерін ескере отырып, адамдарға үнемі құрма жеуді насихат еткен. Тарихи желі  бойынша,  бір күні Имам Әли (ғ.) аурудан айығу кезеңін басынан өткеріп жатқан кезде пайғамбар оған құрма жеуге тыйым салыпты. Айналадағылар бұған өте таң қалыпты. Бүгінде құрмада тамақ талшықтары бар екендігі анықталды. Аурудан айығу кезеңін өткеріп жатқан адамдардың ас қорыту жүйесі әлсіз келеді. Оларға құрма талшықтарын қорыту қиынға түседі. Сондықтан одан бас тартқандары дұрыс.

Құрма аяғы ауыр әйелдердің сүт мөлшерін арттырады және оларға өте күшті қуат береді. Құранның кейбір түсіндірушілерінің пікірінше, құрманың өте пайдалы болуы себебінен Хазірет Мариямды толғақ қысқан кезде оған құрма ағашы жемісінен жеу насихат етілген. Тамақтану саласының мамандарының пікірінше, құрманың құр өзін жеу немесе сүт өнімдерімен бірге жеу ауыр дене жұмысымен айналысатындарға шаршау сезімінен құтылуға көмектеседі. Құрманың құрамында май мөлшерін азайтып, денені протеинмен қамтамасыз ететін пайдалы талшықтар бар. Ең соңғы зерттеулер құрманың адамды тыныштандыруда таңғажайып қасиетке ие екендігін анықтады. Бұл жеміс дөрекілік пен ашуды басуға өте күшті әсер етеді.

Алла Құранда әр түрлі балықтармен қоректенуге кеңес етеді. Ол балықтарды өмір сыйлайтын құдайылық нығметтердің бірі деп атады. Нахыл сүресінің 14-аятында былай делінген: "Және де Ол, сондай Алла, жас ет жеулерің үшін және киініп, тағынатын сәндік бұйымдар шығаруларың үшін теңізді бағындырды. Алладан ризық іздеулерің үшін кеменің суды жарып бара жатқанын көресің. Әрине шүкіршілік етерсіңдер."

Бұл аятта жас балық етін жеуге сілтеме жасалған. Оксфорд университетінің зерттеушілері балық жеу қарт адамдардың есте сақтау қабілетін арттыруға көмектесе алатындығын анықтады. Тамаққа пайдаланылған балық еті қаншалықты жас болса, адамдардың есте сақтау қабілетіне әсері соншалықты көп болады.

Осы зерттеудің жауапты өкілі доктор Смитт: "Біз майсыз балықтардың етін жеу майлы балықтарға қарағанда пайдалырақ екендігін анықтадық. Сондықтан  балық етінің еске сақтау қабілетке әсері оның құрамындағы Омега 3 атты май қышқылдарына ғана байланысты емес, тағы да басқа затқа байланысты болуы керек. Біз соны анықтауға  тиіспіз."-деді.

Балық етін жеу жүрек пен қантамырларының қызметіне жақсы әсер етеді. Бұл балық құрамында Омега 3, Омега 6 май қышқылдарының болуына байланысты. Соңғы жылдарда зерттеушілер  балық майы алынатын  Омега 3 май қышқылы артерияда жиналатын зиянды майлардың алдын алуға көмектесе алады. Сондықтан балық етін жеу инфаркт пен инсульттің алдын ала алады.

Әрине айта кету керек: исламда қабыршағы бар балық түрлері ғана халал болып есептеледі. Және балықты аулау тәсілі де оның халал не харамдығына әсерін тигізеді. Балық тірідей судан алынып шығарылып, құрлықта өлетін болса, еті халал болып саналады. Бірақ соққының нәтижесінде не белгілі бір құралдардың көмегімен өлтірілетін болса, ондай балық етін жеуге рұқсат етілмейді.


Информация о работе Отбасы денсаулығы