Мектеп түлектерін ҰБТ-ге

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Декабря 2011 в 19:58, лекция

Описание работы

2004 жылдан бастап ҰБТ жалпы орта білім ұйымдарының түлектерін мемлекеттік аттесттау мен оларды жоғары кәсіби оқу орындарына қабылдау емтихандарын қарастырады. ҰБТ-дің негізгі міндеті бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасының мониторингін жүргізу және басқару болып табылады. ҰБТ-дің енгізілуі мұғалімдер мен әдіскерлерге орта мектеп түлектерінің білім мен дағдыларының шынайы деңгейлері , дайындықтың жақсы және әлсіз жақтары туралы мәліметтер алуға көмектесті.

Работа содержит 1 файл

суицид.docx

— 15.71 Кб (Скачать)

Мектеп түлектерін ҰБТ-ге дайындау бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі, Тусупова Е.М.  

2004 жылдан  бастап  ҰБТ  жалпы  орта білім   ұйымдарының   түлектерін  мемлекеттік   аттесттау  мен  оларды   жоғары кәсіби оқу орындарына  қабылдау  емтихандарын қарастырады.  ҰБТ-дің негізгі міндеті  бірыңғай  өлшеу материалдарының  көмегімен   білім сапасының  мониторингін  жүргізу және басқару  болып  табылады.  ҰБТ-дің енгізілуі   мұғалімдер мен  әдіскерлерге  орта мектеп  түлектерінің  білім  мен дағдыларының шынайы деңгейлері , дайындықтың  жақсы және әлсіз  жақтары туралы  мәліметтер  алуға  көмектесті. 

Мектептердегі  жүргізілетін  дайындық жұмыстары  үнемі сарапталып отырылады.  Тек  қана  білім сапасы ғана тексеріліп  қоймай, ҰБТ дайындық сапасы тексеріледі. 

Дегенмен 3 сағат  ішінде 120 сұраққа  жауап беру психологиялық  және  физиологиялық тұрғыда  өте қиын. Егер ҰБТ-ге дайындалу әдістемесі  оқушылардың  даму ерекшеліктеріндегі  диагностикалау нәтижелеріне сәйкес  қолданылса, онда ҰБТ-ге  дайындалу  бойынша педагогикалық үрдістің тиімділігі  арта түседі. Тестілеу-  бұл білімді тексеру формасы. Дайындық барысында   түлектердің  білім сапасы ғана емес,  ҰБТ-ге дайындалу  сапасы тексеріледі. Оқушылардың  көпшілігі  мектепте  жүргізілетін  қосымша  сабақтарға қатысады.  Біздің мектепте  аптасына  екі сағаттан  екі  рет жүргізіледі. ҰБТ-дің  енгізілуімен «оқыту»  міндеті автоматты  түрде  алынып тасталады.  Мұғалімнің  міндеті-  оқушылардың  дұрыс жауаптарды табуға  үйрету. Оқушыларға  қажетті  және қажетсіз  ақпараттар ағымы  беріледі,  білім алу  үшін уақыт та, орын да болмайды. 

Канттың  пікіріне сүйенетін  болсақ,  ең бастысы- адамды  ойға емес, ойлануға  үйрету керек. Кез-келген  тест  білімді жүйелеуге алып келеді. Көп сұрақтар мен жауап  беруге  берілген аз  уақыт «дұрыс- бұрыс» принципі  бойынша  жауап  беру қабілеттерін  дамытады. Тестілеу   ойды дамыту мен  дәлелдеуге ықпал  етпейді, керісінше  сөз мәдениетін  игеруге   мүмкіндік береді. Ол жалпы адамды сөйлеуге үйретеді. 

Біз көп жылдардан  бері  оқушыларымызды  емтихан  кезіндегі уақытын  дұрыс пайдалануға  үйретіп келеміз. Бұл әдіс үш рет  оқу әдісі  деп аталады.  Түлек  пән бойынша тапсырмаларды  ашып, өзі  жақсы  білетін сұрақтарға   жауап бере бастайды. Бірінші рет  оқып,  қиын сияқты  көрінген  тапсырмаларға  тоқталмай  жауап береді.  Дәл  осылай  бұл әрекетті 3 рет қайталайды. Әрбір  оқудан кейін  белсенділігі  арта түсіп,  жаңа білімдер беріп,  дұрыс жауаптары арта түседі.  Тастап  кеткен сұрақтар  уақытты  үнемдей  отырып,  оларға  кейін  оралу үшін қалдырылады.  Оқушыларға  беріетін  кейбір  ұсыныстар: 

Емтиханға  қалай  жақсы дайындалу  қажет? 
 

Керекті құрал-жабдықтар: жазбалары бар магнитафон, түрлі  бейнелеу құралдары, А4 форматындағы ақ түсті парақтар, жұмсақ ойыншықтар. 

  

1 – жаттығу,  « Есіміңді ата!» 

Мақсаты:  топқа  қатыстылық сезімін дамыту,  бір-бірімен  жақындастыру. 

Уақыт: 10 минут 

Нұсқаулық: Қазір  мына кішкентай ғана доп  сендердің  қолдарына беріледі.  Доп кімнің қолына түссе сол өз есімін атау керек.  Шеңбер  бойынша айналып  шыққаннан  кейін  доп басқа  жаққа қарай лақтырылады,  онда қатысушылар  тренинг барысында  топ қатысушылары  оны қандай есіммен атау керек екендігін  айтады.  Есімдер қайталанбаса дұрыс  болады. 

