«Мәдениет» ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:04, реферат

Описание работы

Мәдениет( латын – cultura- өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс- әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанының бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымды мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет-адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат».

Работа содержит 1 файл

Мәдениет.doc

— 89.00 Кб (Скачать)


«Мәдениет» ұғымы

 

Мәдениет( латын – cultura- өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс- әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанының бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымды мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет-адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат». 
Мәдениет-жеке адамның өмір сүру мақсатымен құндылық жүйесі адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол-өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. 
Адамдар өздерін қоршаған ортаға оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. 
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. 
Мәдениет -әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
Адам, оның қызметі мен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар.
Мәдениет материалдық және рухани: бірі- материалдық өндірістің, екішісі- рухани өндірістің өнімі деп құралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері-еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Материалдық мәдениетті де мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ол рухани иәдениеттің өнімі материалдық формада болады, соның нәтижесінде ол объективке айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ тұтас бірлікте алып қарауға да болады.
Өміршең мәдениет қоғамдық адаммен ажыратылмайды, адам-мәдениет субъектісі. Адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыптарға, ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңірді. Мәдениет- адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрынан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіріп, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышарттарына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.
Тілдің пайда болуы дүниетанымның қалыптасуына алып келді. Тіл болмаса не айтамыз? Дүниені тілсіз тану мүмкін емес. Тіл дегеніміз-дүниетаным. Дүниетаным- адамдармен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық номаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі ( бастапқы) сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем.Дүниетаным адамның дүнеині ақиқатпен теориалық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практикалық тәсілі. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалап, «Аталы сөзге арсыз ғана таласады»-деген.
Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді.
Қазақтардың ең алғашқы дүниеге көзқарасы мифологиялық космоцентірлік, яғни, адам мен ғарыштың біртұтастығы идеясы болды. Оларда ғарыш пен жердің ғайыптан пайда болғаны туралы, күннің, айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылған. Сонымен бірге фетишизм, тотемизм, анимизм элементтері, адамдардың құдайлық күштермен « қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың- шамандардың қолында болды. Ете қазақи түркілер арасында әртүрлі діни наным-сенімдер болған. Олардың ішінде ең әйгілісі- оққа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Егіншіліктің пірі- Диқан баба, желдің пірі- Жалаңаш ата, түйеге- Ойсылқара, сиырға- Зеңгі баба, ешкіге- Сексек ата қамқоршы деп санаған. Қыдыр ата алуан түрлі игілік, молшылық, байлық, бақыт әкелуші. Жоғарғы құдай Тәңір-Көк идеясы көптеген түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың ата-бабаларының да дүниеге көзқарасында пайда болған. Бұл көзқарастың негізі Көкке және Жер-Суға сыйыну болады. Құдірет деп есептелген бұл күштердің негізі Көк болды. Өзінің мәні жөнінен бұдан кейін тұрған әйел тәңірісі Ұмай- от басы мен бала-шағаны қорғаушы күш. Тоыкөк ескерткішінде: «Көк, Ұмай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлағаносылар деп ойлау керек!»-деп жазылған. Тағы бір жерінде : « Жоғарыда зеңгір көк, төменде қара жер жаралғанда, олардың екеуінің арасында адам баласы пайда болған. Адам баласына менің ата-бабаларым үстемдік құрған!».
Қазақтар 8-ғасырда ислам дінін қабылдаған. Ислам Қазақстандағы христиан дінін де, буддизм дінін де зороастризм дінін де жергілікті діндерді де біртіндеп ығыстырып шығарды. Сөйтіп қазақтар политеизмнен монотеизмге өтті.
Халықтың қауымдық санасы оның жекелеген өкілдері үшін оның сыртында өмір сүре алмайтын мәдени контексті білдіреді. Өйткені, бұл адамдар бір-бірімен бірлескен әрекетке қатысады, белгілі бір тілдердің кодын шартты белгісін қолданады. Бұл мағынада «Қозы Көрпеш-Бая сұлу» жыры өзі бастау алатын ғұндар мен сақтар үшін де, солардың ұрпақтары болып саналатын қыпшақтарға, наймандарға, арғындарға сондай-ақ, қазіге дейін махаббат жайлы осы бір жыр сүйіп оқитын қазақтар үшін те тең дәрежеде ұғымды, түсінікті.
Тәңіршілдік көзқарастың танымдық тірегі-тәңірінің жасампаздық құдіретіне деген халықтық сенім. «Орхон-Енесей», «Қорқыт ата кітабі» Оғызнама жазба ескерткіштерінде тотемдік, анимистік көзқарастар сілемдері сақталғанымен мифтік ойлаудың ықпалы азая бастағаны байқалады.
Мәдениет- халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған. Біз- дүниені жай ғана пайымдаушы ғана емес, оны өз қажеттіктерімізге байланысты өзгертуші тұлғамыз. 
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет-адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет- адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам-«хайуани мадани», яғни мәдениетті жан. 
Адам және мәдениет мәселесін тереңтете түсетіе тағы бір мәселе- адамның көпмағыналығына, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американдық ғалым К.Поппер айтқандай, адам бірдей үш деңгейге: физикалық, ментальдық және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген сауал туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қардүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениет өзінің ішкі мағынасында ментальды екеніне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние- бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. 
Сонымен, зерттеудің нәтижелерін екі түбегейлі мәселелер төңірегінде түйіндеуге болады: көшпелілік өркеиетке арқа сүйеген қазақ философиясының уақыт пен кеңістік арасындағы бітімдерін топшылау және мәдениеттің типтік ерешеліктерін анықтау. Әрбір халықтың өзіндік Отаны бар, әрбір адам өз табиғатының аясында, өзінің ата-бабаларының тәжірибесіне сүйене отырып өмір сүреді. Бірде-бір мәдениет кеңістікке бекер келмеген. Мәдени кеңістік әмбебап сипатта болады, өйткені ол уақыт және тарихпен қамтылып тұр. Бұл- мәдениет болмысын айқындауға апаратын жол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық; латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.).[1] Мәдениет[2] – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады. Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» [3]. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». [4]. Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн. Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. Ал шындығында діни Ренессанс мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып жіберді. Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі — Э. Уилсон. Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бүл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн:

1.      академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;

2.      Рим клубының экологиялық түжырымдары;

3.      Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволю-циялық теориясы;

4.      Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика т.б.

Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ. Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет. Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым.

[өңдеу]Қоғам және мәдениет

Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн. Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар: Адамды калыптастыру қызметі. Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті» [5]. Маугли — көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғүрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады.

[өңдеу]Танымдық қызметі

Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі қүрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» үғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек» [6]. Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы — жақсылық пен жамандықты айырамыз.

[өңдеу]Реттеу қызметі

Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айлашарғы үлгілерін көреміз. Айталық, Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі. Алайда солай екен-ау деп мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мәдениет — «жабулы қазан емес». Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени үғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол — білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте — қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. Ғылымда социализация (әлеуметтену) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп мағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол —жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап — шаң басып жатқан қағаз. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық тағыда басқа түрлерін атайды.

 



Информация о работе «Мәдениет» ұғымы