Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 14:18, реферат
Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қарсы қоймай, қайта жақындатады.
Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру кезінде кері салдарлар туындау мүмкіндігін азайту үшін инклюзивті білім беруге қажетті арнаулы жағдайлар тізбесін нақты белгілеп алу шарт. Бұл тізбе оқу үдерісін ұйымдастыруды, оқу мазмұны мен әдістемесін, балалардың үлгерімін бағалауды және т. б. қамтуы тиіс.