Мектеп жасына дейінгі оқушылардың психологиялық ерекшіліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 10:48, реферат

Описание работы

Мектепке дейінгі мекемелерде баланы оқуға психологиялық дайындау ол-көп кешенді құбылыс, көптеген балаларда психологиялық дамудың кейбір жеке компоненттерінің дұрыс қалыптаспауы байқалады.Бұл баланың мектепке бейімделуінің қиын болуы немесе бұзылуына әкеп соқтырады.Шартты түрде психологиялық дайындықты оқу дайындық, әлеуметтік психологиялық дайындық деп бөлуге болады.

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 107.00 Кб (Скачать)

Мектеп жасына дейінгі оқушылардың психологиялық  ерекшіліктері

 

Жас кезеңдері:

1.Сәбилік (өмірдің  алғашқы бір жылы).

2.Мектеп алды дейінгі  жас (1жастан 3жасқа дейін ).

3.Мектепке дейінгі  жас (3жастан 6 жасқа дейін). Бұл  аралықта а) кіші мектепке дейінгі  жас(3-4жас), б)орта мектепке дейінгі жас (4-5жас), в) үлкен мектепке дейінгі жас (5-6жас).

4.Кіші мектеп жасы (6-10жас).

5.Орта мектеп жасы (10-15жас).

6.Жоғары мектеп жасы (15-18жас).

 

Жастық даму заңдылықтары:

1. Жастық шақта адамның  тән – дене дамуы тез әрі қарқынды жүріп жатады.

2. Тән – дене дамуы  біркелкі болмайды, бір кезеңде  жылдам дамыса, екінші де –  тым баяулап кетеді.

3. Адам денесінің әр  бір ағзасы өзіне тән қарқынмен  дамып барады, тұтастай дене бөліктерінің  дамуында теңдестік пен сәйкестік  болмайды.

4. Адам жасы мен  оның рухани дамуы өзара кері  тәуелділік байланыста.

5. Адамның рухани дамуы  бірде қарқынды, жедел болса, әлде  бір жағдайда баяу халге түседі.

6. Даму барысында кейбір  психикалық сапа – қасиеттер  мен мүмкіндіктердің қалыптасуы  үшін тиімді жас кезеңдері болады.

 

Бастауыш мектеп оқушыларының психика – педагогикалық ерекшеліктері:

1. Жүйке жүйесі жетіле  түседі. Психикасы жедел дамуға  келеді. Тежелу кемде де,қозуы  күшті.

2. Танымдық іс-әрекеті  тікелей оқумен байланысты.

3. Қабылдау тұрақсыз, ұйымдаспаған, көрнекі қызығушылық басым.

4. Зейіні ырықсыз, тұрақтылығы  кем, шектелген.

5. Ойлауы бастапқыда  көңіл шарпуы(эмоция) мен бейнелі  негізде, кейін дерексіз –  логикалық кейіпке келе бастайды, тіл дамуымен бірге жүреді.

6. Есі қызықты, нақты,  жарқын материалға бейімдеу, көрнекі - бейнелі сипатқа ие

 

Қабылдау.

1. Қабылдау туралы  түсінік.

2. Қабылдаудың физиологиялық  негізі.

3. Қабылдаудың түрлері  және ерекшеліктері.

4. Кеңістікті және  уақытты қабылдау.

Қабылдау дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі.

 Физиологиялық негізі.

 Қабылдаудың физиологиялық  негізіне мидың аналитикалы және  синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек.

 Қабылдау процессінде  бірнеше анализатор қызмет етеді.  Кез келген жаңа затты қабылдау  бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады.

 Қабылдағанда адам  миындағы болып жатқан процесстерді  физиологиялық негіз деп атайды.

 Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді.

 Ерекшеліктері.

1. Қабылдаудың тұтастығы.  Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз  оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.

2. Қабылдаудың тұрақтылығы.  Біз өзіміздің тәжірибемізге,  білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

3. Қабылдаудың таңдамалылығы  . Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады

4. Аперцепция. Қабылдаудың  тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің  нәтижесіне және мамандыққа тәуелді  болуын аперцепция деп атаймыз.  Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты  және уақытша. Тұрақты түрі - адамның  дүниеге көзқарасын, мамандығына,  іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.

 Уақытша түрі –  адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне  және психикалық қалпына тәуелді  болады.

 Аперцепция жеке  адамның қабылдауына белсенділік  сипат береді.

 Қабылдау кезінде  кейде қате қабылдауларда кездеседі  . Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.

 Кеңістікті және  уақытты қабылдау.

 Біз дүниедегі заттар  мен құбылыстарды белгілі бір  уақытта және кеңістікте қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте қабылдау деп – дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.

Уақытша қабылдау.

 Уақыт дегеніміз  – дүниедегі заттардың өзгеріп,  бір қалыптан, екінші қалыпқа  көшіп, ескі заттардың өшіп  жаңа заттардың оның рпнын  басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.

