Мотивация

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 09:14, реферат

Описание работы

Мысалы, өздерінің түрткі және мотивация туралы зерттеулерін Фрейд Австралияда, Левин Германияда жүргізе бастаған және мотивация туралы пікірлер әр түрлі жағдайларда көп қарастырылған. «Түрткі» өзіне нақты жағдайда жүре бастаған талап етуді, қозуды, тырысуды тағы басқа қасиеттерді қосып алады. Осы терминдер динамикалық жағдайда бағытталып, іс-әрекеттің нақты бағалық жағдайын, субъективті тырысуын бағыттайды. Осы қасиеттердің барлығын қорытындылай келе және мотивацияның психологиялық зерттеулерін жүргізе отырып «түрткі» және «мотивация» деген ұғымдар туады.

Содержание

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Мотивация түсінігі
Мотивация түрлері
Мотивацияны зерттеудегі теориялар
ІІІ. Қорытынды
Адамды мотивациялаудың жолдары
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Психология.docx

— 89.53 Кб (Скачать)

                                                              Кіріспе

Мотивация адам өмірінің бұрынғы ғылымында орын ала бастаған. Жүз жылдықтың бірінші жарты жылында әр елдерде мотивация туралы ұғымдарды жан-жақты әр түрлі қарастыра бастаған. Мысалы, өздерінің түрткі және мотивация туралы зерттеулерін Фрейд Австралияда, Левин Германияда жүргізе бастаған және мотивация туралы пікірлер әр түрлі жағдайларда көп қарастырылған. «Түрткі» өзіне нақты жағдайда жүре бастаған талап етуді, қозуды, тырысуды тағы басқа қасиеттерді қосып алады. Осы терминдер динамикалық жағдайда бағытталып, іс-әрекеттің нақты бағалық жағдайын, субъективті тырысуын бағыттайды. Осы қасиеттердің барлығын қорытындылай келе және мотивацияның психологиялық зерттеулерін жүргізе отырып «түрткі» және «мотивация» деген ұғымдар туады. Түрткі бұл барлық қарым-қатынастағы «индивид-орта». Егерде түркіні бір шеңбердің ішіндегі қарым-қатынастың «индывид-ортасы» деп түсінсек, онда бұдан шыққан мотивацияның психологиялық мәселелерінің негізгі сегіз түрін атап өтуге болады:

1) «Индивид-орта» қарым-қатынастың эквиваленттілігі.

2) Жеке даралы өсу кезінде және нақты бағалы диспозиция қалыптасқанда түрткі қалыптасады.

3) Адамдардың жеке тұлғалық қасиеттері мен бірге түрткілері де өзгеріп отырады.

4) Адамның мінезі нақты бір жағдайда әр түрлі түрткіні иерархияға бағытталып, түрткілері әр түрлі жағдайға тап болып келеді.

5) Мотивация мінез-құлықтан қалыптасқандықтан түрткісі қалады.

6) Қозудың іс-әрекеттегі байланысын мотивация ретінде түрткі анықтайды.

7) Мотивация жеке процес емес, бұл мінез-құлықты басынан аяғына дейін анықтайды.

8) Мотивтендірілген іс-әрекетті мотивациямен салыстыруға болмайды. 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мотивация түсінігі

    Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді.

  • Мотивация (лат.мовео-қимылдатамын)  
  • әрекетке итермелеу;
  • адамның жүріс-тұрысын, оның бағыттылығын, ұйымдастырушылығын, белсенділігін және тұрақтылығын басқаратын физиологиялық және психологиялық серпінді процесс;
  • адамның өзінің еңбегі арқылы материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті.

      Бұл жеке  тұлғаны немесе топты ішкі  немесе сыртқы әсерлер ықпалнан  өз қажеттіліктерін қанағаттандыру  және ұыймның мақсатына жету  процессі.

Мотивация түрлері:

  1. Сыртқы мотивация (экстринсивті) – субъектке қатысты сыртқы жайттармен байланысты.
  2. Ішкі мотивация (интринсивті) - әрекеттің мазмұнымен байланысты мотивация түрі.
  3. Жағымды және жағымсыз мотивация – оң ынталандырмаға негізделген мотивация жағымды; ал жағымсыз мотивация керісінше.
  4. Тұрақты және тұрақсыз мотивация. Адамның ешқандай толықтырушыларсыз қажеттіліктеріне негізділген мотивация тұрақты болады және керісінше. 

