Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Апреля 2012 в 15:58, реферат

Описание работы

Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар тудырады. Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз. Қиял —тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял — адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады.

Содержание

Кіріспе

1.1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы.


ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Қиялдың физиологиялық негізі.

2.2. Қайта жасау қиялы мен шығармашылық қиял.


ІІІ. Қорытынды

3.1. Қиялдың даралық айырмашылықтары және балалардың

ойыны мен ересек адамдардың әрекетінде қиялдың дамуы.

3.2. Қиялдың түрлері.

Работа содержит 1 файл

қиял туралы.doc

— 81.00 Кб (Скачать)

Балалардың ойыны мен ересек адамдардың

әрекетінде қиялдың дамуы

 

Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Екі жасар бала ертегі не әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді. Бұл факті жас баланың басында ес елесінің және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс-әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады. Дамудың бұл кезеңіндегі өзгешілік — балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдың элементтері туа бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік ойындарынан айқын аңғарылады. Балабақшадағы бүлдіршіндер «Теміржол» ойынын ойнағанда, әрқайсысы белгілі рөлді орындайды. Осындай ойын әрекеттерінен олардың қиялы толыға түседі, жаңа рөлдер тауып алады. Бұл шығармашылық қиялдың белсенді қатынасынан туындайды.

Ойын әрекеті бала қиялын тәрбиелеп, дамытуда күшті рөл атқарады. Сондай-ақ, ол балалардың табиғи белсенділігін, қозғалғыштығын, дара психикалық процестерін де дамыта түседі. Мысалы, құрылыс ойындары, теміржол салу, үй тұрғызу, зауыт-фабрикалар орнату т. б.

Жеткіншектер қиялын дамытудағы әрекет — сурет салу. Сурет салуда олар түрлі елестерін, есте қалғандарын сыртқа өздерінше шығарады. Мектеп жасындағы балалар қиялының жүйелі дамуы ғылым негіздерін меңгерумен байланысты. Олар өз қиялының өнімін енді сын елегінен өткізіп, шындыққа жақын бейнелер жасауға ұмтылады.

Ересек адамдар қиялы олардың өмір сүрген ортасы мен тіршілік тәжірибелерінің нәтижелеріне орай дамып отырады. Әр алуан ғылыми жетістіктер, техника мен өнердегі орасан зор табыстар, өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы жаңалықтар, мұның бәрі — ырықты қиялдың жемістері.

Адам қиялсыз өмір сүре алмайды, қиял шындық болмыспен ұштасып, адамды жаңа істерге, меңгерілмеген нәрселерді игеруге, ғылым мен техникадағы, өнер мен көркем әдебиеттегі жаңа белестерге ынталандырып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Жарықбаев  «Жантану негіздері»

2. Тәжібаев  «Жалпы психология»

3. С.Мұқанов  «Жас ерекшелік педагогикасы»

4. Бабаев «Жантану негіздері»

5. Ж.Аймауытов «Жалпы психология»

 

 

11

 



Информация о работе Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы