Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 14:39, реферат
Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикальіқ қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі.