Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 09:06, реферат
Ұлттық психология - философиялық және социологиялық әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Солай болса да бұл ұғымның айналасында пікір-таластар жиі болып тұрады. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну үшін, оны төмендегідей бірнеше қырынан қарастырып көрейік.
1.Ұлттық психология ұғымы.
2.Ұлттық психологияны құраушы элементтер.
3.Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ
МЕМЛЕКЕТТІК СЕРВИС
ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
КОЛЛЕДЖІ
РЕФЕРАТ
тақырыбы: «Ұлттық психология»
Орындаған: ___________________
Тексерген: ____________________
Алматы-2011
ж.
Жоспар:
Ұлттық психология - философиялық және социологиялық әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Солай болса да бұл ұғымның айналасында пікір-таластар жиі болып тұрады. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну үшін, оны төмендегідей бірнеше қырынан қарастырып көрейік.
Біріншіден, ұлттық психология қоғамдық (немесе әлеуметтік) психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлт та қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі. Осыдан ұлттық психологияның қоғамның психологиясын айқындайтын құрауыш екендігі туындайды.
Екіншіден, ұлттық психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана - қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір элементі ретінде сипаттайды.
Үшіншіден, ұлттық психология - ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
Ұлттық психология - әлеуметтік психологияның бір бөлігі, оның үрдістері мен заңдылықтарына бағынған құрылымдық элементі. Демек, ұлттың қоғамдық санасы нақты мәнге ие - этнос тарихтың белгілі бір даму кезеңіндегі санасының жеткен деңгейін айқындайды.
Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік психология ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып пайымдағанда, ұлттық психологияда қарастырылып отырған ұлт өкілдерінің санасына көбірек ұялаған, сонысымен олардың әрекетінен үнемі көрініс беріп отыратын, өзгелерге қарағанда көбірек қайталанатын психологиялық ерекшеліктердің жиынтығы болып шығады.
Ұлттық психология 4 құрауыштан - ұлттық мінездің нышандарынан, ұлттық мүддені түсінуден, ұлттық өзіндік санадан және ұлттық сезімнен тұрады.
Ұлттық мінездің нышандары. Сөздің жалпылама мағынасын алып қарағанда, адамның мінезі дегенді - адамның тәртібі мен қылықтарына әсер ететін, оның тек өзіне тән, айқын көрініс беретін психологиялық ншандары деп үсіну керек. Сөздің қатаң мәнінде, мәнез адамның еркі мен бағыттарында көрініс беретін, оның тұлғасының психикалық құрылымы ретінде айқындалады.
Жеке адамның мінезі ол өмір сүріп отырған әлеуметтік топтың мінезі ұқсас болады, немесе керісінше, жеке адамның мінездерінен әлеуметтік топтың мінезі көрініс береді.
Өзінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында қазақтарда өзге халықтар сияқты қадір тұтуға жарайтын ұлттық психологиялық кешендерді бойына сіңіріп келеді.
Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары:
Бұлардан басқа қазақ халқының ұлттық мінездеріндегі жағымды нышандардың елеулеріне – мәрттік, жомарттық, қонақжайылық, балажандық, аңқаулық жатады.
Мүдде деп (латынша –interest) - дара адам, отбасы, ұлттық немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының объетивтік және әлеуметтік жағдайларға сай айқындалуын айтамыз. Мысалы, адамдар өздерінің материалдық қажеттіліктерін өтеу үшін белгілі бір әрекет жасауға, еңбек етуге мүдделі. Адамның рухани дүниесіне де қатысты мүдделері көп болады. Өмірлік қызметте адамдар тобына ортақ мүдденің болу құбылысы да жиі ұшырасып отырады. Ортақ мүдде белгілі бір әлеуметтік топқа енетін жеке адамдардың мүддесінен және олардың қоғамдық өмірдегі орны мен атқаратын рөлінің әртурлілігіне орай қалыптасқан әрекеттері мен істерінің шынайы себептерінен тұрады.
Ұлттық мүдде деп белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделерін айтамыз. Қазақтардың ұлттық психологиясына тікелей қатыстылығыбар, ұлттың баршаға ортақ мүддесі дегенге келетін болсақ, оны әр кездегі әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің түсінуі мен оған сай әрекет етуінің әр түрлі болғандығын көрер едік.
Ұлттық мүдденің алдыңғы лекке шығуы мен оны қанағаттандыру бағытындағы әрекет белсенділігінің артуы да ұлттық өзінің (ұлттық психологияның да) даму үдерісіндегі ілгері басқан сәттерге сәйкес келеді.
