Этнопедагогика - тамыры терең тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 17:08, реферат

Описание работы

Қазір әлемдік аралас-құралас күшейіп, жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние жүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалығын сақтап қалуға, отаншылдық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде. Әсіресе, білім беру жүйесінде этнопедагогика (халықтық педагогика) атау-ұғым ретінде ғана емес, білім беру мен тәрбиенің өзекті ұстанымына айналуда.
Этнопедагогика - халқымызда ертеден жинақталған игі істердің зерделі ұрпақтың болашағына дұрыс жөн сілтеп, нақты бағыт беріп, олардың зиялылар санатына қосылып, әдемі отау тігіп, баянды бақыт құруына септігін тигізетін ежелгі үлгі, қанатты да қадірменді сөз, байырғы қасиетті де киелі дәстүр.

Содержание

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1. Этнопедагогика - тамыры терең тәрбие.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақ этнопедагогикасы негізінде - патриоттыққа тәрбиелеу.
2. Қазақ этнопедагогикасы негізіндн әдептілікке тәрбиелеу.

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
1. Мектептің оқу-тәрбие үрдісінде, жеке тұлғаны тәрбиелеуде
этнопедагогика және этнопсихологияның маңызы.

Работа содержит 1 файл

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР.rtf

— 477.68 Кб (Скачать)

7.Адам өмірі табиғат аясында өтетін болғандықтан, бабаларымыз ғұмыр бойы табиғатты аялауды мұрат тұтқан. Бүкіләлемдік тіршіліктің, құдіреттің төрт түрі бар. Олар: Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тіршілік тоқтайды. Сол себепті де адамзат күнді, жерді анадай ардақтайды, жер мен судың әулиелігін қастерлеп, әрекет жасап, қызығын көреді.              

Әр мектепте өзінің тәрбие жүйесі бар.Өзінің бағыт бағдары бар. Біздің мектебіміз Академик Әлкей Марғұлан есімінде. Әлкей Марғұлан есімін алғаннан бері ұстаздар қауымына үлкен міндеттер мен зор жауапкершілік жүктелді.саналы ғұмырын қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетін,тарихын,салт-дәстүрін зертттеуге арнаған ғұламаның есімі оқушыға үлгі-өнеге болып,оның ұлттық құндылықтарды қабылдауына арналған баспалдақ болуы керек деген мақсат қойылды.Мектеп педагогикалық ұжымы энциклопедист Әлкей Марғұланның өмірі мен шығармашылық қызметі арқылы жас ұрпақтың бойына рухани,ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды өзінің негізгі міндеттерінің бірі деп санайды.Академиктің өмірі мен шығармашылық қызметін оқушыларға таныстыруды нақтылы істермен жүзеге асыруды қажет деп тауып мектепте Әлкей Марғұлан мұражайы ашылды. Мұражай негізінен мынадай төрт бағытта жұмыс істейді.1-ші бағыт-«Әлкей Марғұлан және фольклор», 2-ші бағыт-«Әлкей Марғұлан және Шоқантану», 3-ші бағыт-«Әлкей Марғұлан және археология», 4-ші бағыт-«Әлкей Марғұлан және этнография». Мұражай кеңесі осы бағыттыа бойынша жұмыс жасап, ұстаздар мен оқушыларға қосымша материалдар береді. Сондай ақ мұражайда ғалымның жеке заттары және қазақ халқының ертедегі тарихынан сыр шертетін көне балбал тастар,ата-бабаларымыз тұтынған әр түрлі этнографиялық құралдар мен заттар қойылған. Рухани және ұлттық құндылықтарды терең меңгерту мақсатында «Марғұлантану» курсын енгізілген, жыл сайын академиктің туған күні қарсаңында «Марғұлан оқулары» ұйымдастырылып, Тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін қадірлейтін «Марғұлан» атты оқушылардың танымдық-шығармашылық журналы ай сайын жарық көреді. Мектепте «Әлкей Марғұлан ізімен» атты энциклопедиялық жұмыстар екі жылдан бері жүргізіліп келеді. Оқушылардың ізденістеріне мектеп ұжымы тек қана басшылық жасап қана қоймай ынталандыру мақсатында жыл сайын «Марғұлан атындағы сыйлық» тағайындалады. Біздің қазақ этнопедагогикасы арқылы патриоттық тәрбие беру жолдары толыққанды жолға қойылса, соның негізінде патриоттық тәрбие беруге ғылыми оқу-әдістемелік бағдарлама жасалып, жастардың патриоттық рухта тәрбиеленуіне және тұлға болып қалыптасуына мүмкіндіктер туар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Е.Балтабай. Қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру. / Ұлағат,

[№ 6,2002.47-б]

2. Г.Н.Волкова.Этнопедагогика.

3.Р.Қ.Дүйсембінова. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.

4. С.А.Ұзақбаева . Тамыры терең тәрбие.


Информация о работе Этнопедагогика - тамыры терең тәрбие