 Адамдардың адамды  қабылдауы адам өмірінде үлкен  роль атқарады. Адамның бет әлпетіне сүйене отырып оның қоршаған ортаға, оқиғаға қатынасы қандай екендігін айтуға болады.

 Қимыл-қозғалыс ерекшеліктері  жеке адамның кейбір қасиеттерін  көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері  де адам туралы көп мәлімет  береді.

 

 

Мектепке дейінгі  мекемелерде баланы оқуға психологиялық дайындау ол-көп кешенді құбылыс, көптеген балаларда психологиялық дамудың кейбір жеке компоненттерінің дұрыс қалыптаспауы байқалады.Бұл баланың мектепке бейімделуінің қиын болуы немесе бұзылуына әкеп соқтырады.Шартты түрде психологиялық дайындықты оқу дайындық, әлеуметтік психологиялық дайындық деп бөлуге болады.

 

Оқуға әлеуметтік-психологиялық  жағынан дайын емес балалар сабақта  қолды көтермей дауыстап жауап береді, бір-бірін тыңдамай, мұғаліммен өз ойлары мен сезімдерімен бөліседі.Әдетте олар жұмысқа тек мұғаліммен тікелей қатынаста ғана кіріседі.Басқа уақытта көңілін ауыстырып, сыныпта болып жатқанға қарамайды, тәртіпті бұзады.Өзіне беретін бағалары жоғары болып олар мұғалімнің немесе ата-аналардың ескертулеріне ренжиді. «Сабақтар қызық емес» , «мектеп, жаман» , «мұғалім қатал» деп шағымданады.6 жасар балалардың мектептегі оқудың нәтижесіне ықпал ететін жеке ерекшеліктері мен түрлі даму варианттары болады.

 

-Жас мөлшерінен тыс,  даралық ерекшелік; 

 

-Мектепке дейінгі даярлық ерекшелігі, баланың танымдық белсенділігі мен оқуға деген ынтасы, мінез-құлқын игере алу, ерік күшін бағыттай алу, іскерліктері жүйелі түрде жүргізілген жағдайда ғана қалыптасады;

 

- Жас ерекшелігі болып  табылады, баланың жас мөлшері биологиялық кемелді көрсетеді, сондықтан да бүгінгі таңда елімізде бірінші сыныпқа қабылдау да жас мөлшері мәселесі де жаппай қарастырылуы да осы үшін ерекшелікті ескере отырып, бірінші сыныпқа қабылданар баланың мектептік кемелге жеткен-жетпегенін мұқият тексеру қажет, бүгінгі күнде мектепалды дайындықтан өтетін балаларға талаптар қою керек.

 

-Баланың дүниетанымы,  нақты білім қорының болуы.Айналадағыларды  бөліп қабылдауы, ойлау операциялары, есте сақтау қабілеттерінің айқын  көрінуі, логикалық есте сақтау, білімге деген қызығушылық, күш-қуатының артуы, сөйлем тілін жылдам игеру, белгілерді ажырата алу, қол қозғалысы белсенді болуы, сөйлеу тілінің дайындығы.

 

Баланың жеке басын жан-жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі әлі де талқылауды қажет етеді.Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныпқа қабылданған балалардың оқу жүйесінде көптеген қиындықтарды кезіктіреді.Оның басты себебі – мектептік оқуға даяр еместігінде болып отыр.

 

Білім беру саласында  жүріп жатқан демократияландыру  мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

 Балабақшадан бастап  сауат ашу, есептей білу темптілік,  үйретуге сияқты бетбұрыс, бастауыш  сыныпта күрделеніп оқу мен  жазуды байланыстыру, көркемдей  шапшаң жазу сияқты талпыныс  жасауда. Соның ішінде оқушылардың каллиграфиясына тоқталсақ, ол тек мектеп қабырғасында қалыптастырылады.

 Бастауыш метепте  оқу, жазуды үйретудің әдістемесі  басқа ғылымдар сияқты қалыптасып, дамып келеді. Жазуды қай кезде  оқыту керек? деген сұрақ ерте  кезден пікір – талас туғызып келеді.

 Американдық психолог  Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында  жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла  десе, 20 – жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан  жазуды үйрету керек екенін  тәжірибе жүзінде көрсетті.

 Оқу, жазудың әдістемесіне  басқа елдердің тәжірибесінің  де әсері мол. Мәселен, Германияда торкөз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды.

 Сол сияқты Англиядағы  курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады.

 Мұндай оқу, жазу  әдістемесіне әсерін тигізген, оның  өзгеруіне мынадай себептер болды.

