Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 09:27, реферат
Ескендір Зұлқарнайын жасы он жетіге жетпей-ақ тақ иесі болыпты. Оның өзгелерден айырықша бір қасиеті тақ иесі болғаннан кейін белгі беріпті. Ескендірдің бұл айырықша қасиетін туған анасы да білмеген дейді көне аңыз.
Ескендір Зұлқарнайын жасы он жетіге жетпей-ақ тақ иесі болыпты. Оның өзгелерден айырықша бір қасиеті тақ иесі болғаннан кейін белгі беріпті. Ескендірдің бұл айырықша қасиетін туған анасы да білмеген дейді көне аңыз.
Ол мәжіліс құрып
тақ үстінде тапжылмай
Ескендір осы қасиет қонған қос мүйізін жан баласына білдірмеуге ант етіпті. Сондықтан күндіз түні басындағы тәжді шешпеуге ниет қылады. Бірақ, оның қап-қара шашы тіпті кеудесін жауып Ескендірді айрықша сұсты етіп көрсетіпті.
Жылдам өскен шаш аракідік жыбыршып қышып патшаның шыдамын тауысыпты. Содан патша уәзіріне пәрмен жасап, шаһардағы ең шебер шашатаразшыны құзырына келтіріп шашын алуды бұйырыпты.
Шеберге Ескендір: «Егер де шаш алып жатқанда бас терімнің бір жеріне қылдай сызат түссе тіршілікпен қоштасуыңа тура келеді», – дейді. Сол себептен шаштараз көзден таса жеке бөлмеде Ескендірдің шашын сол замандағы ең айтулы иіс майымен жуып, ұстарасымен тап-таза етіп алып, тапсырманы мүлтіксіз орындайды. Айнадан өз бейнесін көріп отырған Ескендір патша:
– Қалай, шаштың бәрін алып болдың ба? – дейді.
– Ләппай, Тақсыр ием! Сіздің тапсырмаңызды мүлтіксіз орындадым. Және тағы да бұйрығыңызға құмбылмын, – дейді шаштараз көзі жыпылықтап.
– Менің басым таза ма екен? Басымнан артық ештеңе көріп тұрған жоқсың ба? – дейді патша.
– Ләппай, Тақсыр ием! Басыңыз айнадай тап-таза. Бірақ, самайдан жоғары бөлігінде ... – деп мүдіріп қалады.
– Иә, самайдан жоғары бөлігінде, не көріп тұрсың? Әшейін, бір қос мүйіз нобайын байқап тұрмын, – дейді шаштараз қатты абыржып. – Олай болса, қайта бер, – дейді Ескендір.
Шашатараз шебері заттарын жылдам жинастырып бөлмеден оқтай атылып шыға бергенде, патша сақшысы басын қылышпен шауып түсіріпті. Патша сақшыларға алдын-ала: «Егер шебер бөлмеден шыққанда қолына қызыл дорба ұстап шықпаса басын аласың!» – деп ескерткен болатын.
Сонымен, әр ай сайын
шаһардағы шаштараздар
Сақшылар Өмірханды Ескендір патша отырған құпия бөлмеге бастайды. Өмірхан бөлмеге енген соң, иіліп патшаға тағзым етіп:
– Ассалаумағалейкум, Тақсыр ием! Не бұйырасыз? – дейді. Патша өрімдей жас жігітке қарап:
– Шашымды алып бер, – деп пәрмен береді. Өмірхан бар өнерін салып, Ескендірдің басындағы шаштарын айнадай тазартып болып:
– Тақсыр ием! Шашыңызды алып біттім. Тағы не бұйырасыз! – депті. Сонда Ескендір патша айнадағы өз бейнесіне қарап тұрып:
– Жігітім, менің басымнан ешнәрсе көріп тұрған жоқсың ба? – дейді.
– Жоқ, жоқ! Ләппай, Тақсыр ием! Басыңыз айнадай таза. Еш нәрсені байқамадым, – деп жауап беріпті. Онда мына сыйақыңды ал. Әр айдың бірінші дүйсенбісінде келіп шашымды сен ғана алып тұратын боласың, – деп бір қызыл дорба ұстатыпты. Қызыл дорбамен шыққан Өмірханға сақшылар тиіспейді.
Үйіне барып дорбаны ашса, онда мың ділда бар екен. Шаштараз жігіт бір күнде аяғынан тік тұрып аянбай қызмет еткенде табатын ақысы бір ділдаға әзер-әзер жететін. Сонша байлыққа кенелген ол Аллаға шүкіршілік етіп, кембағалдарға қайыр садақа үлестіріпті. Жігіт бақуаттанып, екі жыл ішінде шаһардағы ең атақты бай манаптар санатына қосылыпты. Өмірхан үлкен керуен сарай, шайхана салдырып тұрмысы түзеліпті. Бірақ, түндерде дөңбекшіп ұйықтай алмайтын беймәлім кеселге душар болыпты.
Жігіт шаһардағы емі шипалы қанша тәуіптерге қаралыпты. Бірақ аурудың беті бері қарамапты. Бір күні түнде таңға жуық, қалғып кеткенде бір ақсақал түсіне кіріп: «Ұлым, сенде бір құпия сыр сақтаулы тұр. Сол сырды тысқа шығармасаң, ғұмырың келте болады!» – деп аян беріпті.
Жігіт отыз күн ойланып, тоқсан күн толғанып іштегі сырды ешкімге ашып айта алмайды. Ақыры ол сапарға шығып, көңілін сергітіп қайтпақ болады. Астындағы аты болдыртып шаһардан қара үзіп екі күндік жердегі бір ойпат аймағындағы ескі құдыққа жетіпті. Айналасына қараса айдалада жалғыз өзі ғана тұр екен. Жігіт атын тұсап, ер тұрманын, азық-түлігін жайластырып болып ескі құдыққа басын сұғып қараса суы тартылып қаңсып тұрғанын аңлапты. Содан жігіт іштегі сырды шығаратын ең қолайлы мұндай жерді енді ешқашан таппаспын деп құдыққа басын сұғып бар даусымен үш рет: «Ескендір патшаның басында қос мүйіз бар!» – деп айқайлап шерін тарқатыпты.
Бойы жеңілдеп, шері тарқаған Өмірхан қызметіне зор шабытпен кірісіпті. Арада үш ай өткенде баяғы құдық басына алыс сапардан қайтқан бір керуен аялдапты. Онда бір сыбызғышы өнерлі жігіт бар екен. Сол жігіт құдық ішінде өсіп тұрған бір шоқ қамыстың біреуін кесіп алып, одан сыбызғы жасайды. Сыбызғы даяр болғанда оны тартса, одан дауыс естіліпті. Тыңдап көрсе әлгі дауыс: «Ескендір патшаның басында қос мүйіз бар» – деп сыңсиды. Бұл сұмдық сөзді естіген керуенбасы «бұл шайтан қонған жер екен, кетейік» деп тез аттанып тоқтамай жүріп отырып шаһарға еніпті.
Керуен сарайда дем алып отырған жұрт әлгі сыбызғышы жігітке «көңілімізді көтер» деп ұсыныс жасайды. Жігіт көптің ұсынысын құп алып, сыбызғысын тартса, одан: «Ескендір патшаның басында қос мүйіз бар» деген дауыс естіліп, көпшілік қорқып қалады. Бұл хабар Ескендір патшаға лезде жетеді де, ол тұтас керуендегілерді тұтқынға алып тергеу жүргізеді. Ақыры бұл сөз шаштараз жігіттен шыққаны анықталыпты.
Осы оқиғадан соң
сол замандағы ғұламалар
Ескендір
Осы жұрт Ескендірді біле ме
екен?
Македония шаһары - оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.
Сұмдықпен ғаскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодам1 қылып,
Өкіметін қолына тартып апты.
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Қан ішер қаһарлы хан ашуы көп,
Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.
Сол күнде қошеметші айтады екен,
Ханның ханы, патшаның патшасы деп.
Атағы талай жерге оның жетті,
Жердің жүзін алуға талап етті.
Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып,
Есіткен елдеріне жүріп кетті.
Алдынан шыға алмады ешкім мұның,
Бәрін де алды, қорқытты жолдағының.
Жан шықпады алдынан, тоқтауы жоқ,
Жер жүзін жеке билеп алмақшының.
Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам, хайуан бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына құдай салды қиын істі.
Сандалды сар далада су таба алмай,
Шөлдеген жұрт қайтеді бос қамалмай?
Қызметкердің бәрін де өлтірмекші
Болыпты, шөлдегенге шыдай алмай.
Мысалы, астындыға ат о дағы ұшты,
Ескендір де атының жалын құшты.
Жалтырап сәуле берген бір нәрсеге
Патшаның ат үстінде көзі түсті.
Барса, бір сылдыр қаққан мөлдір бұлақ,
Таспадай бейне арықтан шыққан құлап.
Түсе сала Ескендір басты қойды,
Ішсе, суы өзгеше, тәтті тым-ақ.
Кепкен балық келтіртті сонда тұрып,
Сол суға балықты алды бір жудырып.
Исі, дәмі өзгеше болып кетті,
Таң қалды мұның бәрін суға жорып.
Ескендір қолына айтты: «Бұл неткен су?
Бәрің де ішіп, бұл суға бетіңді жу!
Бір бай елден осы су шыққан шығар,
Өрлеп барып, үстіне тігелік ту.
Бұл салқын, тәтті суға қаныңыздар,
Шақ келер маған жан жоқ наныңыздар.
Менен қалмай, бұл суды шапшаң өрлеп,
Талқан қылып шаһарын алыңыздар!».
Жарлық шашты, қол жүрді суды өрлей,
Шаһарына жеткенше дамыл көрмей.
Көкпеңбек темір киген өңкей батыр
Тарттырып жөнеледі сырнай-керней.
Сол әскер суды өрлеп талай жүрді,
Судың басы бір құзар шатқа кірді.
Шаттың аузын бекіткен алтын қорған,
Қақпасы бекітулі, көзі көрді.
Қақпаны ашайын деп хан ұмтылды,
Тұтқасын олай-бұлай қатты жұлды.
Аша алмады қақпаны, үміт үзді,
Ақылдасып тәуір-ақ амал қылды.
Ескендір тоқтау көрмей өскен жан ғой,
Келмей ме тоқтаусыздың бәрі даңғой?
Дел-сал болып бәрі де қайта шықты,
Алысып әл келмесін байқаған ғой.
Долдықпен хан Ескендір ашуланды,
Ашуланып қақпаға жетіп барды.
Қақпаны дүбірлетіп қағып-қағып:
- Қақпаны аш! - деп барынша айғай салды.
Қақпаның ар жағынан біреу келді,
Күзетшісі сол екен, дыбыс берді.
- Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ,
Бұл - құдайға бастайтын қақпа, - деді.
- Білмесең, мен Ескендір патша деген,
Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген.
Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған,
Қорлығым өзім тауып, көз көрмеген.
- Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!
Іші тар, көре алмастың біреуі - сен,
Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.
- Талпынған талаппенен мен де бір ер,
Көп жүрдім, кездей келді көрмеген жер.
Ең болмаса, халқыма көрсетейін,
Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер.
Қақпадан лақтырды бір орамал,
Сыйым - осы, падиша, мынаны ал!
Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
Апар дағы ойланып, көзіңді сал!
Орамалды қуанып қолына алды,
Сый алдым деп халқына қайта салды.
Қараса, ішінде бір қу сүйек,
Бұл не еткен мазағы деп аң-таң қалды.
Ашуланып, сыйына болды кекті,
- Ең болмаса білмеді сый бермекті.
- Осы менің теңім бе? - деп ақырып,
Лақтырып жіберді сол сүйекті.
Жолдасы Аристотель ақылы мол,
Лақтырған сүйекті алады сол.
Ханға айтты: «Қасиет бар бұл сүйекте,
Көзіңе көрсетейін, хабардар бол».
Сол күнде Аристотель жеке дара,
Ақыл сөзін тыңдамай бар ма шара:
- Таразыны әпкел де, сүйекті сал,
Бір жағына алтын сап, өлшеп қара!
Бұл сөзге Ескендір де қарай қалды,
Таразыны құрдыртып, ортаға алды.
Қанша алтынды күміс пен салса дағы,
Бір кішкентай сүйекті аудармады.
Мұны көріп Ескендір аң-таң қалды,
Бар қаруын алтынға қоса салды.
Енді қайтер екен деп қарап еді,
Бұрынғыдан қу сүйек ауырланды.
Аристотель хәкімге патша келді:
- Мына сүйек қазынаның бәрін жеңді.
Бұл сүйекті басарлық, нәрсе бар ма?
Ақылыңмен ойланып тапшы! - деді.
Хәкім жерден топырақ алып барды,
Бір уыстап сүйекке шаша салды.
Ана басы сылқ етіп жерге түсіп,
Сүйек басы жоғары шығып қалды.
Ескендір мұны көріп аз тұрады,
Хәкімді аулақ жерге шақырады.
- Таң қаларлық іс болды мұның өзі,
Мәнісін айтып берші, - деп сұрады.
- Бұл - адам көз сүйегі, - деді ханға.
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.
Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат:
Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат.
Сый сұрадың, бергені - бір қу сүйек,
Мұны көріп,алыңыз сіз де ғибрат!
Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,
Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
Қолын алып жұртына қайта көшті.
Аз-ақ сөз айттым, бітті бұл әңгіме,
Мұны бір өзге сөздің бірі деме.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.
Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.
Мақтанасың біреуге мақтасын деп,
Шаужайымнан еш адам қақпасын деп,
Сен кеткен соң артыңнан күліп қалар,
Антұрғаннан құдайым сақтасын деп.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең,нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Ескендір поэмасы — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.
Поэма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді Еуропа акындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шап-қыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болтан ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыкка жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.
«Бұл — адам
көз сүйегі», — деді ханға.
Тоя ма адама көзі мың-мың санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзге қүм қүйылганда.
Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,
Алған сайын дүниеге тоя ма екен?
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.
Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты өділетке жеңгізеді.
Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға өділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендер екеуінің сөздері мен іс-өрекетінен шығарылады.
Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс үтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігі танылады