Енді өз есімдеріңді  жазып,  карточкаларды толтырыңдар. 

Жаттығу сараптамасы:  Бұл жаттығу   кезінде сендер қандай сезімде болдыңдар? 

Қалай ойлайсыңдар, неліктен дәл тренингтің  басында  біз  осы жаттығуды орындадық? 

Өткізгелі  отырған  бұл тренингке  қандай тілек айтасыз? 

«Емтихандарға дайындалу» шағын дәрістері 

  

Емтихандарға  дайындалудың  тиімді әдістері туралы  қолжетімді формада  хабарлама жасау  керек. 

Уақыт: 15 минут 

Психологиялық тұрғыда дайындалу.  

Дағдарыстық жағдайда  мүлдем шатасып кетпес үшін   биік  мақсаттарға  жету үшін   ешқандай міндет  қойып керек жоқ.. Жағдайдың  қиындап кетуін  күтіп керек  жоқ. 

Емтихандарға  біртін-біртін  алдын-ала дайындал , сабырлық сақтай отырып.  Егер  күшің  мен ойыңды жинау өтк қиын болса,  ең алдымен  бастысын естеп сақтап қалуға,  содан кейін  қиын материалды оқуға көш. 

Күн сайын  ішкі толқынысты  болдырмау үшін   жаттығулар орында. 

Көз шаршаған жағдайда не істеу керек? Егер көз шаршаса, онда ағза да шаршайды: ағзаға емтихан  тапсырмаларын  орындау үшін  күш жетпеуі мүмкін.  Көз демалатындай жағдай жасау керек. 

Келесі жаттығуда  орында: 

Кезекпен  жоғары төмен ( 25 секунд), одан кейін оңға және солға ( 15 секунд) қара. 

Көз алдыңда  өзіңнің есіміңді,  тегіңді, әкеңнің  атын жаз. 

Сағат  тілінің  бағыты бойынша  шаршы,  үшбұрыш  сал, одан кейін  кері қарай. 

Күн тәртібі: 

Өз күніңді  3 бөлікке бөл. 

Емтиханға  күнінен 8 сағаттан дайындал. 

Спортпен шұғылдан,  таза ауада серуенде, би кештеріне  барып биле- 8 сағат; 

8 сағаттан  артық  ұйықтама,  егер  қажеттілік  пен  тілек болып жатса түстен кейін   аз уақыт демал. 

  

Тамақтану 

Тамақтану  күнінен 3-4 рет болу керек.  Қабылдайтын  ас құрамы  дәрумендерге , калорияларға бай болуы  керек. Грек жаңғағы,  сүт өнімдерін, балық, ет, жеміс-жидектер мен көкөністер, тәтті шоколадтарды көп  қолданған   дұрыс. 

  

  

Сабаққа  дайындалу  орыны 

Өзіңнің  жұмыс  істейтін кеңістігіңді  дұрыс ұйымдастыр.  Үстел үстіне  сары немесе  көгілдір түстегі  картиналар мен  заттарды қой, бұл түстер  интеллектуалдық  белсенділікті жоғарылатады. 

Материалдың көп  бөлігін  қалай есте сақтау керек? 

Сұрақтар бойынша  материалды қайтала.  Алдымен есіңде сақта және өз білетін сұрақтардың  жауабын қысқаша  жазып ал,  одан кейін барып даталардың , негізгі  факторлардың  дұрыстығын тексер.  Оқулықты оқу барысында  басты  ойды бөліп ал. Шағын парақшаларға   әрбір сұрақтың  жауабының  қысқаша  жоспарын  құруды үйрен. Соңғы  күні емтихан  алдында жауаптардың  қысқаша    жоспары жазылған  парақшаларға көз сал. 

  

Ойлауды  қалай  дамытуға болады? 

Ақылды болғың келсе-  дұрыс сұрақ қоюды , мұқият тыңдауды,  сабырлық сақтай отырып жауап  беруді үйрен. 

Ойланбай білім  алу мүмкін емес,  ойланудың өзі  де білімсіз болмайды. 

Ойлауды  дамыту-  өз ақылыңды біліммен   байыту деген  сөз.  Білім көздері   әр түрлі  болуы мүмкін:  мектеп,  оқулықтар,  теледидар,  адамдар.  Осыардың барлығы  заттар мен құбылыстар,  адамдар  жайлы мағлұмат береді. 

Ойлану  сұрақтардан  басталады.  Барлық ғылыми жаңалықтардың  барлығы « Неге?» және «Қалай?»  деген  сұрақтар нәтижесінде ашылған. 

Ойлауды дамыту үшін затты  және құбылысты  әр түрлі  жақтан, қалыптасқан  әдетте жаңаны байқай алу дағдысын  қалыптастырудан  басталады. 

Заттар мен  құбылыстардың түрлі  белгілерін  байқай алу,   оларды өзара салыстыра  алу  қабілеті- ойлау үшін қажет  қасиет. 

20-30 минут   үзіліс жасай отырып,   көзді  күту . 

Телевизиялық  бағдарламаларды аз көру. 

Информация о работе Мектеп түлектерін ҰБТ-ге