Ойлаудың табиғаты және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 13:20, реферат

Описание работы

Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте –бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, алғашында философтардың назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың бірі Р. Декарт “Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”, деген формуланы ұсынды. Егер формуланың философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ және оны тек нақтылы–психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды адамның тіршілік етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық өміріндегі бірінші орынға шығарады: автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме де адамның тіршілігін сенімді дәлелдей алмайды.

Работа содержит 1 файл

Ойлаудың табиғаты және түрлері.docx

— 35.12 Кб (Скачать)

Алайда басқа жағдай да болуы мүмкін, мәселен, практикалық іс-әрекет барысында міндеттерді шешу үшін дерексізденген теориялық ойлау талап етілмейді: тек аталған көрнекі жағдайға бағдарланып шешетін қарапайым міндеттер ғана кездеседі. Мұндай жағдайда практикалық ойлау, яғни практикалық іс-әрекетте қосылған және жеке практикалық міндеттерді шешуге тікелей бағытталған ойлау көрнекі-әрекеттік ойлау формасын қабылдайды. Көрнекі-әрекеттік ойлау–бұл қарапайым практикалық міндеттерді, шешуге тәкелей бағытталған қарапайым практикалық ойлаудың формасы. Ерекше практикалық интеллектінің болуы жайлы дәлелдеме мынаған сүйенеді, кейбір адамдар күрделі теориялық міндеттерді шешуді ойлаудың жоғарғы деңгейін таба отырып, ойдағыдай жүзеге асырады, алайда олар қандай да бір практикалық жағдайдан шығар кезде дәрменсіз болып қалады және керісінше өте күрделі практикалық жағдайлардан шығып кете алатын адамдар, қарапайым теориялық мәселенің алдында дәрменсіздік танытады. Осы фактіні түсіндіру үшін сол екі жағдайдағы ойлау операцияларының арасындағы айырмашылықты білу қажет. Ең алдымен шешіліге тиісті міндеттердің объективті айырмашылықтарын ескеру керек. Кейбір міндеттер мәні бойынша жекелеген проблемалық жағдайдың шегінен шығуды жалпыланған және жанама жағдайларды жасауды талап етеді,- бұлар теориялық ойлауды қажет етеді; ал басқа практикалық міндеттер проблемалы жағдайдың көрнекі мазмұнында берілген мәліметтер негізінде шешіле алады.

Мұндай міндеттерді шешуге бағытталған ойлау үшін оның объективті шындықпен тікелей әрекеттік байланыстағы әрекет жағдайында болуы тән– яғни ойлауды “ой өрісі” әрекет өрісімен сәйкес келеді; ойлау және әрекет бір ғана салада жасалады; ойлау операциясының барысы практикалық әрекет барысына, әрекеттік жағдайға тікелей қосылған; онда практикалық әрекет міндеттерді шешудің әрбір сатысын игеріп, тұрақты түрде тікелей практиканың тексеруінен өтеді.

Әрекетті жағдайда ойлау процесінің өтуі, оның практикалық әрекетпен тікелей байланысты оларға ерекше із қалдырады. Әрекет ойлау операцияларына қосылмаған жағдайда субъекті міндеттерді шешуді тұтастай ойластыруы керек, оның барлық буындары басынан аяғына дейін ойша ескерілуі қажет. Сонымен қатар тікелей-әрекеттік жағдайда алдымен нені жасау қажеттігі жайлы және шешімді ары қарай жасау үшін шешімнің алғашқы сатысын табу керек. Егер де шешімнің бірінші сатысын практикалық әрекетте жүзеге асырсақ, онда бұл әрекет алғаш белгіленген және алдын ала ойластырылған проблемалық жағдайды шынайы өзгерте отырып, практикалық әрекет аяқталғанға дейін қарастырылмаған өзгерістерді тауып алады. Ойлау операциялары өтіп жатқанда оған кіріккен әрекет жақындағы белгіленген міндеттерді шешу сатысын таратып, алдын ала қарастыру, түсіндіру, қиялдау қажеттіліктерінен оларды босатады және оқиға проблемасындағы барлық өзгерістерді ескереді, олар әрекет барысында тікелей өтетін міндеттерді шешуді алдын ала қарастыруды және ойша ескеруді қажет ететін жағдайларды да кіргізеді. Сөйтіп, практикалық әрекет міндеттерді бұған дейінгі шешу кезеңдерінен шығатын кейбір салдарды алдын ала көру және алдын ала есеп жүргізу жөніндегі ойлау операцияларын ішінара алмастырады және міндеттерді шешу процесінің тікелей компоненті болып табылады. Бұл жағынан алғанда әрекетпен ойлаудың орын алуы, әрине шартты түрде. Практикалық әрекетпен орындалатын бұл функцияда міндетті практикалық әрекетпен шешу барысына тікелей қосылған ойлау операциясының ерекше артықшылығы білінеді.

Алайда мұндай ойлау операциясы бір жағынан жалпыланған теориялық шешім жасау кезінде міндеттер ұсынатын талаптардан айырмашылығы бар өзінің ерекше талаптарын ұсынады. Ол жеке, бөлек детальдарға кеңейтілген бақылау мен зейін аударуды талап етеді, осы аталған жағдайда осы проблемалы жағдайдағы айрықша және жеке жағдайда міндетті шешу үшін пайдалану ептілігін ұсынады, бұл теориялық жалпылауға толығымен кірмейді; ол сонымен қатар ойлаудан әрекетке өтуді және керісінше әрекеттен ойлауға өтуді талап етеді. Біреулері үшін мұндай ауысулар демалу, жеңілдеу болып табылады; ал басқалары үшін олар елеулі қиындықтар туғызтын, кейде олар ойлау процесінде ұйымдастыруды бұзатын жағдайлар ретінде қабылданады.

Сол және басқа жағдайда ойлау процесінің мотивациясы ерекше болады; егер де ойлау процесі үшін практикалық, әрекеттік жағдай ынталандырушы болса, онда субъект кездескен қиын жағдайда тез шығуы қажет болады; ал басқа жағдайда адамның басына түскен практикалық жағдаймен байланысты емес теориялық мәселені шешу жайлы сөз болса, ондай жағдай басқаша болады. Шынында да осы екі оқиғаның әрқайсысы ойлау прроцесі үшін әр түрлі психологиялық жағдайды жасайды: олардың қызығушылықтарына, ақыл деңгейіне және тұтас алғанда тұлғасына байланысты әр түрлі адамдарда әр түрлі нәтиже беруі тиіс.

2. Таным түрі бойынша:    

     1. Эмпириялық ойлау–теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсін, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрі.    

 2. Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен құбылыстардың мәнін танып–білу.

3. Рефлексия немесе саналу деңгейі  бойынша:

1. Интуитивтік ойлау–тез өтетін, анық кезеңдері жоқ, көбінесе саналанбайтын ойлаудың түрі. Бұл ойлау түрі кеңестік психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б зерттелінген.

2. Рациональдық ойлау  (аналитикалық немесе логикалық  ойлау) – уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдері бар, ойлаушы субъектінің санасында едәуір көрініс табатын ойлау түрі.

Интуитивті және рациональдық ойлаудың айырмашылығын білу үшін әдетте үш белгі қолданылады: уақыттық (процестің өту уақыты), құрылымдық (кезеңдерге бөлу), ағым деңгейі (ұғынған немесе ұғынбаған). Рациональдық ойлау уақытқа таралып, айқын көрінетін кезеңдері бар, елеулі деңгейде ойланушы адамның өзінің санасында  бейнеленген. Интуитивті ойлау тездігімен, айқын көрінетін кезеңдерінің болмауымен сипатталады, ол минималды ұғынған болып табылады. Отандық психологияда бұл ойлауды Я.А. Пономарев, Л.Л. Гурова және т.б. зерттейді.

Әрекеттің тәсілдері негізінде:

Вербалдық (сөздік) ойлау–тілдік құралды пайдалану арқылы адамның өз пікірін тұжырымдамауы, білдіруі.

Көрнекі ойлау–мәселені шешу нақты бейнелі түрде көрінуінде жүзеге асатын ойлау түрі.

Ойлау бағыттылығымен байланысты:

Шынайы (немесе реалистік) ойлау–ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетін ойлаудың бір түрі.

Аутистік ойлау–адамның ниеттерін жүзеге асыруымен байланысты болатын ойлау түрі. Осыған ұқсас келетін эгоцентрлік ойлаудың ерекшелігі–адамның басқа біреудің позициясында тұра алмауы.     

 Шынайы ойлаудың аутистік ойлаудан айырмашылығы мынада: шынайы ойлау негізінен сыртқы әлемге бағытталған, логикалық заңдармен реттелінеді, ал аутистік ойлау адамның тілектерін іске асырумен байланысты (біз тілегіміздегі нәрсені шын мәнінде бар нәрсе тәрізді етіп көрсетеміз). Кейде аутистік ойлаудың орнына “эгоцентрлік ойлау” деген ұғым қолданылады, ол ең алдымен басқа адамның көзқарасын қабылдаудың мүмкін еместігімен сипатталады.

Ойлау іс — әрекетінің өніміне байланысты:

Продуктивтік ойлау–адамның ойлау іс-әрекетінің жаңа өнімін шығару.

Репродуктивтік ойлау–ойлау іс-әрекеті барысында өмірде бар білімдерді пайдалану.    

 Продуктивті және репродуктивті ойлауды ажырату маңызды болып табылады. З.И. Калмыкова бұл айырмашылықты “субъектінің білімдеріне қатысты ойлау іс-әрекеті процесіндегі алынған өнімнің жаңашылдық деңгейіне” негіздейді.

7. Ойлаудың функцияларына байланысты:

Творчестволық ойлау–ақиқат дүниге жаңалықты тудырумен, жаңа білімдерді тауып, негіздеумен байланысты болатын ойлаудың түрі.

Критикалық ойлау–заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негізінде, солар жөніндегі көзқарастар мен пікірлердегі қайшылықтар мен кемшіліктерді таба білуімен байланысты болатын ғылыми дәйектелген сындық пікірден тұратын ойлаудың бір түрі.

8. Еріктік күштің жұмсалуына байланысты:

Ырықсыз ойлау–түс көру бейнелерін ырықсыз трансформациялау.

Ырықты ойлау–проблемалық жағдаяттарды, ой есептерін мақсатты түрде шешу.    

 Еріксіз ойлау процестерін ерікті ойлаудан ажырату қажет: мысалы, түс көрудегі бейнелердің тура трасформациялары және ойлауға бірілген тапсырмаларды мақсатқа бағытталған тұрғыда шешу. Ойлаудың түрлерінің келтірілген тізімі толық емес. Олардың арасында күрделі қатынастар бар. Сонымен, мысалы, З.И. Калмыкова продуктивті ойлаудың сөздік–логикалық және интутивті–практикалық көмпоненттерін бөледі.

Ойлаудың әр түрлі түрлерінің арасындағы сәйкестік тұтасымен әлі анықталмаған.     Ең соңында ойлаудың әр түрлі түрлерінің айрықша ерекшеліктерінің әр түрлі адамдарда олар шешуге тиіс міндеттер шаттастырылған; олар іс-әрекеттің сипатына тәуелді құрылатын индивидуалды ерекшеліктерімен байланысты болады.

Бірақ бастысы айқын: “ойлау” ұғымымен психологияда сапалық әртекті процестер белгіленеді.


Информация о работе Ойлаудың табиғаты және түрлері