Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 15:40, практическая работа
Бүкіл халық ұстанатын тәлім – тәрбиелік нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – барлық адамзатқа ортақ халықтық психологияның зерттеу нысанасы болып табылады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып ұрпақтан ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой, эстетикалық, еңбек, ден, т.б. тәрбие түрлеріне қатысты таптауырынды нормалар мен принциптер, яғни белгілі бір этностың , жалпы мінез – құлқы, іс – әрекетінің ішкі астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез – құлықтың қанға «сіңген», тез өзгеріп, не не жоғалып кетпейтін ұлттық бітісі, мезгіл мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірдің жемісі. Халықтық психология – адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі.
1) Ұлт психологиясы – этнопсихологияның негізгі мәселесі
2) Қазақтың ұлттық мінез бітістері, олардың кейбір ерекшеліктері
3) Қорытынды