Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 21:01, реферат
Фрейдизм, оның негізі мынада – адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шындығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең алдымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.
Зигмунд Фрейд | |
Туылған күні | 6 мамыр 1956 ж |
Туылған жері | Фрайберг, Австро-Венгрия (Прши |
Қайтыс болған уақыты | 23 қыркүйек 1939
ж (83 жаста) |
Қайтыс болған жері | Лондон, Maresfield Gardens 20 |
Ғылыми дәрежесі | Австриялық
психиатр және психоаналитикалық
мектептің
негізін салушы |
Қолы | |
Зигмунд Фрейд
Зигмунд
Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір
қиын. Зигмунд Фрейдті тұлғалық деңгейде
көтерген көптеген биографиялық очерктер мен кітаптар бар. Алайда
осы шығармалардың көбінде авторлардың
бір жақты пікірге бой алдыратындықтарын
байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе жайлы А.М.Рудкевич
: «Австриялық дәрігер психолог Зигмунд
Фрейд ең атақты психологтардың бірі болып
саналады.» - деп айтып өткен. Ол 1856 жылы
6 мамырда Фрейбурк қаласында,
қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге
келген. Психологиялық талдаудың негізін
қалаушы. 1860 жылы Фрейдтер отбасыВенаға көшеді.
83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы қалада
өткізеді. Оның үлкен отбасында 8 бала
болды, бірақ Зигмунд өзінің алғырлығымен,
таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен
ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы
жақсы жағдай жасауға тырысты. Сабақ орындау
барысында оған ешкім кедергі жасамау
мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді
шаммен оқитын, ал басқа балалары шам арқылы
оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте
атақты профессорлар дәріс береді. Сол
университетте оқып жүріп Зигмунд Фрейд студенттік одаққа кіреді. Бұл одаққа
кірудегі оның мақсаты қосымша тарих , политика, фило
Дәрігерлік қызметінің басталуы
Вена
университетін бітірген соң З.Фрейд кәсіби
ғылым қызметкері болуды мақсат етті.
Бірақ физиология институтында Брюккенің
қол астында мұндай жұмыс орны болған
жоқ. Осы кезде Фрейдтің материалды жағдайы
да болған жоқ. Өзі сияқты кедей отбасынан
шыққан Марта Бернейге үйленген соң қиындығы
көбейе түсті. Фрейд ғылымды тастап өмір
сүру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Бұдан шығар бір жол бар еді – ол тәжірибе
жинақтаушы дәрігер болу. Бірақ бұл мамандыққа
ол қызығушылық танытпады. Ол невропатолог
ретінде жеке тәжірибе жинақтауға шешім
қабылдады. Брейр бұл терминді эстетикадан
алып психотерапияға ауыстырды. Адам саналы
түрде сезінбейтін бұрынғы әсерлер, еске
түсірулер елестетулердің адам санасына
ықпалы философтар мен психологтарға
бұрыннан ақ белгілі болған. Брейр мен
Фрейдттің жаңа идеяларының мәні мынада:
адам саналы түрде сезінбейтін күйлерге
қарсылық білдіреді. Ал бұл күй сезім және
қозғалыс органдарының түрлі ауруларға
шалдығуына әкеледі. (тіпті уақытша дәрменсіздік
күй тудыруы мүмкін). Гипноз әдісін әсіресе
француз ғалымдары өте сәтті қолданған.
Олардың тәжірибелерін зерттеу үшін Фрейд
Парижге атақты невролог Шаркоға барады
(бүгінде ол дәрігер физиотерапия әдісінің
бір түрі – «Шарко жаны» әдісімен байланысты
медицинада белгілі). Бұл дәрігердің «Невроз
Наполеона» деген аты да бар. Ол европаның
көптеген король отбасыларын емдеген.
Бұл атақты дәрігерді ауруларды тексеру
кезінде гипнозбен емдеу сеанстары кезінде
тәжірибе жинақтаушы дәрігерлер тобы
қаумалап жүретін. З.Фрейд жас веналық
дәрігер сол тәжірибе жинақтаушылардың
бірі еді. Фрейдті Шаркоға жақындастырған
жағдай оның Шаркоға ол оқыған дәрістерді
неміс тіліне аударуын өтініп жолыққан
сәті еді. Бір әңгімелесу үстінде Шарко
невротик мінез құлқындағы негізгі ерекшеліктердің
бір көзі оның жыныстық құрылымында жатанын
айтты. Осы ескертуді есінде сақтаған
Фрейд бірнеше жыл өткен соң осы болжамдар
мен бақылауларға сүйене отырып адам мінез
құлқындағы басты қозғаушы күш ретінде
оның сексуалды өмірінің рөлі туралы идеяны
алға тартты. З.Фрейд адам өміріне дәл
осы сексуалды бастамалардың тікелей
және жанама әсер ететіндігін адам өміріндегі
барлық проблемаларға әкелер жол деп ұқты.