1. Өзінің зерттеулер  немесе басқа мұғалімдердің тәжірибиесі  негізінде жасалынған қорытындылар  немесе әдістемелік нұсқаулар.  Бұл жазуды байытуға әсерін  тигізеді. Мәселен, ХХ ғасырдың басында Е.Евсеев оқу, жазудың әдістемесін жасаса, Е.В.Гурьянова, Е.Н.Соколова методикалық нұсқаулар жазды.

2. Оқу, жазудың тәжірибесінің  басқа елдермен ауысуы.

3. Жасалған іс –  тәжірибиелер арқылы әдістердің  өзгеруі.

 Осындай іс – тәжірибиелер негізінде жазуға оқытудың алғашқы әдістерін Гурьянов енгізді. Жеке мектепте және сыныпта жүргізілген эксперимент негізінде графикалық дағдыларын үйретудің әдістемесін жасады.

 Көркем жазу саласында  көптеген сұрақтар пікірталас  тудырып, ауқымды мәселеге айналды.

 Олар:

 а) 5 – 6 жасар баланы  қалай жазуға оқытамыз?

 ә ) үзіліссіз және  үзіліспен жазуды қалай қолданамыз?

 б) тік және көлбеу  жазуды қалай қолданамыз?

 в) қай қолмен  жазған дұрыс?

 г) әріптің көлемі  қандай болу керек?

 Осындай мәселелерді шешу барысында басқа елдермен тәжірибе алмасып отырды.

 Англия, Америка, Германия, Швеция т.б. елдерде жазуға  үйретудің алғашқы кезінде курсивті  жазу емес, құрамында көптеген  элементтері бар шрифтпен жазды.  Бұл жазуды монускрипт деп  атады.Бірақ бұл проблемены шеше алмады. Жазудың жылдамдығы мен сапасы жақсармады.

 Чехословския елінде  оқушыға жазу оңай болу үшін  ең алдымен әріпті үлкен, кейін  кіші етіп жазуды үйретті.

 АҚШ елінің кей  мектептерінде жазудың алғашқы  кезінде машинамен басып үйренді.

 Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды. Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричардсон айналасты.[1./12- 16 б./,2/7 – 9 б./]

 Оның ойынша жазуға  оқытудың алғашқы кезінде оқушыны  таза параққа жазып үйрету  керек деп есептеді. Қазіргі кезде  бұл мәселелер шешілген.

 Дегенмен, мынадай  жағдайды елестетіп көрейікші:  техника жоғарғы деңгейде дамып, тіпті адам қолымен емес арнайы машинкамен жазғанда,жазуға үйретудің қажеті бар ма? Менің ойымша, қай уақытта болса да жазуға үйрету міндетті түрде қажет.Себебі, қазіргі кезде өз ойын еркін жаза алатын,сауатты адамдардың қоғамда маңызы зор.

 Міне осыдан келіп зерттеу мақсаты туындайды.

 Зерттеу мақсаты:  Бастауыш сынып оқушыларына жазуды  оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді  анықтау.

 Оқу, жазуды үйретуді  зерттей келе, бастауыш мектепте  оқу, жазудың жаңаша жүргізілу  мүмкіндігін қарастыру білім  беру саласында өте маңызды, әрі өзекті.

 Зерттеу обьектісі  - Бастауыш сыныпта оқу, жазудың  маңыздылығы, оны оқытудың бала  тәрбиесінде алатын орны.

 Зерттеу пәні –  Бастауыш сыныптағы тіл сабақтары:  қазақ тілі, ана тілі.

 Зерттеудің өзімізше  ғылыми жаңалығы – Бастауыш  мектептің бірінші сыныбына арналған жазу үлгілерін санақ бойынша үйрету кезтесі, жазуға үйрету тарихының классификациялық кестес, оқу, жазуды үйретуде қолданылатын дидактикалық материалдар түрлері.

 Жұмыстың практикалық  маңыздылығы – бастауыш мектепте  тіл сабағындағы жазуды оқыту мен жүргізілу мүмкіндіктерін ашып, қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру арқылы ұсынады.

 Зерттеудің теориялық  мәні – оқу, жазудың жалпы  даму тарихына, оқу, жазуды зерттеген  әдіскерлер, гигиенистердің, физиологтардың  еңбектеріне шолу жасалынды.

 Зерттеудің методологиялық  негізі - бастауыш мектептің 1,2, 3,4 –ші сыныптарындағы оқу, жазуды  үйрету сабағын жүргізудің қажеттілігімен  пайдасын анықтап көрсетті.

 Дипломдық жұмысымызда  қолданылған зерттеу әдістері  – оқылған әдебиеттерде шолу  жасау, түсіндіру, анализ – синтез, бақылау – байқау т.б. зерттеу әдістерін пайдаландым.

 Зерттеудің өміршеңдігі  – оқу мен жазуды байланыстыра  жүргізген жеке тұлға, сауатты  да жан – жақты болып дами  алады.

 

 

Информация о работе Мектеп жасына дейінгі оқушылардың психологиялық ерекшіліктері