Мотивацияның бірнеше  типтері бар:

  • Гомеостазды жақтауға бағытталғын жеке мотивацилар:
  • аштық
  • шөл
  • ауырудан қашу
  • температурлік оптимумға ұмтылу
  • және т.б.
  • Топтық:
  • ұрпаққа қамқорлық, күтім
  • топтық иерархияда орын іздеу
  • берілген қоғам құрылымына сәйкес болу
  • Танымдық:
  • зерттеушілік жүріс-тұрыс
  • ойын әрекеттері

 

Мотивацияны зерттеуде бірнеше  теориялар бар, олардың негізгілері:

  1. 3. Фрейдтің мотивация теориясы.  
  2. А. Маслоудың мотивация теориясы.
  3. Д. Шварцтың мотивация теориясы.  

        А.Маслоудың мотивация теориясы.  

        1943 жылы Psychological Review журналында Абрахама Маслоудың «Адам мотивациясының теориясы» деген мақаласы шықты.  Бұның негізгі ойы адам қажеттіліктері. Бұл теорияның басқа психологтардың теориясынан ерекшелігі А.Маслоу бұны теориялық негізде ғана дәлелдеп қойған жоқ, сонымен қатар ол адамдарға эксперимент жасады. Бұл жерде адамның қажеттіліктерін 5 топқа бөлген: 
 

1)Физиологиялық қажеттілітер; 
2)Адамның қауіпсіздігі; 
3)Әлеуметтік қажеттіліктер- махаббат сезімі, достық; 
4)Адымды силау қажеттілігі; 
5)Өзін-өзі көрсету; 
 
        Маслоу теориясына ұсынсақ, адам қажеттіліктерін белгілі бір орынға біріктіруге болады. Ең үлкен қажеттілік бұл өзін-өзі көрсету. Себебі адам әлеуметтік ортада өскісі келеді, сондықтан бұл процесс шексіз.

Қажеттіліктер - бұл, не адам ішінде пайда болып және сонда болады,  яғни,  әр түрлі адамдарға жалпы жеткілікті болуы, бірақ сол уақытта әрбір адамға айқын дара көрінуі.

Мотив – адам әрекетінің себебі. Мотивациялық сфера көптеген қасиеттермен байланысты. Белгілі бір  мотивтердің басымдылығымен адамның  қандай тұлғалық қасиеттері дамиды екендігін  білуге болады. 

 

Тұлға бағытталуының үш түрі бар:

  • Жеке
  • Коллективтік
  • Іскерлік

 

 Мотивация нені іздеуіне байланысты 2 негізгі түрге бөлуге болады.

  1. Адамның сыртқы ортадағы әрекетінен туылатын мотив. Бүл түрде мотивацияны жақсы білу ғана емес адамға бұл мотив қалай ықпал ететіне байланысты болады. Бұл мотивация сауда келісіне ұқсайды: « мен саған керегінді беремін, ал сен маған қалағанымды бересін».Егерде екі жақ келіспей қалса онда мотивациялау жүрмей қалады.

 

  1. Мотивациялық құрылымды қалыптастыру.Мотивацияның бұл түрі тәрбиелік және оқулық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мотивацияның екінші түрін жүзеге асыру үшін көп жігерлік және ақыл керек. Себебі мотивациялаудың екінші түрінің нәтижесі біріншісіне қарағанда жақсы болады.

Стимул - бұл белгілі бір мотив туғызатын рычаг рөлін атқарады. Стимулдар ретінде жеке заттар, адамдардың бір-бірімен қарым қатынасы т.б. жатады. Адам кез келген стимулға беріле салмайды. Жеке стимулдарға адам реакциясы қарсы болуы мүмкін. 
      Адамдардың стимулға жауабы бірдей бола бермейді. Сондықтан адамға стимул әрекет етпесе ол керексіз болып қалады. Мысалы, ақшалық жүйе құласа біз ақщаға ештеме сатып ала алмаймыз, сонда алатын жалақымыз өз стимул рөлін жоғалтады. 
      Адамды мотивациялау кезінде әр түрлі стимулдар қоданса онда бұл процессті стимулдау деп атаймыз. Стимулдау әр түрлі формаларға бөлінеді. Тәжірибеде ең кең қолданылатын формасы бұл материалдық стимулдау. Бұл стимулдау процессінің рөлі өтеүлкен. 
        Стимулдау мотивациялауға қарағанда өзгеше. Себебі стимулдау арқылы мотивациялау жүзеге асады. 
 

Мотивацияның  жасайтын әрекеттері: 
 
Жігерлік; 
Тырысу; 
Өзінде тұру; 
Адамгершілік; 
Бағыттылық.

Адам бір жұмысқа әр түрлі жігерлік танытуы мүмкін. Ол жұмысты бүкіл күшімен немесе жарты күшімен орындауы мүмкін. Ол онай жұмысты тандауы мүмкін немесе қиын жұмысты, ол жұмысты шешу үшін қиын әдісті тандуы мүмкін немесе онай әдісті. Осының бәрі адамның қанша  жігерлік танытатының айқындатады.  
      