Ұлттық мүддені сезіну- ұлттық психологияны қалыптастырушылардың бірі болып табылады. Бұл жерде мәселенің қойылуына, яғни ұлттық мүдде жөнінде ғана емес, ұлттық мүддені сезіну жөнінде болып отырганына назар салу керек. Ол екеуінің арасында айырма бар:алдыңғысы психологиялық феноменге жатпайды,кейінгісі жатады. Мұндағы негізгі түйін –жеке адамның (алынып отырған ұлт өкілінің) ұлттық мүддені түсінуі оның алдына койылған міндетке көз қарасын сонымен қоса оның әрекетінің, тәртібінің бағыттарын айқындауғаәсер ететінінде болып отыр. Демек, бұл мәселенің маңыздысы-ұлттық мүдденің өзінде емес,оны әрекетке басшылыққа алуында болып отыр. Адамның әрекетімен тәртібінің бағыттарының мүдденің өзі емес мүддені сезіну айкындайды. Ұлттық мүдде мен ұлттық қажеттілік мемлекеттік мүдде мен мемлекеттік қажеттілікпен қатар тұрады. Мүдде мен қажеттілікті түсіну,адамдардың қоғамдық қызметінің интеграциясынағы қозғаушы күш болып табылады.
Мүдде адамды алға жетелейді. Ұлттық мүддені сезіну ұлты үшін жаны күйетін отаншылды жанталастырады, оны отқа да суға да түсіреді, жеңіске жетелейді. Ұлттық мүдде мен қажеттілікті түсінудің ұлттық психологияның құрамдас құраушы ретіндегі мәні осында. Ұлттық мүддені түсіну өзіндік сана категориясымен тікелей байланысты.
Ұлттық өзіндік сана. Ұлттық психологияның құрамдас элементтерінің бірі-ұлттық өзіндік сана. Ұлттық өзіндік сана дегеніміз - этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірірлген формасы. Ұлттық өзіндік сананы ұлттық өзінің әлеуметтік-этномтық мәнін танып білуі дүние жүзілік қауымдастық жүйеге өзінің орнын және қандай орын ала алатынын,адамзат тарихындагғы атқарып жүрген әрекеттік рөлін және оның
Қандайын атқара алатынын, адамзат жасап отырған өркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп тұшынуы, сонымен қоса өзге халықтармен тең, еркін және тәуелсіз өмір сүрудің табиғи –тарихи құқығын түсінуі деп ұғуға болады.
Әлеуметтік психологияда көпшілік жағдайда ұлттық өзіндік сана ұлт мүддесімен байланыстыра қарастырылады. Ол қоғамдық және халықаралық қатынастар жүйесіндегі ұлттық жағдайымен айқындалатын объетивті ұлттық мүдделердің бейнесі немесе ұлттық мүдделерінің мәні және оларды іске асыруға тырысу ретінде сипатталады.
Ұлттық сезім 3 элементтен тұрады. Оның біріншісі – ұлттық қадір. Бұл ұғым адамның өз ұлтын қадірлеу,сыйлау,өзгелердің алдына оның беделін түсірмеу,ұлт өкілі ретіндегі адамның өзінің үнемі кадірінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін көрсетеді.Бұл ұғымның сезімдік реңкі басым.
Ұлттық сезімнің екінші элементі - адамның белгілі бір ұлтқа тәнділікті сезінуі болып табылады.Ол әр адаммен азаматтың өзінің белгілі бір ұлттық өкілі екендігін сезінуін көрсетеді.Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі бір деңгейге оның әрекетіне әсер етеді.Бұл дүние жүзіндегі елеулі ұлт өкілдерінің бәріне тән қасиет.Ұлтқа тәнділікті сезіну Отанға деген сезіммен үндес болып келеді.
Ұлттық мақтаныш сезімі де әлеуметтік психологияда жиі ұштастыратын құбылыстардың бірі. Адам өзінің мемлекетінің жерімен,оның қазба байлықтарымен,бай мәдениетімен, қызықты тарихымен, ұлы адамдарымен мақтанады. Бұлар – шет жұрттықтармен кездесіп танысқанда тілге тиек болатын нәрселер,өзгелер сиякты қазақ халқының да ауыз толтырып, мақтананып айтатындары да аз емес.
Ұлттық қадір, ұлттық мақтаныш, ұлтқа тәнділікті сезіну бәрі қосылып келіп, адамның өз ұлтына деген эмоциялық қатынасын білдіретін, оның ойы мен әрекетіне мұрындық болатын психологиялық күйдің жиынтығын құрайды. Бұл үшеуі ұлттық психологияның құрамына енетін ұлттық сзім деп аталатын кешеннің құрамдас құраушы есебінде қарастырылады.
Ұлттық
психологияны қалыптастыратын факторларға
мыналар жатады: халықтың басынан өткерген
тарихы, ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық
түрі, төл тума мәдениеті, ақпарат алмасу
тілі, салттары мен дәстүрлері, тұрған
жерінің табиғатымен климаттық жағдайлары,
діні, әлеуметтік-демографиялық жағдайы.
Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары
ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырай бермейді,
ұзақ уақыт сақталады. Соған сәйкес ұлттық
психология да халықтың санасына әбден
орныққан құбылыс болып табылады, оны
өзгерту өте киын және ұзаққа созылады.
Қолданылған
әдебиеттер: