Конфликтті шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 20:37, курсовая работа

Описание работы

Конфликт (лат. тілінен – қақтығыс) А. А. Урбановтың тұжырымы бойынша: бәсекелестіктің түбіндегі қарама -қайшы ойлардың қақтығысуы (мақсаттың, ұстанымның, көзқарастың) түрлі өткір эмоционалды толқулармен байланысты өзара түсініспеушіліктің болуы.
Конфликті жағдайдың жағымды жақтары:
Көптегн мәселелердің шығуына, олардың шешілуіне көмектеседі
Іс- әрекеттіңтиімді жолдарынның пайда болуына
Кейде ұжымныңсыртқы қысымдарға бірігіп қарсылық көрсетуіне себеп болады.

Содержание

Негізгі бөлім .............................................................................................
Конфликт..........................................................................................................
1.1. Конфликт туралы қысқаша сипаттама..................................................................
1.2. Конфликтті шешу жолдары....................................................................................

2. Саяси конфликт................................................................................................
2.1. Саяси конфликтілердің шешілуі............................................................................
2. 2. Конституцияның ролі.............................................................................................
2. 3. Саяси конфликтілерді шешудің басқа тәсілдері................................................

3. Халықаралық конфликт...............................................................................
3.1. Халықаралық конфликтердің шешілуі ..............................................................

4. Педагогикалық кикілжіңдерді «оқытушы - оқушы» системасында мәселелі жағдайларын шешудің әділетті тәсілдері. ....................................
4. 1. «Оқытушы - оқушы» құрылымындағы жанжалдар мен мәселелі жағдайлар......................................................................................................................
4. 2. Педагогикалық жанжалдың шығу себептері.....................................................
4. 3. Жанжалды психологиялық тұрғыдан қарастыру..............................................
4. 4. Педагогикалық кикілжіңдердің кезеңдері..........................................................

Қорытынды ...................................................................................................
Падаланылған әдебиеттер ..........................................................................

Работа содержит 1 файл

Конфликтті шешу жолдары..doc

— 125.00 Кб (Скачать)

   Өзінің жағымды шешімін таппаған жанжалды жағдай көбіне дауға айналады. Бұған кикілжің жағдайдың қатысушыларының өте тез шиеленісуі, олардың арасындағы қайшылықтар мен күрестің басталуы себепші болады. Бұл жағдайды В. И. Андреев инцидент деп атайды, ол кикілжің жағдайды жанжалға айналдырады.

4. 3. Жанжалды  психологиялық тұрғыдан қарастыру.

   Психологиялық көзқарас бойынша жанжал қарсы бағытталған, жиі сәйкес емес қажеттіліктердің, дәлелдердің, ойлардың, сезімдердің, әдіс әрекеттері мен мінез актілерінің қақтығыстарын білдіреді. Жанжал оған қатысушылардың шиеленіскен қайшылықтарының эмоционалды күшпен, мұғалім мен оқушының негативті уайымдарының өткірлігімен ерекшеленеді. Жанжал барлық қатысушыларға өз ауыртпалығын тигізеді. Олар өте жиі стресстердің себептері болып табылады, қатынастардың айырылыстары болып саналады, әртүрлі психосоматикалық аурулардың себепшісі болуы мүмкін.

   Мектептегі жанжалдар спецификалық ерекшеліктерге ие. Оларда әрқашан балалар қатысты болады, олар барлық әділетсіз шешімдерге сезімтал келеді, қатынастың авторитарлы стиліне қарсы. Жанжалдың нәтижелері балалардың тұлғалық дамуына тура әсер етеді, кейде мектеп түлектерінің кейінгі тағдырынан да көрініс табады. Жанжалдарда әр түрлі жастағы және әлеуметтік топтардағы өкілдердің қызығушылықтары, құндылықтары, идеялары, функционалды ролдік ұстанымдары қақтығысады; жанжалдың педагогикалық жағынан дұрыс шешімін табуы үшін жауапкершілік мектеп әкімшілігі мен мұғалімге жүктелген ; жанжалға көптеген қатысушылар тартылады, олар әр түрлі әлеуметтік статусқа ие, ал жанжалды созу кезінде оның қатысушыларының саны өсе түседі; оқушының оқытушыға әлеуметті- психологиялық бағыныштығы және өмірлік тәжірибелерінің арасындағы айырмашылық жауапкершіліктің әртүрлі деңгейлерін туындатады т.б.

   Зерттеу жұмыстары бойынша педагогикалық жанжалдардың себепшісі не болғанына байланыссыз, ол педагогтар мен оқушылардың қатынастарының әртүрлі сфераларын қамтиды. Осыған сәйкес, жанжалдарды әртүрлі көрсеткіштері бойынша дифференциялдауға болады. ЖЖанжалдарды ішкі(тұлға ішіндегі) және сыртқы (тұлғаарлық және топаралық) деп бөледі. Жанжалдар одан да ұсақ топтарға қайшылықтарының өткірлік деңгейіне қарай : риза еместіктен, келіспеушілік, ұрыс, қастықтан пайда болатын шиеленістердің деңгейіненбөлінеді. Даму барыснда бір типті жанжалдар басқа типтіге айналуы мүмкін.

   М.М. Рыбакова жағдайлардың  немесе жанжалдардың келесі түрлерін анықтайды: қызметтер жанжалдары, оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауы бойынтша туындайтын, үлгерімі, оқудан тыс қызметтер бойынша туындайтын; мінез –құлық кикілжіңдері, оқушылардың мектептегі ережелерді бұзуы кезіндегі істері  бойынша, сабақта, метептен тыс; қатынас жанжалдары, оқушылар мен мұғалімдердің тұлғалық эмоцианалдық қатынасындағы сферада туындайды, олардың қарым –қатынасы сферасында педагогикалық қызмет процесінде туындайды.

 

4. 4. Педагогикалық  кикілжіңдердің кезеңдері.

   Әрекет кикілжіңдері мұғалім мен оқушы арасында туындайды және оқушының тоқулық тапсырмаларды орындауға келіспеуінен немесе оны дұрыс емес орындағанынан көрініс табады. Мұндай кикілжіңдердің себептері әр түрлі: оқулық материалды игерудің қиынболуында, оқудың қызық еместігінде; мұғалімнің қате ескертулерінде; шаршау т.б. Мұндай жанжалдар көбіне оқу кезіндегі қиындықтардан, оқулық ауыртпашылығымен шамадан тыс қызығып кеткеннен, оқудың төменгі мотивациясынан пайда болады.

   Мінез –құлық кикілжіңдегі, мұғалім оқушы ісінің анализінде қателескенде, себептерін анықтамағанда, ештеңеге негізделмеген қорытындылар жасағанда шығады. Егер мұғалім оқушының істерін оған мәлім емес информациялар, дәлелдер, себептерсіз түзеуге тырысса, онда біз күткендей, оқушы мен мұғалім арасында алшақтау пайда болады, ол жанжалға әкеледі. Мұндай жанжалдар білім берудің нашар ұйымдастырылғандығынан, оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескермеген кезде туындауы мүмкін. Төрт кезеңді анықтауға болады:

   Бірінші сынып (ойындық қызметті оқулыққа ауыстыру болады), жаңа талаптар мен міндеттер пайда болады. Егер мұғалім осы ерекшеліктерін ескермей жұмыс істесе, онда, біз айтқандай, оқушы мен мұғалім арасында жанжал туындайды.

   Мысал келтірейік, Тима деген бала бала- бақшадағы үйреншікті жағдайдағы дайындық сыныбында оқып жүрді. Тәрбиеші  мұғалім балаларға   мейріммен  қарады, оқу  материалы  мәжбүрлі  емес   формада    игерілді , сабақ  көңілді,  қызық  және  қуанышты  болды.  Екінші  сыныбында  Тима  жалпы  білім  беретін,  онда  мүлдем  басқа  қатынаспен   кездесті. Мұғалім әрбір қателік үшін,  балалық айыптылық  үшін  жазалайды ,  ұрысады,  мектепке  ата – анасын  шақыртумен  қорқытады. Ал , денешынықтыру сабағында мұғалім оқушыларды   сапқа тұрғызып,  ұзақ  уақыт   үгіттеу айтады,  сонымен   қоймай  балаларды бұрышқа тұрғызады. Бала  мұғалімге қрсы шығып , әдепсіздік   істей бастайды.                           Түнде  апасы  баласының  ақырын   жылап  жатқанын  естіп  қалады.  Ол мазасызданып, немересінен сұрайды : « Тимок , сен  неге  жылайсың ?»  Жауапқа  ол : «Апа, мен мектепке барғым  келмейді . Ондағы  мұғалімдер  қатал, ашулы» дегенді естиді. Көріп отырғанымызда, мұғалімдердің кішкентай мектеп оқушыларына деген мейрімсіз қатынасы кикілжіңдер туғызып  олардың оқуға деген ынталарын жоғалтады.

   Екінші  кикілжің  кезең – бесінші  сыныпқа  өту. Бір  мұғалімнің  орнына  балалар  әр түрлі пәндердің мұғалімдерімен жұмыс істейді, жаңа мектептік пәндер пайда  болады. 9-шы  сыныптың  басында жаңа  ауыртпашылықты  мәселе туындайды:  мектептен кейін не істеу керектігін  шешу қажет – орта  білім беруші оқу  мекемесіне  бару  нмесе  орта білім беру  мектебінде оқуды жалғастыру.