Ұйымда жұмыс істеу  үшін адам әр-түрлі талпынуы мүмкін.Біреуге  жұмыс сапасы жаман болса да бәрібір  болса, ал екінші ол жұмысты жақсы  істеп, жұмыстан ерінбей, ұйымдағы қарым-қатынасты жақсартқысы келеді . 
      Мотивациялау – адамда белгілі бір мотивтер туғызып олар адамға белгілі бір іс-әрекет жасататын процесс. Мотивациялау адамды басқару негізі болып табылады.

 

Адамның жетістікке жетуі үшін негізгі мотивацилардың бірнеше түрлері:

1. Визуализацияны, яғни көзбен шолуды қолданыңыз

Бұл қағида жетістікке тиімді, әрі тез жетуге ықпал етеді. Себебі визуализация арқылы сіздер тамаша өмірді көре аласыздар. Бір-екі минуттық бұл  көріністерден кейін жерге түскенде, көңіл-күйіңіз көтеріңкі болып, одан сайын көп жұмыс істегіңіз  келе береді. 

 

2. Ешқашан өзіңізге шектеу қоймаңыз

Есте сақтаңыз: өзінің дегеніне жете алмағандар, өздері кінәлі. Алдындағы  мақсаттарына аз жұмыс істегені немесе ынтасын аз салғаны үшін кінәлі емес, өздеріне шектеу қойғандары үшін кінәлі.

Шектеу қою арқылы, өздеріңізді  тоқтатасыздар, өйткені адам баласы алмайтын қамал жоқ. Ол үшін өзіңізді дайындау керек, бастысы сан емес, сапа ғой! 

3. Есте сақтаңыздар: өмір бойы оқу керек

Сіздер білесіздер, жекелеген  дағдыны меңгеру арқылы жақсы  жұмыс көрсете аласыздар. Ал егер мансап қуғыларыңыз келсе, өмір бойы оқу шарт. Кейде, қажетті білімді  жұмыс барысында аласыздар, бұл  да жақсы. Кейде жұмыстарыңызда ондай  мүмкіндіктер жоқ, сондықтан уақыт  бөліп білімді шыңдау керек. 

4. Өз-өзіңізді ұйымдастыра алудың маңыздылығы

Егер сіздер өз уақыттарыңызды, демалысыңызды, жұмысыңызды, әр күніңізді  дұрыс ұйымдастыра алсаңыздар, онда уақытты тиімді түрде жұмсап, қалаған  нәрселеріңізге тез арада қол  жеткізесіздер. 

5. Өзге адамдарға көмектесіңіздер

Сіздер басқа бір жандарға көмектескенде, көңіліңіз жай табады, сіз біреуге керексіз деген сезім  бойды билейді. Басқа адамдарға  нәтижеге қол жеткізуге көмектесе  аласыздар, біреулер сіздің көмегіңізге  мұқтаж екенін ұмытпағайсыздар. 

6. Балалармен жиі араласуға тырысыңыздар

Егер сіздердің балаларыңыз  болса, бұл жақсы. Болмаса ол проблема емес. Жай ғана таныстарыңыздын үйіне  кіріп, балаларымен араласуға болады. Себебі балалар үлкендерге қарағанда  әлемді қарапайым түрде көреді. Кейде  олармен араласу арқылы мәселелерді  бір-ақ сәтте шеше аласыздар. Балалар  көмегімен жаһандық мәселелер де шешілген кездер болған!!! 

 

7. Сіздер сияқты үлкен жетістікке жеткісі келетін адамдармен араласыңыздар

Табысқа жетуде сіздің әдісіңізге ұқсас әрекет ететін адамдармен қарым-қатынаста  болыңыз. Бұл көмектеседі, сіздер бір-біріңізбен тәжірибе алмасып, бірге мәселелеріңізді  шеше аласыздар, қолдау көрсете аласыздар.  

8. Дем алуды ұмытпаңыздар

Дем алысты әрдайым есте ұстаңыздар, дем алыс уақытын орынды пайдаланыңыздар. Ұйықтар алдында  қыдыруды әдетке айналдырыңыздар. Жұмыстан шаршағанда, жарты сағат тынығып  алу керек. Егер қыдыратын уақыт  болмай жатса, жақсы көретін музыкаңызды  тыңдауда жақсы әсерін береді. 

9. Басқа адамның тәжірибесі туралы ұмытпаңыздар

Брайан Трейси беделді  адамдар туралы көп оқып, олардың  жетістіктерін, кемшіліктерін, қылықтарын зерттеп, барлығын өзіне керекті  түрде пайдаланды. 
      10. Әр кез ақпаратпен сусындап отырыңыздар

Мотивация туралы бір мақала немесе бір кітап оқу әр кез  оң нәтижеге апармайды. Өйткені бірдеңені  ұмытып, түсінбеуіміз әбден мүмкін. Осы тақырыпқа байланысты ой-өрісіңізді кеңейтіп отырған жөн.

