Дарынды балалалрмен жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:15, курсовая работа

Описание работы

Дарындылық – адамның ой – өріс деңгейі мен өзіндік іс-әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын, жан – жақты дамудың нәтижесі болып табылады.Көбіне балалық шақта байқалатын табиғи нышандарды ойдағыдай үйлесіп келуінен туындайтын қабілеттіліктің түрі. «Дарындылық» деген ұғым «қабілеттілік» деген ұғымға өте жақын.Қабілеттілік – адамның
жеке басына тән белгілі – бір іс-әрекетті орындауда жетекші рөл атқаратын ерекшелік.Дарындылық туа біткен ерекше қасиет болып табылады.Адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет ол – дарындылық болып саналады. Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық сұрақтарын қарастырумен Қазақстанда ұзақ уақыт бойы өте аз айналысты, тіпті йналыспады десекте
болады. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, оларды әрі қарай
дамуы үшін жағдайлар жасалуы керек.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау.
1.1 Дарындылық туралы жалпы ұғым.................................................................4
1.2 Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерінің әр түрлі психологиялық көзқараста оқып-зерттелінуі....................................................10
2 Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары.
2.1 Дарынды оқушылармен жұмыс істеу аспектілері......................................15
2.2Шығармашылық дарындылықты дамыту жағдайлары мен мүмкіндіктері.......................................................................................................23
Қорытынды ..........................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................30

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс ару.пси.docx

— 66.77 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Дарынды балалармен  жұмыс жасау жолдары.

2.1 Дарынды оқушылармен жұмыс істеу аспектілері

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің  өткен онжылдығы оның дамуының стратегиялық бағыттарын дұрыс таңдағанымызды көрсетеді, оның ішінде негізгі республиканың  интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін өсіру, дарынды балалар мен жасөспірімдердің одан әрі дамуы үшін өркениетті елге тән жағдайлар жасау болып  табылаы.

Соңғы мәліметтер бойынша, шамамен  мектеп жасындағы балалардың бестен бір бөлігі дарынды балалар тобына жатуы мүмкін. Бірақ, олардың талантының дамуы үшін қажетті қолдау көрсетілмей  жүр, сондықтан жалпы балалар  саныңың аз-кем бөлігі ғана шын  мәнінде дарынды бала ретінде  айқындалған.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесі және балалар мен оқушылар дарындылығын ерте айқындау тәжірибесі осындай балаларды  қолдап, олар

дың ата-анасына, мұғалімдеріне  психологиялық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік және экономикалық көмек  беретін арнаулы мемлекеттік  бағдарлама жасау қажеттілігін дәлелдеп отыр.

Қоғам қашанда шығармашыл тұлғаларға мұқтаж болғанымен, дарындылық пен қабілеттілік психологиясын  зерттеу кең өріс алған кезең  ХХ ғасырдың орта шенінен басталады. Бұл мәселеге деген үлкен ықылас балалар дарындылығы мен таланты  жөніндегі Дүниежүзілік кеңестің құрылуына  байланысты туды. Оның бірінші конференциясы 1975 жылы Лондонда өтті. Кеңес дарындылықтың  психологиялық құрылымын зерттейтін жобалар жасайды, дарынды балаларға  білім беретін мамандар дайындайды. Қазіргі таңда түрлі елдерде  дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетудің арнаулы бағдарламалары жасалып, қолданылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің  "Дарынды балаларға арналған мектептерді  мемлекеттік қолдау және дамыту туралы" (1996) жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 24-наурыздағы №256 қаулысы бойынша  талантты жастарды қолдау және дамыту мақсатымен елімізде "Дарын" ғылыми-тәжірибелік  орталығы құрылды. Аталған мәселені шешуге арналған стратегиялық бағдарлама жасалынды.

