Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбие

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2011 в 14:01, реферат

Описание работы

Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу.
Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.

Содержание

Кіріспе

1. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі
тәрбиенің мазмұны.

2. Арнайы мектептегі педагогтардың оқушылармен қарым-қатынас
стилін тәрбиелеудің маңызы.

а)Сабақта оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді ұйымдастыру.
ә) Еңбек сабақтарында еңбекке тәрбиелеу.
в) Арнайы мектептегі оқушылардың тәрбиесін табиғатпен
байланыстыру.

3. Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары.

Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Реф по психологии.doc

— 126.00 Кб (Скачать)

     Жоспар: 
 

        Кіріспе 

     
  1. Естімейтін  және нашар еститін балаларға  арналған мектептегі

               тәрбиенің мазмұны. 

     
  1. Арнайы  мектептегі педагогтардың оқушылармен  қарым-қатынас  

                стилін тәрбиелеудің маңызы. 

                    а)Сабақта оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуді                           ұйымдастыру.

                 ә) Еңбек сабақтарында еңбекке тәрбиелеу.

                 в) Арнайы мектептегі оқушылардың тәрбиесін табиғатпен

                      байланыстыру. 

     3.      Тәрбие әдістері және процесінің негізгі қағидалары. 

     Қорытынды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Кіріспе 

        Дефектология ғылымының, сондай-ақ арнайы мектептің ең күрделі мәселелерінің бірі- кемістігі бар балаларды тәрбиелеу.

        Тәрбие- педагогикалық ұғымдардың  бірі. Тәрбие деп- мұғалімнің және  тәрбиешінің, ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстарын айтады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді.

     Бұл жұмыс келесі ғалымдардың еңбектеріне  сүйеніп жазылды:

     С.Б.Хмыров, В.П.Ермаков, Г.А.Якушин, А.М.Мещеряков, С.А.Зыкова, Л.А.Головчиц, М.И.Никитина, А.Г.Басова, С.Ф.Егоров, Н.М.Белова, А.И.Дьячкова, Г.Н.Пенин, З.А.Понмарова, Н.А.Рау, П.П.Печапина, Б.Г.Лавинсон сияқты ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жаздым.

        Кемістігі бар балаларды жан-жақты тәрбиелей отырып, қоғамның бір мүшесі етіп қалыптастыру және көптеген арнайы мектептерде сияқты, естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептердің негізгі проблемаларының бірі- тәрбиешілердің арнайы мамандықтарының жоқтығы.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1. Естімейтін және  нашар еститін  балаларға арналған  мектептегі тәрбиенің  мазмұны.

     Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды  қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды  тарихи тәрбие беру процесі болып  табылады. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие процесі- күрделі диалектикалық процесс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай процестерін игеру. Тәрбие процесі- ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара байланысты қызметі.

        Тәрбие бұл- жағдайды ұйымдастырудың үрдісі, сондықтан жағдайды ұйымдастыру мақсатты түрде болса ғана, тәрбиенің қорытындысы жоғары және сапалы болады. Осындай жағдайлардың негізінде, тәрбиенің мөлшері шектелген, таяз түрі оқытушының, оқушыға әсер ету процесі деп байқау, осындай жағдайдың негізінде құрастырылған. Сондықтан да, бұл тәрбиеден бас тартуға тура келеді.

        Тәрбие- балалардың жас және дербес  ерекшеліктеріне дайындығы мен  даму дәрежесіне лайық іске  асырылады. Тәрбие арқылы балалардың  іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиелеп, тәрбиешінің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Сондықтан да, тәрбиешінің ортадан айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты.

        Педагогика тарихында тәрбиенің  рөлін аса артық бағалаушылар  да болады. Д.Локк: «Адамның көзқарастарымен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі!» деген сыңар қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны табиғатынынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза, ақ тақтаға жазуы тиіс.

       Бұл жерде Локк тәрбиенің рөлін  аса дәріптеп, әлеуметтік орта  тұқым қуалаушылық факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды.

        В.Г.Белинский бала жаны не  болса, соны жаза беретін таза, ақ тақта емес, оған өмір жазатын әріптер тәрбие мен жазу құралына және сол тақтаның сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиешінің рөлін жоғары бағалай келе, адамның дамуына тұқым қуалаушылықпен ортаның әсерін де ескерген жөн деді

        Локк пен Белинскийдің көзқарастары  бойынша, адамды адамның қанауы  жағдайында тәрбие арқылы адамдарды  түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен, кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсарту және сапасын өзгертіп жөндеуге болады деген жорамалды ойға әкелді.

        Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың  түрлі іс- әрекеттерінің тиімді  етуін ұйымдастырады, оның дамып  жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының саралау жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.

        Қай білім ошақтарын алсақ  та, ол жерде білім алу мен  қатар тәрбие де алып шығады.

        Енді арнайы мектептегі тәрбие  мәселесіне тоқталсақ. Революциядан  кейін арнайы мектептер ашыла  бастады. Қазіргі кезде Қазақстанда  жүзге жуық арнайы мектептер  бар. Бұл мектептерде орыс және қазақ тілдерінде білім беріледі. Республикамыздағы арнайы мектептер балаларға білім беруде және тәрбиелеуде көптеген жетістіктерге жетті. Арнайы мектептің педагогикалық ұжымы білім беруде және тәрбие дәрежесін көтеруге өз үлестерін қосты.

        Арнайы мектеп, жалпы мектептің  тәрбиелік міндеттері бірдей. Арнайы  мектептің тәрбиелік проблемаларына  оқушының жеке ерекшеліктері,  кемістіктері күрделеніп, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік жағынан  жанұя, кемістіктің құрамы, жас  ерекшеліктері, тәрбиешілердің арнайы білімдерінің жоқтығы жатады.

        Сондықтан тәрбие процесі мұғалім мен тәрбиешінің жұмысына байланысты. Сондықтан біз, яғни келешек ұрпақтың мақсаты- мүмкіндігі шектеулі бала- болашақта қандай адам болатыны педагог пен тәрбиешінің жұмысына байланысты.

       Ол үшін оқушыларға дәйекті  білім беру мен мамандарды  еңбек білімін, іскерліктерін және дағдыларын жариялау ғана емес, қалыпты адамға сай, адамгершіліктік сапаларын тәрбиелеу керек, яғни, еңбек сүйгіштік ұжымда жұмыс істей алу, кіші, үлкендерді сыйлау, жауапкершілік, адамгершілік. Есту кемістігі бар балаларды тәрбиелеудің мектептегі басты мақсаты- тәрбиелеу және білім беру болып табылады. Тәрбие беру табысты болу үшін анамальды балалардың есту және сөйлеу дамуын ескеру қажет. Осы балаларды тәрбиелеу балалардың даму ерекшеліктері дене дамуына, тәрбие әдістеріне байланысты. Есту кемістігі бар балалардың мінез-құлқы ерекше болады, балалар болған жағдайды ескермейді. Мұндай балалар сөздерін, ойларын толық жеткізе алмайды. Есту қабілеті зақымданған балаларға білім беруде және тәрбиелеуде, сонымен қатар түзету жұмыстарын жүргізуде, танымдық процестері дамиды. Есту қабілеті зақымданған қалыпты балалар бірдей заңдылықпен дамиды. Осыған байланысты есту қабілеттері зақымданған оқушыларға арналған арнайы мектеп жұмыстарының қағидалары мен тапсырмалары жалпы мектептердегідей. Бірақ арнайы мектепте оқитын естімейтін және нашар еститін оқушылардың даму психикасының кейбір жақтары өзіндік формада қалыптасады. Сол себептен есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектеп мұғалімдері оқу-тәрбие жұмысын балалардың жас және тұлғалық, есту зақымдықтарын ескере отырып құру қажет. Арнайы мектеп жалпы және арнайы тапсырмаларды шешу үшін есту мүшесі зақымданған балалардың тәрбиесін жалпы мектеп бағдарламасына сүйене отырып қолданады. Мектептің жалпы және басты мақсаты естімейтін және нашар еститін балаларды өз бетімен өмір сүруге және жұмыс істеуге бағытталған. Тұлғаны қалыптастыруда және арнайы мектеп баласының ақауын түзетуде келесідегідей жағымды жағдайларда қалыптастыру керек:

  1. Күн тәртібін орындау.
  2. Жекелеген қатынас
  3. Әр түрлі үйірмелерге қатысуы.
  4. Жүйелі қадағалау.

        Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша « Ең бастысы- адам ұжымда қалыптасады. Сол себептен бала ұжымын тәрбиелеу басты міндет болып табылады.» Есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектеп ұжымын ұйымдастыру үшін әрбір баланы жете танып, зерттеп, жекеше жұмыстар жүргізу керек. Тәрбие процесін жүргізу үстінде тұлғаның жағымды жақтарын айқындау қажет және де есту мүшелері зақымданған балалардың қалыпты қызметке сүйене отырып, түзету жұмыстарын жүргізу керек.

          Мектеп ұжымының іс-әрекеті баланың арасындағы қарым-қатынасты ұлғайтады. Есту кемістігі бар балалардың қарым-қатынасын сабақта және сабақтан тыс уақыттарда да ұйымдастырады. Есту кемістігі бар оқушылардың басты факторы- іс-әрекет болып табылады.

        Есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектептердегі тәрбиелеудің басты бағыты- еңбек болып табылады.

         Еңбек жайында бастапқы түсініктерін қалыптастырады.

        1.Еңбек ету үшін оқи білу, жаза  білу, санай білу, көп нәрсені  үйрену қажеттігі жөніндегі мысалдармен  танысады.

     2.Үй  шаруасындағы жұмысқа шамасы  келгенше қолғабыс тигізіп отырады.

        Есту кемістігі бар балаларға  арналған мектептерде мұғалімдер сабақта көптеген көрнекіліктерді пайдаланады, сол арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

        Естуі зақымданған балаларды және де басқа да ауытқуы бар балаларды мемлекет өз қарамағына алғанымен, олар мұндай балалардың білім алу дәрежесін көтеру қажеттілігін көрсетті.

        Қазіргі уақытта арнайы мектепте, жалпы мектептегідей сынып жетекшісі  оқытады және тәрбиелейді. Сынып  жетекшісі- өзінің сыныбына тәрбие  жұмысын қалыптастыру болып табылады. Арнайы мектеп оқушылары қозғыш  болып келеді. Мұғалімдерді тыңдамай, жан-жағына алаңдап, қасындағы жолдасына жұмыс жасауына мүмкіндік бермей, кедергі келтіреді. Осы себептен арнайы мектепте тәрбие тәрбие мазмұнының рөлі аса зор. Мұғалім оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез-құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беру қажет. Кейбір есту қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бас тартады. Мұндай кезде мұғалімнің талап қойғыштығы болу керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс. Сондықтан да, есту кемістігі бар балаларға арнайы мектеп тәрбиешісінің алатын орны ерекше. 
 
 
 
 
 
 

     
  1. Арнайы  мектептегі педагогтардың  оқушылармен қарым-қатынас

     стилін  тәрбиелеудің маңызы. 

       Естімейтін балалардың алғашқы  мектебі Алматыдағы арнайы мектеп  интернат болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен ашылды. Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуында күрделі және қиын жолдарды басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың мектеп- интернаты мықты материалдық базасы бар, өздерінің оқу корпустары, жатақханалары, жаңа заманға сай құралдары, есту аппаратары және басқа да құралдармен қамтамасыздандырылған. Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады. Естімейтін және нашар еститін балалардың конденсаторлық мүмкіндіктеріне байланысты. Арнайы мектеп педагогикалық ұжымдар, балалардан қоғамға деген қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Естімейтін және нашар еститін балаларды еңбекке тәрбиелеу басты мақсат болып табылады. Бастауыш сыныптарынан бастап, балалар өздерінше қызмет етеді: дене шынықтыру, төсектерін жинайды, сыныпта кезекшілік атқарады. Кейіннен өзіне қызмет ету қиындатылады: еден жуады, асханада кезекшілік атқарады, ыдыс жуады, мектеп ауласын тазартады.

        Жоғарғы сыныптың балалары өзіне қызмет көрсетуді үйреніп қана қоймай, сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына өздерінің тәжірибелерін үйретуге тырысады.

        Естімейтін және нашар еститін  рухани байлықтарды әртүрлі қабылдайды. Осының салдарынан психикалық  даму ерекшеліктері байқалады. Қоғамдағы қарым-қатынасты игеру балалардың жанұядағы қарым-қатынасына, жанұядағы мәдениетіне, педагогикалық жұмыс жүйесіне байланысты. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы естімейтін балалардың негізгі іс-әрекеті- ойын.

        Д.Б.Элькониннің айтуы бойынша « Ойын арқылы іс-әрекет пайда болып, адамгершілік артады.»

        Ойын әрекеті балалардың психикасын, тұлғасын дамыту үшін маңызды.  Естімейтін және нашар еститін  балалар ойын әрекеттерінде қоғамдық  өміріндегі формаларымен және  қоршаған ортамен танысады.

        Өмірдің әртүрлі жағдайларын  ойнай отырып затар, құбылыстар  және адам турлы мағлұматтар  алып, оларда ұжымдық, қоршаған  ортамен және бір-бірімен қарым-қатынасы  қалыптасады.

        Естімейтін балалар және нашар  еститін балаларды тәрбиелеуде,  мұғалімдер мен тәрбиелеушілер, олардың даму ерекшеліктеріне қарап, методтар мен тәрбиенің салаларына байланысты нақты формаларды өңдеп, қарастырған жөн. Осы мәселелерді арнайы мектептерде қарастыру үшін ең алдымен тәрбиені тәжірибелер арқылы зерттеп, жалпылап алу керек.

Информация о работе Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептегі тәрбие