11. Өзіңізді мақтауды ұмытпау

Иә, мақтауды ұмытпау. Кез-келген мақсатқа жекенде, мейлі, болмашы нәрсе  болсын, өзіңіздің мақтауды ұмытпаңыздар. Егер сіздерді өзіңіздің көрсеткен  нәтижеңіз қанағаттандырса, ары  қарай биік шыңдарға да шыға аласыздар.  

12. Оптимист болыңыздар

Кез-келген нәрсеге позитивті көзқараспен қараңыз. Тіпті сізде проблема болса да, осы жағдайдан жақсы нәрсе көре біліңіз. 

  13. Тәжірибелі адамның сөздеріне құлақ салыңыздар

Біз жиі өзімізді үлкен санап, ақыл-кеңес тыңдаудан бас тартамыз. Егер ақыл-кеңес беруші бізден жасы кіші болса, намысымыз тіпті жібермейді. Ол дұрыс емес. Өзгенің тәжірибесін пайдалана отырып, уақыт пен күшімізді үнемдей аламыз. Біздің өміріміз аға буынның тәжірибесін үйренуден құралады. 

14. Өзіңіздің күшіңізді және уақытыңызды үнемдеңіз.

Бос уақыттарыңызды алып қоятын адамдармен көп араласпаңыз, олар өзінің де, өзгенің де уақытын сарп етеді. Нәтижесінде не бітірген шаруа жоқ, не дем алып үлгермейсіздер.

 15. Алдыңызға мақсат қойыныздар 

Мақсаты бар адамның өмірге деген қызығушылығы да артады. Адам сол мақсатқа жету үшін көптеген қиындықтарды жеңе біледі, яғни адам өседі.

16. Адам өзіне-өзі мотивация жасау үшін жетістіктерін өлшеп отыруы керек.

Адам алға ұмтылуы үшін оған бір түрткі керек. Өзіңіздің  кез келген жетістігіңізді еске түсіріңіз. Сол кездегі қуанышыңыз  бен  сол кездегі сезіміңіз сізді  сондай жетістіктерді қайталауға ұмтылдырады.

17. Ешқашан күмәнданбаңыз.

Әрдайым өзіңізге және өз күшіңізге  сеніңіз. Ешқашан артқа қарамаңыз. Жасаған қателіктеріңіз үшін уайымдаудың қажеті жоқ. Алға қарай ұмтылыңыздар.

Жоғарыдағы қағидаларды  ұстану арқылы өзіңізді мотивациялай аласыздар. Барлығы өз жөнімен жүзеге асатын болады. 

18. Күнде азанда ерте тұруға тырысыңыз, демалыс күндері болса да.

Ешқайда асықпасаңыз да, ешқандай жұмысыңыз болмаса да ерте тұруға тырысыңыз. Ерте тұрып артық  уақытты өзіңізге жұмсаңыз. Өзіңізге ұнайтын істермен шұғылданыңыз.

19. Әрдайым көңілді жүріңіз.

Кез келген адам көңілді, жайдарлы адамдарға тартылады. Егер сіз көңілді, жайдарлы жүрсеңіз онда сіздің күніңіз  де сондай жайдарлы болмақ.

 

Қорытындылай  келе мен адамның мотивациясын жоғарылататын  бірнеше киноларды ұсынғым келеді:

  1. В погоне за счастьем «The Pursuit of Happyness»
  2. Фильм Секрет «The Secret»
  3. Никогда не сдавайся  «Never Back Down»
  4. Миллионер из трущоб
  5. Август Раш  «August Rush»
  6. Всегда говори «ДА»
  7. Спеши любить

Ал мыналар  жетістікке жетелейтін әлем бойынша үздік 36 кітап екен:

1. Роберт Кийосаки "Богатый  Папа, Бедный Папа"

2. Эндрю Мэтьюз "Живи  легко!" или "Счастье в трудные  времена"

3. Джордж С. Клейсон  "Самый богатый человек в  Вавилоне"

4. Бодо Шефер "Законы  победителей"

5. Генри Форд "Моя жизнь,  мои достижения"

6. Наполеон Хилл "Думай  и богатей"

7. Ли Якокка "Карьера  менеджера"

8. "Менеджер Мафии" - Руководство для корпоративного  Макиавелли

9. "Формула успеха - 33 принципа  успешного бизнеса от самого  яркого и экстравагантного предпринимателя  современности" - Дональд Трамп

10. Теодор Драйзер - "Финансист"

11. Бодо Шефер "Мани, или Азбука денег"

12. Филипп Котлер, Кевин  Келлер «Маркетинг менеджмент»

13. Барбара Минто «Золотые  правила Гарварда и McKinsey»

Информация о работе Мотивация