Әлекметтік тапсырыстың  болуы мен "Дарын" орталығының  ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет тәжірибесі білім беру мекемелерінің  дарынды балалармен мақсатты, нәтижелі жұмыс жасауына ықпал етеді. Осыған байланысты мұғалімдер мен білім  беру қызметкерлері ата-аналар арасында балалар дарындылығының табиғаты, оны  айқындау әдістері мен дамыту жолдары  туралы ғылыми, жаңаша түсінік қалыптастыру үшін байыпты ағартушылық жұмыс  жүргізілуі тиіс.Дарынды балалар  мен жастарды айқындау, оқыту және дамыту тұжырымдамасының негізіне мынадай  идеялар басшылыққа алынған:

  • дарынды балаларды әлеуметтік және құқыөтық қорғауды ізгілендіру және демократияландыру;
  • дарынды балаларды айқындау және олармен жұмыс жүргізуде биологиялық, әлеуметтік факторларды есепке алу;
  • республикада дарынды балалар және жастармен жұмыс жүйесін басқаруды орталықтандыру мен өз бетінше басқарудың үйлесімді байланысы;
  • дарынды балалар және жастармен жұмыс жүйесін басқарудың мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастыру құрылымдарының бірлігі;
  • дарынды балалар мен жастарды іріктеу үшін диагностикалық әдістер кешенін пайдалану;
  • жеке тұлғаның дарындылығы мен қалыптасуы деңгейіне балаларды оқыту мен дамытудың арнайы таңдалған бағдарламасының сәйкестігі;
  • осы категориялардағы балалар мен оқушыларды басқару жұмысындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастыру құрылымдарының үйлесімдігі;
  • дарынды балалармен және оқушылармен жұмысқа мұғалімнің арнайы дайындығы.

Дарынды балаларды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып-білу үрдісі өте ертеден басталады. ХХ ғасырдың басында дарындылық пен  оны зерттеу әдістеріне арналған алғашқы ғылыми еңбектер пайда болды. Қазіргі уақытта дүниежүзілік тәжірибе балалар дарындылығының зерттеу  және қолдау тәжірибесін жеикілікті мөлшерде жинақталған.

Дарынды балалармен тәжірибелік  жұмыс көбіне "дарындылық", "дарынды  бала" ұғымдарының мазмұнын дұрыс  түсінуге байланысты. "Дарындылық" термині "дарын" сөзінен шыққан, дамудың ерекше қолайлы ішкі алғышарты  дегенді білдіреді. Әйтсе де қолда  бар әдебиеттердің ауқымына қарамастан, әлі күнге дейін дарындылықтың тура анықтамасы жоқ екендігін айту керек.

Әзірге құрдастарына қарағанда  оқуға деген зеректігі жоғары, ерекше шығармагылық қабілеті бар деп  саналады. "Дарындылық – іс-әрекеттің

 

белгілі бір саласында  ерекше жетістікке жетуге жағдай жасайтын адам қабілеті дамуының жоғарғы дәрежесі".

Бүгінгі күні психологтердің көпшілігі дарындылық дамуының деңгейі, сапалық өзіндігі және сипаты мұрагерлік (табиғи қабілет) пен бала  іс-әрекетімен байланыстырылған (ойын, оқу, еңбек) әлеуметтік ортаның күрделі әрекеттестігінің нәтижесі екендігін мойындайды.

Сондай-ақ, жеке дарындылықтың  қалыптасуы және іске асырылуы негізінде  жатқан тұлғаның өзін-өзі дамытуының психологиялық иеханизмдері мәнін  де ескермеуге болиайды. А.Шведел мен  Р.Стоунбермер дарындылықты "адам − орта" контекстінде бірте- бірте  туындайтын қасиет деп түсіндіреді. Өкінішке орай, бұл әрекеттестіктің  өзіне тән ерекшелігі әлі ашылмаған.

Дарындылықтың байқауына  екі түрлі көзқарас бар: "барлық балалар дарынды" және    "дарынды балалар өте сирек кездеседі". Психологтар мұндай жағдайда мына бағытты ұсынады: іс-әрекеттің әр алуан түрлеріне байланысты әлеуетті дарындылық көптеген балаларға тән, ал асқан дарындылықты балалардың аз бөлігі ғана көрсете алады. Дарынды балаларды іріктеген кезде істің қандай түрінде болсын балалардың ойдағыдай жетістіктерге әлеуетті мүмкіндігін танып білудің орайы келмейтіндігін ескеру қажет.

Дарынды балалармен жұмыс  жүргізгенде баланың өсуіне қарай  дарындылық нышанының ғайып болу жағдайын ескеру қажет. Сондықтан дарынды  деген мәртебе тағуда аса сақ  болу керек, себебі жеткіншектің мамандандырылған оқу орнында білім алу кезінде  жанға бататын жағдайлар туындауы мүмкін. Осыған орай, ресейлік ғалымдар дарынды балалармен тәжірибелік  жұмыс үстінде "дарынды бала" ұғымының орнына "бала дарындылығы  белгісі" деген терминді (немесе "дарындылық белгісі бар бала" ұғымын) пайдалануды ұсынады.

