Ұлттық сана ұғымының мазмұны мен сипаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 20:17, доклад

Описание работы

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет.

Работа содержит 1 файл

Ұлттық сана ұғымының мазмұны мен сипаты.docx

— 97.33 Кб (Скачать)

Ұлттық сана ұғымының мазмұны мен  сипаты

Бүгінгі таңда  ХХІ ғасыр табалдырығын еркін  аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым  бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында  ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің  негізгі бағдарлы идеялары еліміздің  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында  толық өркениетті ел болу үшін алдымен  өз мәдениетімізді, өз тарихымызды  бойымызға сіңіріп, содан кейін  өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн екендігі айтылған [27]. Олай болса, басты мақсат – жас ұрпақты  ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар  сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.

Ұлттық  тәрбие қазір елімізде орын алып отырған  көптеген мәселелерді: ана тілін, ата  тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін  жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте  жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл  болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі  десек те болады.

Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен  біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі  тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын  құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық  фольклорлар мазмұны арқылы жетіп  отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата [28], әл-Фараби [29], Қожа Ахмет  Йассауи [30], Мұхамед Хайдар Дулати [31], Жүсіп Баласағұн [32], Махмұт Қашқари [33], Асанқайғы [34,258] т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің  тәлімдік сөздерінен көреміз.

Әр адам өзінің ұлттық тамырын, әдет-ғұрпын, мәдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жату керек. Халықтық әдет-ғұрып, салт-санасының  байлығы, патриоттық сезім Отанға деген  сүйіспеншілігін қалыптастырады.        

Көне  заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша  педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде  белгілі-бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен  арман-тілектеріне сүйеніп отырған.            

Ұлттық  сана-сезім, ұлттық патриотизм әр адамды, әр халықты ұлттық ойлау қабілеті, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүр қоршауында сақтайтын негізгі рухани байлық. Егер бір ұлттың бір бөлшегі  басқа жерде, я өз Отанында бөлек  ұлттың сана-сезімі негізінде тәрбиеленсе, онда ол қоғамның мүшелері басқа ұлттың әдет-ғұрыпын, салт-дәстүрін қабылдайды, біраз уақыттан кейін сол ұлтқа  сіңіп кетеді. Сондықтан халықты  ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты  ұлттық сана-сезім негізінде тәрбиелеу. Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы  ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Егер отбасында ұлттық тәрбие болмаса, балалардың ұлттық тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады.

Бәсекеге  төтеп бере алмаған ұлттың болашағы қашан да бұлыңғыр.Саясаттың кесірінен  ұлттық құндылығынан біртіндеп (немесе біржола) қол үзген талай-талай  ұлттың жер бетінен жойылып кеткендігіне тарих куә. Ғалымдардың есебінше, «ақпараттар айқасы» басталған  ХХІ ғасырда тағы көптеген ұсақ ұлттардың басына осындай қатер төніп тұр. Төл мәдениеті мен әдебиетін сақтай алмағандықтан, ұлттық болмыс-бітімінен адасып, тілі мен ділінен айырылып бара жатқан мұндай халықтар өзге ұлттарға сіңісіп кетуде. Осындай жағдайларға қарап отырып қазақтарды жолы болған халық деп санауға болатындай. Дүние жүзін мекендеген елдердің ішінде тіршіліктің кермек дәмін молынан татқан, тағдыр тәлкегіне түсіп, заманның қиын тұстарымен қатар келген екі халық болса, соның бірі қазақ шығар, жалғыз болса, ол да қазақ болар. Барлығымызға белгілі талай «қилы замандарды» басынан өткерген біздің жұрт қазіргі мемлекет дәрежесіне дін аман, алдына асқақ мақсаттар мен міндеттерді межелеп жетіп отыр. Тәуелсіздігімізді алған жылдар ішінде саясат пен экономикадағы жетістіктеріміз бен бағындырған асуларымыз туралы көп айтылып, көп жазылып жүр.

Кеңестік  идеологияның кесірінен ғасырлар қойнауынан сыр шертетін ұлттық ерекшеліктерімізді айшықтайтын төл тарихымыз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз қолмен тұншықтырылып, ел игілігі үшін жұмыс істеудің орнына сан жылдар бойы архивтерде «шаң басып» жатқандығы мәлім. Өткен ғасырдың сексенінші-тоқсаныншы жылдарына дейін орта білім алған  әрбір қазақ баласының санасы миллиондаған ұрпақ құдайдай сенген «ұлы кеңестік идеологияның иісалмас идеясымен уланып», нәтижесінде  түрі өзгермесе де тілі шұбарланған  әрі ділі дүдәмаланған талай буын төл тарихы мен мәдениетінің, одан қала берді әдебиетінің тамырына терең бойлай алмады [35.14]. Ал сол  асылдарымыздың барлығын тарих бетіне шығарып, ұлтымыздың қисапсыз мұраларын  жаңғыртуға тәуелсіздіктің арқасында  қол жеткізіп отырмыз. Оларды жинақтап, бір арнаға тоғыстыруда Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен  әзірленіп, жүзеге асырылып жатқан «Мәдени  мұра» [36] мемлекеттік бағдарламасының  қосқан еңбегі өлшеусіз. Алғашқы кезеңі 2004-2006-шы жылдар ішінде жүзеге асырылған, ал екінші кезеңі 2007-2009-шы жылдарға арналған бағдарлама аясында өлгенімізді  тірілтіп, өшкенімізді жаңғыртуда, жалпы мәдени мұрамыздың тұтастай жүйесін  жасауда көңілді қуантатын, көзді  сүйсіндіретін толағай игілікті істер жасалды, әлі де жасалып  жатыр. Бағдарлама аясындағы сондай берекелі істердің бірі бұл мәдениетіміздің, әдебиетіміздің, салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрыпымыздың, жалпы ұлттық болмысымыз бен бітіміміздің, тілдік ерекшелігіміздің, сондай-ақ түрлі  дереккөздерден алынған тарихымыздың тұңғиығына етене бойлап, барымыз  бен жоғымызды жан-жақты саралауға  мүмкіндік беретін көп томдық еңбектердің (кітаптар) жарық көріп  жатқандығы. Бағдарлама жүзеге асып жатқан кезеңнен бері түрлі мазмұндағы көп  томдық 50-ге тарта кітаптар жарық  көріпті. Басылып, түптеліп бүгін-ертең  баспаханадан бұқараға жол тартуға  дайын тұрған томдықтар да жетерлік. Осының барлығы әрине көңілдің қуанышын еселей түседі. Мұндайда қандай жұрттың  алдында болсын «біздерде мынадай  бар, мынадай бар», деп мақтануға  болады. Бұл мәселенің бір жағы. Мәселенің екінші жағының сабағын  тарқатар болсақ, ендігі жерде бағдарлама аясында шыққан еңбектер діттеген жеріне жетіп жатыр ма, жетсе қалай, қаймана  қазақ, соның ішінде әсіресе жастар сол кітаптармен жіті таныс па, деген сауалдар төңірегінде мықтап ойлану қажет сияқты. Бұл сөз жоқ  үлкен жауапкершілікті талап  ететін дүние. Егер кез-келген мемлекеттің  ұлттық идеологиясы сол мемлекетті құрған (қалыптастырған) ұлттың тарихы мен мәдениетінің, әдебиетінің, жалпы  ұлттық ерекшелігінің негізінде  жасалатынын ескерсек, бұл көзқарас тұрғысынан алғанда «Мәдени мұра»  бағдарламасы аясында жаңағы жарияланған  еңбектердің, сол еңбектердегі жазылған идеялардың тиісті жеріне жетіп, ұлт  игілігі мен мемлекет болашағына, ұлттық сананы қалыптастыруға жұмыс  істеуіне маңыз беру қажет. Өйткені  адам баласын тал бесіктен, жер  бесікке дейін жалықпай-талмай өз ұлтының ұлттық көзқарасы тұрғысынан жазылған кітаптар мен соларды айтылған идеялар ғана тәрбиелей алады. Ал дәл қазіргі таңда қазақ халқының ұлттық санасы толық қалыптасты ма, деген сауал төңірегінде әртүрлі  пікірлер айтылып жүр.

Ал сол  ұлттық сана ұғымына анықтама берер  болсақ, ғаламтордағы ашық энциклопедияда оған төмендегідей анықтама берілген. Ұлттық өзіндік сана дегеніміз —  этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірілген формасы. Ұлттық өзіндік  сананы ұлттың өзінің әлеуметтік-этностық мәнін танып білуі, дүниежүзілік қауымдастық жүйедегі өзінің орнын  және қандай орын ала алатынын, адамзат  тарихындағы атқарып жүрген әрекеттік  рөлін және оның қандайын атқара алатынын, адамзат жасап жатқан өркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп  тұшынуы, сонымен қоса өзге халықтармен  тең, еркін және тәуелсіз өмір сүрудің  табиғи-тарихи құқығын түсінуі деп  ұғуға болады [37].

Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады: біріншісі-сезімдік, түйсіктік, екіншісі-саналы теориялық. Біріншісі өз елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімнен туса, екіншісі өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті дүние жүзілік тұрғыдан теориялық ұлттық бағыт-бағдарлама тұрғысынан қарап, аңғару арқылы болатын саналы ойдан туады. Ал, ұлттық сананың жасаушысы, қолдаушысы, қорғаушысы, сақтаушысы әрқашанда ұлттық интеллигенция, ұлттық зиялы қауым.

Ұлттық сананың ең негізгі белгісі - әр ұлттың өзін-өзі танып білуі, өзін өзге ұлттардан айыра білуі, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді іске асыру үшін күресу, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді бүкіл адамзаттың мақсаттары мен мүдделеріне ұштастыра білу. Өз ұлтының жетімсіздер, мешеулеу жағымен күресе отырып, ілгері дамыған ұлттардың жақсы, жағымды жақтарынан үйрену, дүние жүзілік гуманистік санаға жету [38.214].

В.Бромлей  ұлттық сана-сезім - «адамның өзінің осы ұлттың өкілі екендігін, ұлт мүддесі мен құндылықтарын және басқа ұлттарға көзқарасын сезініп-түсіну, бір сөзбен өзінің кешенді ұлттық ұғымын калыптастыру» деп білгірлікпен атаған [39.76].