   Кикілжің жағдайлар көбінесе мұғалімнің оқушыға деген бейтарап көз  қарасынан, ал  кейде әдепсіз қатынасынан туындайды . Бұл кикілжің  жағдайлар субьективті сипаттардың, жанжалдасулардың тұлғалық  ерекшеліктерінен  тұлғалық  маңызға  ие  бола  бастайды , оқушы мен  мұғалімнің  ұзаққа  созылатын  жек  көрушілігін  тудырып,  оларды  өз  ара  қатынгасын  ұзаққа  дейін  бұзады. Мысалы,  Беларус  тілінің  мұғалімі  оқушыларға көкіректене  қарады,  қандайда  болмасын  қателіктерде  мысқылмен  және   жек көрушілікпен  ескертулер  жасап, ақыл айтатын . Ол  оқушыларды  жақсы көрмеді, оқушылар да оған  тура  солай жауап беретін . Оқушылардың бірі ұзақ уақыт ауырып жатады. Ал оның қайта келуінен кейінгі екінші сабақта мұғалім оны тақтаға шығарады, ол жіберіп алған материалды қалай игергендігін тексеру үшін шығарады. Оқушы өзінің барлық мактериалды игеріп үлгермегендігін мойындап, шындығын айтады. Мұғалім артық сөзсіз: «отыр екі!» - дейді. Осы арада оқушы мен мұғалім арасында кикілжің пайда болады. Оқушы мұғалімді, оған қоса беларусь тілін жек көре бастайды. Осы жек көрінішті сезімі оның жүрегінде бірнеше жылдар бойы болды. Келтірілген мысал мұғалім такт сақтау керектігін көрсетеді. Оқушыларға  түсінушілікпенқару керектігін, оларға жоғарғы талптарын көрсету қажеттілігін, сыйласымдылықпен шектік сезімін сақтау қажеттігін, әрбір оқушыға әділетті қатынастың болуын көрсетеді.

   Кикілжің жағдайлар тек «мұғалім мен оқушы» системасында ғана пайда болмайды, ол сонымен қатар оқушылардың өздерінің арасында, жалпы тұтас сыныптар арасында, мұғалім мен ата- аналар арасында т.б. туындайды.

   Педагогикалық жанжалдардың дамуында екі сатыны анықтауға болады: саналы түрде меңгерілмеген «потенциалды» және саналы түрде меңгерілген «шынайы». Бірінші кезеңге жанжалдың жасырн сипаттамасы тән. Педагогтың шеберлігі педагогикалық процестің расындағы көзделген жасырын кикілжіңді алдын ала байқап және одан шынайы жанжалға айналуды тактикалық әдістер мен тәсілдер жолымен алдын алу.

   Құрылмдық қатынаста келесі жанжал стадиялары бақыланады: кикілжің жағдай, жанжалдасушылар, жанжал объектісі, жанжалды ара- қатынас және жанжал себептері.

   В. И. Андреев жанжалды кикілжің жағдайдан айыру үшін келесі формуланы ұсынады: Мәселен, «кикілжің жағдай + қатысушылар+ инцидент= жанжал».

   Педагогикалық жанжалдың қатысушылары оқушылар және педагогтар болып табылады. Жанжал объектісі болып оқытушы – тәрбиелік қызмет пен қатынас көрініс табады.

   Зерттеушілер (А. Я. Анцуков, А. И. Шипилов) жанжал құрылымында оның мынандай маңызды құраушыларын анықтайды.

   Жанжалдасушы жақтар. Жанжалда жоқ дегенде екі жанжалдасушы жақтар болады (конфликттанттар) – мұғалім және жеке оқушы, мұғалім және оқушылар тобы т.б. Жанжал кезінде басқа да қатысушылар еліктірілуі мүмкін – яғни, жақтаушы, араздатушылар, достастырушылар, кеңес берушілер, күнәсіз құрбандар.

Кикілжіңдерді басқарып, бақылау жүргізіп, тиімді шешілу жолдарын тауып отыру керек.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

          Сонымен конфликт пайда болу үшін кем дегенде екі мешесі болуы тиіс. Иә, адамдардың, топтардың, ұжымдардың, ұйымдардың, түрлі әлеуметтік топтардың бір- бірімен қарым- қатынасында түрлі деңгейдегі конфликтілер туындайды. Осы аталған мәселені шешу  жолында шетелдің көптеген ғалымдары: З. Фрейд, К. Левин, М. Шериф, М. Дойч, А. Урбанов, К. Томас т.б. зерттеген.  Күнделікті өмірде кикілжің жағдайларды шешуге тура келеді, сондықтан да бүгінгі біздің тақырыбымыз өмір бойында өзінің өзектілігі мен  жалғасын таба береді. Демек, жоғарыда аталған шешу жолдарын тиімді пайдаланып отырған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. А. В. Дмитрев, Конфликтология, Москва, Гардарики, 2001, 221-230 б.
  2. Н. Ф. Вишняков, Конфликтология, Минск, Университетское, 2002, 9-14 б.
  3. А. Я. Анцуков, А. И. Шипилов, Конфликтология, Москва, Юнити, 2004, 474-477 б.
  4. Л. С. Ахметова, Конфликтология, Алматы, «Қазақ университеті», 2003, 4-9, 74-77 б.
  5. Р. Вердербер, К. Вердебер, Общение,  Санкт- Петербург, 2003.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Конфликтті шешу жолдары