Дарынды балаларға әсіресе  әлеуметтік бейімделу кезінде мінездерінің қарама-қайшылығы тән. Үлкендер (ата-аналар, мұғалімдер) баланың сезімдік кемеліне келу шағын дұрыс қабылдамай, мінез-құлығын  дұрыстауға жоғары талап қояды, дарынды  балалар, ең алдымен бала, содан кейін  барып талант иесі екендігін ұмытып кетеді. Бала өзінің сирек кездесетін қабілетіне байланысты стандартты өмірлік  жағдайларға әрдайым бейімделе  алмайды, сол кезде дау-жанжал туындауы мүмкін.

ХХІ ғасыр қарсаңында білім  жүйесін реформалау бала дарындылығын айқындау мен диагностикалауға жаңаша талап қойды. Бұл, әрине,  білім  саласындағы маңызды өзгерістерге байланысты, біріншіден, оқу мекемелерінің  нысандарына жеке ыңғайда қарау: дарынды балаларға  арналған арнайы мектептер, мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар, гимназиялық сыныптар, кейбір пәндерді тереңдете оқытатын арнайы мектептер мен сыныптар. ҚР "Білім туралы" заңымен "таңдаулы білім" жаңа ұғымы енгізілді, ол "аса дарынды азаматтар" үшін арнайы білім ұйымдарында білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын білім болып табылады. Жаңа үлгідегі мекемелер алдында дарынды балалардың қабілеті мен талантын барынша толық ашуға жағдай жасайтын күрделі және жауапты мақсаттар мен міндеттер қойылады. Осыған байланысты дарынды балаларды анықтау және іріктеу жөнінде біліктілікті айқындайтын психодиагностикалық жұмысты ұйымдастыру нақты міндеті тұр.

Бала дарындылығын айқындау мәселесінің анық этикалық аспектісі  бар екенін ескеру керек. Қазіргі  сәтте баланың дарынды немесе дарынсыз екенін анықтай отырып, біз  оның келешегіне араласқандай боламыз, өйткені қызметтің бір түрінен  әдеттен тыс дарындылық көрсеткен  бала есейгенде сөзсіз талантты болады деп кесіп айту қиын.

Дарынды балаларды айқындау – белгілі бір баланың дамуына  талдау жасаумен байланысты ұзақ үрдіс. Дарындылықты жеке бір әдіске сүйене отырып, мысалы тест арқылы анықтай  қою мүмкін емес. Шетелдерде, ең алдымен, АҚШ-та және бірқатар Еуропа елдерінде  балалар дарындылығын зерттеу қарқынды жүргізіліп келеді.

1972 жылы  АҚШ-тың Білім  беру комитеті қазірге дейін  американдық мамандар пайдаланып  жүрген дарындылықтың келесі  анықтамасын жариялады: тәжірибелі  мамандардың бағасы бойынша, дарынды  және талантты балалар деп  керемет қабілеттілігі арқасында  төменде келтірілген іс-әрекеттердің  бір немесе бірнешеуі аясында  жоғары жетістіктерге жеткендер  (немесе әлеуметті мүмкіндігі  барлар) саналады:

  • интеллектуалды;
  • шығармашылық немесе нәтижелі ойлау қабілеті;
  • сұхбаттасу және көсбасшылық;
  • көркемөнер.

Америкалық педагог  Дж. Рензулли дарындылықтың мынадай  анықтамасын ұсынды: дарындылық –  үш түрлі қасиет үйлесімінің нәтижесі: орта деңгейден асатын ақыл-ой қабілеттілігі, шығармашылық жол табу, жоғары мотивация  мен табандылық. Бұл қасиеттер  естияр дарынды адамдарда байқалған. Бірақ, естияр адам дарындылығы көбіне балалық шақ тәжірибесімен байланысты (дегенмен бұл байланыстың табиғаты осы күнге дейін түсініксіз).