Біздің  ойымызша, ұлттық сананы қалыптастырып  қана қоймай, оны заман ағымына  сай жетілдіріп отыру бүгінде  басқа басқа, дәл біздің халық  үшін аса көкейкесті болып отыр. Ұлтты тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру өте нәзік дүние. Оны күштеп істеу  мүмкін емес. Сондықтан, бағдарлама аясында  аса ауқымды жұмыстар атқарылып  жатқан тұста мәдени мұраларымызды  насихаттап, ондағы идеяларды жастардың  санасына терең сіңіру жұмысы уақытында  әрі жоғары сапада жасалуы тиіс. Түйіндеп айтқанда, «қолымызды мезгілінде дөп сермеуіміз керек». Өйткені мемлекеттің  болашағы өсіп келе жатқан жас буынның, жастардың қолында. Оған ешкімнің таласы жоқ. Олай болса, енді бір бес-он жылдан кейін шешуші мемлекеттік құрылымдардың  тізгінін ұстайтын азаматтардың төл  тарихы мен мәдениетін тұмардай қастерлеп, әдебиетін әспеттеуі бүгінгі  тәрбиенің, бүгін қалыптасып жатқан ұлттық сананың деңгейімен тығыз  байланысты болмақ. Ал ақпараттың ағыны  артқан заманда қазақ жастарының ұлттық санасы қалай қалыптасып жатыр, қандай бағытқа бет алуда деген  сұрақ қоғамды алаңдатуда. Бұл  бүгінгі күні санамызды өзге ұлттың, соның ішінде батыстың ықпалы артып  тұрған тұста зиялы қауымнан бастап, қарапайым әрбір азаматты ойландыруы тиіс. Бұл жерде әрине ол еңбектердің  таралымын мейлінше көбейтіп, еліміздің  барлық өңірлеріндегі кез-келген кітапханалардан  табылуына, ол кітаптарға студент жастардың  қол жеткізуін жеңілдетуге жағдай жасау қажет. Қазақтың әрбір баласы ата-бабаларының кім болғандығын, қандай жолдармен жүріп өткендігін мейлінше терең танып-білгені жөн. Бүгінде «Мәдени мұра» бағдарламасын  насихатайтын электрондық кітапхананың жұмыс істей бастағанын білеміз [40]. Олардың барлығы жастар тәрбиесіне оң ықпалын тигізері анық. Соңғы  кездері жастардың ұлттық санасынының  қалыптасуына мәдени, ұлттық құндылықтардың тигізер әсерін жандандыру керектігі  күн тәртібінен түспей отыр. Ол уақыт талабы. Бұл жайында ғылыми еңбектерге талдау жасай отырып, жастар тәрбиесіндегі мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады:

1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.

2. Отанды, халқын, жерін,елін сүю. «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.

3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни  «Малым жанымның садағасы, жаным  арымның садағасы».

4. Жеті  атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті  атасын білмеген жетесіз».

5.  Отбасы шежіресі және мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың ерекше рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.

Оқу мен  тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп  қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі  күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды [41.30].

Елімізде  ұлттық сананы қалыптастыруда бұқаралық  ақпарат құралдарының (БАҚ) маңызы ерекше. Жаңа қазақстандық қоғамда жастардың  теледидар мен радионы еркін  пайдалануға мүмкіндік мол.

Радио мен  телеарналарда біраз ұлттық болмысымызға сай бағдарламалардың жүргізілуін  үлкен игілікті істің бастауы  деп санауға болады. Мәселен: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ», «Алтыбақан», «Ақсүйек», «Шаңырақ», «Бастаңғы», «Айтыс», т.б. бағдарламалардың тәлім-тәрбиелік  құндылығы өте зор. Сонымен қатар, бала тәрбиесінде өзіміздің ұлттық дәстүрімізде жасалған мультфильмдердің, кітаптар мен бейнетаспа үлгілерінің  атқарар рөлі де ерекше деп білеміз.

Өскелең ұрпақ білім мен ұлттық тәрбие негіздерін өзінің ұлттық мектебінен алатыны сөзсіз. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» демекші, ата  дәстүріміздің қалыптаса беруіне  отбасы тәрбиесінің ықпалы зор. Әйтседе, күнделікті тірлікте ортақ тәрбие құралы – бұқаралық ақпарат құралдарын баса пайдаланып келеміз.

Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай кезінде былай  деген: «  Ұлттық  мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» [42.71].

Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзатттық  игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары  мен  ұлттық  тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету арқылы жастардың бойында  ұлттық  сананы қалыптастыру басты міндетіміз болып қала бермек. 

Ұлттық  тәрбиеге негізделген  ұлттық  сана – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін жас ұрпаққа жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз.

Өмірден қымбат нәрсе бар ма адамда,

Орындыға жұмсасаң өлмес дәрі.

Қасиетін  өмірдің білу керек,

Басында ми бар болса, бетінде ары, - деп Шәкәрім ақын жырлағандай, біздің жастарымыздың өз өмірлерін бос өткізбей, білімге жұмсауды, артында өшпейтін із қалдырып,  ұлттық  болмысымызды, мүддемізді, намысымызды сақтап қалуға ұмтылуына көмектесуіміз керек. [43.76]. Біздің  ұлттық  өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу –  ұлттық  сананы қалыптастырудың қайнар көзі болмақ. Ата-бабаларымыздың  сан  ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы ұлттых рух,  ұлттық  мақтаныш,  ұлттық  намыс, ана тілі мен  ұлттық  мәдениетін қалыптастыру сезімін ояту – баршамыздың парызымыз. Сонда ғана  ұлттық  сана-сезімі  толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін,  ұлттық  сипаты мен  ұлттық  рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз

Сонымен қорытындай келе, осындай  халқымыздың маңдайына біткен  ұлттық  құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды өздеріңіздің талмай, қажымай еткен еңбектеріңіздің арқасында дарынды да тәрбиелі оқушылардың бойына сіңіріп,  ұлттық  мәдениетімізді әлемдік деңгейдегі мәдениетке жеткізіп сақтауға деген патриоттық сезімді қалыптастыруға бір кісідей атсалысу қажет. Ендігі кезекте  ұлттық  сананы құрайтын  компоненттерге  тоқталсақ.

Ұлт толыққанды ұлт болып қалыптасып дамуы үшін оның  ұлттық  санасы, ұлттық құндылығы және ұлттық мүддесі болуы керек. Олай болса бүгінгі күні қазақтар өздерінің саяси тәуелсіздігін алып, егеменді ел болғаннан бері, өткен жиырма жылдың ішінде ұлттық  санасын  қалыптастырып, ұлттық құндылықтарын қадірлеп, ұлттық мүддесін қорғауда қандай жетістіктерге қол жеткізгенін білу үшін біз әуелі ұлттық сана, ұлттық құндылық, ұлттық мүдде деген сөздердің мағынасына талдау жасап, оның ұғымына түсінік беруіміз керек.

 

 



 


 


 

 

 

Кесте - 1. С.Пірәлиев бойынша ұлттық сананың  құрамдас бөліктері

 

Ұлттық  сана дегеніміз сол ұлтты құрайтын халықтың әр адамының жеке тұрмыс-тіршілігінің сыртында өз ұлтының мүддесін, халқының тағдырын, ұрпағының болашағын ойлау  қабілетінің ұлттық деңгейге көтеріліп, жалпы қоғамға тән ортақ сипатқа  ие болған ұжымдық түрі, яғни ұжымдық  сана.

Ұлттық  сана абстракты ұғым емес, ол ұлт  тірлігінің тұрмыстық көрінісі, былайша  айтқанда, сол ұлтты құрайтын халықтың бүкіл ғұмырнамасының, әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын  білу дәрежесі, яғни халықтың өзін өзі  жете танып, түсінуі. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр арқылы өз болмысын танытады.

Өз ұлтыңа деген құрметтің көрсеткіші —  ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне  байланысты. Қазақ этносының өкілі  болуды құдай маңдайыңа жазғаннан  кейін, оны мамандық ауыстырғандай  ауыстыру мүмкін емес. Өйткені, ауыстырмақ болып, басқа ұлттың мәдениетін қаншама  бойыңа сіңірдім дегеніңмен, бәрібір  сен сол ұлтқа кірмейсің, төлтумасы  бола алмайсың. Қабылдамайды, реті келген тұста өгейлігіңді есіңе салады да тұрады. Мұндай жағдайды бастан кешірген жан кейін рухани дағдарысқа ұшырап, өмірінің соңы бақытсыздыққа айналады [44.135].

Сана-сезімі өзінің төл этникалық ортасында, төл мәдениетінің аясында қалыптасқандар ұлтшыл болып келеді. Өйткені, оған өзін қоршаған ортаның бәрі етене  жақын, адамдарының бәрі бірге туған  туысындай көрінеді.

Информация о работе Ұлттық сана ұғымының мазмұны мен сипаты