Гендерлік демография Денсаулық және ауру түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 18:40, доклад

Описание работы

Кім көп және жиі ауырады? Ерлер ме алде әйелдер ме? Және де кімнің денсаулығы мықтырақ? Әрине, бұл сұрақтарға жауап алу үшін көптеген факторларды ескеру қажет: тұратын елі, мәдениеті, ауру түрі, жастық тобы, денсаулық жағдайына баға беру.
Егер дәрігерлерден көмек сұрау мен субьективті шағымдарға қарасақ, әйел адамдар жиірек ауырады. Бірақ бұл көп мәдениеттердегі ер адамдардың өз өздеріне қарамаудан және де олардың қалыптасып қалған стереотиптерінен шыға алмауымен байланысты. Сонымен қатар, әйел адамдардың дәрігерлерге жиі барып, мүмкін, әлеуметтік нормаларға сай және де өзін өзі сендіру күші жайлы стереотип қалыптасқан.

Работа содержит 1 файл

3 бөлім.docx

— 15.71 Кб (Скачать)

3 бөлім

Гендерлік демография

Денсаулық және ауру түрлері.

   Адамның денсаулығы  оның өмірге деген қанағаттануымен  тығыз байланысты. (Куликов, 2000).

   Кім көп және жиі ауырады? Ерлер ме алде әйелдер ме? Және де кімнің денсаулығы мықтырақ? Әрине, бұл сұрақтарға жауап алу үшін көптеген факторларды ескеру қажет: тұратын елі, мәдениеті, ауру түрі, жастық тобы, денсаулық жағдайына баға беру.

   Егер дәрігерлерден көмек сұрау мен субьективті шағымдарға қарасақ, әйел адамдар жиірек ауырады. Бірақ бұл көп мәдениеттердегі ер адамдардың өз өздеріне қарамаудан және де олардың қалыптасып қалған стереотиптерінен шыға алмауымен байланысты. Сонымен қатар, әйел адамдардың дәрігерлерге жиі барып, мүмкін, әлеуметтік нормаларға сай және де өзін өзі сендіру күші жайлы стереотип қалыптасқан.

   Егер де Г. Гейманстың (1911) жүргізген зерттеулеріне мән берсек,  зерттелінуші ретінде практикадағы дәрігерлер болған. Ер адамдардың пікірлерінше, екі жыныс өкілдері де ауырған кезде бірден дәрігерге жүгінеді. Ал әйел адамдардың пікірінше, әйел адамдар ер адамдарға қарағанда бірінші дәрігерге барады деп есептеген. Сол себепті әйелдер дәрігерлерге жиі жүгінеді деген пікірді әйел адамдардың өздері ойлап тапқан. Себебі Гейманстың зерттеуінде 2519 адам қатысқан. Оның ішінде әйел адамдар саны – 147 ғана болғандықтан ер адамдар пікірі басты болды. Расымен де, мұнда бір жайтты ескере кетуіміз қажет: жиырмасыншы ғасырдың басында әйел дәрігер адамдары аз болған, және әйел адамдардың ер адам дәрігерлеріне бара алмауы, яғни ұялу мен сыпайылық белгісі ретінде.

   Жыныстық айырмашылық  жайлы мифтің шығып дамуына  қатты әсер еткен 1951 жылы Т.  Парсонс болды. Оның пікірінше, әйел адамдарға өзінің аурушаңдығын көрсету арқылы өздерінің нәзік болуын және сол арқылы өздерін әйел ретінде сезінетіні тән деп атап өтеді.

   1970-1980 жылдар аралығындағы  зерттеулерге қарағанда, “Әйел  адамдар ауырады, ал ер адамдар  қайтыс болады” деген жыныстық  айырмашылық жайлы қалжыңды тудырды.  1990 жылы әйел адамдардың көп ауыратыны жайлы мифтер тарқай бастады: жай ғана қала тұрғындары әйелдері өз денсаулығына байланысты мәселелерді әсіресе жиі айтады деген.

   1980 жылдары ер адамдар  мен әйел адамдардың денсалығына  әсер ететін факторлардың әр  түрлі екендігі анықталды. Себебі ер адам жұмысшы ретінде қарастырса, көптеген шет мемлекеттердде әйел адам үй жұмыстарымен айналысушы уй қызметкері болғандықтан, олардың денсаулықтарына әсер ететін факторлар да әр түрлі болды. Ер адамдар үшін олардың әлеуметтік мәртебесі, жұмысы мен алатын орны, сонымен қатар жақын серіктесінің болуы маңызды болды. Ал әйел адамдар үшін тұрмыс құрған әйел және ана мәртебесі, сонымен қатар үй жұмыстарын жасау жағдайы болды.

   Соңғы жылдары  болып жатқан әлеуметтік өзгерістер  жыныстық бөлінудің азаюына алып  келді. Және де қазіргі кезде  гендерлік рөлдердің үш бөлігін  бірге қарастыру екі жыныс  өкілінің де денсаулығына әсер  ететіні белгілі. Алайда, әйел адамдарға барлық мәртебелерді бірге ұстану қиынға соғады. Шетелде қалыптасқан пікір бойынша, ұқсас әлеуметтік жағдайлар сондай әлеуметтік раекцияларды тудырады. Оған дәлел ретінде АҚШ әйел адамдары мен ер адамдарының депрессияға түсуі мен алкогольді пайдалануы бірдей болып келеді екен.

   Э. Лахельм мен оның ұжымдастары Ұлыбритания мен Финляндияның ер адамдары мен әйел адамдарының көрсеткіштерін салыстырды. Денсаулыққа үш негізгі факторлар анықталды: өзара әрекет етуші мәдениет (мемлекет), жасы мен жынысы. Әйелдер мен ер адамдардың субьективті жағдайы, және де еңбек етуге қабілетті уақыт кетіруі денсаулығы жалпылама түрде бірдей болды. Бұл дегеніміз әйелдердің аурушаңдығы жайлы мифті теріске шығарады.

   Бірақ англиялық әйел адамдары мен финляндиялық ер адамдары қарама қарсы жыныс өкілдеріне қарағанда өздерін нашар сезінді. Бірақ та жұмысшы мәртебесі әсері мен жыныстық айырмашылықтарының денсаулық таңдауында екі мемлекеттегі әйел адамдары мен ер адамдарына осы фактор әр түрлі мағынада болды. Ұлыбританияда еңбек бөлінісінде гендерлік теңсіздік байқалады. Яғни көбіне жұмыс жасамайтын әйел адамдары үй шаруасымен айналысады. Соған қарағанда, осы жағдай англиялық әйел адамдарының ақылы жұмыс жасамауы олардың денсаулық жағдайының төмен болуының себебі ретінде саналады. Финдік әйелдер, керісінше, ер адамдар қатарында жұмыс жасап, өздерін алдыындағыларға қарағанда өздерін жақсы сезінеді. Сонымен қатаар, интенсивті еңбек бөлінісі ангиялық және финдік ер адамдар факторлары зерттеу барысында ескерілмеді.

   Жоғарғы жас топтарында (кәрі және үлкен жас) әйел адамдар өздерін ер адамдарына қарағанда нашар сезінеді. Мүмкін, мұндай жасқа жеткен ер адамдар денсаулығы мықтылары ғана жетеді, ал әйел адамдары әр түрлі болып келеді, сонымен қатар денсаулығы да нашар болады. Осы нәтиженің нақты осы жағдаймен түсіндіріледі.

   Ер адам мен  әйел адам арасындағы аурулардың  статистикасы бар. Ер адамдар,  мысалы, дальтониз мен гемофилиямен, яғни, қанайналым жүйесінің бұзылуы  (Ильин, 2002), ол әйел адамдарында  униполярлық депрессия ауруы  ( Nolen-Hoeksema, 1987; ). Психотерапевттердің науқастары да ерекшеленеді: әйел адамдар көбінесе, жақын адамдарына қатысты жеке қарым – қатынастары жайлы мәселелер жайлы айтады, ал ер адамдар қоғамдық өмірдегі қанағаттанбаушылық жайлы сөз қозғайды ( Flordh, 200). Алайда, дәрігерге көп барып өз аурулары жайында кө айтатын әйел адамдары денсаулығына аса мін беретін жағдаяттарға жатады.

    Сонымен қатар, әйел адамдары салауатты өмір салтын ұстануға тырысады. Мүмкін, олар әр түрлі диеталар мен азық түліктерді көру арқылы ақпараттық көздеріне көп мән береді.

   Экологиялық фактордың ер адамдар мен әйел адамдарға деген әсерінің денсаулығы мен аурулардың аудандарға бөлінуінен қарастыру қажет.

   Ер адамдар көбінесе  нашақорлық пен токсикомания, ишкиликке салыну, активті туберкулезбен ауырады, ал әйел адамдар, көбіне, жыныстық жолмен таралатын аурулармен ауырады. Қатерлі аурулар ер адамдарда да, әйел адамдарда да кездеседі.

  

 

 

 

 

.


Информация о работе Гендерлік демография Денсаулық және ауру түрлері