Қиял туралы жалпы ұғым

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2011 в 17:27, реферат

Описание работы

Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады.

Работа содержит 1 файл

Қиял туралы жалпы ұғым.doc

— 92.00 Кб (Скачать)

     Бала  қиялы әрекет үстінде дамитындықтан  не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.

     Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың  эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмүнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мүғалім де, оқушының ата-анасы да бүл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу,табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербез орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

Ұлылардан — ұлағат

 

     Қиял! Мүнсыз ақын да, философ та... тіпті  адам болуы да мүмкін емес.

                 Д. Дидро

      Армандай білуге бейімділікте де үлы даналық бар.

А. Франс

      ... арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.

Ғ. Мустафин

     Арманмен      ойнау     қауіпті,      күйреген      арман      өмірді

бакытсыздыққа душар етуі де мүмкін.

                                                                              Д. И. Писарев

     ... бүрын фантазия, қиял деп жүрген  ойлар бүгін дағдылы іс екенін  танып, қүтыла аламыз ба?

Ш. Қудаибердіұлы
Қолданылған әдебиеттер
 
  1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
  2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
  4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
  5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
  6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
  7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
  8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
  9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
  10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.

Информация о работе Қиял туралы жалпы ұғым