Фрейдтің осы ілімі көптеген батыс елдерінде
әйгілі бола бастады, сонымен қатар психологиядан
тыс ілімдерде қолданды (Ярошевский 1989
ж.).
Психоанализдің – фрейдизмнің пайда болуы туындауы
Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға проблемаларын зерттеумен шұғылданды және неврозды емдеудің ерекше әдісін ойлап тапты. Фрейд теориясы мен практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын алды. Адам саналы түрде қабылдамайтын процестерге деген қызығушылық Фрейдтің бойында оның дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды. Бұған сонымен қатар пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті. Бір әйелге гипнозбен емделу үстінде гипноздан оянғаннан кейін бөлме бұрышында тұрған қолшатырды алу керектігін ескертеді. Гипноздан оянғаннан кейін шыныменде қолшатырды алып ашты. Ол әйелден неге бұлай істегенін сұрағанда ол қол шатырдың жөндеулі тұрғанын тексергім келді деп жауап берді. Сол гипноздан кейінгі сәтінде әйелге қол шатыр бөтен біреудікі екенін ескерткенде ол ыңғайсызданып оны орнына қойды. Бұл фактілер Фрейдке дейінде белгілі еді. Бірақ Фрейд оларға жаңаша түсініктеме берді. Осындай фактілерді талдау негізінде Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде ол саналы түрде қабылданбайтын сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін елеулі түрде қиындатып, тіпті жүйке-психика ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне бірнеше рет көз жеткізді. Бұл жағдай оның өзі емдеп жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім күйі арасындағы қарама-қайшылықтан арылту жолдарын іздестіруге бағыттады.
Фрейдтің адам жанын сауықтыру әдісі мен теориясы психоанализ, яғни фрейдизм деп аталады. Ол тоқырау кезінде пайда болған екінші бағыттардың бірі. Бұл бағыт өкілдерінің юахевиористерден, гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғылыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарына бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина мен психологияның өз шеңберінде табуға ұмтылды.
Фрейдизм, оның негізі мынада – адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шындығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең алдымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды.
Фрейдизм ХХ ғасырда психологияда әйгілі ілім ретінде танылды. Кейінірек Фрейд тек ауру адамның емес, сонымен қатар сау адамның да сезім күйімен мінез құлқын психиканың санасыздық күйі арқылы түсіндіретін теориясын құрды. Фрейд психологияға келгенде бұл ілім сана туралы ғылым деп саналды. Фрейдизмнің негізгі ұғымдары «сана» және «санасыздық» болды. Бұл жерде сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп жатқан құбылыстар туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл осы түрі еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне сүйене отырып санасыздық күй - күштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын, жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі батыл қадамы санасыздық күйі психикасының түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның жан дүниесінің құпияларына барар жолды ол сана психологиясынан да, физиологиясынан да емес санасыздық күйі психологиясынан іздей бастады. Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет болды. Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз болатын. З.Фрейдтің шеберлігі Брейрге қарағанда жеткіліксіз еді. Гипнозға қанағаттанбаған ол басқа құралдарды іздестіре бастады. Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар бойы психоанализдің негізі болып келді. «Ассоциациялар» ұғымы – психология ғылымындағы көне ұғымдардың бірі. Бұл термин Платон мен Аристотельдің еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың құрылу заңдылығын ғасырлар бойы психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір затқа қарай отырып оның иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса олардың мидағы іздері арасында өзара байланыс, яғни ассоциация пайда болған. Зигмунд Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге жол табу үшін қолданған. Бұл үшін ассоциациялар еркін болуы тиіс. Яғни сананың қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай туған. Емделуші адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін еркін айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз ассоциацияларын сыртқа шығаруы тиіс болды. Емделуші кедергіге тап болғанда мүдіре бастады, бір сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру мүмкін еместігін айтты. Бұл жердегі Фрейдтің болжамы: «Ауру адам өзінің кейбір құпия ойларына еркінен тыс қарсылық танытады.» Сонымен қатар мұны ол санасыз түрде өз ырқынан тыс жасайды. Адам мінез құлқын меңгерудегі санадан тыс уәждердің атқарар рөлін анықтай отырып Фрейд психологияда жаңа бағыттың негізін салды. Бірақ оның адамға тән бүкіл қиыншылық, қызығушылық, құмарлық атаулының басты себебі адам бойындағы санадан тыс сексуалды күштердің әрекеті болып табылатындығына деген нық сенімі онық көптеген зерттеушілер ішінде өз жақтастыры мен қызметтестерінің қарсылығын тудырды. Психоанализ ілімінің тағдыры және оған көзқарас әртүрлі елдерде түрліше қалыптасты. З.Фрейдтің ұстанған принциптерімен көзқарастарына қарама-қайшы пікірлер орын алды. Алғашында Фрейдтің ең жақын шәкірттері мен ізбасарлары және психиатор – дәрігерлердің кейбіреулерінен басқалары оған өте салқын қатынаста болды. Ал оның теориясы әуелден ақ сынға алынды, тіпті жоққа шығарылды.
Бірнеше ондаған жылдар бойы күн сайын 8-10 сағаттан З.Фрейд дәрігерлік тәжірибесін шыңдады. Осы тәжірибелерінен алған фактлері арқылы ол толғақ құрылымына сипаттама берді. Тәжірибе жүргізуші дәрігер ретінде Фрейд қолда бар фактлерді өте мұқият қолданды. Бұл фактілердің білгірі деуге болады. Фактілерді жинақтай отырып олардың негізінде өз теориялық қағидаларын құрды. Алайда кейінірек ол көбінесе теория жасаумен шұғылданып оларды нақты фактлері негізінде дәлелдеуге аз көңіл бөлді. Бұл жерде Фрейд даңқы арта түскен сайын өз көзқарастары дұрыс дегенге әбден сеніп өзін жоғары бағалай бастағандай еді. Фрейдтің мінезі бір беткей болатын және оның тұжырымдамасын өзгертуге немесе толықтыруға тырысқан өз шәкірттерінің барлығын дерлік алыстатып алды. Психоанализге жолдың кең ашылуы үлкен еңбектен келгендіктен әр шегіністі Фрейд сатқындық ретінде қарастырды. Психоаналитикалық ассоциациядан өз жақтастарымен қатар Фрейдтің шәкірттері де – А.Адлер, К.Г.Юнг, К.Хорни, М.Клейн, Ж.Лакан сияқты зерттеушілер де қуылды. Мұндай атмосфера З.Фрейд салған ізге және оның беделіне мүлтіксіз бас шұлғуды танытты.
Психоанализде адам ойлары мен сезім күйлерінің санадан тыс түрін анықтау әдісі ретінде түс көруді талдау әдісі табылды. Бұл әдістің мәні мынада: психоаналитик емделушінің көрген түстерін талқыға салады. Фрейдтің есептеуінше, түс көру қаншалықты бос көріністер болғанымен, оның «сценарийі» – бұл түстің бейне-белгілері арқылы қанағаттандырылатын түпкі тілек-қалаулар коды. Бұл болжамына өзі таңырқаған З.Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да есіне сақтап қалады. Бұл 1895 жылдың 24 шілдесіндегі кешқұрым мезгіл, бейсенбіде, веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл жөнінен З.Фрейд бірде: «осы жерде дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты» деген жазуы бар тақтай іліп қойса да болады», – деп әзілдей айтқан екен.
1900 жылы «Түс жору» («Түс көруді талқылау») кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты еңбегі санады. Кітапта түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді қабаттасуы, тұтас бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және т.с.с. сипатталды. Осының барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар деп санады. Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды, үшкін заттарды, тістің түсуін көру қарастырылды. Бұл кезеңде психологияда бір – бірін әр түрлі ғылыми тұлғалар ауыстырды. Тәуелсіз авторлардың бұл қағиданы тексеруі мұндай тұжырымды растамады. Фрейд түс көрудегі бейнелерді эмоциалды сезім күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау көздері күндізгі қалыптан тыс сезім күйлерінде, қызығушылықтарында, қорқыныш күйлері мен санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері туралы ерекше символдық тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның құрылу тәсілін қалпына келтіруге тырысты.
1901
жылы оның «күнделікті тұрмыс
психопатологиясы» кітабы