Ерте байқалған дарындылыққа "вундеркинд" деп аталатын балалар  жатады (тура мағынада – керемет, ғажап  бала). Вундеркиндтер қағида бойынша, мектеп жасынан кейінгі немесе төменгі  мектеп жасындағы балалар іс-әрекеттің  қандай болса да бір түрінде тамаша жетістікке жетеді (музыкада, сурет, ән салуда, тағы сол сияқты). Мұндай балалар  кейде ерекше ақыл−ой қабілеттілігін көрсетеді (ерте оқу, жазу, санау және т.б). ұлы музыканттар өмірі дәлелдегендей, дарындылық музыкада анағұрлым ерте, ал бейнелеу өнерінде кештеу байқалады. Ал математикалық қабілеттілік ерте байқалады. Ғылымда маңызды жетістікке әдетте кешігіп жетеді.

Шетелдік ғалымдар дарындылықты келесі типтерге бөліп қарастықған:

  • интеллектуалдық, оның бір түрі – академиялық, көркемөнер;

 

  • шығармашылық (креативтілік);
  • басшылық (лидерская)  немесе әлеуметтік;
  • психомоторлық немесе спорттық.

Дарындылықтың бұл типтерінің сипаттамасы туралы жоғарыда айтылғандай, іс-әрекеттің жетекші түрлеріне  сәйкес бөлінеді. Ал шығармашылық дарындылыққа байланысты ғалымдардың креативтілікті дарындылықтың жеке түріне жатқызу  жөніндегі пікірлері сан алуан. Ғалымдар феномен туралы арнайы айту заңды дейді. Себебі, дүниеге көзқарасы  ерекше, басқаларға ұқсамайтын, ойлау  қабілеті қалыптан тыс балалар бар. Шығармашылық дарындылықтың әртүрлі  нұсқалары көп: кез келген іс-ірекетте әдеттен тыс шығармашылық қабілеттерін көрсете алатын оқушылар бар, сонымен  қатар жеке бір салада ғана қалыптан тыс қабілеттілігі байқалатын оқушылар.

Енді бір ғалымдар шығармашылықты дарындылықтың дербес түрі ретінде  бөлудің қажеттілігі жоқ, ол кез  келген еңбек түріне тән болуы  мүмкін деп ойлайды. "Шығармашылық дарындылық" – жай ғана кез  келген іс-әрекеттің жоғары деңгейде орындалуының сипаттамасы емес, сондай-ақ оның қайта түрленуінің, дамуының сипаттамасы. Іс-әрекетті әрдайым жеке адам жүзеге асырады. Оның мақсаты мен себебі іс-әрекеттің орындалуына әсер етеді. Дарындылық тек жоғары деңгейдегі қабілеттілік жиынтығы ғана емес, бала мотивациясы, әуестенуі, қызығушылығы. Адам сүйіспеншілікпен жасайтын ісін ұдайы жетілдіріп, осы  іс-әрекет барысында туындаған жаңа ойларын іске асырады.

Бірінші белгі бойынша  балалық дарындылық түрін қарастықайық. Іс-әрекеттің негізгі түрлеріне: тәжірибелік, теориялық (оқушыларға қолданылатын – оқу танымдық), көркемдік-эстетикалық, ойын, спорттық, сауықтыру, коммуникативтік, рухани құндылық жатады.

Іс-әрекет түрлеріне сәйкес дарындылық мынадай түрлерге бөлінуі  мүмкін: тәжірибелік қызметте дарындылықты кәсіпке қарай бөлуге болады; танымдық  іс-әрекетте – түрлі деңгейдегі интеллектуалды дарындылық, көркемдік-эстетикалық  іс-әрекетте – хореографиялық, сахналық, әдеби-поэтикалық, бейнелеу, музыкалық; коммуникативті іс-әрекетте – басшы  болу дарындылығы; рухани құндылықта –  адамдарға қызмет көрсету.

Дарындылықтың әрбір түрі іс-әрекеттің нақты түрі үшін аса  маңызды қасиетінің басым болуы  мен барлық психикалық  мүмкіндіктерінің бір мезгілде қосылуымен анықталады.

Іс-әрекеттің жетекші  түрі бойынша кез келген дарындылықты анықтауда әрбір дарындылықта іс-әрекеттің  барлық түрлері байқалатындығын  ескеру керек. Мысалы, суретшінің немесе музыканттың іс-әрекеті анықтама бойынша көркемдік-эстетикалық түрге  жататын болса да, іс-әрекеттің  танымдық, тәжірибелік, коммуникативтік, рухани құндылық түрлері де қолданыла  береді.

Оқу барысында және дәстүрлі байқаулар, пәндік олимпиадалар, спорттық жарыстар, ғылыми тәжірибелік конференциялар және т.с.с.

Информация о работе Дарынды балалалрмен жұмыс